ERLAN KARIN
4.41K subscribers
90 photos
38 videos
2 files
121 links
Download Telegram
Судя по реакции в социальных сетях, в последних кадровых изменениях наибольший общественный интерес вызвало выдвижение молодых кадров.
В связи с этим хочется обратить внимание, что новые министры Асхат Оралов и Зульфия Сулейменова состоят в Президентском молодежном кадровом резерве (ПМКР). Этот проект был инициирован Главой государства Касым-Жомартом Токаевым еще в 2019 году. На сегодняшний день уже три члена Правительства являются представителями ПМКР.
Всего из 350 резервистов на различные ответственные должности назначены 258 человек, из них 34 – политические госслужащие и госслужащие корпуса «А» (руководители аппаратов, председатели комитетов).
Таким образом, продолжается планомерная работа по выдвижению молодых профессионалов на руководящие должности. Дальнейшая реализация проекта ПМКР является одним из приоритетов предвыборной программы Президента.
Алдағы сайлаудың басты он ерекшелігі:

1. 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы);

2. Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік туды;

3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды;

4. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді;

5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады;

6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды;

7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі;

8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді;

9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді;

10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу).
Десять главных новшеств предстоящих выборов:

1. Впервые с 2004 года кандидаты в Мажилис будут избираться по одномандатным округам (29 из 98 депутатов);

2. Появилась возможность выдвигаться не только от партий и НПО, но и путем самовыдвижения;

3. Выборы хоть и внеочередные, но были анонсированы за полгода;

4. Порог для прохождения партий снижен с 7 до 5%;

5. 30-процентная квота для женщин, молодежи и лиц с особыми потребностями в партийных списках будет действовать и при распределении мандатов;

6. В новом составе Мажилиса не будет квоты АНК;

7. Впервые в бюллетенях на выборах в Мажилис и в маслихаты будет графа «против всех»;

8. В выборах имеют право участвовать 7 политических партий, две из которых зарегистрированы после вступления в силу новых норм закона о партиях;

9. Областные территориальные избирательные комиссии теперь работают на профессиональной основе;

10. Избиратели будут голосовать по пяти бюллетеням (в городах республиканского значения – по четырем бюллетеням).
Ұлттық құрылтай – Президент жанындағы негізгі консультативтік-кеңесші орган. Мемлекет басшысы бұл ұйымды құру туралы бастаманы өткен жылғы Жолдауында көтерген болатын.
Ұлттық құрылтайдың құрамына елімізге белгілі қоғам қайраткерлері және сарапшылармен қатар, өңірлердегі азаматтық қоғамның белсенді өкілдері мүше боп кірді.
Қазіргі уақытта Ұлттық құрылтай Мемлекет басшысының қоғам белсенділерімен және сарапшылармен арадағы тікелей диалогын орнатып, оны дамытып отыр.
Мысалы, бүгін Президент Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевпен кездесті. Кездесуде сараптамалық құрылымдардың жұмысы мен қолданбалы зерттеулер жүргізуге қатысты мәселелер талқыланды.
Бұған дейін Президент Ұлттық құрылтайдың Т. Әубәкіров, С. Ақылбай, А. Байменов, Р. Баталов, Б. Ізмұхамбетов, Ж. Күлекеев, С. Худяков, И. Салжанов, Д. Тұрлыханов секілді басқа да мүшелерімен дәл осындай кездесулер өткізген болатын.
Сондай-ақ, былтырғы жылдың желтоқсан айында Quryltai мобильді қосымшасы іске қосылды. Азаматтар бұл платформаға қоғамдағы өзекті мәселелер жөніндегі өз ойлары мен ұсыныстарын жолдай алады.
Бұдан бөлек, «Хабар» телеарнасында «Ұлттық құрылтай» атты арнайы бағдарлама көрсетіледі. Оған әр кезде әртүрлі өңір қосылады. Бағдарламада Ұлттық құрылтай мүшелері мен сарапшылар елімізді дамытуға ықпал ететін ұсыныстарды талқылайды.
Солайша, Ұлттық құрылтай елдің өтініш-тілектерін жинайтын коммуникацияның әртүрлі форматтарын пайдалану арқылы ашық әрі тиімді диалог алаңына айналуда.
Национальный курултай является ключевым консультативно-совещательным органом при Президенте. С инициативой о его создании Глава государства выступил во время своего Послания в марте прошлого года.
В состав Национального курултая вошли как известные в масштабах страны видные общественные деятели и эксперты, так и активные представители гражданского общества из регионов.
В настоящее время Национальный курултай успешно развивает практику прямого диалога Главы государства с общественниками и экспертами.
Так, к примеру, сегодня Президент встретился с членом Национального курултая, директором Института прикладных этнополитических исследований Талгатом Калиевым. В ходе встречи были обсуждены вопросы деятельности аналитических структур и проведения прикладных исследований.
Ранее Глава государства провел аналогичные индивидуальные встречи и с другими членами Национального курултая Т. Аубакировым, С. Акылбаем, А. Байменовым, Р. Баталовым, Б. Измухамбетовым, Ж. Кулекеевым, С. Худяковым, И. Салжановым, Д. Турлыхановым.
Также в декабре прошлого года было запущено мобильное приложение Quryltai. На этой платформе граждане могут отправлять свои предложения и рекомендации по различным актуальным вопросам общества.
Кроме того, на телеканале «Хабар» выходит специальная программа «Ұлттық құрылтай» с подключением из разных регионов. В программе принимают участие члены Национального курултая и эксперты, где они обсуждают инициативы, способствующие развитию страны в целом.
Таким образом, Национальный курултай, используя различные форматы коммуникации по сбору наказов граждан, становится открытой и эффективной диалоговой площадкой.
Бұл сайлаудың алғышарты 2022 жылдың наурыз айында, яғни, Президент өз Жолдауында саяси реформалардың жан-жақты бағдарламасын ұсынғанда қаланған болатын.
Бір жылға жетпейтін уақытта партиялар үшін шынайы бәсекелестік орта қалыптасты, азаматтардың Парламент пен мәслихаттарға өзін-өзі ұсынуына жол ашылды.
Мұны қолда бар статистика да дәлелдеп отыр. Мысалы:
1) Парламент сайлауына барлық жеті саяси партия қатысып жатыр. Оның екеуі партия туралы заңнамаға өзгерістер енгеннен кейін тіркелді.
Сондықтан партиялар арасындағы бәсекелестік бұл сайлау кампаниясының негізгі элементі болмақ.
2) Мәжіліс депутаты болуға партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша барлығы 892 азаматтың кандидатурасы ұсынылды (орташа есеппен 1 мандатқа 9 үміткерден келеді)
Сайлауға қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділердің көптеп қатысып жатқаны (оның ішінде, әдетте билікті сынап жүрген азаматтар да бар) олардың жүргізіліп жатқан реформаларға сенімі мен қолдауын білдіреді.
Елімізде соңғы жылдары орын алған барлық өзгерістерді, барлық жаңашылдықтар мен реформаларды жұртшылықтың қызу қолдап отырғанын халық арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер де көрсетіп отыр. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше, қазақстандықтардың 71,7 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды.

https://kisi.kz/kz/blogs/el-damyynyn-qazirgi-bagyt-bagdaryn-bagalay/
Предпосылки текущих выборов были заложены еще в марте 2022 года, когда Президент в своем Послании предложил программу кардинальных политических реформ.
Меньше чем за год были созданы условия для реальной партийной конкуренции, у граждан появилась возможность самостоятельно выдвигаться на выборах в Парламент и маслихаты.
Об этом свидетельствует и статистика выборов:
1) В парламентских выборах принимают участие все семь политических партий, две из которых были зарегистрированы после внесения изменений в партийное законодательство.
Поэтому именно партийная конкуренция выступает ключевым элементом нынешней избирательной кампании.
2) В Мажилис в совокупности по партийным спискам и одномандатным округам было выдвинуто – 892 кандидата (в среднем 9 кандидатов на 1 мандат).
Участие такого большого количества общественных деятелей и гражданских активистов (в том числе тех, кто обычно выступает с критических позиций) говорит о доверии и поддержке проводимому курсу реформ.
Высокая общественная поддержка всех изменений, происходящих в стране, всех новаций и реформ власти подтверждается и социологическими данными. Согласно последнему опросу Казахстанского института стратегических исследований 71,7% казахстанцев считают, что страна движется в правильном направлении.

https://kisi.kz/blogs/oczenka-tekyshhego-napravleniya-razvitiya-strany/
Былтыр 16-наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Содан бергі бір жылға жетпейтін уақытта бұрын-соңды Қазақстанда болмаған кең көлемді өзгеріс жасалды.
Біріншіден, 1995 жылдан бері алғаш рет жалпыұлттық референдум өтті. Халқымыз конституциялық реформаға қолдау білдірді. Ата Заңдағы тоғыз тараудың сегізіне, 98 баптың 33-іне түзету енгізіліп, басты құжаттың үштен бірі жаңартылды. Сондай-ақ 7 конституциялық заңға, 15 кодекске және 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Екіншіден, жаңа саяси реформалар қолға алынды. Енді Президент 7 жылдық мерзімге бір рет сайланады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы саяси партияның мүшесі бола алмайды. Парламент пен мәслихаттарды жасақтау тәртібі өзгерді, олардың өкілеттігі күшейді. Конституциялық сот құрылып, жұмыс істей бастады. Бұл ретте аталған сот мүшелерінің өкілеттік мерзімі Президент пен Парламент депутаттарына қарағанда ұзағырақ болады.
Саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Нәтижесінде екі жаңа партия тіркелді. Осылайша, мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісі қалыптасып, билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнады.
Үшіншіден, маңызды мемлекеттік институттарды жүйелі түрде қайта құру үдерісі аяқталып келеді. Президент және Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 19-наурызда жаңа аралас жүйе (партиялық тізім мен бір мандатты округтер) бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары сайланады.
Төртіншіден, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы да өзгерді. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшті.
Бесіншіден, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы әріптестік орнату жұмысы жалғасты. Бабалар жолымен Ұлттық құрылтай шақырылуын осы бағыттағы ілкімді істердің дәлелі деуге болады. Оның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті, екінші отырысы киелі Түркістанда өтеді.
Ең бастысы, Президенттің бастамасымен іске асқан саяси реформалар ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үдерісіне тың серпін берді. Сондай-ақ, азаматтардың белсенділігін арттыруға және олардың елімізді жан-жақты дамыту ісіне атсалысуына жол ашты.
Год назад Президент Касым-Жомарт Токаев в своем Послании представил комплексную программу реформ. В результате в стране менее чем за год были реализованы беспрецедентные по масштабу преобразования в государственной и общественной жизни.
Во-первых, впервые с 1995 года состоялся общенациональный референдум, на котором граждане поддержали конституционную реформу. Поправки затронули 8 из 9 разделов, 33 из 98 статей Конституции – фактически поменялась треть Основного закона страны. В дальнейшем были внесены поправки в 7 конституционных законов, 15 кодексов и 29 законов.
Во-вторых, осуществлены новые политические реформы. Введен однократный семилетний срок президентства. Изменен порядок формирования и усилены полномочия Парламента и маслихатов. Начал свою работу Конституционный Суд, срок полномочий судей которого дольше чем у Президента и депутатов Парламента. Упрощена процедура регистрации политических партий, благодаря чему зарегистрированы две новые партии. Таким образом была сформирована новая модель государственно-политического устройства с оптимальным балансом между ветвями власти.
В-третьих, завершается процесс системной перезагрузки ключевых государственных институтов. Состоялись выборы Президента, депутатов Сената. 19 марта по новой смешанной системе (партийным спискам и одномандатным округам) будут избраны депутаты Мажилиса и маслихатов.
В-четвертых, проведена реформа административно-территориального устройства страны. Созданы три новые области – Абай, Жетісу, Ұлытау, а центр Алматинской области перенесен в г. Қонаев.
В-пятых, продолжилось формирование новой модели конструктивного партнерства государства и гражданского общества. Ее ключевым элементом стал Ұлттық құрылтай, первое заседание которого прошло в Улытау, а второе состоится в Туркестане.
Самое главное – реформы Главы государства положили начало обновлению системы общественных ценностей, пробудили гражданскую активность и способствовали вовлечению граждан в процесс кардинальной трансформации страны.
Президенттің бүгінгі сөйлеген сөзінде мынадай негізгі месседждер болды:
1. Саяси реформалар жалғасады, саяси жүйе одан әрі жаңғыртыла береді.
2. Қазақстан – дамудың жаңа үрдісін қалыптастырып, түбегейлі реформа жүргізіп жатқан геосаяси төңіректегі бірден-бір мемлекет.
3. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде алғаш рет Amanat партиясын ғана емес, Парламентке өткен басқа да партияларды атап өтті. Осылайша партиялардан дербес тұрған саяси төреші мәртебесін тағы бір рет көрсетті.
4. Мемлекеттің басты назары өзекті экономикалық мәселелерді шешу жағына ойысады.
5. Шағын және орта бизнесті дамыту ісі енді мемлекеттің экономикалық саясатының өзегіне айналады.
6. Барлық әлеуметтік топ өкілдеріне қатысты мемлекеттік қолдау шараларына тоқталған Президент өзінің саяси бағдарында әлеуметтік мәселелерге баса мән беретінін айқын аңғартты.
7. Президент ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарлауға қатысты ұстанымдарды жаһандық үдерістерді ескере отырып, қайта қарауды ұсынды.
Ең бастысы, Президент басты мақсатына жету, яғни халықтың әл-ауқатын арттырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолында өзі бұған дейін ұсынған негізгі қағидаттарға арқа сүйейді. Бұл қағидаттар – заң үстемдігі, ел бірлігі, әлеуметтік жауапкершілік және ішкі саяси тұрақтылық.
В сегодняшнем выступлении Президента можно выделить следующие ключевые месседжи:
1. Политические реформы будут продолжены, предстоит дальнейшее совершенствование политической системы.
2. Казахстан – единственная страна в геополитическом окружении, проводящая такие глубинные реформы, которые задают новый тренд развития.
3. Глава государства в своей речи впервые упомянул не только партию Amanat, но и все другие парламентские партии, тем самым подтвердив свой статус «надпартийного политического арбитра».
4. Основное внимание государства переносится на решение актуальных экономических проблем.
5. Теперь в фокусе экономической политики государства – развитие малого и среднего бизнеса.
6. Президент подчеркнул социальную ориентированность своего курса, обозначив меры государственной поддержки фактически всех основных социальных страт.
7. Президент предложил пересмотреть подходы к стратегическому планированию на долгосрочную перспективу с учетом глобальных тенденций.
Главное, что в достижении ключевой цели – повышении благосостояния граждан и формировании нового качества нации – Президент опирается на сформулированные им ранее идеологемы: верховенство закона, единство народа, социальную справедливость и внутриполитическую стабильность.
Мемлекет басшысы былтыр қыркүйек айында жарияланған Жолдауында синтетикалық есірткінің таралуын ұлт денсаулығына зиян келтіретін басты қауіптің бірі ретінде атады. Сол себепті нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Президенттің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып белгіленді.
Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес синтетикалық есірткінің таралуына қатысты қауіпті алғашқылардың бірі болып көтерді. Оған барша қоғамның назарын аударды.
Сондықтан бүгін Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының Кеңес алаңында талқылануы бекерден-бекер емес. Жоспар бойынша жоба 7 бөлімнен және 64 пункттен тұрады. Ол ең алдымен, нашақорлықтан оңалтуды және есірткіге тәуелділер санын азайтуды көздейді. Осы арада мұндай жоспардың 2016 жылдан бері қабылданбағанын айта кету керек.
Кешенді жоспарды тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Жастар саясаты жөніндегі кеңес нашақорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыстың бастамашыларының бірі ретінде Кешенді жоспардың әзірленуіне, сондай-ақ қабылдануына белсенді түрде атсалысады. Ал сонан соң оның орындалуын өз бақылауында ұстайтын болады.
Глава государства в своем сентябрьском Послании прошлого года назвал распространение синтетических наркотиков одной из главных угроз здоровью нации. Поэтому борьба с наркоманией и наркобизнесом определена как одно из приоритетных направлений в Предвыборной платформе Президента.
Совет по молодежной политике при Президенте одним из первых актуализировал угрозу распространения синтетических наркотиков на общественном уровне. Поэтому не случайно, что именно на площадке Совета сегодня рассматривался ход разработки Комплексного плана борьбы с наркоманией и наркобизнесом на 2023-2025 годы. Проект плана предусматривает 7 разделов и 64 пункта, которые будут нацелены прежде всего на профилактику наркомании и снижение числа наркозависимых. Стоит отметить, что подобного плана не было с 2016 года.
Эффективная реализация Комплексного плана будет возможна только при тесном взаимодействии государственных органов и институтов гражданского общества. Совет по молодежной политике, как один из инициаторов антинаркотической общественной кампании, продолжит активно участвовать в разработке Плана борьбы с наркоманией, а после его принятия – займется контролем над его реализацией.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі сессиясы аталған форумның еліміздегі маңызды саяси оқиғалардың бірі екенін анық көрсетті.
Мемлекет басшысы Ассамблеяда сөйлеген сөзінде мемлекеттік құрылыстың іргетасы этносаралық келісім мен бірлікке негізделетінін аңғартты. Этносаралық қатынас бағытындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін кешенді міндеттер қойылды.
Президент сөзінің негізгі түйіні мынандай тұжырымға саяды: жалпыұлттық бірегейлікті әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани құндылықтарды негізге ала отырып, табиғи әрі тарихи жолмен қалыптастыру және дамыту керек.
Президенттің айтуынша, «Біздің барша халқымыз өздерін үлкен және біртұтас қазақ ұлтының ажырамас бөлігі ретінде сезінеді», «ондағы әрбір этнос достықты, үйлесімділік пен келісімді нығайтуға баға жетпес үлес қосып отыр».
Осы орайда, Мемлекет басшысы жалпыұлттық бірегейліктің нышандарын тағы бір мәрте атап өтті.
Бірінші, азаматтық бірегейлігімізді танытатын көк төлқұжат.
Бұл барлық азаматтың тең және мемлекеттің қорғауында екенін көрсетеді.
Екіншісі, Қазақстанның тәуелсіздігін, оның ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мемлекеттілігін бейнелейтін аспан түстес көк байрақ.
Сегодняшняя сессия Ассамблеи народа Казахстана подтвердила роль данного форума как одного из важнейших политических событий в нашей стране.
Выступление Главы государства на Ассамблее продемонстрировало фундаментальное значение межэтнического согласия и единства для государственного строительства. Поставлен комплекс задач по повышению эффективности государственной политики в сфере межэтнических отношений.
Ключевой тезис выступления Главы государства – формирование и развитие естественно-историческим путем на основе социально-политической, экономической и духовной общности общенациональной идентичности.
По словам Президента, «все наши граждане ощущают себя неотъемлемой частью большой и единой казахской нации», «в которой каждый этнос вносит свой бесценный вклад в укрепление дружбы, гармонии и согласия».
При этом Глава государства вновь апеллировал к нашим символам общенациональной идентичности.
Первый – это бирюзовый паспорт, который является отсылкой к гражданской идентичности. Отсылка с паспортом означает, что все граждане равны и находятся под защитой государства.
Второй – это небесно-голубой флаг, олицетворяющий Независимость Казахстана, его многовековую государственность.
Бүгін Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасын қарауға кірісті.
Аталған заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асатын Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасы бойынша әзірленіп жатыр.
Бұл – Президент жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар бағдарламасының негізгі бастамаларының бірі.
Аталған бастама туралы Президент былтырғы жылдың 1 қыркүйек күні жариялаған Жолдауында айтқан болатын.
Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді.
Осылайша, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды.
Сегодня депутаты Мажилиса взяли в работу законопроект по вопросам выплат детям из Национального фонда.
Данный законопроект разработан с целью запуска с 1 января следующего года проекта Главы государства «Нацфонд – детям».
Это одна из ключевых инициатив в рамках президентской программы масштабных реформ.
Впервые она была обнародована в Послании Президента от 1 сентября прошлого года.
Реализация проекта Главы государства «Нацфонд – детям» позволит молодым казахстанцам по достижении ими совершеннолетия улучшить свои жилищные условия или получить образование за счёт средств Национального фонда.
Таким образом, важнейшая социальная инициатива Президента получит правовое оформление и средства Нацфонда начнут служить интересам народа.
Бір жыл бұрын қазақстандықтардың басым бөлігі, яғни азаматтардың 77,18 пайызы республикалық референдумда ел Конституциясын өзгерту туралы заң жобасын жақтап дауыс берді.
Конституцияға енгізілген түзетулер Президент, Парламент және сот институттарын реформалауды көздеді.
Осылайша, Мемлекет басшысының 2022 жылдың 16 наурызында жарияланған Жолдауында айтылған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасы Конституциялық тұрғыдан бекіді.
Бұл референдум Қазақстан қоғамы үшін маңызды оқиға болды. Өйткені біз ел дамуындағы жаңа кезеңге қадам бастық.
Ең бастысы, референдум – қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Біз оны Президент және Парламент сайлауларында анық байқадық.
Жалпы, елімізде өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған түбегейлі саяси реформалар аймақтағы бірегей құбылысқа айналды. Қазақстан жаңа күн тәртібін белгілеп берді.
Конституциялық реформа мен соңғы сайлау циклі жаңа саяси жүйенің келбетін қалыптастырды. Президенттің саяси жаңғыру бағдарламасын іске асыру жалғаса береді. Алдымызда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы тұр.
Год назад граждане Казахстана большинством в 77,18% одобрили на республиканском референдуме законопроект по изменению Конституции страны.
Принятые поправки в Конституцию включали реформу института президентства, парламентскую и судебную реформы.
Таким образом, масштабная программа политической модернизации, изложенная в Послании Главы государства от 16 марта 2022 года, получила конституционное закрепление.
Поэтому проведение референдума стало рубежным событием, открывшим новый этап в развитии казахстанского общества.
Самое главное – референдум продемонстрировал выход общественной консолидации на новый уровень, который в дальнейшем был подтверждён на президентских и парламентских выборах.
В целом, кардинальные политические реформы, осуществленные в нашей стране за короткий период, стали уникальным явлением в нашем регионе. Казахстан задал новую повестку.
Конституционная реформа и новый электоральный цикл сформировали конфигурацию новой политической системы. Реализация президентской программы политической модернизации продолжается – предстоят еще прямые выборы акимов районов и городов областного значения.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде қоғамның рухани дамуының перспективалары мен тұжырымдамалық бағдарын ғана айқындап берген жоқ. Сонымен қатар, еліміздің жаңа идеологиялық стратегиясын іске асырудың нақты қадамдарын ұсынды.
Бұл арада негізгі бірнеше бағытты атап өту керек.
Біріншіден, Мемлекет басшысы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды, ұлттық құндылықтарды одан әрі дамытуды, халқымыздың бірегейлігін нығайтуды идеологиялық жұмыстың басты басымдықтары ретінде айқындап берді.
Екіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Тәуелсіздік мұраттары және патриотизм, еңбек пен білім культі, құқық пен тәртіп, адамгершілік пен жауапкершілік секілді құндылықтарды мақсатты түрде алға тартып келеді. Енді Президент бұл құндылықтарды "Әділетті Қазақстан – Берекелі қоғам – Адал азамат" атты бірыңғай тұжырымдамаға біріктіріп отыр.
Қоғамның жаңа әдебін қалыптастыру бағытындағы жұмыс өте ауқымды. Оны жүзеге асыруға мемлекет те, тұтас қоғам да, еліміздің әрбір азаматы да жауапкершілікпен қарауы қажет.
Үшіншіден, Мемлекет басшысы білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша нақты жобалар ұсынды. Ал бұл – еліміздің идеологиялық бағытын дамытудың нақты бағдарламасы.
Сонымен қатар, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі бастамаларды тез арада іске асыру мүмкін емес. Осылайша, Президент ел дамуының ұзақ мерзімді күн тәртібін белгілеп берді.
Төртіншіден, аталған бастаманың жұртшылыққа ұсынылған уақытын да ерекше атап өткен жөн. Біз қазір саяси реформалардың басым бөлігін жүзеге асыруды аяқтап, экономикада үлкен өзгерістерді бастайтын сәтте тұрмыз. Сондықтан Президенттің қоғамдық құндылықтарды нығайту туралы бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр.
Жалпы алғанда, біз Президент реформаларының үш бағыттағы үйлесімділігін көріп отырмыз: саясат, экономика, идеология.
В своем выступлении на заседании Национального Курултая Президент Касым-Жомарт Токаев не только обозначил концептуальный вектор и перспективы духовно-нравственного развития нашего общества, но и предложил конкретные шаги по реализации новой идеологической стратегии страны.
Здесь хотелось бы отметить несколько ключевых моментов.
Во-первых, главными приоритетами идеологической работы Глава государства определяет формирование нового качества нации, дальнейшую эволюцию системы национальных ценностей, укрепление нашей идентичности.
Во-вторых, с первых дней своего президентства К.Токаев последовательно продвигает следующие национальные ценности: идеалы Независимости и патриотизм, культ труда и знаний, законность и порядок, гуманность и ответственность. Этот набор ценностей был сформулирован и обобщен Президентом в едином концепте «Справедливый Казахстан – Благополучное общество – Ответственный гражданин».
Масштабный характер работы по формированию новой общественной этики диктует необходимость ответственного участия в ее реализации как государства, так и всего общества, и каждого гражданина страны.
В-третьих, Главой государства предложены конкретные проекты в области образования, науки, культуры, которые в совокупности являются целенаправленной программой развития идеологической жизни общества.
Более того, инициативы по формированию нового качества нации рассчитаны на продолжительный период реализации. Таким образом, Президент задал долгосрочную повестку развития страны.
В-четвертых, отдельно надо отметить момент обнародования инициатив. Одновременно завершается реализация большинства политических реформ и в то же время намечаются глубокие преобразования в экономике. В этой ситуации очень своевременным становится предложение Президента заняться укреплением системы общественных ценностей.
В целом мы видим синхронность трех векторов президентских реформ: политика, экономика, идеология.