Красная Юрта
5.46K subscribers
2.4K photos
389 videos
118 files
1.66K links
Просветительская платформа Организации Трудящихся Казахстана.

Ссылка на чат:
https://t.iss.one/+cm3497RuVIo4NmVi

Ютуб: https://youtube.com/@Red_Yurt
ВК: https://vk.com/red_yurt
Инстаграм: https://instagram.com/red.yurt
Download Telegram
Такой нелепый, антинаучный эссенциализм (философское представление, согласно которому вещи обладают скрытой и неизменной сущностью, «эссенцией» (отсюда название), определяющей их проявления) всё ещё является главенствующим в идеологии западного мира и встречает лишь точечное сопротивление в странах периферии.

Более того, миф о лени, частично утратив свой религиозный антураж, в современности применим не только к цветным маргинализированным слоям населения, но и к белым рабочим. Знакомая нам история о том, как Мюнхгаузен вытащил себя за волосы из болота, существует в английском языке в виде фразеологического оборота "pull yourself by the bootstraps" (буквально: вытянуть себя за шнурки), который с определённого момента стали использовать в качестве мотивационного, то есть всерьёз предлагая обездоленным людям совершать невероятные усилия и «вытягивать» себя из бедности.

Всё больше рабочих по всему миру осознают, что миф о лени, как и другие буржуазные сказки (о справедливом мире, меритократии, свободном рынке, «просачивающемся богатстве» (trickle down economics) и мн. др.) используются как идеологические инструменты контроля изнутри. Отринув буржуазную мораль и изучая диалектический материализм, все мы сможем сделать шаг вперёд навстречу построению общества справедливости и всеобщего благосостояния.


Источники:

1. https://lithub.com/on-the-insidious-laziness-lie-at-t..

2. Вебер. М. Протестантская этика и дух капитализма. Избранные произведения: пер. с нем. / сост., общ. ред. и послесл. Ю. Н. Давыдова; предисл. П. П. Гайденко. – М.: Прогресс, 1990. – 808 с. – (Социологич. мысль Запада). URL: https://bit.ly/3hqIWow.

3. Dunbar-Ortiz R. An indigenous people’s history of the United States. Boston : Beacon Press, 2014. – 296 p. – 2014. URL: https://www.sackett.net/An-Indigenous-Peoples-History-...

4. Маркс К. Экономическо-философские рукописи 1844 года / К. Маркс и Ф. Энгельс. Из ранних произведений / М.: Гос. изд-во полит. лит-ры, 1956. 689 с. URL: https://bit.ly/3HA7JkJ.

5. https://uselessetymology.com/2019/11/07/the-origins-o..

Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау
Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта

#лень #бедность #расизм #капитализм #неравенство
Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы/ Қызыл Отау
Организация Трудящихся Казахстана/ Красная Юрта

#КазЦит #сталин #интернационализм #дружбанародов
Тридцать шесть лет прошло с декабрьских событий 1986 года. Множество вопросов возникает по поводу этих событий, но ясного ответа не дают ни массмедиа, ни историки, ни политки, приложившие руку к тем событиям.

Почему Горбачёв настаивал на фигуре Колбина? Были ли протесты организованы кем-то, или это были действительно народные чаяния? Сколько же погибло во время демонстраций того времени? И самое главное: правда ли, что казахи развалили СССР и добились независимости через протесты тех лет?

На все эти вопросы мы дадим ответ в нашем новом видео.

https://www.youtube.com/watch?v=zawovAb3DS0&lc=UgxSt9gUQl3DqXCqdS94AaABAg

#видео
Красная Юрта pinned «Тридцать шесть лет прошло с декабрьских событий 1986 года. Множество вопросов возникает по поводу этих событий, но ясного ответа не дают ни массмедиа, ни историки, ни политки, приложившие руку к тем событиям. Почему Горбачёв настаивал на фигуре Колбина? Были…»
«Нағыз(капиталистік) Қазақстан» рубрикасы
1989 жылы ҚазКСР-ында 8609 мектеп және 3 млн 204 мың оқушы мен 242,9 мың ұстаз болды. Олардың қақ жартысы ауылды жерде, қалған жартысы қалалық мекенде орналасты. Яғни, қазіргі «толықтай толмаған мектеп» деген түсінік болмаған(малокомплектная школа). Қазіргі байлар мен шенеуліктердің Қазақстанында 7550 мектеп және 3 млн 600 мың оқушы мен 366,6 мың ұстаз бар. Олардың ішінде толықтай толмаған 2753 мектепте 192,6 мың оқушы оқу оқиды. Енді математикаға көшейік:
ҚазКСР-ында 1989 жылы бір мектепке 372 оқушыдан келген, себебі 3 204 000/8609=372. Ал қазіргі капиталистік Қазақстанда бір мектепке 710 оқушыдан келеді, яғни 3 407 400/4797=710. Неге бұлай санадық дейсіз ғой? Себебі 7550 мектептің 2753 толықтай толмаған мектеп, яғни 7550 – 2753 = 4797, 3 600 000 – 192 600 = 3 407 400. Осылайша, негізгі елді мекендерде мектептер саны екі есе азайған. Ал елді мекендердің көбісінде халық саны азайғаны соншалық, мектептерде бір сыныптыда толтыра алмай отыр. Жалпы алғанда, бұл Алматы мен Астана сияқты ұлкен қалаларға халықтың жаппай қоныстануына байланысты. Қазір болса әр үлкен қаланың жағдайы нашар. Мысалыға, Бауыржан Момышұлы атындағы Жетісай қаласының №6 гимназиясы Кеңес одағы кезінде 800 балаға арнап салынған еді. Қазір ол мектепте 2000 астам оқушы оқып жатыр. Шымкент қаласының №50 Ахмет Байтұрсынов атындағы мектебінде тиісті 1,5 мың оқушының орнына 2,5 мың оқу оқып жатыр. Астана қалысының №85 мектеп лицейінде балалар саны тіптен үш есеге көп: 1500 болу керек, бірақ қазір 3 мыңнан артық бала дәріс алуда.

Не себепті бұндай жағдай орын алуда? Себебі билік байлар мен олардың малайына айналған шенеуліктердің қолында. Олардың басты мақсаты көбірек ақша опыру, көбірек бізді, еңбекші халықты тонау. Халыққа білім беру, халықтық медицинаны дамыту оларды дым да қызықтырмайды. Бастысы сен жұмыс істеп, бір-екі тиін жалақынды алып, келесі күні қайта жұмысқа келе алсаң болғаны. Сен, еңбекші, көп сұрақ қоймас үшін сені алдап, арбап, оттаған, саған керек емес тауарларды кредитке тығып, сені құл құһылып жатыр. Ойлан, жолдас. Қазақты құртып жатқан сол қанішерлер. Тек қана халықтық билік біздің халқымызды, біздің елімізді құтқарады. Оян, халқым менің!

----
@redyurt
----

Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы / Қызыл Отау
Организация Трудящихся Казахстана / Красная Юрта
Рубрика "Настоящий (капиталистический) Казахстан"

В 1989 году в Казахской ССР насчитывалось 8 609 школ, в которых обучалось 3 204 000 учащихся и 242 900 учителей. Половина из них находилась в сельской местности, а другая половина – в городах. То есть не существовало современного понятия «неполная школа» (малая школа).
Сейчас в Казахстане 7 550 школ, 3 600 000 учащихся и 366 600 учителей и преподавателей.
Из них 192,6 тыс. учащихся обучаются в 2753 не полностью укомплектованных школах. Теперь приступим к математике:

В Казахской ССР в 1989 году одну школу посещало 372 ученика, потому что 3 204 000/8609=372. А в современном капиталистическом Казахстане в одну школу приходит 710 учеников, то есть 3 407 400/4797=710.
Как вы думаете, почему?
Это связано с тем, что из 7 550 школ 2 753 являются неполными, то есть 7 550 - 2 753 = 4 797, 3 600 000 - 192 600 = 3 407 400.

Таким образом, количество школ в основных населенных пунктах сократилось вдвое. А в большинстве населенных пунктов население уменьшилось настолько, что школы не могут заполнить один класс. В основном это связано с массовым расселением людей в крупные города типа Алматы и Астаны. Сейчас состояние каждого большого города плохое. Например, гимназия № 6 Жетысая имени Бауыржана Момышулы была построена на 800 мест во времена Советского Союза. Сейчас в этой школе обучается более 2000 учеников.
В школе № 50 имени Ахмета Байтурсынова, города Шымкента, вместо соответствующих 1,5 тысяч учеников обучается 2,5 тысячи учеников.
В школе-лицее №85 Астанинского района количество детей в три раза больше: должно быть 1500, но сейчас занимаются более 3 тысяч детей.

Почему это происходит?

Почему это происходит? Потому что власть в руках богачей и чиновников, ставших их рабами. Их главная цель – заработать больше денег. Очередной грабеж нас, трудящихся. Они даже не заинтересованы в просвещении людей и развитии народной медицины. Главное, что можно поработать, получить пару копеек и вернуться на работу на следующий день.
Чтобы ты, рабочий, не задавал лишних вопросов, тебя обманывают, соблазняют, поджигают, прячут в кредит ненужный товар, делают из тебя раба. Подумай об этом, друг!
Они убийцы, которые уничтожают казахов.
Только народная сила спасет наш народ, нашу страну!
Советская власть!
Просыпайся, мой народ!

----
@redyurt
----

Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы/ Қызыл Отау
Организация Трудящихся Казахстана/Красная Юрта
Бенито Муссолини - Италия;
Адольф Гитлер - Германия;
Франсиско Франко - Испания;
Юзеф Пилсудский - Польша;
Аугусто Пиночет - Чили.

Бұлардың арасында қандай байланыс бар? Олардың бәрі фашистік диктаторлар болды. Басқа диктаторлар сияқты, фашистік диктаторларда адам құқығын, конституцияны және жалпы олардың ыңғайына келмейтін заңдарды аяққа таптайды. Диктатура дегеніміз бұл шегі жоқ зорлық-зомбылыққа негізделген билік. Бірақ бұл диктаторлар неліктен фашистік сипатқа ие болды? Фашизм деген не?
Көптеген буржуазиялық ғалымдар фашизмнің анықтамасын беруге тырысты, бірақ бір шешімге келе алмады. Кейбіреулері фашизмнің анықтамасын беру мүлде мүмкін емес немесе фашизм тек қана Италияда болды дейді.
Шынымен, бірінші фашистік диктатура Италияда пайда болды. Сол уақыттан бастап Муссолинидің билігі фашизмнің үлгісі ретінде қарастырылды. Зерттеушілер былай пайымдайды: егерде бұл Муссолинидің билігіне ұқсас болса, онда – фашизм, ұқсамаса – фашизм емес.
Қисынды тәсіл сияқты, иә? Бірақ итальяндық фашизм үлгі ретінде алынғандықтан, зерттеушілер арасында қарама-қайшылықтар туындай бастады. Әр зерттеушінің итальяндық фашизм кескінің белгілері қандай екені жайлы өз ойы болды. Осыдан итальяндық фашизмге ұқсас, яғни фашистік режим ретінде, тек қана Германиядағы Гитлердің билігі ғана қабылданды. Ал қалғаны болса Германияға да, Италияға да ұқсас болмағандықтан, фашизм емес деген қортындыға келді.
Бұл тәсілдің басты кіріптарлығы – итальяндық фашизмді Италиядан басқа жерден табу, көру қиын. Себебі итальяндық фашизм шынымен бірегей(уникальный). Бірақ итальяндық фашизм – бұл жалпы фашизмнің эталонды үлгісі ретінде санайтындай бірде-бір себеп жоқ. Фашизм жайлы бір ғана итальяндық тәжірбиеге сүйене отырып тұжырым жасау мүмкін емес.

Бірақ, егерде итальяндық фашизмді үлгі ретінде ала-алмасақ зерттеуді неге сүйеніп бастау керек? Фашизм деген не? Шындығында, фашизмнің эталонды үлгісі ешқашан болған емес. Өйткені фашизм – бірегей тарихи құбылыс емес. Фашизм – баяғыдан бәріне белгілі қарапайым диктатура. Фашизм – диктатураның бір түрі.
Фашизмнің басты белгісі, ерекшелігі Гитлер немесе Муссолинидің көз-қарасында емес. Олардың билігінің тәсілдерінде емес. Фашистік диктатурының басты ерекшелігі – ол орнаған кездегі тарихи, әлеуметтік-экономикалық жағдайда.
Егерде Рим Империясының триумивираттары құлиенушіліктің кейінгі кезеңіне, абсолюттік монархия — кейінгі феодализм-ерте капитализм кезеңіне сәйкес болса, фашистік диктатура кейінгі, дамыған капитализм кезеңіне сай.
Басқаша айтқанда, фашистік диктатура дегеніміз - адам құқықтары мен Конституцияның күші жоқ, ешнәрсемен шектелмейтін зорлық-зомбылық билігін орнаған дамыған капиталистік қоғамы.

Яғни, фашизм тек қана дамыған капитализмге тән құбылыс. Бірақ, бізге сонша бостандық пен демократия сыйлаған капитализм, қалай Гитлер немесе Пиночет сияқты жалмауыздарды дүниеге алып келді?
Бастапқыда либералды бостандықтар мен демократияға деген ұмтылыс кәсіпкерлердің феодалдық қалдықтармен — абсолютті монархиямен, таптық артықшылықтармен және т.б. күресінің көрінісі болды. Либералдардың тарихи міндеті еркін нарықтық қатынастарды дамытудағы барлық кедергілерді жою болды.
Сонымен бірге либералды идеология сол кәсіпкерлердің қайшылықтарының салдары болды. Ол заманда, яғни ерте капитализм заманында, әрбір кәсіпкер билікті тек қана ақсүйектердің, монархтардың біздің айтуымызша, хан-сұлтандардың, қолдарынан тартып алып қана қоймай, оны тағыда жалғыз бір басқа кәсіпкерлердің иемделіп алуынан сақтау керек деп шешкен болатын. Себебі, егерде, қандай да бір кәсіпкер өз қолына мемлекеттік билікті басып алса, ол өзінің бәсекелестерінің алдында үлкен артықшылықтарға ие болады. Ал бұл еркін нарық принципін бұзар еді.
Осал, сондықтан еркін демократиялық мемлекет – бұл былай айтқанда барлық кәсіпкерлердің, яғни байлардың, арасындағы келісім. Мұндай мемлекетте тіпті сыбайлас жемқорлық басқа кәсіпкерлерге қарағанда ерекше артықшылықтарға қол жеткізуге көмектеспейді. Алайда, мұндай келісім тек капиталдың аз шоғырлануының және капиталистердің бүкіл класының үлкен бытыраңқылығының салдары.
Капитализмнің дамуы барысында, еркін нарықтық бәсекелестік алаңдарында азшылық кәсіпкерлер көпті жеңіп, бой көтере бастағанда, капиталдың шоғырлануы өсіп, кәсіпкерлер арасындағы қайшылықтары, керісінше, азайды, мемлекеттегі еркін демократиялық құқықтар да.
Бай-кәсіпкер басқа кәсіпкерлерге неғұрлым сәтті қарсы тұра алса, соғұрлым оның капиталы көп болды. Бұл, сондай-ақ дамып келе жатқан өнеркәсіптің үнемі өсіп келе жатқан қажеттіліктері, капитал иелерін өз байлықтарын бір-біріне қосуға, яғни шоғырландыруға, ынталандырды. Осылайша, жеке кәсіпорындардан акционерлік компанияларға көшу басталды. Осылайша жекелеген кәсіпкерлердің бытыраңқы мүдделері акционерлердің ұжымдық мүддесіне айналды.

Бірте-бірте Акционерлік қоғамдар арасында қаржылық капиталдың немесе қаржылық олигархияның ең қуатты қабаты бөлініп шығады. Жаншып жеңуге дағдыланған олар, либералды құндылықтарға қарама-қарсы құндылықтарға ие болады. Олигархиялық империялар бәрін және барлығын, соның ішінде мемлекеттік аппаратты, өз мүдделеріне бағындырудан басқа жолмен өсіп, дами алмайды.
Басқаша айтқанда, капиталдың аз адамдар қолында шоғырлану процесімен қатар экономикада да, саясатта да қатаң иерархия мен тәртіп жүйесінің құрылу процесі бірге жүреді.

Экономикадағы қаржылық капиталдың меншікті салмағы барлық басқа кәсіпкерлердің меншікті салмағынан асып кеткендіктен бері, либерализм аз ғана қаржылық олигархияның экономикалық және саяси үстемдікке ұмтылысымен ығыстырыла бастады. Қаржылық капиталдың өз мүддесіне бүкіл қоғамды, бүкіл мемлекетті бағындыру процессі – бұл диктатура құруға ыңғайлы жағдайдың пайда болу процессі. Яғни, фашисттендірілу процессі.

Осылайша, либерализмнің тарихи міндеті еркін нарықтық қатынастарды дамытудағы барлық кедергілерді жою ғана емес, сонымен бірге жаңа капиталистік негізде диктатура орнатуға жағдай жасау болды..
Басқаша айтқанда, фашистік диктатура дамыған капитализм жағдайындағы диктатураны, қаржылық капитал мүдделеріндегі диктатураны, олигархтардың экономикалық және саяси мүдделерінің алдында бас иетін диктатураны білдіреді, өйткені бұл диктатураның дамыған капиталистік, қоғамда күнелтуінің басқа жолдары жоқ та, ешқашан болмайды да.

Итальяндық фашизм диктатура тұрғысынан ешбір ерекше құбылыс болған емес. Әлем диктаторларды Муссолиниге дейін де білетін. Бірақ Италияда дамыған капитализм жағдайында алғаш рет диктатура қаржы капиталының мүддесі үшін құрылды, сондықтан ол фашистік деп аталды.
Тиісінше, сіздің алдыңызда қандай диктатура тұрғанын түсіну үшін cіз диктатордың идеологиясына және оның мемлекетті қалай басқаратынына емес, бұл диктатураның қандай нақты тарихи жағдайларда орнатылғанына қарауыңыз керек. Бұл диктатураның кімнің мүддесі үшін жұмыс атқаратынына назар аударуыңыз керек.
Гитлер, Муссолини, Пиночет, Франко, Пилсудский және басқа да фашистердің фашист болу себебі олардың диктатуралары дамыған капитализм қоғамында және қаржылық капиталдың мүддесінде болуынан.

Мәселен, Гитлердің диктатурасы: Дойче мен Дрезднер банктердің, Крупп корпорацияларының, ИГ Фарбеннің, Сименстің және басқалардың мүддесі үшін құрылды. Муссолини диктатурасы: Banca Commerciale Italiana, Banco di Roma, Fiat өнеркәсіптік концерндері, Пирелли, Монтекатини, Эдисон және басқалардың пайдасын қорғады. 1940 жылы «Таққа көмек көрсету қауымдастығы» ретінде құрылған жапондық фашистік диктатура: Мицубиси, Мицуи, Ниссан, Накаджима, Кавасаки концерндеріне қажет болды. Чили диктаторы Пиночет Милтон Фридманмен «Чикаго балдары» аталған экономистер тобымен бірге халықаралық инвесторлармен тығыз байланысты болды, солардың мүддесі үшін Чили халқын қырып, жойды.
Қысқасы, фашистік диктатура, оның басшылары мен идеологтары қандай мақсатқа ұмтылса да, диктаторлардың өз еркіне қарамастан, әрқашан қаржылық капиталдың мүддесін қорғайды. Өйткені олар үшін бұл - билікте қалудың жалғыз жолы. Капитализм әлемінде сіз, диктатор болсаңыз, капиталдың мүдделерін қанағаттандыруға міндеттісіз, әйтпесе экономика мен бірге сіздің күш-қуатыңыздың ақыры келеді.
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, фашистік диктатура ешқашан мәңгілікке орнай алмайды. Тап аралық қайшылықтар ешқайда кетпейді. Тіпті олигархтардың арасында дау-дамайлар болмай қоймайды. Қоғамның фашисттендірілуі- байдың ең байларының қолында капиталдың шоғырлануының көрінісі. Қазіргі әлемде мүліктік теңсіздік неғұрлым көп болса, соғұрлым қысым, кедейлік пен заңсыздық, фашизм мен соғыс жақындай түседі.

---
@redyurt
---

Қазақстанның Еңбекшілер Ұйымы/ Қызыл Отау
Организация Трудящихся Казахстана/Красная Юрта