Aqorda 🇰🇿
67.1K subscribers
15.9K photos
2.95K videos
17.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Президент упомянул значительные достижения Турции в оборонной и военно-технической сферах и поздравил Реджепа Тайипа Эрдогана с успешным проведением Международной выставки оборонной промышленности IDEF 2025

✔️Одной из тем переговоров стала совместная разработка IT-технологий. Глава государства остановился на достижениях нашей страны в этой сфере, подчеркнув, что открываются широкие возможности для укрепления стратегического партнерства между Казахстаном и Турцией в сфере IT.

✔️Касым-Жомарт Токаев рассказал, что приоритетное внимание было уделено укреплению культурно-гуманитарных связей. В первую очередь были рассмотрены вопросы развития контактов в сферах образования и науки.

– В настоящее время более 12 тысяч наших студентов обучаются в Турции, а 300 турецких студентов – в высших учебных заведениях Казахстана. Выражаю благодарность Президенту и Правительству Турции за оказанную поддержку. В Туркестанской области уже много лет успешно функционирует Международный казахско-турецкий университет имени Ахмеда Ясави. В Южно-Казахстанском педагогическом университете будет открыт филиал одного из ведущих учебных заведений Турции – университета Гази. Кроме того, начаты работы по открытию двух школ Фонда «Маариф», что станет поистине значимым событием. В соответствии с соглашением, подписанным в прошлом году, ведется подготовка к учреждению филиала Высшего учебного заведения «Медиполь Стамбул» на базе Медицинского университета Астана. Мы достигли договоренности о подготовке и повышении квалификации отечественных медицинских работников в ведущих клиниках Турции. Кроме того, мы заинтересованы в продолжении перспективных начинаний и дальнейшем укреплении связей в сферах образования, туризма и медицины. В целях углубления многоплановых связей было принято решение о предоставлении гражданам Турции права на безвизовое пребывание на территории Казахстана сроком до 90 дней. Считаю этот шаг особенно важным для туристов и бизнесменов. Уверен, что подобные инициативы укрепят нашу дружбу, повысят взаимное доверие и откроют путь к новым достижениям, – поделился планами Президент.


t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Екі ел президенттері әлемдегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты

✔️Қазіргі күрделі кезеңде қарулы қақтығыстардың ушығуына алаңдаушылық білдіретіндерін жеткізді.

✔️Қазақстан мен Түркия президенттері барлық жанжал мен қақтығыс дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешілуі қажет деп есептейді. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Ресей мен Украина арасындағы жанжалды реттеу ісіндегі айрықша рөлін атап өтті.

– Бұл – Сіздің беделіңіз бен ықпалыңыздың айқын дәлелі. Қос елдің Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау қажеттілігі жөніндегі ұстанымы – ортақ. Қазақстан әрбір елдің аумақтық тұтастығы сақталуы керек деген ұстанымды қорғайды. Қазақстан мен Түркия халықаралық аренадағы тиімді ықпалдастығын жалғастыра береді. Қазақстан дипломатиясы Түркі мемлекеттері Ұйымының одан әрі дамуына баса мән бермекші. Осы бағытта Түркия тарапымен бірлесіп жұмыс істей береміз. Жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді біріктіреміз. Осы тұста Қазақстанның халықаралық бастамаларына көрсетіп жатқан қолдауына, соның ішінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті дамытудағы Түркияның үлесіне ерекше ризашылық білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.


🇹🇷Түркия Президенті бүгінгі келіссөздердің нәтижелі болғанын атап өтті.

– Қазақстан – аймақтағы экономикасы ең ірі ел және біздің негізгі серіктесіміз. Бүгін біз қорғаныс пен энергетикадан бастап, көлік, ғылым мен технологияға дейінгі кең ауқымды салалар бойынша пікір алмастық. Біз тау-кен, сирек кездесетін металдар бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырдық. Қазақстан мұнайын Түркия арқылы әлемдік нарыққа экспорттау мүмкіндіктерін талқыладық. Тарихи Жібек жолының қазіргі баламасы – Транскаспий көлік бағдарын пайдалану және дамыту жолдарын қарастырдық, – деді Режеп Тайип Ердоған.


✔️Түркия Президенті туризм саласындағы ынтымақтастық перспективасына тоқталып, түрік азаматтарына Қазақстанда 90 күн визасыз жүруге рұқсат беру туралы шешім қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

✔️Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі келіссөздердің табысты өткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, Түркия Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Главы государств обменялись мнениями по актуальным мировым проблемам и выразили обеспокоенность в связи с эскалацией вооруженных конфликтов

✔️Президенты Казахстана и Турции считают необходимым разрешение всех конфликтов и противоречий мирным путем, на основе дипломатических переговоров. Касым-Жомарт Токаев отметил особую роль Реджепа Тайипа Эрдогана в урегулировании российско-украинского конфликта.

– Это является убедительным свидетельством Вашего авторитета и влияния. Наши страны придерживаются общей точки зрения относительно необходимости реформирования Организации Объединенных Наций. Казахстан отстаивает необходимость сохранения территориальной целостности всех стран. Казахстан и Турция продолжат эффективное сотрудничество на международной арене. Казахстанская дипломатия будет уделять особое внимание дальнейшему развитию Организации тюркоязычных государств. Мы продолжим совместную работу с турецкой стороной в этом направлении и объединим усилия во имя обеспечения глобальной стабильности и безопасности. Выражаю особую признательность за поддержку международных инициатив Казахстана, в том числе за вклад Турции в работу Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии, – подытожил Глава государства.


🇹🇷Реджеп Тайип Эрдоган отметил, что завершившиеся переговоры были плодотворными.

– Казахстан – крупнейшая экономика региона и наш основной торговый партнер. Сегодня мы обменялись мнениями по широкому спектру направлений – от обороны и энергетики до транспорта, науки и технологий. Были рассмотрены перспективы сотрудничества в области добычи полезных ископаемых и редких металлов, возможности экспорта казахстанской нефти на мировой рынок через территорию нашей страны. Также были обсуждены пути использования и развития Транскаспийского транспортного маршрута – современного аналога исторического Шелкового пути, – сообщил Президент Турции.


✔️Реджеп Тайип Эрдоган затронул вопросы сотрудничества в сфере туризма, выразив признательность Касым-Жомарту Токаеву за принятое Казахстаном решение о возможности безвизового пребывания граждан Турции в течение 90 дней.

✔️В завершение своего выступления Глава нашего государства поблагодарил Президента Турции Реджепа Тайипа Эрдогана за состоявшиеся плодотворные переговоры и пригласил его посетить Казахстан в удобное время.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды

🇰🇿🇹🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденін алу зор мәртебе екенін атап өтіп, Президент Режеп Тайип Ердоғанға және барша түрік халқына шынайы алғысын жеткізді.

– Мен отандық немесе шетелдік орден және басқа да марапаттарды қабылдаудан бас тарттым. Алайда бүгінгі Сіздің шешіміңіздің мән-маңызы ерекше деуге болады. Бұл – қазақ-түрік ынтымақтастығы жылнамасындағы мағынасы терең тарихи оқиға. Сіз осы шешіміңізбен бабаларымыздың аманатына берік екеніңізді тағы бір мәрте көрсеттіңіз. Бізге асыл мирас болып қалған баға жетпес мұрамыз – достық пен бауырластық байланыстарды бекемдей түстіңіз. Бұл жоғары марапатты түрік елінің барша қазақ халқына көрсеткен ерекше құрметі деп санаймын. Осы игі бастама – тамыры бір, діні мен ділі ортақ халықтарымыз арасындағы мызғымас достықтың айқын белгісі, қастерлі құндылықтарымызды дәріптейтін маңызды қадам. Сондай-ақ бұл – қазақ-түрік стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға деген өзара ұмтылыстың айғағы, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Президент әріптесі Режеп Тайип Ердоғанды әлемдік деңгейдегі көреген, ықпалды, аса көрнекті саясаткер, өңірлік және жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосып отырған тарихи тұлға деп атады.

– Парасатты саясатыңыз бен ел мүддесін ілгерілету жолындағы табанды әрі қажырлы еңбегіңіздің арқасында осындай абырой биігіне шықтыңыз. Түркияның бүкіл дүниежүзіндегі беделі ешкімнің күмәнін тудырмайды. Сіздің басшылығыңызбен Түркияның қол жеткізген табыстары әлемнің әрбір түкпірінде мойындалатын болды. Түркияның әлем мойындаған жетістіктері, қарқынды дамуы, халықаралық қауымдастықтағы биік беделі мен зор ықпалы Сіздің атыңызбен тікелей байланысты. Бүгінде еліңіз экономикалық дамуы бойынша әлемнің жетекші 20 мемлекетінің қатарында. Сарапшылардың болжамы бойынша Түркияның болашағы – жарқын, ал дүниежүзіндегі ықпалы арта бермек. Сіздің көшбасшылығыңызбен тұғыры биік Түркия өзінің жаңа алтын дәуірінде биік белестерді бағындыра беретініне кәміл сенемін. Біз Түркияның Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекет болғанын еш уақытта ұмытпаймыз. Бұл егемен Қазақ елінің жылнамасында сақталатын өшпес тарихи дерек, – деді Президент.


t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖Президент Казахстана был награжден высшей государственной наградой Турецкой Республики – орденом Devlet Nişanı

🇰🇿🇹🇷Касым-Жомарт Токаев выразил искреннюю благодарность Президенту Реджепу Тайипу Эрдогану и всему турецкому народу и отметил, что для него большая честь принять высшую государственную награду Турецкой Республики.

– Я отказывался принимать отечественные или иностранные ордена и другие награды. Однако Ваше сегодняшнее решение имеет особое значение. Это значимое историческое событие в летописи казахско-турецкого сотрудничества. Вы вновь подтвердили твердую приверженность заветам наших предков, укрепив главное достояние двух народов – узы дружбы и братства, передающиеся из поколения в поколение. Я расцениваю эту высокую награду как знак глубокого уважения турецкой стороны ко всему народу Казахстана. Эта добрая инициатива – символ незыблемой дружбы между нашими странами, имеющими общие корни, религию и менталитет, а также важный шаг, отвечающий духу наших ценностей. Она также отражает взаимное стремление к дальнейшему укреплению казахско-турецкого стратегического сотрудничества, – сказал Президент Казахстана.


🟦Глава нашего государства назвал своего турецкого коллегу Реджепа Тайипа Эрдогана авторитетным мировым политиком, исторической личностью, внесшей неоценимый вклад в укрепление региональной и глобальной стабильности и безопасности.

– Вы достигли таких высот благодаря мудрой политике и неустанной деятельности, направленной на продвижение интересов страны. Международная репутация Вашей страны не вызывает никаких сомнений. Мировое признание достижений Турции, ее динамичное развитие, высокий авторитет непосредственно связаны с Вашей деятельностью. Сегодня Ваша страна входит в двадцатку ведущих стран по уровню экономического развития. По мнению экспертов, Турцию ждет светлое будущее, а ее роль в мире будет неизменно расти. Я твердо убежден, что Турецкая Республика под Вашим началом продолжит уверенное движение вперед в свой новый золотой век. Мы никогда не забудем, что именно Турция стала первой страной, признавшей независимость Казахстана. Это неоспоримый исторический факт, который навсегда сохранится в памяти суверенного казахского народа, – сказал он.


t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның қазақ-түрік қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан сүбелі үлесіне жоғары баға берді

– Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда. Сауда-экономикалық саладағы жетістіктеріміз мол. Қазір Қазақстанда 4 мыңға жуық түрік компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз жылдан-жылға нығая түсуде. Қазіргі таңда 12 мыңнан астам қазақстандық студент Түркияда білім алуда. Былтыр еліңізге 800 мыңға жуық Қазақстан азаматы сапарлап келді, ал биыл бұл көрсеткіш 1 миллионнан асуы мүмкін. Халықаралық сахнадағы ықпалдастығымыз – белсенді. Біздің елдеріміздің жаһандық тұрақты даму және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұстанымдары – ортақ. Әсіресе, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы тиімді іс-қимылдарымызды атап өткім келеді. Сонымен бірге екіжақты ынтымақтастықты еселеп, оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге толық мүмкіндік бар. Бүгінгі келіссөз қорытындылары – соның айқын дәлелі, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда Қазақстан өзінің мойындалған мәртебесін нығайту үшін теңгерімді саясат жүргізіп, ауқымды әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді.

– Оның нәтижесі де жақсы деуге болады, экономикалық өсім – тұрақты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өссе, биылғы жартыжылдықта экономикамыз 6,2 пайызға ұлғайды. Биыл жалпы ішкі өнімді 300 миллиард долларға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл – Орта Азиядағы ең үлкен көрсеткіш. Алға қойған мақсат-міндеттерге жету үшін Қазақстан келесі 4 бағытқа басымдық беруде. Олар: цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту; көлік және транзиттік әлеуетті нығайту; ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту; энергетика және өнеркәсіп саласында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу. Осы міндеттерді табысты жүзеге асыру ісінде Түркиямен ықпалдастыққа ерекше мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Президенттің айтуынша, Қазақстандағы ішкі ахуал тұрақты. Елімізде заң мен тәртіп тұжырымдамасына негізделген саясат белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

– Саяси реформаларды табысты жүзеге асырудамыз. Біздің мемлекетіміз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын ұстанады. Қазір елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қарқынды іске асырылып жатыр. Бұл науқанның мән-маңызы терең. Тазалық дегеніміз, бұл – әрбір азаматтың болмысын өзгерту, санасын жаңғырту деген сөз. Еліміз – жасыл, халқымыз – адал, ниеті – таза болуы керек деп халқымызға түсіндіріп айтып жатырмыз. Ішкі саясатымыздың түпкі мақсаты – Әділетті Қазақстанды құру, «Халық үніне құлақ асатын» мемлекетті қалыптастыру. Қазақстанның сыртқы саясаты – сарабдал, көпбағытты және теңгерімді. Көрші елдермен қарым-қатынастарымызды достық, өзара түсіністік рухында дамытып жатырмыз. Дипломатиямызда Түркияның орны өте маңызды, ерекше деп айтуға болады. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауды қолдаймыз, осы мәселе бойынша Түркиямен мақсат-мүдделеріміз ортақ деп санаймыз. Осы тұста мен Түркияның Ресей мен Украина арасындағы жанжалды реттеу ісіндегі дәнекерлік рөлін ерекше атап өткім келеді. Біз, құрметті Президент мырза, Сіздің арқаңызда болып жатқан үрдісті жоғары бағалаймыз және игі қадамдарыңызды қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Касым-Жомарт Токаев высоко оценил личный вклад Реджепа Тайипа Эрдогана в укрепление казахско-турецких отношений

– Благодаря совместным усилиям двустороннее сотрудничество активно углубляется. Мы добились значительных успехов в торгово-экономической сфере. На сегодняшний день в Казахстане успешно работают около 4 тысяч турецких компаний. Наши культурно-гуманитарные связи крепнут из года в год. В настоящее время в Турции обучаются более 12 тысяч казахстанских студентов. В прошлом году Вашу страну посетили около 800 тысяч моих соотечественников, а в этом году данный показатель может превысить один миллион человек. Мы тесно взаимодействуем и на международной арене. Астана и Анкара придерживаются общих позиций по вопросам глобального устойчивого развития и обеспечения безопасности. Особенно хотелось бы отметить наши эффективные действия в рамках Организации тюркских государств. Сегодня мы видим большой потенциал для расширения двустороннего сотрудничества и вывода его на качественно новый уровень. Итоги сегодняшних переговоров служат ярким тому подтверждением, – заявил Глава государства.


🟦Президент Казахстана подчеркнул, что наша страна проводит сбалансированную политику и реализует масштабные социально-экономические задачи.

– Благодаря этому мы достигли неплохих результатов и обеспечили стабильный экономический рост. По итогам 2024 года ВВП страны вырос на 5,1%, а за первое полугодие этого года экономика Казахстана увеличилась на 6,2%. В нынешнем году мы планируем довести валовой внутренний продукт до 300 миллиардов долларов. Это самый большой показатель в Центральной Азии. Для достижения поставленных целей мы уделяем приоритетное внимание четырем направлениям: цифровизации и развитию искусственного интеллекта, укреплению транспортно-транзитного потенциала, модернизации аграрного сектора, а также запуску крупных инфраструктурных проектов в энергетике и промышленности. Отмечу, что Астана придает особое значение сотрудничеству с Турцией для успешной реализации данных задач, – сказал Касым-Жомарт Токаев.


🟦По словам Главы государства, внутренняя ситуация в Казахстане стабильна. Последовательно осуществляется политический курс, основанный на концепции «Закон и Порядок».

– Мы успешно реализуем политические реформы. Наше государство придерживается формулы «Сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство». В настоящее время в нашей стране активно проводится общенациональная кампания «Таза Қазақстан». Под чистотой подразумевается изменение образа жизни и обновление сознания гражданина. Наша страна должна быть зеленой, наш народ – честным, а его намерения – чистыми. Мы призываем наших сограждан следовать этим ценностям. Конечная цель нашей внутренней политики – построение «Справедливого Казахстана» и «Слышащего государства». Казахстан проводит взвешенную, многовекторную и сбалансированную внешнюю политику. Наши отношения с соседними странами развиваются в духе дружбы и взаимопонимания. Турция в нашей дипломатии занимает особое место. Мы поддерживаем реформу Организации Объединенных Наций и считаем, что в этом вопросе у нас с Турцией общие цели и интересы. В этой связи хотел бы подчеркнуть участие Турции как посредника в урегулировании российско-украинского конфликта. Мы высоко ценим прогресс, который достигнут благодаря Вам, и поддерживаем Ваши инициативы, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.


t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті

– Қымбатты бауырым Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы басшылығымен Қазақстан өз аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекеніне айналды. Қазақстанның жетістіктерін біз әрқашан мақтан тұтамыз. Сондай-ақ Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымын институттандыруға қосқан үлесін жоғары бағалаймын. Түркия мен түрік халқының досы екеніңізді бірнеше мәрте көрсеттіңіз. Осы орайда мен Сізге Түркия Республикасының ең жоғары марапатын табыстауды үлкен мәртебе деп санаймын. Біздің мемлекеттік орденімізді елдеріміз арасындағы мызғымас достықтың символы ретінде қабылдайсыз деп сенемін, – деді Түркия Президенті.


Салтанатты жиынға 80-ге жуық дипломатиялық корпус өкілдері, Түркияның қоғам қайраткерлері, танымал тұлғалары мен бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Реджеп Тайип Эрдоган отметил значительный вклад Президента Касым-Жомарта Токаева в укрепление многопланового сотрудничества между двумя странами

– Под мудрым руководством уважаемого Касым-Жомарта Токаева Казахстан стал центром мира и стабильности в своем регионе. В Турции искренне рады достижениям братского Казахстана. Высокой оценки также заслуживает вклад Вашей страны в институционализацию Организации тюркоязычных государств. Вы неоднократно доказывали, что являетесь истинным другом Турции и турецкого народа. Именно поэтому я считаю большой честью вручить Вам высшую награду Турецкой Республики. Уверен, что этот орден станет символом нерушимой дружбы между нашими странами, – сказал Президент Турции.


В торжественной церемонии приняли участие турецкие общественные деятели, представители творческой интеллигенции и деловых кругов, а также около 80 представителей дипломатического корпуса.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапаттау сәті

Вручение Касым-Жомарту Токаеву высшей государственной награды Турецкой Республики – ордена Devlet Nişanı

🎦 t.iss.one/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аяқталды

🇰🇿🇹🇷Официальный визит Президента Касым-Жомарта Токаева в Турецкую Республику завершился

🎦 t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇲🇦Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Марокко

🇰🇿🇲🇦Касым-Жомарт Токаев поздравил Мухаммеда VI и его соотечественников с национальным праздником Королевства Марокко – Днем Трона.

В своей телеграмме Президент отметил положительную динамику в развитии казахско-марокканского сотрудничества и выразил уверенность в том, что стороны и далее будут прилагать усилия для расширения всестороннего партнерства.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады

Қазақстан Президентінің пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Глава государства Касым-Жомарт Токаев направил письмо Президенту Турции Реджепу Тайипу Эрдогану с искренней благодарностью за теплый прием в Анкаре в ходе его недавнего официального визита

Президент Казахстана считает, что состоявшиеся в турецкой столице переговоры свидетельствуют о беспрецедентно высоком уровне двустороннего сотрудничества в духе братской дружбы, взаимного доверия и стратегического партнерства.

Казахстан высоко ценит взаимодействие с Турцией в рамках ООН, ОТГ и других международных организаций, а также признателен за неизменную поддержку процесса институционализации СВМДА.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді.

Талғат Алдыбергенов:

➤ биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты.

🟦Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.

➤ Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады:

🟦биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады;

🟦Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда;

🟦Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.

➤ Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді.

➤ Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді:

🟦Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған;

🟦Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

❗️Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял председателя правления АО «НК «ҚТЖ» Талгата Алдыбергенова

Президенту была представлена информация о результатах деятельности национальной компании.

Талгат Алдыбергенов:

➤ доложил, что по итогам первого полугодия 2025 года эксплуатационный грузооборот увеличился на 8,6%.

🟦Объемы транзитных перевозок достигли 14,6 млн тонн.

➤ проинформировал о ходе строительства более 1700 км новых железнодорожных линий и модернизации 3 тыс. км путей для формирования Трансказахстанского железнодорожного коридора:

🟦в этом году завершается строительство вторых путей на участке Достык – Мойынты и обводной Алматы;

🟦продолжается реализация проекта Дарбаза – Мактаарал;

🟦начато строительство линий Бахты – Аягоз и Кызылжар – Мойынты.

➤ сообщил о продолжении работы по расширению терминальной сети.

➤ Отдельное внимание уделяется вопросам цифровизации:

🟦В партнерстве с мировыми лидерами инноваций ведется работа по улучшению качества и обеспечению безопасности работы железнодорожного транспорта.

🟦Время оформления деклараций на ТМТМ сократилось с 8 часов до 30 минут.

❗️
Президент отметил важность дальнейшей модернизации транспортной инфраструктуры, подчеркнув ключевую роль КТЖ в развитии транзитного потенциала и экономики Казахстана.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Ауыл шаруашылығы:

🟦Майлы және жем-шөп дақылдарының егістік көлемі ұлғайған;

🟦Тұқым жаңарту деңгейі 11,2 пайызға жеткен, су үнемдеу технологиялары белсенді енгізіліп жатыр;

🟦«Кең Дала 2» бағдарламасы аясында шаруаларға 97 миллиард теңге бөлінген. Биыл мемлекеттік қолдау ауқымы былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға артқан;

🟦Солтүстік Қазақстан облысы елімізде сүт өндірісі бойынша алғашқы үштікке кіреді, соның ішінде сүт өндіру кешендерінің саны жағынан көш бастап тұр.

Инвестиция:

🟦Облыста жалпы сомасы 893 миллиард теңгені құрайтын 52 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 7,5 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Тұрғын үй құрылысы:

🟦Биыл 332 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 5 көпқабатты үй тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы да 11 нысанның құрылысы аяқталады;

🟦Әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар үшін биыл 258 пәтер сатып алынады.

Ұлттық жобалар:

🟦«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында 600 орындық жаңа заманауи мектеп салынды. Сонымен қатар 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде;

🟦Денсаулық сақтау саласында ауылдық жердегі 46 медициналық нысан жаңғыртылды. Өңірге медицина мамандарын тарту мақсатында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.

Президент:

📌Жиын-терін науқанына дайындықтың, агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асырудың маңызына назар аударды;

📌Петропавлдағы 2-ЖЭС-ті жөндеу және жылумен, энергиямен қамтамасыз ету желілерін реконструкциялау жұмыстарын жылдам аяқтау қажет екенін ескертті.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент принял акима Северо-Казахстанской области Гауеза Нурмухамбетова

Глава государства Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет о социально-экономическом развитии региона за первое полугодие 2025 года.

➤ Сельское хозяйство:

🟦Увеличена посевная площадь масличных и кормовых культур;

🟦Уровень сортообновления достиг 11,2%, активно внедряются водосберегающие технологии;

🟦На поддержку аграриев в рамках программы «Кең Дала 2» выдано 97 млрд тенге, объем господдержки на 24% превысил показатель 2024 года;

🟦СКО входит в тройку лидеров по объему производства молока, в том числе занимает первое место в стране по промышленным молочным комплексам.

Инвестиции:

🟦В регионе реализуется 52 инвестиционных проекта на общую сумму 893 млрд тенге, что позволит создать 7,5 тыс. новых рабочих мест.

Строительство жилья:

🟦В 2025 году планируется ввести 332 тыс. кв. метров жилья. Уже сдано 5 многоэтажных домов, до конца года будут завершены еще 11 объектов;

🟦Для социально уязвимых категорий граждан в 2025 году закупается 258 квартир.

Национальные проекты:

🟦В рамках реализации национального проекта «Келешек мектептері» в Петропавловске построена современная школа на 600 мест. Ведется строительство детского сада на 280 мест;

🟦В сфере здравоохранения завершена модернизация 46 объектов в сельской местности. Проводится системная работа по привлечению медицинских кадров в регион.

Президент:

📌подчеркнул важность проведения качественной подготовки к уборочной компании, своевременной реализации инвестпроектов в агропромышленном секторе;

📌отметил необходимость завершения ремонтных работ на Петропавловской ТЭЦ-2 и реконструкции сетей тепло- и энергоснабжения.

t.iss.one/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM