Красная Юрта
5.46K subscribers
2.4K photos
390 videos
118 files
1.67K links
Просветительская платформа Организации Трудящихся Казахстана.

Ссылка на чат:
https://t.iss.one/+cm3497RuVIo4NmVi

Ютуб: https://youtube.com/@Red_Yurt
ВК: https://vk.com/red_yurt
Инстаграм: https://instagram.com/red.yurt
Download Telegram
[4/4]

9. Бастықтарға сенбе
.

Көбінесе сен кәсіпорын иесімен тікелей сөйлеспейсің. Тіпті сен оны көруің де екіталай. Сенімен әдетте орта буын басшылары сөйлеседі - бір қарағанда, сен сияқты жұмысшылар сияқты. Сенің бастығың керемет маман, тіпті биязы адам болуы да мүмкін, оның хоббиі, балалары, достары болуы мүмкін, сірә пәтер төлемақысына, демалысқа ақша жинауы мүмкін. Бірақ! Ол сені мүмкіндігінше көбірек жұмыс істеуге мәжбүр ету үшін жалданған. Сенен жарты сағатқа жұмыста кідіре тұруды, сені амбицияларыңмен манипуляциялайтын, сенен жұмыстан шықпауыңды және жалақыңды талап етпеуіңді өтінетін де өзі. Бастығыңа сенім артпа. Бұл адам сенің жағыңда емес.

10. Оларға бір тиын қалдырма.

Бұл әсіресе бейресми жұмыс істейтіндерге қатысты. Жұмыс берушілер саған төлейтін ақша жоқ деп жиі айтады. Олар сен көз жасыңды сүртіп, басқа жұмыс іздеуге барасың деп үміттенеді, ал сенің ақшаңды қалтасына салып алады. Бұған жол берме! Әр тиын үшін күрес! Есіңде болсын: саған төлемей, жұмыс беруші заңды қатаң түрде бұзды, сондықтан сен заңнан тыс әрекет етуге толық моральдық құқығың бар. Бопсалау мен қорқытудан да тайынба. Сен жинаған ақшаңды жұмсаған сайын, ата-анаңа шарасыз қоңырау шалып немесе достарыңнан қарызға ақша сұрап жатқанда, біреу өзіне жаңа көлікке ақша жымқырып қалды. Жылап, кетіп қалған аңғал жұмысшылардың есебінен біреулердің саяжайлары салынып, яхталар сатып алынып, дәулеттері молайып жатыр.

11. Түйіндемеңді жіберуді жалғастыр.

Бүгін сенде жұмыс бар. Мүмкін жаман емес жұмыс шығар әрі саған нарықтағы орташа деңгейден жоғары жалақы төлейтін де болар, алайда бұл жұмыс ертең сенде қалатына ешкім кепіл бермейді. Ең кіші дағдарыс, «шығындарды оңтайландыру», қысқарту бола қалса - сен жұмыстан құр қаласың. Сондықтан сенің әрқашан қосалқы жұмыс орындарың дайын болуы керек. Сұхбаттасуларға бар. Өз біліктілігіңді арттыр (жұмыс уақытында болса тіптен керемет). Жиі жұмыстан кетуден қорықпа - сен мұнда ешкімге борыштар емессің.

12. Әріптестеріңмен ынтымақта бол.

Сенің әріптесің кешігіп келе ме? «Жаңа ғана шығып кетті, қазір-ақ келеді». Әлдекім тапсырманы бітірмеді ме? «Білмеймін, менімше, ол жұмысын жақсы атқарды». Бір-біріңді тасалаңдар, қорғаңдар. Бірге жұмыс берушіге қарсы күресу оңайырақ. Сен неғұрлым көп адамдарды байланыстыра алсаң, соғұрлым сенің күресің берік және нәтижелі болады. Жалақыны, бейресми түрде жұмысқа тұрсаң да, төлеуді толық және уақытында талап ет. Жақсы жұмыс жағдайларын талап ет. Басынған директорларды ауыстыруды талап ет. Жалақыны көтеруді талап ет. Кәсіподақ құрып жұмыс берушіге қысым жасаңдар.

___
@redyurt

Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау
Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта

#еңбек #жұмыс #әділет #таптықкүрес #қызылотаумақаласы #статьикю #труд #работа #классоваяборьба