Ulysmedia.kz
5.09K subscribers
13.8K photos
4.25K videos
2 files
17.6K links
ULYSMEDIA- ашық ақпарат алаңы

https://qaz.ulysmedia.kz/
Download Telegram
Қазақстан Ресейдің орнына аграрлық көшбасшы бола ала ма

Әлемдік агронарық құбылып тұр, ал жақында ғана ауыл шаруашылығы өнімдерінің ең ірі экспорттаушысы болған Ресей жетекші аграрлық держава мәртебесінен тез айырылып барады дейді сарапшылар. Бұл басқа ойыншылар үшін мүмкіндік ашуы мүмкін. Ең басты сұрақ – Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, босап жатқан орындарды иемдене ала ма? Осы мәселеге қатысты Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстанның Астық одағының ресми өкілі, талдау комитетінің басшысы Евгений Карабановпен бірге саралап көрді.

КӨРШІДЕ ЭКСПОРТТЫҚ КОЛЛАПС

Ресей арқылы экспорт мәселесі онсыз да күрделі еді, биыл Қазақстан үшін нағыз қиын түске айналды. Мұның себебі көршімізді жайлаған табиғи апатта ғана емес. Евгений Карабанов сипаттаған көрініс логистика саласына төнген апокалипсис сценарийіне көбірек ұқсайды.

– Ресей порттарындағы коллапс – бүгінгі күннің шындығы, – дейді ол ашық түрде.

Оның айтуынша, мұндай жағдайға РФ президенті Владимир Путиннің кез келген шетелдік кеменің кіріп-шығуын ФСБ-мен келісуді талап ететін ойланбай қабылданған жарлығы себеп болған. Қазір кемелер рейдте тұрып қалған, ал оны қалай орындау керектігін ешкім білмейді. Тиісті механизм жоқ.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇨🇳«Қытайға барып, хабарсыз кетті»: Шекарада ұсталған Тұрғанбайдың отбасы араша сұрайды

Қытайға жүк көлігін айдап барып, бір аптадан бері хабарсыз кеткен Әлинұр Тұрғанбайдың туыстары араша сұрайды. Тұрғандайдың әйелі Гүлдәрия Шерзаттың сөзінше, күйеуін Қытай шекарашылары ұстаған. Содан бері хабар жоқ.

📍 «КЕТКЕЛІ ХАБАР АЛА АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ»

Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында тұрғыны Гүлдәрия Шерзаттың күйеуі Әлинұр Тұрғанбайдан хабар ала алмай отырғанына бір аптадан асқан. Ол 23 шілдеде Қытайға жүк көлігін айдап кеткен. Содан бері хабар алмаған. Соңғы рет сол күні сағат бесте хабарласып, «Қазақстан шекарасынан өттім, енді Қытай шекарасына кіремін» деген.

🔗 «ҰСТАЙТЫНЫН БІЛСЕ БАРМАС ЕДІ»

48 жастағы Әлинұр Тұрғанбай Қазақстанға отбасымен бірге 2016 жылы көшіп келген. Отбасында үш қызы бар. Өзі де, балалары мен әйелі де 2017 жылдан бері Қазақстан азаматы.

Гүлдәрияның сөзінше, күйеуі отбасын асырау үшін әртүрлі жұмыстар істеген. Бастапқыда құрылыс жасаған. Кейін жүк көлігін айдап күнелткен.

Әлинұр соңғы рет Қытайға 2017 жылы кірген. Ол кезде Қытай азаматы болған. Содан бері биыл алғаш рет Қытайға барған.

‼️ «ҚЫТАЙДАҒЫ ТУЫСТАРЫМА ҚЫСЫМ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР»

Гүлдәрия Шерзат «күйеуім ұсталғалы Қытайдағы туыстарыммен де байланыс үзілді» дейді.

– Ол жақта туыстарымыз бар. [Күйеуімнің] шешесі, бауырлары бар. Оларға да қысым жасап жатыр. Біз байланыстан үзіліп кеттік әзір. Өйткені олардың барлығы бізді хабарласпайтындай етті. Не себепті екенін біз білмейміз әлі күнге дейін. Біз сөйлеп едік, барлығы сол сөйлемейтіндей етіп бізді қойды. «Сұрамаңдар, бізге қысым жасалып жатыр» деді. Содан біз амалсыздан мінеки сарсаң болып жүріп жатырмыз. Әлі күнге дейін тым құрығанда өлі-тірі екенін біле алмай жатырмыз, – деді ол.

📲 Айтарыңыз бар болса, Ұлысмедиа редакциясына +7705 729 9700 WhatsApp нөмірі арқылы жазыңыздар, оқиғаларыңызды жолдаңыздар.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
👎3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Банкрот болады деген жоқ": Сауранбаев ҚТЖ-ның жағдайын түсіндірді

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев өзі басқарған Қазақстан темір жолының бүгінгі жай-күйі туралы айтты.

СҰРАҚ

- Сіз көлік министрі қызметіне келмей тұрып, ҚТЖ-ны басқардыңыз. Бірақ былтыр ЖАП төрағасы Әлихан Смайылов “ҚТЖ дефолт жағдайында” деп айтқан болатын. Сіз ҚТЖ-ны дефолт жағдайынан шығарып келіп отырсыз ба, әлде ол жерде мәселелер әлі бар ма?, – деп сұрады журналист. 

ЖАУАП

Сауранбаевтың сөзінше, Смайылов “ҚТЖ басқа бүкіл салаға көмектесіп жатыр” деген. 

- Банкрот болады деген әңгіме айтылған жоқ. Дефолт 2-3 жылдан кейін болуы мүмкін деді. Негізі қазір ондай сұрақ жоқ. ҚТЖ жақсы келе жатыр. Көрсеткіштері жақсы. Келесі жылы IPO болады. Сол кезде инвесторлар қалай бағалайтынын көресіз. 

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
🤬3
Bek Air ұшағының апаты: тергеу қайтадан басталады

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Bek Air ұшағы апатына қатысты тергеу қайта басталатынын растады.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкіметтегі баспасөз конференциясы кезінде 2019 жылдың соңында Алматыда болған Bek Air ұшағы апатына қатысты тергеу мәселесін түсіндірді.

Министрден бұрынғы ведомствоның бұрынғы басшысы Марат Қарабаевтың бұл іс бойынша тергеу қайта жүргізілуі мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір сұралды.

– Өкінішке қарай, авиацияда мұндай оқиғалар жиі кездеседі және нақты шешім табу өте қиын. Авиациялық апаттар, өкінішке қарай, ұзақ уақыт бойы зерттеледі. Қазір барлық құжаттар дайындалып жатыр, – деді Сауранбаев.

Министр нақтылау сұрағына жауап бере отырып, тергеу қайта басталатынын растап отыр.

ҰШАҚ АПАТЫ

2019 жылғы 27 желтоқсанда Bek Air компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жоспарлы ішкі рейсті орындау кезінде апатқа ұшыраған. Әуеге көтерілген сәтте ұшақ биіктігін жоғалтып, оңға бұрылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, Гүлдала ауылы маңындағы тұрғын үйге соғылған.

Ұшақ бортында 98 адам (93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі) болған. Апат салдарынан 15 адам қаза тапты.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы салынатын баспана 20%-ға қымбаттай ма

Жаңа Салық кодексі мемлекеттік бағдарлама арқылы салынатын баспана бағасына әсер етпейді. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа Салық кодексінің қабылдануы қарапайым азаматтарға ешқандай кері әсерін тигізбейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда эконом-класс санатындағы баспана «қажетті деңгейде» бағаланып отыр.

– Жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін ірі құрылыс компаниялары бизнесті бөліп, шектен тыс пайда табу тәжірибесін тоқтатады. Енді олар салық төлейтін болады, демек пайдасы да азаяды. Бірақ біз аз қамтылған азаматтарға, соның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында немесе жұмыс істейтін жастарға арналған мемлекеттік тапсырыста бағаны жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес реттеп отырамыз, – деді Скляр.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
👎1🤬1
Сот Бақытжан Төреғожинаға айыппұл салды

Алматы соты құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға айыппұл салды. Оған сот шешімімен жеті жылға сотталған марафоншы, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты «жалған ақпарат таратты» деген айып тағылған.

▪️СОТ ШЕШІМІ

Істі Алматы қаласының әкімшілік істер жөніндегі сот судьясы Шамшаева қарады. Судья Бақытжан Төреғожинаға қатысты әкімшілік шешімді орнында отырып қабылдады. Кеңесу бөлмесіне шықпады.

– Төреғожина Бақытжан Аманғалиқызын ӘК 456-бабының 3-бөлігі 2 тармағы бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл, жалпы сомасы 78 640 теңге өндірілсін, – деді судья.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
😡3
Трамп Медведевке "аузыңа ие бол" деп ескерту жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевті “болмай қалған президент” деп атап, оған “аузыңа ие бол” деп ескерту жасады.

▪️ТРАМП НЕ ДЕДІ

Трамп жазбасында Үндістан мен Ресейге қатысты пікір білдіріп, бұл елдердің экономикалық жағдайын сынға алған.

– Үндістан Ресеймен не істесе де, маған бәрібір. Екеуі бірігіп, өздерінің өлі экономикасын құрта берсін. Бізде Үндістанмен бизнес аз, олардың кедендік баждары әлемдегі ең жоғары деңгейде. Сол сияқты Ресеймен де АҚШ-тың сауда-саттығы жоқтың қасы. Сондықтан бәрін сол күйінде қалдырып, Ресейдің өзіне әлі де президентпін деп ойлайтын жартылай экс-президенті Медведевке аузына абай болсын деп айтуымыз керек. Ол өте қауіпті аймаққа аяқ басып барады! – деп жазды Трамп.

▪️
МЕДВЕДЕВ НЕ ДЕП ЕДІ

Бұған дейін Дмитрий Медведев Х әлеуметтік желісіндегі ағылшынша парақшасында Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты қойған ультиматумына жауап берген еді.

– Трамп Ресейге ультиматум қойып отыр: 50 күн немесе 10... Бірақ ол екі нәрсені есте ұстауы керек: Ресей – бұл Израиль емес, Иран да емес. Әрбір жаңа ультиматум – бұл қауіп, бұл соғысқа жақындау. Ресей мен Украина арасында емес, оның өз елімен, – деп жазған Медведев.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
😁41
"Шыға алмай қалған". Сорбұлақта жоғалған тікұшақ ұшқышының әйелі үндеу жасады

ТАБЫЛМАҒАН ТІКҰШАҚ

Жазбаны журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

- Табылмаған тікұшақта жан жарым қалды. Қосылғанымызға небәрі 8 ай. Тікұшақта екі ұшқыш белдігін байлап отырады, шыға алмай қалған ғой. Әйтпесе, секіріп аман қалар ма еді?, - деп көз жасын тыя алмаған жас келіншек.

Нұрай мен Аман өткен жыл соңында үйленген. Ұшқыш жігіт музыкант қызды құда түсіп, қолдан алды. Ыстық-суығы басылмаған жас отбасының жақындарында 5 күннен бері маза жоқ.

- Тікұшақ құс емес, ұшты-күйлі әскери әуе көлігі қайда ғайып болуы мүмкін? Радардан Отар жақта жоғалған көліктің 200 шақырым қашықтан сынықтары табылуы қалай? Тікұшақ жайлы ресми деректен гөрі алып-қашпа әңгіме көп. Күн өткен сайын құтқару жұмыстарын көріп, пилоттың жары мен туыстарының дегбірі таусылуда. Сорбұлақтың жанынан тікұшақ қирандылары табылды. Аты айтып тұрғандай бұл көлдің түбі сор, көшпелі лай. Су түбінен жылжиды. Алматының кәріз суы, қалдық, қоқыс қосылып құйылатын көл болғандықтан дронның өзі еш нәрсе көріп байқар емес. Су қоймасының түбі жылжымалы батпақ. Сорбұлақ 66 шақырымға созылып жатыр, тереңдігі 22 метр. 3 экипаж мүшесі бар әскери тікұшақтың әуеден жоғалғанына бүгін 5-ші күн, – делінген жазбада.

ТІКҰШАҚТЫҢ ЖОҒАЛУЫ

Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында әскери тікұшақ әуеде жоғалып кетті. Тікұшақтың ішінде үш экипаж мүшесі отырған. Ал 28 шілдеде жоғалып кеткен әскери тікұшақтың қалдықтары табылды. 

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
😢42
Сарапшы Қазақстанда АИ-92 жанармайы қаншалық қымбаттайтынын айтты

ТОЛЫҒЫРАҚ

Экономист Алмас Чукиннің сөзінше, АИ-92 маркалы бензин бағасы көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан деңгейіне дейін өсуі мүмкін.

Қазіргі таңда бұл елдерде АИ-92 бензинінің литрі тиісінше шамамен 396 және 482 теңге тұрады.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан үшін Ресей нарығы баға бойынша бағдар бола алмайды. Себебі Ресейде жанармай нарығы мемлекет тарапынан субсидияланады.

– Ол жақта мемлекет бензин өндірушілерге қосымша төлем жасайды. Бірнеше жыл бұрын олар салық маневрін жүргізіп, баға белгілеуді әлемдік деңгейге бағыттады. Ал ішкі нарықты субсидиялау жасырын түрде жүзеге асырылады. Сондықтан Ресейдегі жанармай бағасы объективті көрсеткіш емес және Қазақстан үшін бағыт алатын бағдар бола алмайды. Ресейдегі жанармай бағасына мұнай өңдеу зауыттары алатын субсидияны қосу керек. Егер таза нарықтық бағамен есептесек, Қазақстанда баға Ресейден жоғары болуы тиіс, – дейді Алмас Чүкін.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
👎5👏1😐1
🇺🇦Зеленский қабылдаған даулы заң: екі ведомство қайтадан қызметін жалғастыратын болды

Украина Радасы Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюро мен Мамандандырылған антикорлық прокуратураның тәуелсіздігін қалпына келтірді.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украина Жоғарғы Радасы Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро (НАБУ) мен Арнайы антикоррупциялық прокуратураның (САП) тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы заң жобасын қабылдады. Бұл шешімді 331 депутат қолдады. Заң жобасы №13533 деп тіркелген.

Депутаттар қабылданған заңды бірден президентке қол қоюға жолдау туралы да дауыс беріп, қолдаған.
Осылайша, 22 шілдеде қабылданған, НАБУ мен САП-ты бас прокурорға бағындыруды көздеген даулы заң күші жойылды.

31 шілдедегі отырыс кезінде бірнеше депутат Жоғарғы Рада мінберінен шығып, бұл бастаманы көтергендерге жауапкершілік жүктеуді талап етті.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
🤷‍♂1🤮1
Депутат Бапи түрмедегі Әйгерім Тілеужанмен кездесті

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи колониядағы саяси белсенді Әйгерім Тілеужанға кіріп шыққанын мәлімдеді.

▪️МӘН-ЖАЙЫ

Әйгерім Тілеужан кездесуде өзін кінәлімін деп санамайтынын және мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бермейтінін айтқан. Оның босап шығуына 1 жыл 7 ай қалған.

– «Шағымың бар ма?» дедім. «Ешқандай шағымым жоқ» деді. Шағымы болғанда енді түрменің өз ішіндегі жағдайлар ғой. Ескі түрме. 1937 жылы салынған. Одан бері жаңартылмаған. Соғанбайланысты гигиеналық талаптары бар. Ал басқа ешқандай талап айтқан жоқ, – дейді ол.

Әйгерім Тілеужанның мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш беруден бас тартқанын бұған дейін адвокаты Айнара Айдарханова да айтқан. Маусым айының соңында ол «Әйгерім Тілеужан рақымшылық туралы заңға да ілікпейтінін» мәлімдеген.

▪️НЕ ҮШІН ҚАМАЛДЫ

Әйгерім Тілеужанды 2023 жылы Алматы Наурызбай аудандық соты «Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деп айыптап, 4 жылға бас бостандығынан айырған. Ол өзіне тағылған айыппен де, сот үкімімен де келіспеген. Істің саяси астары барын айтқан.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
😡4👎1
Болат Өтемұратов қымбат қонақүйін Burj Khalifa негізін қалаушысына сатты

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов бақылайтын «Верный Капитал» инвестициялық тобы бес жұлдызды The Ritz-Carlton Vienna қонақүйін араб миллиардері, Emaar Properties және Eagle Hills компанияларының негізін қалаушы Мохамед Алаббарға сатқан. Келісім 2025 жылғы қаңтарда аяқталған. Австриялық БАҚ дерегі бойынша, мәміле құны шамамен 110 млн еуро болған.

ҚОНАҚҮЙ ЖАЙЛЫ

The Ritz-Carlton Vienna қонақүйі Австрия астанасының ең беделді аудандарының бірі – Рингштрассе орталық көшесінде орналасқан. Қонақүйде 200 нөмір, екі мейрамхана, екі бар және іс-шараларға арналған тоғыз зал бар.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
1
"Таза тіл жоқ" - тарихшы қазақ тіліне енген орысша сөздер туралы

Тарих ғылымдарының докторы Нұрлан Қабдылхақ қазақ тіліндегі орысша кірме сөздерге қатысты наразылықтар жөнінде ойын айтты.

Орысша кірме сөздер

- Қазақ тілін үйренуге арналған бір оқу құралындағы орыс тілінен енген сөздердің ұзақ тізіміне байланысты қоғамда наразылық туындады. Кейбір сыншылар қазақтардың бұл сөздерді түпнұсқаға тым жақын етіп айтуына да реніш білдірген. Жалпы алғанда, қазақ қоғамындағы русизмдерге көзқарас екіұшты. Бірі тіл тазалығын жақтап, тіпті көнеден қалыптасқан, бейімделген сөздерді — мысалы, шенеунік немесе шұлық сөздерін де қабылдамайды. Соған қарамастан, ауызекі тілде русизмдер мықтап орнығып үлгерсе, жазба тілде олардан бойды аулақ ұстауға тырысады.

Қосарлы көзқарас

- Менің де өткенімде русизмдерге қатысты қосарлы көзқарасым болды. Бірақ түрлі тілдерді көбірек зерттеген сайын «таза» тілдің жоқ екенін, ал кірме сөздердің тілді икемдірек, демек, ыңғайлырақ ететінін түсіне бастайсың. Өйткені тілдің негізгі қызметі — ақпаратты нақты әрі жылдам жеткізу.

📌Сұқбаттың толық нұсқасын YouTube-арнамыздан көре отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
⌚️Олигарх, жемқорлардан тәркіленген сағаттар 117 миллион теңгеге сатылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» 30 және 31 шілде күндері E-Qazyna электрондық платформасында өткен аукцион арқылы тәркіленген қымбат сағаттарды сатты.

САҒАТТАР

Сауда-саттық барысында 14 эксклюзив қолсағаты және «Бата», «Беташар», «Сүйіндір» коллекциялық монеталары сатылды. Жалпы мәміле сомасы 117 680 040 теңге болды.

- Сауда-саттық барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық әрі ашық әдіс аясында өтті. Сауданың электрондық форматы ашықтықты арттырып, процеске әділетсіз жолмен араласу мүмкіндігін болдырмайды, делінген хабарламада.

Барлық сағаттар бұрын пайдаланылғанына қарамастан сатылған. Нәтижесінде сатып алушылар сағаттардың күйі мен құндылығын жоғары бағалаған. 

АУКЦИОН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Аукцион қорытындысы бойынша 14 қолсағат жалпы 117,6 млн теңгеге сатылды, ал бастапқы бағасы 102,5 млн теңгені құраған. 

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
Трамп қазақстандық тауарларға ресми түрде 25 пайыз салық енгізді

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дональд Трамп Қазақстанды қоса алғанда бірнеше елге қатысты импорттық баж салығын енгізу жөніндегі жарлықтар топтамасын бекітті. Құжат 1 тамызға бірнеше сағат қалғанда қол қойылып, Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды. Баж салығының мөлшері 10-нан 41 пайызға дейін өзгереді, ал Қазақстанға қатысты 25 пайыз көлемінде белгіленген. АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуінде бұл тарифтер «саудадағы кедергілерді түзету» және «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қорғау» мақсатында қажет екенін түсіндірген.

Қатаң шараларға қарамастан, Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі жаңа баж салықтары елден АҚШ-қа жөнелтілетін тауарлардың шамамен 95 пайызына әсер етпейтінін мәлімдеді. Тарифтің қолданылуынан негізгі экспорттық тауарлар — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпалар, тантал және титан шығарылған. Дәл осы өнімдер Қазақстан экспортының АҚШ-тағы негізгі бөлігін құрайды. Осылайша, баж салығын енгізудің тікелей экономикалық залалы шектеулі болады.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
🔥1
Путин 1994 жылы Қазақстанды көздеген - ГФР архиві

1994 жылы Владимир Путин Ресейдің Қырым, Шығыс Украина және Солтүстік Қазақстанға қатысты аумақтық талаптары бар екенін айтқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Der Spiegel журналы Германия сыртқы саясатына қатысты дипломатиялық құжаттардың жаңа томында жарияланған даулы мәлімет туралы жазды. Атап айтқанда, бұл — 2025 жылдың 21 шілдесінде Мюнхендегі Жаңа тарих институты шығарған «ГФР-дың сыртқы саясаты жөніндегі құжаттар» жинағы. Онда 1994 жылдың 14 қаңтарында Германияның Санкт-Петербургтегі бас консулы Эберхард фон Путткамер жасаған жазба келтірілген.

Құжатқа сәйкес, сол кезде Санкт-Петербург мэрі Анатолий Собчактың әкімшілігінде қызмет атқарған Владимир Путин Қырым, Шығыс Украина және Солтүстік Қазақстан әрдайым «Ресейдің бір бөлігі болғанын», оларды «шетелдік аумақтар» деп санауға болмайтынын мәлімдеген. Оның сөзінше, бұл жерлердің неге басқа елдердің құрамына кіріп кеткенін орыс халқына түсіндіру мүмкін емес.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз
👎52🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎤 Дженнифер Лопес Астанаға келді

Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес түнде Астанаға келді. Бүгін ол «Астана Аренада» концерт береді.

🛬 Түнгі сағат 2-де ұшақ қонды

1 тамыз күні түнгі 02:00-де Дженнифер Лопес мінген жеке ұшақ Астана әуежайына қонды. Әнші Қазақстанға Египеттен ұшып келді.

🌍 Әлемдік тур аясында

Жұлдыздың келуі — Up All Night атты әлемдік турының бір бөлігі. Бүгін кешке Астанадағы концерті өтеді. Ұйымдастырушылар аншлаг күтіп отыр.

🚧 Көлік қозғалысы шектеледі

Концертке байланысты стадион маңында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

🎶 Келесі концерт — Алматыда

10 тамызда Дженнифер Лопес Алматыда да жеке бағдарламасымен өнер көрсетеді. Бұл да әлемдік тур аясында өтеді.

☑️Ұлысқа жазылыңыз
Киевте қаралы күн: Ресей шабуылынан 26 адам қаза болды

▪️ҚАРАЛЫ КҮН

1 тамыз Киевте қаралы күн деп жарияланды. 31 тамызға қараған түні Ресей қаланы тағы да зымыранмен атқылаған. Салдарынан 26 адам қаза тауып, 155-і жараланған.

Киев облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченконың сөзінше, қаза болғандардың көбі Святошинск ауданындағы үйде тұрған. Зымыран үйге түскен. Қирандыларды аршу жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Украина әуе қорғанысы күштерінің мәліметінше, Ресей 309 дрон ұшырып, 8 «Ескендір М» қанатты зымыранын атқан. Шабуыл негізінен Киев қаласына бағытталған. 288 дрон мен үш зымыран атып түсірілген.

«Бес зымыранның тікелей соққысы тіркелді, олардың бірі Киевтегі тұрғын үйге және 12 жерде 21 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай - ақ 19 жерде атып түсірілген дрондардың қалдықтары анықталды. Барлығы Киев аумағында», – делінген Украина қарулы күштері таратқан ақпаратта.

📌Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

☑️Ұлысқа жазылыңыз