Информатика | Python | Олимпиада
575 subscribers
10 photos
9 videos
2 files
23 links
Оқушылар мен ұстаздарға информатика олимпиадасында бағыт-бағдар беретін пайдалы ресурс
Download Telegram
“Информатика | Python | Олимпиада” Telegram арнасына қош келдіңіздер 👋🏻

Сәлем! Байланыста — Нұрсұлтан Ахметов

Өзімді қысқаша таныстырып өтейін:
🧑🏻‍🏫 төртінші буын педагогімін
👨🏻‍💻 11 жыл тәжірибе | Педагог-шебер
🏅 Алтынсарин төсбелгісі | Үздік педагог
🏆 300+ олимпиада жүлдегерлері
🎓 ҰБТ сұрақтарын әзірлеуші әрі сарапшы
🥇 Халықаралық сайыстардың жеңімпазы
📖 Астана-кітап оқулықтарының авторы

Бұл каналдың басты мақсаты?
🧭 олимпиадада бағыт-бағдар беру
🗺️ дайындықтын «жол картасын» көрсету
🔗 пайдалы ресурстармен бөлісу

Еліміздегі информатика олимпиадасының сапасын бірге көтерейік! Осы арнаның сілтемесімен жақындарыңызбен бөлісіңіздер! 🇰🇿

Сіздердің қолдауларыңыз — мен үшін үлкен мотивация! 🚀

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥185👍5
⛵️ Бағыты жоқ кемеге ешқандай жел оң болмайды…

Көбіміз информатика олимпиадасына дайындық сияқты жаңа істі бастағанда бірден “Қалай?” немесе “Қай?” деген сұрақтарға жауап іздеп, асығып кетеміз:
🔹 Дайындықты қалай бастаймын?
🔹 Қай тілді үйренген дұрыс?
🔹 Қай сайттан немесе кітаптан оқимын?

Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, бұлар — екінші кезектегі сұрақтар. Ең бірінші әрі ең маңызды сұрақ:
МЕН БҰЛ ІСТІ НЕ ҮШІН БАСТАҒАЛЫ ЖАТЫРМЫН?

Информатика олимпиадасы — бұл спринт емес, марафон. Бұл жолда сізді Wrong Answer-лер, шешімі табылмайтын түндер және “бәрін тастасам ба екен?” деген сәттер күтіп тұр.

Дәл сол кезде сізді мотивация құтқармайды. Мотивация — бүгін бар, ертең жоқ уақытша сезім. Сізді құтқаратын және алға сүйрейтін күш — ол сіздің ТҮПКІ МАҚСАТЫҢЫЗ және САНАЛЫ ТАҢДАУЫҢЫЗ.

Ендеше, осы арна арқылы білім көкжиегін кеңейтуге қадам баспас бұрын, дәл қазір бір сәт кідіріп, өзіңізге есеп беріңіз:

🧑‍🏫 Ұстаз болсаңыз: Жұмыстан шаршап келгенде, демалудың орнына күрделі алгоритмдерге бас қатырудың сізге қандай қажеті бар? Бұл төккен тер мен ұйқысыз түндер ақтала ма?

👨‍💻 Оқушы болсаңыз: Қатарластарыңыз қыдырып, демалып жүргенде, компьютер алдында сағаттап отырып, бағдарламалауды үйренудің мәні неде? Бұл сізге болашақта нақты не береді?

Осы сұрақтардың өзіңіз үшін ШЫНАЙЫ жауабын таппайынша, бастаудың қажеті жоқ. Себебі мәнісін түсінбеген іс ұзаққа бармайды.

🔜 Келесі посттарда біз бұл тақырыпты бірге талдаймыз: Мұғалім үшін олимпиаданы білудің қандай нақты артықшылықтары бар? Ал оқушы үшін бұл қандай мүмкіндіктер есігін ашады? Жауабы сіз ойлағаннан да қызық болуы мүмкін...

Ал әзірге, өз нұсқаңызбен немесе пікіріңізбен төменде бөлісіп кетіңіз 👇

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥15👍9