Информатика | Python | Олимпиада
576 subscribers
10 photos
9 videos
2 files
23 links
Оқушылар мен ұстаздарға информатика олимпиадасында бағыт-бағдар беретін пайдалы ресурс
Download Telegram
Олимпиада ұстазға артық жүк пе, әлде үлкен мүмкіндік пе?

Көбіміз мектептегі Python-ды білеміз. Бірақ Олимпиадалық информатика — ол басқа әлем.

Кейде ойлаймыз:
“Онсыз да жұмыс көп. Түнімен қиын есеп шығару маған не береді?”

👉 Жауап: Бұл сізге ЕКІНШІ ТЫНЫС береді!
Міне, сіздің еңбегіңізді ақтайтын 3 басты себеп 👇

1. 🥇 Абырой мен Табыс: Олимпиада чемпионын шығару — мұғалім үшін “Оскар” алумен тең! Жоғары санатқа өту, “Үздік педагог” атану және сыйақы алу процестері жеңілдейді. Еңбегіңізді аудан, облыс, республика көлемінде мойындатуға жол ашады.

2. 🧠 Трансформациялық Өзгеріс: Өзіңіз де, сабағыңыз да жаңа деңгейге көтеріледі. Оқушының пәніңізге деген қызығушылығы артады. Сіз балаға құр код жазуды емес, сыни тұрғыдан ойлауды үйретесіз!

3. 🛡️ Сенімділік және Қорқыныштан Арылу: “Оқушы қиын сұрақ қойса, ұятқа қалам ба?” деген уайымнан арыласыз. Шәкірттеріңіздің сізге деген құрметі артып, менторға айналасыз. Сонымен қатар, біліміңіз сізге қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

💎 ЕҢ БАСТЫСЫ... Жалақы немесе атақ — өткінші нәрсе. Сіз еліміздің Зияткерлік Элитасын қалыптастырасыз.

Сіздің алдыңызда отырған оқушы — ертеңгі Google инженері, болашақ стартапер немесе ғалым. Оған үлкен өмірге жолдама беретін — СІЗДІҢ КӘСІБИ ДАМУҒА ДЕГЕН БҮГІНГІ ҰМТЫЛЫСЫҢЫЗ.

🚀 Бұл жол қиын ба? Әрине. Бірақ нәтижесі тұрарлық!

🔜 Келесі постта оқушының: “Олимпиада маған не береді?” деген сұрағына бірге жауап іздейміз

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp

P.S. Пайдалы контент жасауға уақытымды аяп жатқан жоқпын. Сіз де қолдаудан аянбаңыз! 😉
Бар болғаны осы постты айналаңызбен бөлісіп, реакция қалдырсаңыздар — мен үшін сол үлкен қолдау!
🔥22👍11
Информатика олимпиадасы ОҚУШЫҒА не береді?

Көбіне мұғалім: "Олимпиадаға қатыс!" дейді. Ал оқушының ойында: "Сабағым онсыз да көп. Компьютер алдында сағаттап есеп шығарудың маған қандай пайдасы бар?" — деген орынды сұрақ туындайды.

👉 Жауап: Бұл — сіздің болашағыңызға жасалған ең үлкен ИНВЕСТИЦИЯ! Бұл жай ғана диплом емес, бұл — сіздің өміріңізді өзгертетін "Cheat Code". Қалай дейсіз бе?

1. 🏢 Big Tech және Жоғары Жалақы: Google, Facebook немесе Microsoft-қа жұмысқа тұру үшін "қызыл диплом" аздық етеді. Олар сұхбатта не сұрайды? Алгоритм! Олимпиада сізге кез келген күрделі мәселені жылдам шешуді (Problem Solving) үйретеді. Нәтижесінде, сіз университет бітіргенде, қатарластарыңыз "жұмыс іздеп" жүргенде, сіз мықты компаниялардан ұсыныс алатын деңгейде боласыз.

2. 🎓 Грант және ТОП Университеттер: ҰБТ — жалғыз ғана жол емес. Республикалық және халықаралық олимпиада жүлдесі — бұл сіздің "Алтын билетіңіз". Қазақстанның ТОП университеттеріне және шетелдік оқу орындарына грантқа түсу мүмкіндігіне ие боласыз. Әрі олимпиада есептерін шығара алсаңыз, ҰБТ сұрақтары сізге "балабақша деңгейінде" болып қалады.

3. 🚀 Бәсекеге Қабілет және Орта (Networking): Сіздің ортаңыз — сіздің болашағыңыз. Олимпиадада өзіңіз сияқты ақылды, мақсаты айқын, мықты оқушылармен танысасыз. Сонымен қатар, сіз стресс кездерінде жұмыс істеуді, жеңілісті қабылдауды және қайта тұруды үйренесіз. Бұл мінез сізді өмірдегі кез келген қиындықта жеңімпаз етеді.

💎 ЕҢ БАСТЫСЫ... Ойындар мен ТикТок — уақытша нәрсе. Ал олимпиадада қалыптасқан "инженерлік ойлау жүйесі" өмір бойы сізбен қалады.

Сіз жай ғана қолданушы емес, өз болашағыңыздың БАС АРХИТЕКТОРЫНА айналасыз.

🚀 Бұл оңай жол ма? Жоқ! Бірақ дәл осы қиындықтар сізді ДАРА ТҰЛҒА етіп қалыптастырады.

🔜 Келесі постта: Дайындықты нөлден қалай бастау керек? Алғашқы нақты қадамдарды талдаймыз.

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥94👍3
Үлкен жетістіктер оңайлықпен келмейді. Олимпиадаға дайындық та осы заңдылыққа бағынады.

Дайындық барысында “выгорание” болмауы үшін сізге жігер беретін айқын себеп керек 😉
🔥15👏3
Жаңаөзен қаласында олимпиада дайындығы өтті

8-15 желтоқсан аралығында 25 мектептен іріктелген 25 оқушыға информатикадан қарқынды дайындық курсын өткіздім.

Сол оқушыларымның алғашқы нәтижелерін сіздермен бөліскім келді😉
🔥16❤‍🔥41
C++ пе, әлде Python ба?

Информатика олимпиадасына енді бет бұрған әр оқушы мен ұстаздың алдында тұратын ең басты сұрақ осы.

🗓️ БӘРІ 1989 ЖЫЛЫ БОЛГАРИЯДА ӨТКЕН АЛҒАШҚЫ IOI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНАН БАСТАЛДЫ. Содан бері IT өзгерсе де, C++ үстемдігі сақталып келеді. 2024 жылдан бастап IOI-да тек C++ қана қалды, себебі ол басқа тілдерге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Сондықтан Қазақстанның ұлттық құрамасының жиындары да әлемдік деңгейде бәсекелесу үшін тек осы тілде өтеді.

📚2017–2018 ЖЫЛДАРЫ “ASTANA KITAP” ОҚУЛЫҒЫН жаңартылған мазмұн бойынша жазып жүрген кездерім еді. Оған дейін бағдарламада нақты шектеу болмай, әріптестерім көбіне Pascal-ды оқытса, мен өзім оқушыларыма C++ пен JavaScript-ті үйрететінмін. Алайда жаңа бағдарлама барлық мектептің Python-ға көшуін талап етті. Бұл қадам білім жүйесін заманауи трендтерге жақындатты, себебі Python үйренуге жеңіл әрі өте өзекті тіл.

💰 МАҒАН ТАБЫС ӘКЕЛГЕН PYTHON ТІЛІ... Олимпиадалық есептердің 90%-ын C++ тілінде шешсем да, соңғы екі жылда Python менің сүйікті құралыма айналды. 2023-2024 жылдары өзімнің алғашқы стартап жобамды дәл осы тілде жасап, мұғалімдіктен бөлек алғашқы қомақты табысымды таптым. Тәжірибемнен түйгенім: бір бағдарламалау тілін жақсы меңгерсеңіз, басқа тілдерді үйрену тек уақыт мәселесі.

🥇 2021 ЖЫЛДАН БЕРІ МЕНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ФОРМУЛАМ: алдымен Python, сосын C++. Бастапқыда негізгі логиканы қалыптастырып, мектеп бағдарламасын Python арқылы толық игереміз. Фундамент қаланған соң, C++ тіліне көшеміз. Нәтижесінде, шәкірттерім екі тілді де жетік меңгеріп, бәсекеге қабілетті болып өседі.

ДЕГЕНМЕН, ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУ ҮШІН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ C++ БІЛУ ШАРТ ЕМЕС. СЕБЕБІ:
1. Пәндік олимпиада: Аудандық, облыстық, тіпті республикалық олимпиадаларда жүлдегер атану үшін тек Python-ды білу толық жеткілікті.
2. Әмбебап құрал: Python тек олимпиадаға ғана емес, ғылыми жоба мен робототехника сайыстарына да қатысуға мүмкіндік береді.
3. Бастысы — бағдарламалау тілі емес, сіздің алгоритмдік ойлау қабілетіңіз бен жүйелі дайындығыңыз.

💎 ТӘЖІРИБЕММЕН БӨЛІСЕТІН КЕЗ КЕЛДІ! Python-ды олимпиада дайындығына алғашқылардың бірі болып енгізген ұстаз ретінде және оны нақты стартаптарда қолдану арқылы жинаған білімімді ортаға салмақшымын.

🗓️ ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ БАСЫНДА ӨТЕТІН МАСТЕР-КЛАССТА олимпиадаға дайындықты нөлден қалай бастау керектігін нақты қадамдармен көрсетемін. Толық ақпаратты келесі апта басы жариялаймын.

🤝 БҰЛ ЖАҢА БАСТАМАМА ҚОЛДАУЛАРЫҢЫЗДЫ АЯМАҢЫЗДАР! Осы арнаға жазылып, бұл постпен әріптестеріңізбен бөлісіп отырыңыздар 🙌🏻

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
👍11🔥6👏21
Audio
🎙️ ЭКСПЕРИМЕНТ: АУДИО ФОРМАТ ПА, ӘЛДЕ МӘТІН БЕ?

Достар, жаңа технологияларды тексеріп көруді жөн көрдім! Google-дың NotebookLM сервисі арқылы алдыңғы жазбамның негізінде жасанды интеллект дайындаған аудио подкаст жасап шығардым.

Бір ескеретін жайт: әзірге бұл құрал қазақ тілін қолдамайды, сондықтан подкаст орыс тілінде сөйлейді. Дегенмен, мазмұны өте қызықты шықты.

Сұрағым: Осындай аудио формат сіздерге қаншалықты ұнайды? Ақпаратты жолда кетіп бара жатып немесе басқа іспен айналысып жүріп тыңдаған ыңғайлы ма? Әлде тек дәстүрлі мәтін түріндегі посттарды қалдырайын ба?

👇 Өз ойыңызды коментарийде бөлісе кетіңіз, бұл арнаның болашақ контенті үшін өте маңызды!

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥9
Барлықтарыңызға сәлем 👋🏻

Бүгін республикалық Bebras олимпиадасының нәтижелері шықты 🥳

Алдында жазғандай, бұл сайыс оқушылар мен ұстаздарға портфолио толтыру үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл сияқты басқа да сайыстарды өткізіп алмас үшін каналымды бақылап жүріңіз 😉

P.S. Сонымен қатар, инстаграм парақшаммен де бөлісіп қояйын: instagram.com/nursultan.akhmetov

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥61👍1👏1
300-ден астам олимпиада жүлдегерін дайындаудың құпиясы неде? 🏆

Сәлем, достар! Байланыста — Нұрсұлтан Ахметов 👋🏻

Қысқаша өзім жайлы:
👨🏻‍💻 11 жыл тәжірибе | Педагог-шебер
🏅 Алтынсарин төсбелгісі | Үздік педагог
🏆 300+ олимпиада жүлдегерлерінің тәлімгері
🥇 Халықаралық сайыстардың жеңімпазы
📖 Астана-кітап оқулықтарының авторы

Көбісі “олимпиада — бұл тек дарынды балалар үшін” деп ойлап, бастауға қорқады. Бірақ шындығында, кез келген жеңіс дұрыс таңдалған алғашқы қадамнан басталады 🚀

11 жылдық тәжірибеме негізделген жеңіске жетелейтін әдістемемді 5-6 қаңтар күндері шеберлік сыныбында бөлісетін боламын.

Мастер-класста меңгеретін платформалар:
🔹 stepik.org
🔹 codehs.com
🔹 acmp.ru
🔹 informatics.mccme.ru
🔹 codeforces.com
🔹 matol.kz

Негізгі ақпарат:
🗓 Күні: 5-6 қаңтар
🕑 Уақыты: 14:00 - 15:30

👇 Мастер-классқа байланысты сұрақтарыңыз болса, Telegram арнамызда пікірге жазыңыз!

Telegram: t.iss.one/python4olymp
🔥85👍3
Барлықтарыңызды шеберлік сыныбында күтемін! Егер бұл бастаманы пайдалы деп тапсаңыз, достарыңызбен немесе чаттармен бөлісіп, қолдап жіберіңіздер🙌🏻 Ізгі ниеттеріңізге рақмет!
👍13
Баршаңызға сәлем! 👋🏻

Бүгін сіздердің күткен «Информатика олимпиадасына өзіміз қалай дайындаламыз?» атты мастер-классымыз басталады.
Мастер-класс осы Telegram-арнасында өтеді.

Ешқандай техникалық кедергілер болмауы үшін мына жайттарды ескеруіңізді сұраймын:
📱 Смартфонмен қатыссаңыз: Telegram қосымшасын ең соңғы нұсқасына дейін жаңартып алыңыз.
💻 Компьютермен қатыссаңыз: Telegram-ның компьютерге арналған нұсқасын жүктеп алуды ұсынамын.

🔗 Telegram Desktop жүктеу сілтемесі: desktop.telegram.org

Дайын болсаңыз, реакция қалдырыңыз! 🔥

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥8
Live stream scheduled for
Трансляция басталды. Кірейік😄

14:10-да бастап кетеміз
2🔥1