Zakon.qaz
1.53K subscribers
8.62K photos
3.22K videos
8 files
10.8K links
Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілі неге Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдамады?

Фракция жетекшісі Асхат Рахымжанов сауалға жауап берді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлім етті.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды.

Бүгін оның соты өтуі керек болған. Алайда айыпталушы сотқа келмеді.

Осы жайтқа байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Енді мемлекеттік қызметке орналасатындар рухани құндылықтар бойынша тест тапсырады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Оңтүстік Кореяда ұсталған екінші отандасымыз 15 жылға сотталуы мүмкін.

Бұған дейін екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруіне тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен болатын.

Біреуі сол күні ұсталса, екіншісі 3 күн бойы іздеуде жүріп, кейін өз еркімен берілді.

Қазір екеуі де қамауда отыр. Олар Кореяға келулерінің басты себебі жұмыс істеп, қаражат тауып, отбасына көмектесу екенін айтқан.

Korea Komek қорының қолдауымен азаматтардың бірі тез арада елге қайтарылады.

Ал Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып жүрген екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді.

Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматына 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бірақ ол өз еркімен берілгендіктен жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескерілуі мүмкін.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің хатында Түркияның Қахраманмараш провинциясы мен басқа да елді мекендеріне орасан зор зардабын тигізген жойқын жер сілкінісіне байланысты бауырлас елдің қайғысына ортақтасып, көңіл айтқаны, сондай-ақ жедел көмек көрсеткені үшін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия халқының және жеке өзінің атынан алғыс айтқан.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Рим Папасы Франциск ауруханаға түсіп қалды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Енді қазақстандықтардың төлқұжатында саусақ ізі болады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Семейде қоғамдық көліктерге Абайдың нақыл сөздері ілінді.

Сонымен қатар автобус ішіне кітап сөрелері орналастырылды.

Сөреде «Осы кітаптар Сізге арналған», «Сіз де келесі жолаушыға кітап сыйлаңыз!» деген нұсқаулық бар.

Жолаушылар сөредегі кітапты сапар барысында ғана оқи алады. Оны өзімен бірге алып кетуге болмайды. Тек өзге жолаушыға табыстауға немесе сөреге қайта қоюға болады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістандағы Гран-приде үшінші жеңісіне қол жеткізді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасты.

Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Түркия Финляндияның НАТО-ға кіруін толық мақұлдады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Қостанайдағы Президент резиденциясы балаларды емдеу орталығына айналады.

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушылары үшін түскі ас тегін болмақ.

Бұл жайында СҚО әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Оқушылар мен олардың ата-аналары үшін жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарының бастауыш сынып оқушылары қамтылады. Осының арқасында ата-аналар отбасы бюджетін үнемдей алады. Қазір облыста аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылғанын атап өткім келеді», - деп жазды Айдарбек Сапаров.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Ресей Солтүстік Кореяға азық-түлік беріп, орнына қару алғысы келеді.

Мәскеу жақында Пхеньянға ресми делегация жібергелі жатыр.

Бұл туралы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джон Кирби хабарлады.

Сондай-ақ ол АҚШ екі мемлекет арасындағы келісімнің қалай жүзеге асып жатқанын жіті қадағалап отырғанын ескертті.

Ал Солтүстік Корея мұны жоққа шығарып отыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Сот Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Петропавлда Қазақстаннан бөлінуге шақырғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бір топ белсенділер Қазақстаннан «тәуелсіз» болғысы келетінін жариялап, сепаратистік «Халық кеңесі» ұйымын құрған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Үндістанда ғибадатхана едені опырылып, 35 адам мерт болды.

Қайғылы оқиға Мадхья-Прадеш штатының Индор қаласында болған.

Сатылы құдықты жауып тұрған еден тек металл торға құйылған плиткадан ғана тұратыны анықталды.

Мадхья-Прадеш штатының ішкі істер министрі Нароттам Мишра қайғылы оқиғаны тергеу басталғаны, ал қаза тапқандардың отбасына өтемақы төленетінін мәлімдеді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚽️UEFA Асхат Тағыбергеннің Данияға соққан голын үздік деп таныды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде төртінші жеңісіне қол жеткізді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz