Aqorda 🇰🇿
59.2K subscribers
13.4K photos
2.7K videos
15K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Наша страна вступила в новый этап развития. В прошлом году мы приступили к реализации конституционной реформы. Были внесены важнейшие изменения в Основной закон. В ноябре состоялись президентские выборы. Недавно была избрана часть депутатов Сената. Кроме того, моим Указом был назначен ряд сенаторов. Таким образом, завершился процесс формирования состава Сената.

Обновилась почти половина депутатского корпуса, в котором имеются представители всех регионов, в том числе вновь созданных. Специальная квота выделена для членов Ассамблеи народа Казахстана. Все это позволит Сенату защищать интересы всех граждан страны. В целом, Палата играет особую роль в системе государственного управления. Согласно Конституции, на Сенат возлагаются важные функции. Созданы все условия для качественного осуществления законотворческой деятельности.

Палата с честью исполняет свою работу. Сенаторы приняли самое активное участие в реализации масштабных реформ. Пользуясь случаем, хочу выразить вам искреннюю благодарность. Уверен, что избранные депутаты придадут новый импульс работе Сената»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түсті. Бұл реформалар билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастырады. Елдегі саяси үдеріске азаматтардың қатысуына жол ашады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыра түседі.

Біздің осы бастамаларымызға қоғам өкілдері қолдау білдірді. Ауқымды жаңғырту жұмысын жүргізуге мүмкіндік туды. Соның арқасында бірнеше жылда айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі ауқымды жұмыс бар»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«В нашей стране утвердился принцип «Сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство». Проводимые реформы направлены на формирование сбалансированной системы властных институтов, расширение возможностей участия граждан в политическом процессе, повышение эффективности государственного управления.

Благодаря широкой общественной поддержке наших инициатив работа по масштабной модернизации принесла серьезные результаты. Но мы не будем останавливаться на достигнутом. Предстоит большая работа»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Басты мақсатымыздың бірі – қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру. Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Онсыз тұрақты әрі жан-жақты даму мүмкін емес.

Референдумда халықтың қолдауына ие болған конституциялық реформаны жаңа саяси дәуірдің бастауы деуге болады. Бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытуға жол ашты. Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке реформалардың негізгі арқауына айналды»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Одна из наших основных целей – формирование в обществе цивилизованных политических традиций. Для этого нам предстоит утвердить культуру высокой политической ответственности, без которой невозможен устойчивый и всесторонний прогресс.

Конституционная реформа, поддержанная гражданами на референдуме, стала отправной точкой новой политической эпохи. Она положила начало эволюционному преобразованию политической системы страны на основе принципов справедливости, открытости и подлинной конкуренции»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Жақында ғана Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқаны өз жұмысын бастады. Бұл негізгі мемлекеттік институттарды кешенді түрде жаңғыртудың соңғы сатысы болмақ. Мәжіліс пен мәслихаттардың аралас моделін қалыптастыруға көшіп жатырмыз. Барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғау тұрғысынан мұның мәні зор. Бұл өзгеріс өкілді билік тармақтарының барлық деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді.

Соңғы жылдары жүргізілген саяси өзгерістер, сайлау заңнамасын мақсатты түрде либералдандыру Қазақстанда партия құру ісіне тың серпін берді. Ұзақ уақыттан бері елімізде алғаш рет бірнеше жаңа партия ресми түрде тіркелді. Аталған деректі аралық қорытынды ретінде атап өтуге болады. Бұл – алға қарай жасалған маңызды қадам»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Стартовавшая недавно избирательная кампания в Мажилис и маслихаты станет завершающим этапом комплексной перезагрузки ключевых государственных институтов. Переход на смешанную модель формирования Мажилиса и маслихатов имеет большое значение с точки зрения защиты интересов всех социальных групп. Это новшество окажет существенное влияние на всю вертикаль представительной ветви власти.

Проведенные за последние годы политические преобразования, целенаправленная либерализация избирательного законодательства придали мощный импульс партийному строительству в Казахстане. В качестве промежуточного итога можно зафиксировать тот факт, что впервые за долгое время в стране официально зарегистрированы несколько новых партий. Это большой шаг вперед»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда, елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс. Сондай-ақ, мемлекет тұғырын нығайту және ел бірлігін сақтау мәселесін бәрінен биік қоюы керек.

Партиялар азаматтық қоғамның басты тірегі болуға тиіс. Жұртшылықтың талап-тілегіне жете мән беріп, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Өз бағдарламасын заңды жолдармен іске асыруы керек. Саясаткерлердің жаңа шоғырын қалыптастырып, оларды елге таныту да маңызды»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Партии играют определяющую роль в формировании политической системы. Стране нужны партии, которые обладают высокой степенью ответственности, умеют защищать интересы людей. Безусловным приоритетом в их работе должны стать укрепление государственности и сохранение единства страны.

Партиям предстоит стать главной опорой гражданского общества. В фокусе их особого внимания должна быть планомерная работа по исполнению запросов граждан. Реализуя свои программы, им необходимо строго следовать требованиям закона. Очень важно сформировать новую генерацию политиков и сделать их узнаваемыми в стране»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Салмақты саяси күштер халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, нақты мәселелерін шешуге ерекше назар аударады. Әлеуметтік маңызы бар идеялар мен бастамаларға барынша көңіл бөледі. Еліміздегі партиялардың көпшілігінде мемлекетшілдік ұстаным бар. Бұл – жақсылықтың нышаны.

Жұрт жақында өз таңдауын жасайды деп сенемін. Алдағы сайлауда партиялардың бәріне бірдей мүмкіндік беріледі. Әкімдер қандай да бір саяси ұйымға жетекшілік ете алмайды. Ата заңға енгізілген өзгеріске сәйкес Президент барлық саяси күштен тысқары тұруға тиіс. Мәжіліс пен мәслихат сайлауы жаңа әрі әділ ереже бойынша өтеді.

Алдағы сайлауды Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы деуге болады. Қоғамның түрлі өкілдерінің мүддесін партиялар арқылы қорғау мүмкіндігі артады. Мұның бәрі саяси жүйенің орнықты және тиімді болуын қамтамасыз етеді»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Авторитетные политические силы уделяют самое пристальное внимание нуждам и чаяниям людей, решению их реальных проблем. Причем в приоритете – инициативы и решения, имеющие важное общественное значение. Большинство партий в нашей стране поддерживает принцип укрепления государственности. Это добрый знак.

Скоро людям предстоит сделать свой выбор. На предстоящем голосовании всем партиям будут предоставлены равные возможности. Акимы не имеют права возглавлять какие-либо политические организации. Согласно конституционным поправкам, Президент не должен состоять в политических партиях.

Выборы в Мажилис и маслихаты, который пройдут по новым справедливым правилам, откроют новую веху в истории парламентаризма в Казахстане. Благодаря работе партий расширились возможности защиты интересов различных слоев общества. Все это обеспечивает стабильность и эффективность политической системы»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Жалпы, кез келген сайлауда қоғамның саяси кемелдігі сыналады. Қоғамда пікірталас қызу жүреді.

Сын – азаматтық қоғамның ажырамас бөлшегі және аталған ұғым Қазақстанға да тән. Бұл – менің берік ұстанымым. Қоғамды трансформациялау және жаңғырту жөнінде қабылдаған шараларымыз халықтың мұң-мұқтажын шешуге бағытталған. Реформалар одан әрі жалғасады»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«В целом, любые выборы являются своеобразным тестом на политическую зрелость общества. В обществе разворачиваются острые дискуссии.

Моя принципиальная позиция заключается в том, что критика власти является неотъемлемой частью гражданского общества, и Казахстан здесь не исключение. Предпринятые нами меры по трансформации и модернизации общества соответствуют чаяниям народа, и реформа будет продолжена»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Біздің «Әртүрлі көзқарас, біртұтас ұлтқа» негізделген қағидатымыз мызғымайды. Алайда сын негізсіз болмауы тиіс, ол нақты фактілерге сүйенуі қажет. Саяси радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне елімізде орын жоқ. Демократия – бұл, ең алдымен, өз сөзің мен ісіңе жауапкершілікпен қарау. Бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір азамат, кез келген қоғам қайраткері, барша саяси күш ел болашағы үшін өзінің тікелей жауапкершілігін сезінуі қажет.

Барша отандастарыма айтарым: әлемде бұрын-соңды болмаған күрделі геосаяси ахуал кезінде еліміздің тыныштығы мен ырыс-берекесін сақтау тек өзімізге, бірлігіміз бен ынтымағымызға байланысты. Тәуелсіздігімізді сақтау және оны нығайту аса маңызды міндет екенін тағы да еске саламын. Бұл – халқымыздың басты құндылығы.

Біз конструктивті реформа бағытымен алға қарай нық қадам басып, мемлекеттілігімізді нығайтып, қоғамды біріктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Саяси жауапкершіліктің биік мәдениеті мен азаматтарымыздың шынайы патриотизмі мұның кепілі бола алады. Әрқайсымыз өзара тілеулестік қағидатынан айнымауымыз керек. Сонда ғана тең мүмкіндіктер мен дамуды ту еткен Әділетті Қазақстанды құрамыз»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Наш принцип «разные мнения, но единая нация» незыблем. Но при том понимании, что такая критика не носит огульный характер, а основана на конкретных фактах. Но любым проявлениям политического радикализма, экстремизма не должно быть и не будет места в нашей стране. Демократия – это в первую очередь ответственность за свои слова и действия. Мы все живем в одном обществе, в одном доме. Поэтому каждый гражданин, любой общественный деятель, все политические силы должны осознавать свою прямую ответственность за будущее страны.

Я обращаюсь ко всем соотечественникам: в условиях беспрецедентно сложной геополитической ситуации в мире только от нас самих, от нашего единства и сплоченности зависят мир и благополучие на нашей священной земле. Еще раз напоминаю об исключительной важности сохранения и укрепления Независимости. Это самое ценное, что есть у нашего народа.

Мы должны твердо идти курсом конструктивных реформ и делать все возможное для укрепления государственности и консолидации общества. Залогом этого являются высокая культура политической ответственности и деятельный, истинный патриотизм наших граждан. Каждый из нас должен следовать принципу взаимной солидарности. Только так мы построим Справедливый Казахстан – страну равных возможностей и прогресса»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс.

Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен, бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек.

Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Через несколько недель начнется электоральная кампания. Кандидаты приступят к агитационной деятельности, используя самые разные методы для получения голосов избирателей. Это обычная демократическая процедура.

В Казахстане многообразие мнений ничем не ограничено. Разрешено все, что не запрещено законом. Однако есть одна вещь, о которой мы все должны помнить. Выборная кампания должна не разделить, а объединить страну.

Хочу вновь призвать кандидатов воздержаться от действий, которые могут посеять смуту в обществе. Неосторожное слово или необдуманный шаг могут пагубно сказаться на будущем всей страны. Это должен понимать каждый наш соотечественник»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Мемлекет басшысы:

«Плюрализм мемлекетті эволюциялық жолмен дамытуға мүмкіндік береді. Бізде саяси көзқарасы әртүрлі партиялар бар. Кандидаттардың түрлі мәселе бойынша ұстанымдарының бірдей болмауы да заңды құбылыс. Бірақ, көзқарастары мүлде қабыспайтын ымырасыз қарсыластардың өзіне ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің қасиетті Отанымыз және қастерлі Тәуелсіздігіміз.

Мен бұл туралы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда айттым. Өйткені, Тәуелсіздік үшін күрес күнделікті еңбекпен және елдік саясатпен тығыз байланысып жатыр. Болашақтың алдында бәріміз бірдей жауап береміз. Кейінгі ұрпақ кімнің саяси ұстанымы қандай болғанына мән береді.

Аға буынның оларға қандай мемлекетті мирас еткеніне қарап, бүгінгі күнін бағалайтын болады. Сондықтан, біз ортақ мақсат жолында бірігуіміз керек»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Глава государства:

«Плюрализм дает возможность государству развиваться эволюционным путем. У нас действуют партии с разными политическими позициями. Также вполне закономерно несовпадение взглядов кандидатов по тем или иным вопросам и проблемам. Однако даже бескомпромиссных противников, придерживающихся противоположных убеждений, объединяют общие ценности. Это наша благословенная Отчизна и священная Независимость.

Об этих непреложных истинах я писал в статье «Независимость превыше всего». Как известно, борьба за Независимость тесно связана с государственной политикой и повседневным трудом. Мы все в ответе за будущее. Наши потомки будут пристально изучать, каких политических позиций мы придерживались.

Исходя из того, какое государство оставит им в наследство старшее поколение, они будут оценивать нынешнее время. Поэтому мы должны сплотиться ради достижения общей цели»

t.iss.one/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Кез-келген саяси мүддеге қарағанда мемлекетшілдік қасиет әлдеқайда биік тұруға тиіс. Қоғамға, ең алдымен, әрбір сөзіне және ісіне жауапкершілікпен қарайтын саясаткерлер қажет. Сонда азаматтардың елдік саясатқа деген сенімі артады. Ал, сенім – бұл аса маңызды құндылық.

Біздің елімізге заң үстемдігі және азаматтық тәртіп аса қажет. Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп айтқан. Заңды сыйлайтын елдің қашанда ұпайы түгел»

t.iss.one/aqorda_resmi