Сөз:
970 subscribers
333 photos
1 video
280 links
Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат.

Insta: https://instagram.com/qazsoz_

Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.
Download Telegram
Сөз: Жалқын
зат есім

Алаулаған жалын
-
Пламя

Бұған тиген су перінің салқыны,
Салқыны емес, бейне оттың жалқыны
Қол-аяғын от ішінде қалқиды.
Бойыңды улап, басылған екен қарқыны
📖 Ж.Аймауытов, Қара бақсы

Ашық аспан астында мыңдаған сары жалқын алау асыр салып билеп жүр.
📖 Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ

Алаулаған, алқызыл жарық.
Екі ұшты еді тағдырымыз біздің де.
Жалқын сәуле шашып еді батқан күн,
Жас баладай, мәз-мейрам боп шаттандың,
📖 М.Шаханов, Танакөз

Сол көктемгі көкжиек -қоп-қою жалқынды сағым іркіліп барып, көк күмбезімен көмкерілген
📖 О.Бөкей, Үркер

Жалқынданып күн батар, Ай да туар нұрланып. Біреу сезіп тіл қатар, Шық үйіңнен ұрланып
📖 С.Мәуленов, Шық тезірек қалқашым

Дереккөз 1; Дереккөз 2
👍5👎1
Сөз: Қомсыну
етістік

Азсыну, көңілі толмау, менсінбеу, жақтырмау.
-
Считать недостаточным, пренебрегать, не одобрять.

Қарайды да алтынға,
Қомсынады "аз ғой",— деп,
"Қыстау керек, үй керек,
Сән-салтанат, расход көп.
📖 Абай, Жарлы бай (Крыловтан)

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, кұрбыларым!
📖 А.Байтұрсынұлы, Замандастарыма

Нәрсем болса бергендей
Әлдеқашан сатпас пем.
Серінің сөзін қомсынып,
Сен, ит, сенбей тұрмысың
📖 Ж.Аймауытов шығармасынан

Ортасында осынау бір қоныстың
Қомсынады ол бір өзін.
Буырқанған тройкадай орыстың
Ұнатады ол мінезін.
📖 М.Мақатаев, Ильич

Қыз қадірін түсіріп,
Емес мұным қомсыну.
Әйтсе де не түсініп
Отыр дейсің сол сұлу!
📖 Қ.Мырза Әли, "Көш" жинағынан

Дереккөз 1; Дереккөз 2
10👍4👎1🔥1
Көп атала бермейтін гүлдер атауы

Осы жазбада аталған гүлдер: Сәлдегүл, таушымылдық (пион); Бақытгүл (хризантема); Қалампыр (гвоздика); Құртқашаш (ирис); Баршынгүл (гладиолус).
👍223👎1
Сөз: Лазым (ләзім)
модаль сөз

Жөн, дұрыс, абзал.
-
Лучше, вернее, необходимо.

Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең,
Өмірде көрген жақсылық,
Ұйықтап өткен түспен тең,
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың,
Ләзім болған іспен тең.
📖 Шал ақын, Бұл дүниенің мысалы

Әуелден көңілімді бердім саған,
Нәзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ,
Жігітке лазым еді іздеп бармақ.
📖 Ақан сері өлеңінен

Оған жауап қайтармау үшін адам арын да, намысын да, әлеуметтік беделін де жоғалтқан болуы лазым.
📖 М.Шоқай шығармасынан

Бекерден-бекер басқа пәле тілегенше тоқал үйінің үстіне шығып жата кетуді ләзім көрдім.
📖 О.Бөкей, Үркер

Дереккөз 1; Дереккөз 2; Дереккөз 3; Дереккөз 4;
9👍1👎1🔥1
Көп атала бермейтін түс, реңк атаулары мен соған қатысты сөздер

Бұл жазбада түстердің өзінен гөрі, түстерді атауға көмектесетін сөздер қамтылған.

Бөлісіп, пікір алмаса отырыңыздар.
👍229🔥2🤯2👎1
Сөз: Сарымақ/Шөнжік
зат есім

Жолбарыстың күшігі
-
Тигренок

Саптаяқтай еріндім, сарымақтай азулым
📖 Бұқар жырау шығармасынан

Алдырған сарымағын өлекшіндей, азғындап шөктің, Сара, жылдан-жылға.
📖 Біржан мен Сараның айтысы

Шөнжіктер ысылдай, пысылдай жарысып, қу шандырды аяусыз созғылауға кіріскен.
📖 М.Мағауин, Шақан шері

Белгілі болғандай, шөнжік экспресс-пошта арқылы Халиско штатынан (Мексика) Керетапо штатына бармақшы болған.
📖 КТК арнасы, Тірі жолбарысты пошта арқылы жөнелтпек болған

Дереккөз 1; Дереккөз 2; Дереккөз 3
👍6👎1
Сөз: Ерек
үстеу

Өзгеше, бөлекше, дара.
-
Исключительный, особый

Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез,
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек.
📖 Абай, Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп.
Онан қорқып, обырлық қоймасаң да,
Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек!
📖 Шәкәрім, Адамшылық

Биылғы Май бір бөлек,
Далаға шыққан.
Бақтарда өнген гүл де ерек.
📖 М.Мақатаев, Мәңгілік жастық

Адамға бүгін бағынған,
Қыр бейнесі өңді ерек
Шал көзіне шалынған,
Сыңсыған қайың, бәйтерек
📖 Т.Жароков шығармасынан

Дереккөз 1; Дереккөз 2
15👍7
💣
Сіздерге жаңалық: Сөзділ ойынында енді 5 әріп емес, 6 әріп жасырын

Ойнау үшін https://wordle.kz/

Жаңалықты сіздерге дайындап, кодын жазған (@daniyar) Данияр Мұханов
🔥17🤔32
Сөз: Торқа
зат есім / сын есім

Ең қымбат жібек мата;
Жанға жайлы, сүйкімді; Жұмсақ
-
Дорогой шелк;
Мягкий, комфортный

Іштері Самарқант пен Бұқардан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем, дүрия, торқа жібектен тысталған мамық жастық, түбіт көрпелермен безенген
📖 І.Есенберлин, Көшпенділер. Алмас қылыш

Той жасап, торқа төсеп шабылмаған,
Демек тойдың жабдығы табылмаған
Өмір дейтін өзгермес мекеменің
Алдында әжем мені қабылдаған
📖 М.Мақатаев, Бұзылған үй

Құдай қосқан косағым, топырағың торқа болсын, жар дегенде жалғыз ұлым, алдыңнан жарылқасын. Әкесінің кателігі сені кателестірмеді ұлым. Мынау елдің деніне саулық, басына байлық берсін! — Рақима алақанын жайып бетін сипады.
📖 О.Бөкей, Үш кезең

Дереккөз 1; Дереккөз 2
👍172
Лақап атымен аталып кеткен кей қазақ тұлғаларының шын есімдері

Сәкен Сейфуллин — шын есімі: Сәдуақас

Абай Құнанбайұлы — шын есімі: Ибраһим

Ыбырай Алтынсарин — шын есімі: Ибраһим

Шәкәрім Құдайбердіұлы — шын есімі: Шаһкәрім

Шәкен Айманов — шын есімі: Шаһкәрім

Сәмеке хан — шын есімі: Шаһмұхаммед

Шоқан Уәлиханов — шын есімі: Мұхаммедқанапия

Сегіз сері Шақшақов — шын есімі: Мұхаммедқанапия

Қаныш Сәтбаев — шын есімі: Ғабдулғани

Кәрім Тоқтабаев — шын есімі: Ғабдулкәрім

Ғабит Мүсірепов — шын есімі: Ғабді әл-Ғабит

Мағжан Жұмабаев — шын есімі: Әбілмағжан

Бейімбет Майлин — шын есімі: Бимұхаммед

Бала би — шын есімі: Бимұхаммед

Кейкі мерген — шын есімі: Нұрмұхаммед

Балуан Шолақ — шын есімі: Нұрмұхаммед

Нұралы хан — шын есімі: Нұрмұхаммедәли

Есім хан — шын есімі: Есмұхаммед

Естай ақын — шын есімі: Есмұхаммед

Күләш Байсейітова — шын есімі: Гүлбаһрам

Шара Жиенқұлова — шын есімі: Гүлшара

Роза Бағланова — шын есімі: Үрбибі

Мәншүк Мәметова — шын есімі: Мәнсия

Әлия Молдағұлова — шын есімі: Ілия
8👍1🔥1
Negızdelgen jol | نگيزدلگن جول
Лақап атымен аталып кеткен кей қазақ тұлғаларының шын есімдері Сәкен Сейфуллин — шын есімі: Сәдуақас Абай Құнанбайұлы — шын есімі: Ибраһим Ыбырай Алтынсарин — шын есімі: Ибраһим Шәкәрім Құдайбердіұлы — шын есімі: Шаһкәрім Шәкен Айманов — шын есімі: Шаһкәрім…
Досжан ишан — шын есімі: Досмұхаммед

Дос би — шын есімі: Досмұхаммед

Қарасақал Ерімбет — шын есімі: Ермұхаммед

Ералы хан — шын есімі: Ермұхаммедәли

Жалаңаяқ Әздер — шын есімі: Ер-Қалмұхаммед

Қалқай ишан — шын есімі: Қалмұхаммед

Құлболды ишан — шын есімі: Құлмұхаммед

Қосым қожа — шын есімі: Хошмұхаммед

Тұрсын хан — шын есімі: Тұрсынмұхаммед

Әйтеке би — шын есімі: Айтмұхаммед

Ақпан батыр — шын есімі: Хақмұхаммед

Тоқпан батыр — шын есімі: Тоқмұхаммед

Тәттімбет Қазанғапұлы — шын есімі: Тәттімұхаммед

Сармолда ақын — шын есімі: Балмұхаммед

Жәркен Бөдешұлы — шын есімі: Жармұхаммед

Орыс хан — шын есімі: Мұхаммед

Мамаш хан — шын есімі: Мұхаммедқұсайын

Әріп Тәңірбергенұлы — шын есімі: Мұхаммедғариф

Мұқан Төлебаев — шын есімі: Мұхаммедсәлім

Мұқағали Мақатаев — шын есімі: Мұхаммедқали

Жәңгір хан — шын есімі: Жаһангер

Қабанбай батыр — шын есімі: Ерасыл

Есім хан (Кіші жүз) — шын есімі: Ишанәли

Сырым Датұлы — шын есімі: Сырлыбай

Марал Ишан — шын есімі: Иса

Мәшһүр Жүсіп — шын есімі: Адам Жүсіп

Қалтай Мұхамеджанов — шын есімі: Қалиолла

Бекен Жамақаев — шын есімі: Бекенғали

Шәмші Қалдаяқов — шын есімі: Жәмшид Әнәпия (Ханафия) ұлы
9🔥4