Zakon.qaz
1.53K subscribers
8.62K photos
3.22K videos
8 files
10.8K links
Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!
Download Telegram
⚡️Алматы облысында түрмеде жазасын өтеуші 3 жылдай интернет арқылы алаяқтықпен айналысып келген.

Ол 2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 млн теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық іс-қимыл жасаған.

Мамандандырылған прокуратура бұл деректі 2 наурызда ҚР ҚК 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша көзделген құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркеп, Қонаев қаласы ПБ тергеу бөлімшесіне берді.

Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында сотталғаннан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді. Ол осы арқылы ватсаппен қоңырау шалып, хат жазып отырған.

Қазіргі уақытта сотталғандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау үшін облыста және өзге өңірлеріне қатысты деректер базасына мониторинг жүргізіліп жатыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Астанадағы «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталығында эскалатор кенеттен қатты жүріп кетіп, салдарынан екі ересек және бір бала зардап шекті.

Болған оқиғаны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда зиялы қауым өкілдеріне, түрлі сала қызметкерлеріне, сондай-ақ қарттар және балалар үйіндегі жандарға арнайы ауызашар берді.

Бұл туралы діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында жазды.

Бас мүфти ауызашарда жұртты Рамазан айының келуімен құттықтап, сауапты амалдарды жасауға шақырды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Түркістан облысында қатты жел тұрғындарды әбігерге салып жатыр.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, бүгін Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Түлкібас аудандарында желдің күші секундына 24 метрге дейін жеткен. Ал Кентау қаласында 17, Шәуілдірде 22 метр секунд болып тұр. Созақ ауданында да жел күшейе түскен.

Мамандар өңірдегі дауыл ертең де жалғасатынын ескертіп отыр. Тек, 3 сәуірден бастап желдің күші бәсеңдей түспек.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасты.

Бір сағат 42 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 12 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 5 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Елена Рыбакина Майами мастерс жарысының финалында жеңіліс тапты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирі барысында 70-ке жуық эйс жасап, теннис тарихында рекорд орнатты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Жетібайдағы жұмыссыз тұрғындар наразылықты тоқтатты.

Олар 27 наурызда аштық жариялаған болатын. Аштық акциясына 50-ге жуық адам қатысты.

Тұрғындар мұнай өнеркәсібіне жұмысқа орналастыруды талап етті.

«Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін шараға қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады әкімдік.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде көш бастады.

Қазақстандық шахматшы бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойнады. Қарсыласы бұдан бұрын Азия чемпионы атанған тәжірибелі шахматшы еді. Тең ойыннан кейін Бибісара 4,5 ұпай жинап, көш тізгінін жеке-дара қолға алды.

Одан кейінгі орында 4 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр келе жатса, үшінші орындағы ресейлік Александра Горячкина 3,5 ұпай еншілеген.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Кеше ғана Қазақстаннан «тәуелсіз» болғысы келетінін жариялап, Петропавлда сепаратистік «Халық кеңесі» ұйымын құрған белсенділер көп ұзамай кешірім сұрады.

Сөздерінше, түсінбестік болыпты-мыс. Олар мұны Әблязовтың адамдары алауыздық тудыру үшін ұйымдастырды деп есептейді. Сөздеріне қарасақ өздерін кінәлі деп сезінбейтін тәрізді.

Бірақ істің ақ-қарасы әлі анықталған жоқ. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынған.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Түркістандағы сакура ағаштары гүлдеп жатыр.

Мұны мамандар күннің жылынуының ұзаққа созылуымен байланыстырып отыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Бүгін Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Елжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды.

Таниева 30.900 ұпай жинап, күміс медальға ие болды.

Бұл бәсекеде өзбекстандық Тахмина Икромова чемпион атанса, қоланы бразилиялық Барбара Домингос иеленді.

Сонымен қатар Таниева ұршықпен жаттығудан бесінші орынға табан тіреді. Ал доппен жаттығуда үздік алтылыққа енді.

Аталмыш әлем кубогі кезеңіне 28 елден 50-ге жуық гимнаст қатысып, бақ сынады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Zakon.qaz
⚡️Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды. Бүгін оның соты өтуі керек болған. Алайда айыпталушы сотқа келмеді. Осы жайтқа байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Оның елден қашып кеткені белгілі болды.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Мұрат Нұртілеу ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Марат Ахметжанов ҚР Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz