UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.86K videos
8.3K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.iss.one/ukimet_points
Download Telegram
Президенттің тапсырмасы бойынша көлік саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті. Премьер-министр өз сөзінде көлік-логистика секторының ел экономикасын дамытудағы басты рөлін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің алдымызға көлік секторының әлеуетін арттырып, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту міндетін қойды. Бұл орайда, жолаушылар мен жүк тасымалын қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етіп отырған көлік қызметкерлерінің қажырлы еңбегі қашанда маңызды. Отандық көлік саласы биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 22,7% деңгейінде қарқынды өсім көрсетті. Мұның барлығында өздеріңіз сияқты сала мамандары мен ардагерлерінің маңдай тері, адал еңбегі жатыр»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру бойынша ауқымды шаралар атап өтілді. Қазіргі уақытта 13 мың шақырым автожол жөнделуде, 1,3 мың шақырымнан астам жаңа теміржол желілері, заманауи логистикалық хабтар мен әуежайлар салынуда. 2029 жылға қарай ел аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктердің көлемін 100 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізін қоса алғанда, мультимодальды маршруттарды дамытуға ерекше назар аударылуда – бұл жобаны жүзеге асыру үшін Ақтау және Құрық порттары жаңғыртылуда.

Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша биыл наурыз айында Ұлттық құрылтай отырысында Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз бағыты бойынша ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» магистралінің құрылысы басталды, бұл елдің орталық және батыс өңірлері арасындағы маршрутты 560 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар авиация саласының дамуы да атап өтілді. Еліміздің түгелдей дерлік әуежайында «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесі бар. Туризмді дамыту мақсатында Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынуда. Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларында жаңа жолаушылар терминалдары ашылды. Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Премьер-министр Қазақстанның көлік саласы тұтастай алғанда жаңа цифрлық шешімдерді, оның ішінде басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, цифрлық диспетчерлендіруді енгізу нәтижесінде барған сайын технологиялық және клиентке бағдарланған сипатқа ие боп келе жатқанан атап өтті. Олжас Бектенов Президент атынан еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табыс етті.

«Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында мемлекеттік марапаттар жүйесіне алғаш рет “Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері” деген құрметті атағы енгізілді. Мұны Мемлекет басшысының және бүкіл Қазақ елінің өздеріңіз сияқты нағыз еңбек адамдарына деген шынайы құрметі деп қабылдаңыздар. Бүгін еліміздің басқа да өңірлерінде көлік саласының өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлерін ұлықтау рәсімі өтіп жатыр. Республика бойынша 200-ге жуық адамға мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табысталады. Бұл – ел игілігі жолында еселі еңбек етіп жатқан отандық көлік саласы қызметкерлерін қолдаудың айқын көрінісі»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Марапатталғандар атынан Қанат Шаймин мен Әнуарбек Шұлғауов сөз сөйледі. Көлік саласының қызметкерлері Президентке ризашылықтарын білдіріп, олардың еңбегіне берілген жоғары баға Қазақстан игілігі үшін әрі қарай да адал жұмыс істеуге ынталандыратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысына біздің еңбегімізді мойындағаны және құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Ел игілігі үшін қажымай еңбек ету – біздің азаматтық борышымыз. Бұл марапат – біз үшін үлкен қуаныш. Одан әрі де адал қызмет етуге жаңаша жігер мен шабыт береді. Еңбегіміз халық игілігіне жарасын»,

— деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалының директоры Әнуарбек Шұлғауов.
UKIMET
Президенттің тапсырмасы бойынша көлік саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кәсіби мерекелерімен…
🏅 По поручению Президента вручены государственные награды работникам транспортной отрасли

В преддверии Дня работников транспорта Премьер-Министр Олжас Бектенов от имени Главы государства Касым-Жомарта Токаева поздравил специалистов и ветеранов отрасли с профессиональным праздником и вручил государственные награды.

📌
В своем выступлении Премьер-министр подчеркнул ключевую роль транспортно-логистического сектора в развитии экономики страны.

«Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев поставил перед нами задачу – увеличить потенциал транспортного сектора и развивать Казахстан как надежный транзитный хаб. В этом контексте важен упорный труд специалистов отрасли, которые обеспечивают безопасную и бесперебойную перевозку пассажиров и грузов.
Отечественная транспортная отрасль по итогам первых 6 месяцев текущего года показала динамичный рост – на 22,7%. Это результат самоотверженного труда и добросовестной работы таких специалистов и ветеранов отрасли, как вы»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

🛤️ Отмечены масштабные меры по модернизации инфраструктуры, цифровизации и повышению транзитного потенциала Казахстана, реализуемые по поручению Президента. В настоящее время ведется ремонт 13 тыс. км автодорог, строится более 1,3 тыс. км новых железнодорожных линий, современные логистические хабы и аэропорты. К 2029 году планируется увеличить объем транзитных грузов, проходящих по территории страны, до 100 млн тонн.

🚢 Особое внимание уделено развитию мультимодальных маршрутов, включая Транскаспийский транспортный коридор – для реализации данного проекта модернизируются порты Актау и Курык.

🛣️ Также по поручению Президента, озвученного на заседании Национального курултая в марте текущего года, началось строительство магистрали «Центр – Запад» по маршруту Астана – Аркалык – Торгай – Иргиз с выходом на ТМТМ, что позволит сократить маршрут между центральными и западными регионами страны на 560 км.

✈️ Отмечено развитие авиационной отрасли. Так, почти во всех аэропортах страны действует пятая степень свободы воздуха. В целях развития туризма строятся новые аэропорты в курортных зонах Катон-Карагая, Зайсана и Кендерли. Открыты новые пассажирские терминалы в Алматы, Кызылорде и Шымкенте. Ведется работа по восстановлению аэропорта Аркалык.

📲 Премьер-министр подчеркнул, что в целом казахстанская транспортная отрасль становится все более технологичной и клиентоориентированной за счет внедрения новых цифровых решений, в том числе автоматизированных систем управления, цифровой диспетчеризации.

🏅За вклад в развитие транспортной отрасли Олжас Бектенов от имени Президента вручил государственные награды и почетные звания отличившимся работникам.

«В этом году в рамках Года рабочих профессий в систему государственных наград впервые введено почетное звание «Заслуженный работник транспортной отрасли Казахстана». Это искреннее признание вашего труда со стороны Президента и всего казахского народа.

Сегодня в других регионах страны также проходят церемонии чествования передовиков производства и ветеранов транспортной отрасли. По всей республике государственные награды и почетные звания будут вручены около 200 работникам. Это яркое свидетельство поддержки специалистов отечественной транспортной отрасли, которые прилагают усилия на благо страны»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

💬 От имени награжденных с ответным словом выступили Канат Шаймин и Ануарбек Шулгауов. Работники транспортной отрасли выразили благодарность Президенту и отметили, что высокая оценка их труда служит стимулом к дальнейшей добросовестной работе на благо Казахстана.

«Искренне благодарны Главе государства за признание наших заслуг и оказанное уважение. Неустанный труд во благо страны – наш гражданский долг.
Эта награда – большая радость и источник вдохновения для дальнейшей добросовестной службы. Пусть наш труд и далее служит народу!»

– сказал директор филиала АО «НК «КТЖ» - «Курорт - Боровское рельсосварочное предприятие» Ануарбек Шулгауов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Президенттің тапсырмасы бойынша көлік саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кәсіби мерекелерімен…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚄 Ануарбек Шулгауов — представитель династии железнодорожников с сорокалетним стажем. Он начал свой карьерный путь монтером пути, отвечая за обслуживание железнодорожного полотна. Этот опыт стал основой его дальнейшей карьеры. В настоящее время мужчина руководит предприятием, которое специализируется на производстве 100-метровых бесшовных рельсов.

«Когда на поезде едем — стук колес. А эти бесшовные рельсы. Наши путейцы говорят: "бархатный путь". Это значит, что улучшается комфортабельность езды, повышается скорость поездов и обеспечивается безопасность»,

- рассказал Ануарбек Шулгауов.

🏅 Сегодня его многолетний труд был отмечен на самом высоком уровне: от имени Главы государства железнодорожник удостоен медали «Ерен еңбегi үшiн».

«Я хочу сказать большое спасибо за такую высокую оценку, за поддержку Главы государства. Труд железнодорожника очень тяжелый. Особенно наш труд – путейцев. Хочу поблагодарить за поддержку. Вы знаете, Главой государства очень большое внимание уделяется железнодорожной отрасли. У нас появляются новые объекты, растет качество, повышаются заработные платы. У нас все это есть»,

- отметил Ануарбек Шулгауов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚊 Қанат Әкежанұлы жол саласында 40 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. 1982 жылы Өскемендегі Құрылыс-жол институтын тәмамдағаннан кейін Қарағанды өңіріне жолдама алып, еңбек жолын жол шебері боп бастаған екен. Содан бері еліміздің үш облысында - Қарағанды, Қостанай, Ақмола өңірлерінде қызмет атқарған. Тәжірибелі жолшы Жұмысшы мамандықтары жылы көлік саласын дамыту жұмыстары қарқын алуда екенін айтады.

«Соңғы бес жылда елімізде көптеген жақсы-жақсы жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде Атырау – Астрахан, Ақтөбе – Қандыағаш, Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен жолдары қайтадан жаңартылып, ел игілігіне беріліп жатыр»,

— дейді «ҚазАвтоЖолсервис» ЖШС бас директорының кеңесшісі Қанат Шаймин.

🏅Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, көлік қызметкерлері күні қарсаңында ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды. Бұл атақ биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында мемлекеттік марапаттар жүйесіне алғаш рет енгізілген болатын. Марапатталған көлік саласы қызметкерлері Президентке ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын білдірді.

«Міне кәсіби мерекеміз келіп жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жұмысшы мамандықтары жылын жариялап, жолшыларға көп көңіл бөліп жатыр. Сондықтан өзімнің және әріптестерімнің атынан, еліміздің жол-көлік саласында қызмет етіп жүрген жұмысшылардың атынан Мемлекет басшысына еңбегімізді елеп жатқаны үшін зор алғыс айтқым келеді»,

— дейді Қанат Әкежанұлы.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қанат Бозымбаев Қызылорда облысының шаруаларымен кездесті

📍Премьер-министр Олжас Бектеновпен бірлескен жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан және Қызылорда облыстарындағы су шаруашылығы нысандарын тексеруді жалғастырып, жергілікті шаруалармен кездесулер өткізді.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Сырдария, Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандарындағы шаруа қожалықтарына барып, ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалымен танысты.

🌾 Қанат Бозымбаев Сырдария ауданындағы күріш, бидай және жоңышқа өсірумен айналысатынын «Мағжан и К» шаруашылығына барды. Мұнда суармалы суды тиімді пайдалану және су шығынын азайту үшін лазерлік жер тегістеу технологиясы енгізілген. Қазіргі таңда ауданға жоспарланған 674,2 млн текше метр судың 458,5 млн текше метрі немесе 68%-ы жеткізілген.

Қазалы ауданында вице-премьер «РЗА» компаниясында болды. Мұнда 200-ден астам адам жұмыс істейді. Шаруашылық күріш, жүгері және жоңышқа егеді. Егіс «Басықара» және «Қызылой» каналдары арқылы суарылады. Ауданда егін шаруашылығымен айналысатын 9 кәсіпорын бар. Вегетациялық кезең басталғалы бері келісімшарттарда көзделген 295,03 млн текше метр судың 259,6 млн текше метрі немесе 88%-ы жеткізілген. Шаруашылықтарға Төтенше жағдайлар министрлігі сорғы қондырғыларын алып беріп, қосымша қолдау көрсетуде.

💧 Одан кейін Қанат Бозымбаев «Басықара» су торабының жұмысымен танысып, шаруашылық басшыларымен кездесуде халықаралық келісімдер жөнінде ақпарат берді.

«Көрші елдермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде, вегетациялық кезеңді сәтті аяқтау үшін су көлемі жеткілікті болады деп күтілуде. 15 тамызға дейін Өзбекстаннан секундына 200 текше метр, Қырғызстаннан 150 текше метр су жеткізіледі»,

— деді Қ.Бозымбаев.

Сондай-ақ вице-премьер Қармақшы және Жалағаш аудандарындағы суармалы жерлердің жай-күйімен танысып, «Жаңажол» және «Таң LTD» кәсіпорындарын аралады.

📌Әр ауданда фермерлер арасында мониторинг және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс топтары құрылған. Аймақта суды тиімді пайдалану мақсатында 320-дан астам сорғы қондырғысы іске қосылған. Егістіктің 98%-ы 5 магистральдық және 3 шаруашылықаралық канал арқылы кестеге сәйкес суарылуда. Жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қанат Бозымбаев Қызылорда облысының шаруаларымен кездесті 📍Премьер-министр Олжас Бектеновпен бірлескен жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан және Қызылорда облыстарындағы су шаруашылығы нысандарын тексеруді жалғастырып…
Канат Бозумбаев встретился с фермерами Кызылординской области

📍 В продолжение совместной с Премьер-министром Олжасом Бектеновым рабочей поездки в Туркестанскую и Кызылординскую области, вице-премьер Канат Бозумбаев провел инспекцию водохозяйственных объектов и провел серию встреч с аграриями на местах.

В сопровождении акима Кызылординской области Нурлыбека Налибаева он посетил фермерские хозяйства Сырдарьинского, Казалинского, Кармакшинского и Жалагашского районов, где ознакомился с текущим положением дел в аграрном секторе.

🌾 В Сырдарьинском районе Канат Бозумбаев посетил хозяйство «Мағжан и К», где выращивают рис, пшеницу и люцерну. В целях повышения эффективности полива и сокращения потерь воды аграриями внедрены технологии лазерного выравнивания почвы. На сегодня в район поставлено 458,5 млн м3 воды из запланированных 674,2 млн м3 — это 68 % от общего объема.

В Казалинском районе вице-премьер побывал в компании «РЗА», где трудятся более 200 человек. Хозяйство выращивает рис, кукурузу и люцерну. Полив осуществляется через межхозяйственные каналы «Басыкара» и «Кызылой». Всего в районе действуют 9 сельхозпредприятий, занимающихся растениеводством. С начала вегетационного периода сюда доставлено 259,6 млн м3 воды из 295,03 млн м3, предусмотренных договорами (88 % от плана). Дополнительную поддержку хозяйствам оказывает Министерство по чрезвычайным ситуациям, предоставляя насосные установки.

💧 Далее Канат Бозумбаев проверил работу гидроузла Басыкара, здесь же на встрече с руководителями хозяйств он сообщил о достигнутых международных договоренностях.

«Благодаря переговорам с соседними странами, ожидаем, что объем воды будет достаточным для завершения вегетационного периода. До 15 августа из Узбекистана будет подано 200 м3 в секунду, из Кыргызстана – 150»,

— отметил Канат Бозумбаев.

📍Вице-премьер также ознакомился с состоянием орошаемых земель в Кармакшинском и Жалагашском районах и посетил сельхозпреприятия «Жаңажол» и «Таң LTD».

📌В каждом районе созданы рабочие группы по мониторингу и разъяснительной работе среди фермеров. Для использования сбросной воды в области задействовано более 320 насосных установок. Полив осуществляется согласно графику через 5 магистральных и 3 межхозяйственных канала. На сегодняшний день 98% посевов орошаются поочередно. Ситуация находится под постоянным контролем Правительства.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM