IWEP.KZ(ИМЭП/ӘЭСИ)
747 subscribers
143 photos
8 videos
1.87K links
Институт мировой экономики и политики при Фонде Нурсултана Назарбаева
Download Telegram
​​ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға келді. Іс-шара қарсаңында Ташкентте Әлихан Смайыловтың Ел президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесуі өтті.

Әлихан Смайылов атап өткендей, жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтардың іске асырылуы ҚР және РУ үкіметтерінің бақылауында. Мұндағы басым бағыттардың бірі екіжақты өзара іс-қимылдың берік және орнықты экономикалық платформасын құру болып табылады.

«Өзбекстан-Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз Орталық Азиядағы барлық сауданың шамамен 70% құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 30% — ға өсіп, алғаш рет $5 млрд-қа жетті.біз өзара сауданы $10 млрд-қа дейін жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Премьер-министр.

Ол Қазақстан Үкіметі екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Өзбекстанмен ынтымақтастықты үдемелі дамыту үшін бар күшін салатынын айтты.

Шавкат Мирзиеев өз тарапынан екі ел арасындағы стратегиялық уағдаластықтар жоспарлы түрде іске асырылып жатқанын атап өтті. Бұл сауда, көлік және су саласындағы ынтымақтастыққа қатысты.

«Біздің барлық сұрақтарымыз алға жылжуда. Менің ойымша, шешілмеген мәселе жоқ. Сауда бөлігінде біз Қазақстан Президентімен келіскен жобалар бізге жаңа белестерге жетуге көмектеседі», - деді Өзбекстан Президенті.

#Қазақстан #Өзбекстан #ЭЫҰ #ҚРПремьерМинистрі #Сауда #Экономика