Zakon.qaz
1.53K subscribers
8.64K photos
3.22K videos
8 files
10.8K links
Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!
Download Telegram
⚡️VIII сайланған Мәжіліс депутаттары ант беріп жатыр.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы ұсынатынын айтты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Ақтөбеде анасы мен баласын өз үйінде өлтіріп кетті.

Полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарына кірісті.

Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты.

Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жаңсақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Дауыс беру нәтижесінде Мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып Альберт Рау мен Дания Еспаева сайланды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында комитет төрағалары мен төрайымдары сайланды.

Ол бойынша:

Мәди Тәкиев Мәжілістегі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы лауазымына сайланды.

Серік Егізбаев Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы лауазымына сайланды.

Снежанна Имашева Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы лауазымына сайланды.

Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы лауазымына сайланды.

Айгүл Құспан Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы лауазымына сайланды.

Еділ Жаңбыршин Мәжілістегі Экология мәселелері комитетінің төрағасы лауазымына сайланды.

Нұртай Сабильянов Мәжілістегі Экономикалық реформа комитетінің төрағасы лауазымына сайланды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️«Екібастұзжылуэнерго» серіктестігіне 27,6 млн теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ақтөбе облысында шетелдік ерлі-зайыптылар жол апатынан көз жұмды.

Көлік апаты «Ақтөбе-Астрахан» автожолының 252-шақырымында орын алған.

Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, Datsun автомобилімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында қаза тапты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Наурыздың соңғы күндері ел аумағында 22 градусқа дейін аяз болады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Түркістанда тағы бір кәмелетке толмаған қыз іздестіріліп жатыр.

Түркістан облысының құтқарушылары 4 күннен бері табылмай жатқан 5-сынып оқушысы Інжу Ескерместі іздестіруде.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, оралмаған.

Бейнежазбалардан қыздың аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды.

Інжумен бірге ойнаған көрші қыз екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын айтқан.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Алматыда екі ер адам TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырғаны үшін сотталды.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді.

Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты ұсынды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді.

Кездесуде Мемлекет басшысы Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылатын кандидатура жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️ЖСДП өкілі Нұрлан Әуесбаев Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдамады.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Әлихан Смайылов Қазақстан премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілі неге Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдамады?

Фракция жетекшісі Асхат Рахымжанов сауалға жауап берді.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлім етті.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz
⚡️Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілетін болды.

Бүгін оның соты өтуі керек болған. Алайда айыпталушы сотқа келмеді.

Осы жайтқа байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz