Zakon.qaz
3.02K subscribers
10.7K photos
3.78K videos
8 files
13.2K links
Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!
Download Telegram
⚜️Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттады

Президент, ең алдымен, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары деп атады.

– Мемлекет үшін көлік саласының стратегиялық маңызы айрықша. Бұл – айқын нәрсе. Көлік жүйесі – әрбір елдің дамуының көрінісі. Онсыз экономиканың алға басуы мүмкін емес. Сондықтан бұл салаға біз аса маңызды басымдық ретінде қараймыз. Көлік құралдары – экономиканың қозғаушы күші, өсіп-өркендеу кепілі десек, артық болмайды. Еліміздің осы саладағы мүмкіндіктері мол, тіпті, бірегей деуге болады, – деді Президент.

Ел аумағынан өтетін дәліздердің инфрақұрылымын жақсарту қолға алынғанын да айтты.

– Биыл «Достық–Мойынты» темір жолының екінші желісі салынып бітеді. Соның арқасында жүк көлемі бес есе артады. Сондай-ақ жыл соңында Алматы бекетін айналып өтетін темір жол іске қосылады. Нәтижесінде жүктеме азайып, жүк жеткізу мерзімі қысқармақ, – деді Мемлекет басшысы.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👍41
⚜️Салтанатты жиында «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Қазақстан темір жолы» компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке берілді

Ол 66 жыл үздіксіз жұмыс істеп, теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосқан. Ең жоғары мемлекеттік награда көлік саласының өкіліне алғаш рет табысталып отыр.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👏3👍21
❤️🪤🔗Ақша бопсалаумен аяқталған "махаббат" оқиғасы

Қыздар әлеуметтік желі арқылы ер адамдармен танысып, сеніміне кіріп, жалдамалы пәтерге кездесуге шақырады.

Кездесу кезінде пәтерге олардың сыбайластары баса-көктеп кіріп, өздерін қыздардың туыстары немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады.

“Мәселені шешу” сылтауымен олар жәбірленушілерді ұрып-соғып, ақша талап еткен. Солай бір адамнан 800 мың теңге алған.

Осындай арнайы схема бойынша 2 қыз және 3 жігіттен құралған қылмыстық топ талай ер адамдарды алдап, құрығына түсірген.

Қылмыстық іс қозғалып, барлық күдікті қамауға алынды.

Ұсталғандардың ұялы телефондарың тексеру кезінде осыған ұқсас өзге де қылмыстардың деректері анықталды.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
😁3😨3👍2👎1💔1
Жамбыл облысында құтқарушылар жолда жүкті әйелді босандырып алды

Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына бара жатқан жолда жүкті әйелді босандырып алуға тура келген.

Пациент алдын ала жеке автокөлікпен ТЖМ "Шығанақ" трассалық медициналық-құтқару пунктіне жеткізілді.

Әйел реанимациялық машинада босанды. Құтқарушылар жолда барлық қажетті көмек көрсетті. Соның арқасында сәби аман-есен дүниеге келді.

Анасы мен жаңа туған сәбидің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуі де Мойынқұм орталық ауруханасына жатқызылды.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👏52😍1
😍Жас өрендеріміз географиядан Халықаралық олимпиадада тарихи жетістікке қол жеткізді

Таиландта география пәнінен өткен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрамасы ел тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп, 2 алтын, 2 күміс жеңіп алды.

Біздің жеңімпаздарымыз:

🥇Талғат Байбусынов, Қарағанды облысындағы НЗМ, 12-сынып;
🥇Андрей Енбахтов, Қостанай облысындағы НЗМ, 10-сынып;
🥈Болат Ақжол, Жетісу облысындағы НЗМ, 12-сынып;
🥈Әлихан Қалмағамбетов, Ақтөбе облысындағы НЗМ, 12-сынып.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👏4🏆3😍1
"Бұл істе ешқандай кешірім болмайды": әкім Жамбыл облысындағы атысқа байланысты мәлімдеме жасады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аталған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ешкімнің жазасыз кетпейтінін айтты.

"Жастар арасында болған құқықбұзушылыққа байланысты тиісті органдар шұғыл әрекет етуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бұл істе ешқандай кешірім болмайды – күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады. Жастар – ел болашағы. Сондықтан тәртіп пен заңды сақтау, адамгершілік пен жауапкершілікті сезіну – әрбір жастың борышы. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – өзара құрмет пен мейірімнен басталады", – деп жазды
әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Облыс әкімі жастарды тәртіпті болуға, бір-біріне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға, арандатушылықтан аулақ болуға үндеді.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👏3👍2
Алматыда алимент берешегі 11 миллионнан асқан ер адам сотталды

Алмалы ауданында ЖСО-ның орындауындағы атқарушылық іс жүргізудегі алимент бойынша берешек сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.  

Борышкерлердің 22 автокөлігі ұсталып, айыппұл тұрағына қойылды. 5 іс бойынша мүлік алынғаннан кейін 7 миллион теңгеден астам қарыз толығымен өтелді. Өндірілген қаржының жалпы сомасы 74 млн теңгеден асты.

Алимент төлеуден қасақана жалтарғандар жауапқа тартылды. Олардың біреуі Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес кінәлі деп танылған: ол 11 миллион теңгеден астам қарыз болып шықты.

Оған пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге бір жыл жаза берілді.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👍4🥴2😨2
⚜️Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды.

Дәурен Қосанов:

🔹армияның жауынгерлік дайындығы;

🔹көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері;

🔹әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру, әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берді.

🔹Президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді.

Атап айтқанда:

➤ әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру;

➤ әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту;

➤ қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👍5
✈️ Алматы – Бейжің бағытындағы жаңа тікелей рейс ашылды

Рейсті Air China әуе компаниясы жүзеге асырады. Бұл компания әлемдік Star Alliance әуе альянсының мүшесі және Қытайдағы ең ірі әуе тасымалдаушылардың бірі.

Бүгінде Алматыдан Қытайдың Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Шанхай, Ханчжоу және Санья қалаларына тікелей әуе рейстері ұшады.

Жаңа рейс қазіргі бағыттарды толықтырып, екі ел арасындағы рейстер жиілігін арттырады. Қазіргі уақытта ай сайынғы рейстер саны 150-ден асады.

📌2025 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға Қытайдан 20 952 турист келген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,9%-ға көп.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👍31👏1
🇰🇿🇨🇭Мемлекет басшысы Швейцария Президентін құттықтады

✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай Президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы ұлттың бірлігін, демократия дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидатына бейілдігін айшықтайтын мерекенің ерекше мәніне назар аударып, Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар Президент Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасының жоғары деңгейде екеніне тоқталып, қос халықтың игілігі жолында өзара ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👍21
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😨 Астанада автобустың артына жармасқан жасөспірімдер жұрттың үрейін ұшырды

Оқиға Сарыарқа ауданында тіркелген.

Астана қалалық Полиция департаменті жасөспірімдерді іздеп жатыр. 

Олар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
😱3👍1
⚜️Мейірлан Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1🤔1
⚜️Дархан Алиақпаров Атомдық қадағалау және бақылау комитетін басқарады

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
👍2
😍 Көптен күткен әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті өтті

Астана Арена стадионы адамға лық толы болды.

📹 Тhreads: imnurc / orkeni / tussupbayev.kz / gans.a / architecture_astana

👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz
1🔥1