IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
#javascript

console жайлы бірер сөз...

Javascript үйреніп жүрген адам әуелден console-мен танысады ғой, әдетте.
Бірі білсе де бірі білмес деп console-ға қатысты кейбір нәрселерді тізіп өтейін деп шештім. Кеттік👇🏽

0️⃣ console.log - консолға қандай да бір ақпаратты шығарудың қарапайым жолы. Мұны барлығыңыз білетін шығарсыздар. Түсіндіріп қажет емес-ау. Әлде қажет пе ? Хмм... көреміз.

1️⃣ console.warn - консолға ескерту шығару. тура console.log сияқты, бірақ алдында ескерту белгісі тұрады және жазуыңыз сары фонмен безендіріліп, ескерту бар екені көзге бірден көрініп тұрады.

2️⃣ console.error - консолға қатені шығару. Консолға шыққан ақпараттың артқы фоны қып-қызыл болып "дабыл қағып" тұрады. Назардан тыс қалуы қиын )

3️⃣ console.trace - консолға қандай да бір ақпаратты шығарумен қатар сол код орындалам дегенше келген жолын көрсетіп береді. Әуелі мына функция шақырылды, ол функция мына файлдың мына қатарында тұр. Оның ішінде мына функция шақырылды, деп ата-тегін, шежіресін толық айтып береді.

4️⃣ console.count - өзінің неше рет шақырылғанын санап отырады : ) Не үшін керек деп ойлайсыз 🧐 ?

5️⃣ console.time, console.timeEnd - осы екеуінің ортасындағы кодтың қанша уақытта орындалғанын есептейді. Кодыңыздың қаншалықты жылдам/баяу екенін зерттеп көрсеңіз болады

6️⃣ console.group, console.groupEnd - осы екеуінің ортасында шақырылған output-тарды топтастырады. Рақат қой. Коды жинақының ойы жинақы☝🏽.

7️⃣ console.table - консолға құрылымы бір типтес объектілерді кесте ретінде шығарған өте ыңғайлы. Серверден не келіп жатқанын осылай қарасаңыз рақат.

Javascript-ке қатысты сұрақтарыңыз болса чатқа қойып отырыңыздар 🤓

https://t.iss.one/jalagash_it_chat
#javascript #fullstack #qwant

🗓 1 маусымда QWANT мектебі JavaScript Fullstack курсын бастамақшы.

Ұзақтығы: ~6 ай (ертерек бітіруге де болады)

💰 Құны: 72мың теңге (36+36 деп екі бөліп төлейсіз)

Толық ақпаратты мына супервайзерден алыңыздар:
🧑🏽‍💻 Олег Ким
📱 87772722547

0-ден junior-ға дейін өсіреміз дейді.
курс барысында проект жазып, стартап қорғап, инвесторлармен байланысқа шығып көруге болады.

Платформа толықтай ағылшынша.
Бірақ енді бастап жатқандарға арналған. Сол себепті қиналмайсыздар деп үміттенем.
Топ болып жұмыс жасау барысында қазақша талқылай бересіздер.

Өте керемет мүмкіндік.

Ең бастысы roadmap дайын !
Енді бастап жатқандарға арналған
Бағасы қолжетімді
Топтық жұмыс
ағылшыншаңызды да көтересіз : )

web-тен курс қашан деп хабарласып жүргендеріңізді осы курсқа шақырамын.

Кеп тұрған пойызға мініп кетіңіздер🤓
#Javascript #junior #nur_sultan

📣📣📣Командамызға әрі қарай жұмысқа алу мақсатында бірнеше стажер іздеп жатырмыз.

🗓 Небәрі 10 күн ғана өтіледі стажировка.
🏆 Кейін солардың ішінен жақсы көзге түскен тек қана біреуін жұмысқа алатын ойымыз бар.
💰 Айлығы қолға 200 мыңнан басталады.
✔️Одан да жылдам өтіп тастасаңыз болады.
🟢 Ағылшынша сәл-пәл қағатыныңыз бар болса ол да жақсы плюс.

Проект тым қарапайым. Реферал программалармен айналысамыз.

Өзім күнде қастарыңызда боламын. Қолымнан келгенше үйретіп, көмектесіп жүремін.

Беймарал келе беріңіздер.
Отказ алып қалсаңыз да есесіне бірдеңе үйреніп қайтасыз.
Ал жұмысқа тұрып қалсаңыздар өсемін деген адам үшін керемет мүмкіндіктердің бірі.

📱 +77078629827 Нұрлан
https://t.iss.one/karnurmax
Forwarded from Қазақша webdev.
JavaScript тілі туралы курьезді жағдайлар. JavaScript тілінің қандай курьезді жағдайлары бар екеін туралы қысқа да нақты пост.

JavaScript тілі сіздерге қалай екен? Кейде мидың ығырын шығаратын кездері болып тұрады екен.)

#javascript / #strange / #post
———
@kzwebdev
@kzwebdevchat
JavaScript тілі туралы қызық фактілер

JavaScript (қысқаша JS) - бұл ECMAScript сипаттамасына сәйкес келетін жоғары деңгейлі интерпретацияланатын бағдарламалау тілі. Бұл тіл сонымен қатар әлсіз типизацияланған, динамикалық, көп парадигмалық және прототиптерге негізделген болып табылады.
Ал осы постта біз JS тілінің бірнеше қызық фактісіне тоқталып өттік.

#javascript
👍8
#internship #javascript

💻 JavaScript бойынша практика өткісі келетіндер болса хабарласыңыздар.

🤝 Әдеттегідей, жақсы нәтиже шығып жатса жұмысқа алып қаламыз бір айдан кейін.

Қатысатын жобалардың барлығы дерлік AI қолданады.

Мына технологияларды білу керек, немесе үйрену керек:
✳️ expressjs, mongo/mongoose, wwebjs, gitlab, googleapis

Сонымен қатар:
✳️ angular, nestJs, typeorm, ubuntu, docker

Чаттарда бөлісіп жіберсеңіздер. рақмет!

https://t.iss.one/karnurmax
👆🏽👆🏽👆🏽
👍5🍓1