Zakon.qaz
1.51K subscribers
7.65K photos
2.92K videos
8 files
9.73K links
Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!
Download Telegram
⚡️«Екібастұзжылуэнерго» серіктестігіне 27,6 млн теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ақтөбе облысында шетелдік ерлі-зайыптылар жол апатынан көз жұмды.

Көлік апаты «Ақтөбе-Астрахан» автожолының 252-шақырымында орын алған.

Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, Datsun автомобилімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында қаза тапты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Наурыздың соңғы күндері ел аумағында 22 градусқа дейін аяз болады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Түркістанда тағы бір кәмелетке толмаған қыз іздестіріліп жатыр.

Түркістан облысының құтқарушылары 4 күннен бері табылмай жатқан 5-сынып оқушысы Інжу Ескерместі іздестіруде.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, оралмаған.

Бейнежазбалардан қыздың аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды.

Інжумен бірге ойнаған көрші қыз екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын айтқан.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Алматыда екі ер адам TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырғаны үшін сотталды.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді.

Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты ұсынды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді.

Кездесуде Мемлекет басшысы Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️ЖСДП өкілі Нұрлан Әуесбаев Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдамады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Әлихан Смайылов Қазақстан премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілі неге Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдамады?

Фракция жетекшісі Асхат Рахымжанов сауалға жауап берді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлім етті.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды.

Бүгін оның соты өтуі керек болған. Алайда айыпталушы сотқа келмеді.

Осы жайтқа байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Енді мемлекеттік қызметке орналасатындар рухани құндылықтар бойынша тест тапсырады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Оңтүстік Кореяда ұсталған екінші отандасымыз 15 жылға сотталуы мүмкін.

Бұған дейін екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруіне тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен болатын.

Біреуі сол күні ұсталса, екіншісі 3 күн бойы іздеуде жүріп, кейін өз еркімен берілді.

Қазір екеуі де қамауда отыр. Олар Кореяға келулерінің басты себебі жұмыс істеп, қаражат тауып, отбасына көмектесу екенін айтқан.

Korea Komek қорының қолдауымен азаматтардың бірі тез арада елге қайтарылады.

Ал Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып жүрген екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді.

Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматына 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бірақ ол өз еркімен берілгендіктен жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескерілуі мүмкін.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің хатында Түркияның Қахраманмараш провинциясы мен басқа да елді мекендеріне орасан зор зардабын тигізген жойқын жер сілкінісіне байланысты бауырлас елдің қайғысына ортақтасып, көңіл айтқаны, сондай-ақ жедел көмек көрсеткені үшін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия халқының және жеке өзінің атынан алғыс айтқан.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Рим Папасы Франциск ауруханаға түсіп қалды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Енді қазақстандықтардың төлқұжатында саусақ ізі болады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Семейде қоғамдық көліктерге Абайдың нақыл сөздері ілінді.

Сонымен қатар автобус ішіне кітап сөрелері орналастырылды.

Сөреде «Осы кітаптар Сізге арналған», «Сіз де келесі жолаушыға кітап сыйлаңыз!» деген нұсқаулық бар.

Жолаушылар сөредегі кітапты сапар барысында ғана оқи алады. Оны өзімен бірге алып кетуге болмайды. Тек өзге жолаушыға табыстауға немесе сөреге қайта қоюға болады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz