⚡️Рақымжан Ерназар Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
"Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл қызметті атқарған Айдын Жеңісұлы Құлсейітов мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.
t.iss.one/kaznurkz

Forbes тізіміне енген қазақстандықтардың бесеуі Трамптан да бай болып шықты
Forbes журналы планетаның ең бай адамдарының жаңа тізімін жариялады, оған алты қазақстандық енген. Тізімдегі бес қазақстандық кәсіпкер АҚШ президенті Дональд Трамптан да бай болып шықты.
Қазақстандықтар арасында рейтингте барлығынан ең жоғары тұрған – Вячеслав Ким, ол 7,1 млрд доллар байлығымен 464-орында.
Одан кейін Тимур Турлов 5,8 млрд доллар байлығымен 605-орынға тұрақтаған.
Қазақстандық бизнесмендер арасында үшінші орында – Владимир Ким, ол рейтингтің 620-шы сатысында тұр, оның байлығы 5,7 млрд долларға бағаланады.
Әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде 673-орында Динара және Тимур Құлыбаевтар тұр. Олардың байлығы 5,3 млрд долларға бағаланады.
Forbes рейтингіндегі қазақстандықтар арасында соңғы орында 3,7 млрд доллар байлығымен Болат Өтемұратов тұр.
Бір қызығы, АҚШ президенті Дональд Трамп тізімде 711-орында, оның байлығы 4,9 млрд долларға бағаланған.

Трамп Қазақстанға және әлемнің 180-нен астам еліне баж салығын енгізетінін мәлімдеді
Ақ үйде өткен баспасөз жиынында Трамп әр түрлі елдерге арналған тарифтер жазылған кестені көрсетті. Онда тарифтер 50 пайызға дейін жетеді.
Бұрынғы КСРО елдері үшін әр түрлі тарифтер енгізілді:
🔹Молдова – 31 пайыз,
🔸Қазақстан – 27 пайыз;
🔹Армения – 10 пайыз;
🔸Әзербайжан – 10 пайыз;
🔹Грузия – 10 пайыз;
🔸Өзбекстан – 10 пайыз;
🔹Түрікменстан – 10 пайыз;
🔸Қырғызстан – 10 пайыз;
🔹Тәжікстан – 10 пайыз;
Тізімде Ресей мен Беларусь аталмаған.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: YouTube/ The White House

Перизат Қайратқа қатысты тергеу аяқталды
Бұл туралы сенат кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
ҚМА өкілінің айтуынша, келтірілген шығынның жалпы сомасы – 3,5 млрд теңге.
Қазіргі уақытта іс материалдармен танысу процесі жүріп жатыр. Одан кейін іс сотқа жолданады.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.

Қазақстанда "Орда Аймақ" жаңа ипотекалық бағдарламасы ашылады
2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Қазақстанда аймақтарға арналған "Орда Аймақ" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа ипотекалық бағдарлама құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.
"Құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс салушы банкрот болған жағдайда "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" үй құрылысының аяқталуына кепілдік береді", - дейді компания өкілдері.
Өтінімдер Отбасы банкінің уәкілетті агенттері арқылы қабылданады. 21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласына барды
Президент Самарқанд қаласына "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін барған.
Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

"Ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңге": Перизат Қайрат ісіне қатысты тың мәлімет жарияланды
Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тергеу нәтижесі туралы толығырақ мәлімет беріп, оның анасы қандай күдікке ілінгенін түсіндірді.
"Перизат Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинаған. Оның айтуынша, бұл қаражаттар мұқтаж балаларға, Палестина және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалмақ болған.
Тергеу амалдарының нәтижесіне сай, жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңге болды.
Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына түскен қаражатты өзінің және анасының есепшотына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһаз бен саяхатқа, жөндеу қызметіне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған", - делінген ҚМА хабарламасында.

"Тек энцефалит емес, отыз шақты ауру таратады": ШҚО-да кенелер ерте ояна бастады
Қансорғыштар Өскеменде 7 адамды шаққан.
Зардап шеккендерге кене энцефалитіне қарсы екпе жасалды. Қазір улы жәндіктердің көбі қала шеті мен саяжай маңында шоғырланған. Осыған байланысты аймақта дәрілеу жұмыстары басталып кетті.
Эпидемиологтардың айтуынша, кене тек энцефалит емес, отыз шақты ауру таратады. Демек оның шағуын әдеттегі жағдайға балап, салғырттық танытуға болмайды, дейді мамандар.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: pixabay.com
t.iss.one/kaznurkz
Қансорғыштар Өскеменде 7 адамды шаққан.
Зардап шеккендерге кене энцефалитіне қарсы екпе жасалды. Қазір улы жәндіктердің көбі қала шеті мен саяжай маңында шоғырланған. Осыған байланысты аймақта дәрілеу жұмыстары басталып кетті.
Эпидемиологтардың айтуынша, кене тек энцефалит емес, отыз шақты ауру таратады. Демек оның шағуын әдеттегі жағдайға балап, салғырттық танытуға болмайды, дейді мамандар.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: pixabay.com
t.iss.one/kaznurkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды
Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
"Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды.
Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін", - деп жазды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстанда 7 пайызбен ипотека алуға бола ма
Биыл "7-20-25" бағдарламасы жалғасын тауып отыр. Оны жүзеге асыру үшін бір жылға 100 миллиард теңге, яғни бір тоқсанға 25 миллиард теңге бөлінді. Жақында лимит жаңартылды.
Десе де бағдарламаға қатысқысы келетін қазақстандықтар несие алу қиынға соғуы мүмкін екеніне дайын болуы керек. Мәселе көптеген қалада баспана құны бағдарлама бойынша несиенің максималды сомасынан әлдеқашан асып кеткендігінде ғана емес.
Банктер ақша тапшылығына байланысты өтініш қабылдауға асығар емес. Банктердің дені лимит жоқтығын алға тартса, енді бірі қарыз алушыларға қосымша шарттар қойып отыр.
7 пайызбен берілетін ипотеканы қайдан алуға болатынын KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев жаңа қызметке тағайындалды
"Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Алты ай бойы Киану Ривзпен сөйлесіп жүргеніне сенген қостанайлық кейуана сан соғып қала жаздады
Қостанайлық 62 жастағы кейуана алты ай бойы өзін Голливудтың әйгілі актері Киану Ривз деп таныстырған TikTok желісінің қолданушысымен хат алмасқан.
Кейуананың айтуынша, өзін Киану Ривз екеніне сендірген азамат өмірлік қиын жағдайға тап болғанын түсіндіріп, көмек сұрап, оған 400 АҚШ долларын аударуды өтінген. Кейуана ақшаны шотқа қалай аудару керегін білмегендіктен, банкке баруды шешкен.
Банк қызметкерлері жағдай күдік тудыратынын байқаған. Ол ақша аударғысы келген шот белгісіз ойын компаниясына тиесілі болды. Банк қызметкерлері дереу полицияға хабарлады. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кейуананы ақша аудармауға көндірді.
Фото: Miikka Skaffari/FilmMagic

Ал сіздің алаяққа алданған кезіңіз болды ма? Алданған болсаңыз, неден сақ болуға шақырар едіңіз?
Anonymous Poll
39%
Иә
61%
Жоқ
Шымкентте Конго-Қырым қызбасының таралу қаупі жоғары саналатын 11 шағын аудан тіркелді
Күн жылынғалы бері Шымкент қаласында кене шаққан 12 тұрғын медициналық көмекке жүгінген.
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, олардың барлығына індетке қарсы екпе салынып, медициналық бақылауға алынды.
Зерттеу нәтижелері бойынша, зардап шеккендерден аса қауіпті жұқпалы ауру белгілері анықталған жоқ. Соған қарамастан, биыл қалада Конго-Қырым қызбасының таралу қаупі жоғары саналатын 11 шағын аудан тіркелді.
Осыған байланысты қауіпті ошақтарда аурудың алдын алу және таралуының жолын кесу мақсатында дезинсекция жұмыстары қолға алынған.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: Patrick Pleul/picture alliance via Getty Images

Зеленский Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады
"Виктор Майко Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалсын", - делінген Зеленскийдің жарлығында.
Майко Виктор еңбек жолын "Знамя соревнования" газетінде тілші болып бастаған.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет депутаттардың қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегін арттыру туралы ұсынысын қабылдады
Жаңа Салық кодексінің жобасында қосылған құн салығының мөлшері 16 пайыз, қосылған құн салығы бойынша шек 40 миллион теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.

Асан Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Асан Көбентайұлы Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.