[2/2]
Барлық тауардың бағасы капиталистік нарықтағы ұсыныс пен сұранысқа байланысты. Тауарлар бағасының өз кұны маңында ұдайы ауытқып тұратыны, яғни тауардың ұсынылуы сұраныстан артық болса, онда оның бағасының төмендей түсетіні, ал ұсыныстан сұраныс артық болса, онда, керісінше, тауардың бағасының жоғарылай түсетіні белгілі. Сол сияқты жұмыс күші бағасының да, яғни жұмысшының ақшалай жалақысының оның құны төңірегінде ауытқуы жұмыс күшінің ұсынылуына және оған сұранысқа байланысты. Ал капитализм жағдайында жұмыс күшінің ұсынылуы оған сұраныстан әрдайым артық болады. Өйткені капитализм дамыған сайын жұмыссыздар саны көбейе береді. Ал капитализмнің нео-либералдық дәуірінде және оның жалпы кризисі жағдайында жұмыссыздардың тұрақты мол армиясы құрылады. Мұның өзі жұмыс күші ұсынысының ұдайы артық болып, оның бағасының үздіксіз төмендей беруіне әкеліп соқтырады.
Бұл бағытқа барынша қарсылық көрсету үшін, жалақыны өсіру үшін табанды жұмысшылар таптық күресті күшейте түседі. Әрбір елдегі жалақының кәзіргі дәрежесі жұмысшы табының ұзақ, қатал күресінің нәтижесі болып табылады.
___
@redyurt
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау
Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта
#жұмыс #еңбек #нарық #капитализм