ERLAN KARIN
4.49K subscribers
90 photos
38 videos
2 files
121 links
Download Telegram
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғам арасында терең орныққан құндылықтардың иерархиясына арналған әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес «Заң және Тәртіп» қағидаты азаматтарымыз үшін аса маңызды саналатын жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді («Әділдік» – 84,1%, «Заң және Тәртіп» – 83,5%, «Еңбек» – 83,4%).

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде «Заң және Тәртіп» қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес.

Айта кету керек, заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі және оны бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі. Сондықтан әлемнің көптеген елінде тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға деген қоғамдық сұраныстың өзектілігі артып келеді.
КИСИ провел социологическое исследование, посвященное иерархии ценностей в обществе.

По результатам опроса принцип «Закон и Порядок» вошел в число трех ключевых для наших граждан общенациональных ценностей («Справедливость» – 84,1%, «Закон и Порядок» – 83,5%, «Труд» – 83,4%).

Поэтому не случайно Президент Касым-Жомарт Токаев в своем выступлении на расширенном заседании Правительства в очередной раз сделал акцент на необходимости дальнейшего укоренения в обществе принципа «Закон и Порядок» и формирования «нулевой терпимости» к правонарушениям.

Стоит отметить, что обеспечение неукоснительного соблюдения законов и неотвратимости наказания за их нарушение является одной из главных функций государства. Именно поэтому общественный запрос на укрепление дисциплины и порядка становится все более актуальным во многих странах мира.
В Бурабае состоялось Четвертое заседание Национального курултая.

В чем его основные особенности?
- Был затронут самый широкий спектр актуальных вопросов, волнующих общество
- Выступление Президента носило программный характер и по своему содержанию и структуре сопоставимо с ежегодным Посланием
- В своей речи Глав государства дал тщательный анализ текущей ситуации, озвучил системные решения многих вопросов и определил задачи на перспективу
- Практически все ключевые предложения членов Национального курултая, озвученные ими за 2 дня, нашли отражение в выступлении Президента

Какие вопросы и инициативы поднимали общественники на рабочих секциях и пленарном заседании?
- Реформирование экономики (внедрение инноваций и цифровых технологий; совершенствование налогово-бюджетной сферы; развитие транспортной инфраструктуры в регионах; нивелирование региональных диспропорций на рынке труда, обеспечение безопасности на производстве, популяризация рабочих профессий)
- Социальная политика (повышение доступности и качества образования; развитие науки и здравоохранения; вопросы экологии; создание комфортных условий для лиц с особыми потребностями)
- Укоренение принципа «закон и порядок» (борьба с мошенничеством; условия содержания в женских колониях; профилактика правонарушений среди молодежи; привитие правовой грамотности; ответственность для родителей правонарушителей)
- Систематизация идеологической работы (разработка единого концептуального документа в сфере внутренней политики; борьба с деструктивными религиозными течениями; пересмотр критериев государственного социального заказа; противодействие расточительству и бескультурью; системное воспитание подрастающего поколения по программе «Адал Азамат»; проведение просветительской работы и продвижение культурно-духовного наследия)

Какие знаковые инициативы озвучил Глава государства?

Идеологические и гуманитарные проекты:
- Разработка Концепции внутренней политики
- Совершенствование законодательства в сфере НПО
- Открытие Институтов Абая за рубежом
- Создание Международного фонда охраны биологического разнообразия
- Создание национального цифрового архива
- Создание единой программы «Дети Казахстана»
- Создание в каждом областном центре центров реабилитации и развития особенных детей
- Оборудование в каждом областном, районном центре, в поселках и селах детских футбольных площадок

Экономические и инфраструктурные инициативы:
- Определение пяти приоритетных направлений развития страны к 40-летию Независимости: цифровизация и искусственный интеллект; транспорт и транзит; энергетика; агропромышленный сектор; человеческий капитал.
- Увеличение в 2025 году финансирования реального сектора экономики почти в два раза, до 8 триллионов тенге, в последующие годы – до 10 триллионов тенге.
- Реализация крупных инфраструктурных проектов в 2025-2026 годах.
- Ежегодный запуск около 200 инвестиционных проектов в течение следующих четырех лет.
- Разработка нового закона о развитии приграничных территорий
- Строительство автомобильной дороги от Астаны через Аркалык, Тургай и Иргиз с прямым выходом к Транскаспийскому международному транспортному маршруту.
- Создание Агентства по ядерной энергетике.
Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды. 53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірледі.
Жоспарда Президенттің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы тапсырмаларын орындауға қатысты нақты қадамдар көзделген.
Мемлекет басшысының гуманитарлық бастамаларын жүзеге асыру үшін:
● «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеу;
● Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту;
● Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарын қабылдау,
● Ұлттық цифрлық архив құру;
● бизнес өкілдерін тарта отырып аймақтарда театрларды салу және дамыту, сондай-ақ ұлттық театрларға қолдау көрсету;
● Шетелде Абай институтын ашу;
● Халықаралық биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қарастырылған.
Ал әлеуметтік-экономикалық жобалардың ішінен мыналарды атап өтуге болады:
● «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды жалғастыру, үш жылда 1300 мектепті жаңғырту;
● ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған заманауи оңалту орталықтарын ашу, әрбір облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру;
● Өңірлерді дамыту тұжырымдамасына қатысты тың тәсілдерді енгізу;
● 2025-2026 жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолын салу және жаңғырту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру және жаңа аэровокзал кешенін салу;
● алдағы төрт жыл ішінде елімізде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жобаны іске қосу.
Сонымен қатар шекара маңындағы аудандарды дамыту, ғылым қалашықтарын құру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы жеке заңдар қабылданады.
Жалпы, Президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамалары мен берген тапсырмалары мемлекеттік органдар үшін де, бүкіл қоғам үшін де еліміздің ұзақ мерзімге арналған даму бағдарын айқындайды.
Сегодня Главой государства подписан План реализации инициатив IV заседания Национального курултая. Документ разработан Администрацией Президента совместно с Правительством и состоит из 53 пунктов.
План включает конкретные шаги, направленные на исполнение поручений Главы государства в гуманитарной и социально-экономической сферах.
Для реализации гуманитарных инициатив Президента предусмотрено:
● разработка единой программы «Дети Казахстана»;
● разработка и принятие Концепции внутренней политики;
● принятие нового Комплексного плана по борьбе с наркоманией и наркобизнесом на 2026 – 2028 годы;
● создание Национального цифрового архива;
● строительство и развитие театров в регионах с активным вовлечением в эту работу бизнеса, а также поддержка национальных театров;
● открытие Институтов Абая за рубежом;
● создание Международного фонда охраны биологического разнообразия.
В числе социально-экономических проектов можно отметить:
● дальнейшую реализацию Национального проекта «Комфортная школа», модернизацию 1300 школ в течение трех лет;
● открытие реабилитационных центров для лиц с особыми потребностями, строительство в каждой области центров реабилитации и развития особенных детей;
● внедрение новых подходов в Концепции регионального развития;
● реализацию крупных инфраструктурных проектов в 2025-2026 годах, в том числе строительство и реконструкцию автомобильной дороги от Астаны через Аркалык, Тургай и Иргиз с прямым выходом к Транскаспийскому международному транспортному маршруту, восстановление аэропорта и строительство нового аэровокзального комплекса в городе Аркалыке;
● ежегодный запуск около 200 инвестиционных проектов в течение следующих четырех лет.
Кроме того, предстоит принять отдельные законы по развитию приграничных районов, по созданию наукоградов, по комплексной поддержке детей с особыми потребностями, о неправительственных организациях и государственном социальном заказе.
В целом инициативы и поручения Главы государства, выдвинутые на IV заседании Национального курултая, задают долгосрочную повестку развития страны как для государственных органов, так и для всего общества.
Мемлекет басшысының тағы бір бастамасы жүзеге асырылды

«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын.
«Хандар шежіресі» қолжазбасы – XVIII ғасырда жазылған, ұзындығы 3 метрден асатын бүктеме қағаз түріндегі құжат.
ЮНЕСКО мойындаған бұл бірегей артефакт қазақ елін басқарған хандардың шежіресі бай екенін аңғартады. Сонымен қатар VI-XIX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін және олардың өзге халықтармен қалай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін ЮНЕСКО тізіміне Қожа Ахмет Яссауидің қолжазбалары, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы туралы мұрағат материалдары, сондай-ақ Арал теңізінің мұрағат қоры енгізілген болатын.
Реализована еще одна инициатива Главы государства

Рукопись «Хандар шежіресі» («Генеалогия ханов») внесена в Международный реестр ЮНЕСКО «Память мира».
На четвертом заседании Национального курултая Президент Касым-Жомарт Токаев поручил усилить работу по сохранению уникального документального наследия нашей страны.
Рукопись «Хандар шежіресі», в форме свитка длиной более 3 метров, написана в XVIII веке.
Этот ценный артефакт, признанный ЮНЕСКО, демонстрирует глубокие корни правителей казахских степей, помогает понять происхождение исторических личностей и их взаимодействие с другими народами в период с VI по XIX век.
Ранее в реестр ЮНЕСКО вошли рукописи Ходжи Ахмеда Ясауи, архивные материалы международного антиядерного движения «Невада-Семей», а также архивные фонды Аральского моря.
Прошедшая сессия АНК была не просто юбилейным мероприятием, а стала еще одним рубежным событием, на котором Президент Касым-Жомарт Токаев акцентировал новые линии государственной политики.
Выступление было объемным, Глава государства по традиции высказался по широкому кругу актуальных вопросов. Выделю ряд важнейших месседжей.
Во-первых, Президент однозначно отметил, что, несмотря на множество текущих задач, укрепление межэтнического согласия было и будет одним из ключевых приоритетов всех государственных органов, тем более на фоне серьезной напряженности и неопределенности на международном поле.
Во-вторых, Глава государства опроверг различные домыслы про АНК и дал высокую оценку деятельности Ассамблеи, определив её новую перспективную роль как стратегического штаба по выработке всей государственной политики в сфере межэтнических отношений.
В-третьих, Президент вновь подчеркнул, что казахский язык должен постепенно стать языком межэтнического общения. Но это цель, к которой мы идем эволюционным путем. Задача расширения сферы применения государственного языка будет решаться без форсирования, на основе взвешенного, разумного подхода. А любые попытки политизации языкового вопроса, провокации будут пресекаться.
В-четвертых, Глава государства в очередной раз указал на необходимость конструктивного, объективного взгляда на историю. В этом контексте он отметил особую значимость предстоящего юбилея Великой Победы. Для нашей страны память об этой войне – это в первую очередь память о наших героях-соотечественниках. И решение присвоить имена фронтовиков более 500 улицам по всей стране еще раз подчеркивает наше трепетное отношение к памяти об участниках этой войны.
В-пятых, Президент четко заявил, что во внутренней и внешней политике мы всегда будем действовать, исходя исключительно из наших национальных интересов, а не следовать чьим-то методичкам. Ориентироваться на диалог со всеми партнерами на основе взаимовыгодного сотрудничества и соблюдения международного права.
Три года назад состоялся общенациональный референдум, на котором большинство наших граждан поддержало обновленную Конституцию, в результате чего она фактически поменялась на треть.
Конституционная реформа заложила прочные институциональные основы для реализации стратегического курса Президента Касым-Жомарта Токаева по всесторонней модернизации страны. Так, была установлена смешанная система выборов депутатов Мажилиса и маслихатов, а также 30% квота для женщин и молодежи, упрощена процедура регистрации партий. Существенной новацией стало введение однократного семилетнего срока президентства. Создан Конституционный Суд, усилена защита прав человека. Введена норма о том, что земля и ее недра принадлежат народу. Практическим воплощением этого положения стал проект «Нацфонд – детям», в рамках которого на счета всех казахстанских детей начисляются средства от доходов Национального фонда.
Конституционная реформа 2022 года не только сформировала в Казахстане совершенно новую политическую реальность, но и задала новый тренд во всем нашем регионе.
Процесс совершенствования нашей политической системы продолжается и сегодня. Со времени введения прямой выборности сельских акимов их корпус полностью обновился. С этого года у нас проводятся прямые выборы акимов районов и городов областного значения. В целом, ежегодно по всей стране проходят сотни электоральных кампаний, ставших повседневным элементом общественно-политической жизни.
Но главное, в результате реформ развивается новая политическая культура, обновляется система ценностей наших граждан. Таким образом, обновленная Конституция дала старт коренным преобразованиям, которые легли в основу формирования нового качества нашей нации.
Осыдан тура үш жыл бұрын елімізде жалпыұлттық референдум өтіп, азаматтарымыздың көпшілігі Конституцияны жаңарту туралы бастаманы қолдады. Соның нәтижесінде Ата Заңымыздың үштен бірі өзгерді.
Конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жан-жақты жаңғыртуға арналған стратегиялық бағдарын жүзеге асыруға берік институционалдық негіз қалады. Атап айтқанда, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың аралас жүйесі енгізілді, әйелдер мен жастарға 30% квота белгіленді, партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Президент өкілеттігінің жеті жылдық бір ғана мерзіммен шектелуі маңызды жаңалықтың бірі болды. Конституциялық Сот құрылып, адам құқықтарын қорғау тәсілдері күшейтілді. Ата заңға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген норма енгізілді. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы осы ереженің іс жүзіндегі нақты көрінісіне айналды. Оған сәйкес Қазақстандағы барлық баланың есепшотына Ұлттық қор табысынан қаржы аударыла бастады.
Конституциялық реформа Қазақстанда мүлде жаңа саяси жағдай қалыптастырумен қатар, бүкіл аймағымыз үшін жаңа үрдіске жол ашты.
Еліміздің саяси жүйесін жетілдіру үдерісі әлі де жалғасып жатыр. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі енгізілгеннен бері олардың құрамы толық жаңарды. Биылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері де тікелей сайланады. Жалпы алғанда, елімізде жыл сайын жүздеген сайлау науқаны өтеді. Бұл үдеріс елдегі қоғамдық-саяси өмірдің күнделікті көрінісіне айналды.
Ең бастысы, реформалардың нәтижесінде елде жаңа саяси мәдениет қалыптасып, азаматтарымыздың құндылықтар жүйесі жаңғырып жатыр. Осылайша, жаңартылған Конституция ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын түбегейлі өзгерістерді бастап берді.
Бүгін Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор ықпал етіп келе жатқан маңызды институттың бірі – Ұлттық құрылтайдың құрылғанына үш жыл толды.
Құрылтай құрамы үнемі жаңартылып отырады. Оның қатарында Парламент депутаттары, саяси партиялардың, білім, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина, спорт, адам құқығын қорғау саласындағы ірі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері, жас көшбасшылар және белсенді азаматтар бар.
Ұлттық құрылтай осы уақыт ішінде Қазақстан қоғамын ортақ мақсатқа жұмылдыруға арналған бірегей идеялар мен стратегиялық қадамдар ұсынатын ең басты институтқа айналды.
Құрылтай мүшелері осы құрылымның бұған дейінгі төрт отырысы мен жұмыс кездесулерінде көптеген бастама көтерді. Оның басым бөлігі орындалды.
Құрылтайда:
• Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары;
• Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
• Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын жүзеге асырудың 2023–2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;
• Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (қазір бұл жоспардың 2026-2028 жылдарға арналған нұсқасы әзірленіп жатыр);
• Заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024–2026 жылдарға арналған кешенді жоспары;
• Оқушылар мен жастар арасында электронды темекі/вейп тұтынудың алдын алудың 2023–2025 жылдарға арналған жол картасы;
• «Балалар кітапханасы» бағдарламасы;
• Волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024–2026 жылдарға арналған жол картасы сияқты маңызды құжаттарды қабылдау ұсынылды.

Құрылтайдың гуманитарлық бағыттағы жұмыстары да айрықша маңызды. Атап айтқанда:
• «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығына ұлттық мәртебе берілді;
• Ясауи мұраларын зерттеуге арналған ғылыми орталық құрылды. Қожа Ахмет Ясауи мұралары жөнінде халықаралық симпозиум өтті.
• Жалпыұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, мектептерге арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы дайындалды.
• Ұлттық кітап күні белгіленді. Оны биыл 23-ші сәуірде алғаш рет атап өттік.
Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында 16 заң қабылданды. Бұл – құрылымның тиімділігін айқындайтын нақты көрсеткіш. Атап айтқанда:
1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізілді (25-қазан – «Республика күні» ұлттық мереке мәртебесіне ие болды);
2. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң қабылданды;
3. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға түзетулер енгізілді;
4. Креативті индустрияны қолдауға арналған заңнамалық шаралар қабылданды;
5. Ғылым және білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізілді;
6. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру үшін 9 құрметті атақ бойынша түзетулер енгізілді;
7. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулер енгізілді;
8. Есірткі өндірушілер мен оны тасымалдаушылардың жауапкершілігін саралау жөнінде түзетулер енгізілді;
9. Шегуге келмейтін темекі өнімдері мен вейптерге тыйым салу
жөнінде түзетулер енгізілді;
10. Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері жөнінде түзетулер енгізілді;
11. Вандализммен күрес және табиғи объектілерді қорғау жөнінде түзетулер енгізілді;
12. Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі заңнамаларға түзетулер енгізілді;
13. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылданды;
14. «Айбын» орденінің түрлі дәрежесіне майдангер-батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру туралы түзетулер енгізілді;
15. Ономастикаға және символикалардың біріңғай стандартына қатысты түзетулер енгізілді;
16. Мемлекеттік наградаларға толықтай немесе оның кейбір элементтеріне түр-сипаты ұқсас наградаларды даярлауға, онымен марапаттауға тыйым салатын заң қабылданды.
Бұған қоса, қазір тағы 5 заң жобасы, атап айтқанда:
1. Археология саласына қатысты;
2. Арнайы қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы;
3. Ғылым қалашықтарын құру туралы;
4. Коммерциялық емес ұйымдар туралы;
5. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобалары әзірленіп жатыр. Оларды да қабылдау жоспарланып отыр.
Ұлттық құрылтай ел дамуына қатысты ұзақ мерзімге арналған күн тәртібін қалыптастыратын маңызды құрылымға айналды.
Атап айтқанда, Үкімет Құрылтайдың үшінші отырысының қорытындысына сәйкес 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылым жоспарын бекітіп, жүзеге асырып жатыр.
Ал құрылтайдың 4-ші отырысында Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейінгі ел дамуының бес басым бағытын айқындап берді. Бұл – цифрландыру және жасанды интеллект, көлік және транзит, энергетика, агроөнеркәсіп секторы және адам капиталы.
Сегодня исполнилось три года со дня создания Национального курултая – одного из ключевых инструментов реализации президентской концепции «Слышащего государства».
Состав Курултая постоянно обновляется, в него входят депутаты Парламента, представители политических партий, крупных отраслевых объединений образования, науки, культуры, бизнеса, медицины, спорта, защиты прав человека, представители региональных общественных советов, молодежные лидеры и активисты.
За время своей работы Национальный курултай состоялся как ключевой институт, направленный на генерацию идей и формулирование стратегических шагов для укрепления общественной консолидации в Казахстане.
На проведших четырех заседаниях и рабочих встречах членами Курултая было выдвинуто множество инициатив, большинство из которых уже реализованы.
Именно на площадке Курултая было предложено принять такие важные документы как:
· Комплексный план по продвижению идеологии ценности труда в обществе на 2023 – 2025 годы.
· Концепция развития языковой политики в Республике Казахстан на 2023 – 2029 годы.
· План действий по реализации Информационной доктрины Казахстана на 2023-2025 годы.
· Комплексный план по борьбе с наркоманией и наркобизнесом на 2023-2025 годы. Сейчас идет разработка аналогичного плана на 2026-2028 годы.
· Комплексный план по противодействию незаконному игорному бизнесу и лудомании на 2024 – 2026 годы
· Дорожная карта по профилактике употребления электронных сигарет/вейпов среди школьников и молодежи на 2023-2025 годы.
· Программа «Детская библиотека».
· Дорожная карта развития и поддержки волонтерства в Республике Казахстан на 2024-2026 годы
Важным также является гуманитарное направление работы Курултая:
· Государственному историко-культурному музею-заповеднику «Әзірет Сұлтан» присвоен национальный статус.
· Создан Научный центр Ясауиведения, проведен Международный научный симпозиум о наследии Х.А. Ясауи.
· Разработана Единая программа воспитания в школах «Адал Азамат», основанная на общенациональных ценностях.
· Учрежден Национальный день книги, который впервые отмечался 23 апреля этого года.
Знаковым показателем результативности работы является принятие 16 законов в рамках реализации инициатив Национального курултая:
1.   Поправки в Закон «О праздниках в Республике Казахстан» (Дню Республики – 25 октября присвоен статус национального праздника).
2.   Закон «Об особом статусе города Туркестана».
3.   Поправки в закон «О государственной молодежной политике»
4.   Пакет законодательных мер по поддержке креативной индустрии.
5.   Поправки в законодательство по вопросам науки и образования.
6.   Поправки по 9 новым почетным званиям для рабочих профессий.
7.   Поправки по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей. 
8.   Поправки по дифференциации ответственности наркокурьеров и производителей наркотиков. 
9.   Поправки по запрету вейпов, некурительных табачных изделий. 
10. Поправки по вопросам игорного бизнеса, лотерей и лотерейной деятельности.
11. Поправки по вандализму и защите природных объектов.
12. Поправки в законодательство по вопросам масс-медиа.
13.Закон «Об онлайн-платформах и онлайн-рекламе».
14. Поправки о присвоении ордену «Айбын» имен легендарных воинов-героев: Сагадата Нурмагамбетова, Бауыржана Момышулы, Рахимжана Кошкарбаева.
15. Поправки по вопросам ономастики и по единому стандарту символики.
16. Закон, запрещающий изготовление и награждение общественными наградами, схожих с госнаградами.
Также идет разработка и планируется принятие еще 5 законов:
1. В сфере археологии.
2. По комплексной поддержке детей с особыми потребностями.
3. По созданию наукоградов.
4. О неправительственных организациях.
5. О государственном социальном заказе.
В целом Национальный курултай стал площадкой формирования долгосрочной повестки развития страны.
Так, по итогам 3 заседания Правительством принят и реализуется Национальный инфраструктурный план до 2029 года.
На 4 заседании в своем выступлении Глава государства определил пять приоритетных направлений развития страны к 40-летию Независимости: цифровизация и искусственный интеллект; транспорт и транзит; энергетика; агропромышленный сектор; человеческий капитал.
 
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы Заңның қабылданғанына бір жыл толды.

Президент 2024 жылғы 15 сәуірде қол қойған Әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігі туралы заң былтыр 16 маусым күні күшіне енді. Мемлекет басшысы билікке келген кезден бастап әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саясатын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ымырасыз күресу өзінің мызғымас ұстанымы екенін үнемі айтып жүр.
Қабылданған заңның және мемлекет жүзеге асырып жатқан нақты шаралардың нәтижесінде Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқығын қорғаудың озық заңнамалары мен тиімді жүйесі қалыптасты.
Нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері едәуір азайды. Мысалы, жыл басынан бері құзырлы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты түскен арыздардың саны былтырғы осы уақпен салыстырғанда 20,5%-ға төмендеді.
Бұған қоса ауыр және аса ауыр сипаттағы тұрмыстық қылмыстың саны азайған. Жыл басынан бергі бес айда аса ауыр тұрмыстық қылмыс 44%-ға, ауыр отбасылық-тұрмыстық қылмыс 29%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, бес айда кәмелет жасына толмағандарға қарсы жасалған жыныстық сипаттағы қылмыс саны 21,3%-ға, педофилияға қатысты қылмыс саны 40,7%-ға азайған.
Жалпы, мемлекет тарапынан қолға алынған ұйымдастыру шаралары мен құқықтық шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда әйелдердің құқықтарын бұзған қылмыс саны екі есе азайған.
Жазаның күшейтілуі мен алдын алу шараларының жаңа тәсілдері өз жемісін беріп жатыр.
1. Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау көрсеткіштері айтарлықтай артты. Жаңа тәсілдің, яғни, ресми түрде арыз берілмесе де, өңірлерде құрылған жедел топтардың, полиция қызметкерлерінің, куәгерлердің берген деректері мен әлеуметтік желілерді сараптаудың нәтижесінде биылғы қаңтар-мамыр айларында 19 мыңнан астам осындай оқиға анықталды.

2. Мектептерге «111» мемлекеттік байланыс орталығының QR-коды орнатылғаннан кейін балалар арасындағы зорлық-зомбылық, буллинг, күрделі психикалық-эмоциялық жағдайларды анықтау көрсеткіші артты. Биыл 5 айдың ішінде 86 мың бала осы қызмет түріне жүгінген. Соның ішінде 2 мыңнан астам бала зорлық-зомбылықтан, буллингтен, сыныптастарымен, ата-анасымен күрделі қарым-қатынастан күйзеліске түскенін айтып көмек сұраған. Балалар өзіне өзі қол жұмсамақ болған 28 оқиға анықталып, қатердің беті қайтарылған. «111» қызметіне хабарласқан азаматтардың саны да көбейіп келеді. Соңғы бес айда бұл нөмірге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологиялық көмек алу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін айту үшін және басқа да әлеуметтік мәселелермен 62 мың ересек адам хабарласқан.

3. Отбасыларға, әйелдер мен балаларға көмек көрсету ауқымы кеңейді. Қазірге дейін психологиялық көмек көрсететін 20 орталық ашылды. Еліміздегі 112 қала мен ауданда отбасыларды қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. Осы жылдың алғашқы тоқсанының өзінде 34 мың отбасына әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді, 2 мың отбасына әлі де көмек көрсетіліп жатыр.

4. Агрессормен психологиялық жұмыс жүргізу зорлық-зомбылықтың алдын алудың жаңа тәсілі ретінде дамып келеді. Биыл сот үкімімен 52 «бұзақы» денсаулық сақтау мекемелерінде психологиялық көмек алуға міндеттелді.
Закону о борьбе с семейно-бытовым насилием исполнился год.

16 июня 2024 года вступил в силу Закон об обеспечении прав женщин и безопасности детей, подписанный Президентом 15 апреля 2024 года. Глава государства с самого начала своего президентства последовательно проводит политику, нацеленную на защиту прав женщин и детей. Касым-Жомарт Токаев всегда подчеркивает, что бескомпромиссная борьба с бытовым насилием является его принципиальной позицией.
Благодаря принятию данного закона и реализуемым государством мерам в Казахстане, сформировано одно из самых передовых законодательств и действенных систем защиты прав женщин и детей.
В итоге значительно снизилось количество фактов семейно-бытового насилия. Так, например, с начала текущего года поступило на 20,5% меньше сообщений о бытовом насилии по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.
Также существенно снизилось количество тяжких и особо тяжких бытовых преступлений. Так, по итогам 5-ти месяцев этого года зафиксировано снижение регистрации особо тяжких на 44% и тяжких преступлений в сфере семейно-бытовых отношений 29%.
Кроме того, по итогам 5 месяцев текущего года зафиксировано снижение преступлений против половой неприкосновенности несовершеннолетних на 21,3% и на 40,7% преступлений, связанных с педофилией.
В целом в результате принимаемых государством организационных и правовых мер за 5 лет вдвое сократилось количество преступлений, посягающих на права женщин.
Ужесточение наказаний и создание механизмов профилактики принесли свои результаты:
1. Значительно повысилась выявляемость правонарушений семейно-бытового характера. Благодаря новому механизму т.е. без официальных заявлений, на основе данных региональных мобильных групп, сотрудников полиции, свидетелей, анализа социальных сетей и т.д. за январь-май выявлено более 19 тыс. таких случаев.

2. Повысилось количество выявленных фактов насилия, буллинга, сложного психоэмоционального состояния среди детей за счет размещения в школах страны QR-кода службы государственного Контакт - центра «111». За 5 месяцев этого года от детей поступило более 86 тыс. смс-сообщений, из них более 2 тыс. детей обратились за помощью по причине насилия, буллинга и сложных отношений с одноклассниками, родителями и психоэмоционального состояния, в 28 случаях был предотвращен суицид. Также все больше граждан страны обращаются за помощью в службу «111». Так, за 5 месяцев поступило 62 тыс. звонок от взрослых по социальным вопросам, безопасности детей, психологической помощи и по фактам семейно-бытового насилия.

3. Расширился охват оказания помощи семьям, женщинам и детям. На сегодняшний день открылось 20 Центров психологической поддержки, в 112 районах и городах страны функционируют Центры поддержки семьи. Только за первый квартал текущего года организована социальная, оказана психологическая, юридическая помощь семьям 34 тыс. семей и гражданам, 2 тыс. семей находится на сопровождении.

4. Развивается новая форма профилактики – психологическая работа с агрессором. В этом году в отношении 52 «дебоширов» судами назначено обязательное прохождение в органах здравоохранения психологической помощи.
Бес жыл бұрын саяси реформалар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмін енгізу туралы бастама көтерген болатын.
Соның нәтижесінде, кейінгі жылдары ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды. Барлық 17 облыста жалпы саны 2 969 әкім сайланды. Олардың 864-і – өзін-өзі ұсынған үміткерлер, ал 283-і – әйелдер. Жаңа әкімдердің басым бөлігі бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемегенін айта кету керек. Халық сеніміне ие болған азаматтардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, шаруалар, кәсіпкерлер, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары бар. Бүгінде ауыл әкімдерінің орташа жасы – 44 жас. Сайлау нәтижесінде ауыл әкімдерінің корпусы жан-жақты жаңартылды.
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үдерісі жалғасып жатыр.
Былтыр барлық өңірде 45 аудан әкімін сайлау пилоттық режимде өтті. Ал биылдан бастап қазіргі аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттіктері аяқталуына қарай сайлау тікелей дауыс беру арқылы өткізіледі.
Осылайша, Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру үдерісі жалғасып, мемлекеттік қызмет саласында түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр.
Пять лет назад в рамках политических реформ Президент Касым-Жомарт Токаев инициировал внедрение механизма прямой выборности сельских акимов.
В результате за последние годы корпус сельских акимов обновился на 100%. Во всех 17 областях было избрано 2 969 акимов. Из них 864 – это самовыдвиженцы, а 283 вновь избранных руководителя – женщины. Стоит отметить, что большинство новых акимов прежде не работали на государственной службе. Среди избранных акимов учителя, врачи, фермеры, бизнесмены, руководители местных предприятий и крестьянских хозяйств. Средний возраст сельских акимов сегодня составляет 44 года. В результате выборов корпус сельских акимов обновился во всех смыслах.
Процесс совершенствования государственной системы управления продолжается.
Так, в прошлом году во всех регионах состоялись пилотные выборы 45 районных акимов. С этого года по мере истечения полномочий действующих акимов районов и городов областного значения проводятся выборы прямым голосованием.
Таким образом, процесс реализации политических реформ в Казахстане продолжается, в системе государственной службы происходят большие изменения.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президент Әкімшілігі кешегі оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізуді бастады. Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары және Ішкі саясат бөлімінің қызметкері аймаққа жол жүріп кетті.
По поручению Главы государства Администрацией Президента начато служебное расследование вчерашнего инцидента. В регион выехали государственные инспектора и сотрудник Отдела внутренней политики Администрации Президента.