Қазақстан Бас прокуратурасы
16.2K subscribers
1.57K photos
1.25K videos
40 files
6.43K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
ШҚО прокуратурасының қадағалау актісі бойынша белгілі санаттағы азаматтар үшін жеңілдік тарифі бекітілді
 
Самар ауданы прокуратурасымен тұрғын ҮКШ саласындағы заңдылықтың сақталуын талдау барысында, жергілікті атқарушы органмен Экологиялық кодекс талаптарына қайшы түрде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін бекіту шаралары ұзақ уақыт бойы қабылданбағаны анықталды.
 
Қадағалау органы араласқанға дейін қолданыста болған көрсеткіш 2013 жылы аудандық ТКШ бөлімімен өз бетінше бекітілген болатын.
 
Қадағалау актісі бойынша бұл заңбұзушылық жойылып, аудан мәслихатының шешімімен тиісті көрсеткіш бекітілді.
 
Прокуратураның бастамасымен әлеуметтік жағынан осал топтар қатарындағы азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мақсатында жоғарыда көрсетілген шешімді бекіту барысында жеңілдіктерге құқылы азаматтар санатының тізбесі көзделді.
 
Атап айтқанда, еңбек ардагерлеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көпбалалы отбасылар мен аналарға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелет жасына дейін ата-анасынан айырылған балаларға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне 50% жеңілдік қарастырылған. Жасына байланысты зейнеткерлерге, 2-топ мүгедектеріне және т.б. 25% жеңілдік берілген, ал Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалдықтарды шығару үшін төлем жасаудан толықтай босатылды.
 
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл жеңілдіктерді 4 мыңнан астам адам, яғни жергілікті халықтың 34 пайызы пайдалана алады. Қазіргі таңда қалдықтарды шығару қызметін көрсететін кәсіпорын жеңілдігі бар азаматтардан қажетті құжаттарды қабылдау жұмысын бастап кетті.
 
#Заң_және_Тәртіп
#Заңүстемдігі
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/978682?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Петропавл қаласында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттерінің және Бас прокуратура және Конституциялық сот өкілдерімен кезекті кездесуі өтті.

Кездесу барысында Конституцияның негізгі ережелері мен оның құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы рөлі талқыланды. Бас прокуратураның аға прокуроры Серік Әділкенұлы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының заңдылықты нығайтудағы және прокуратураның адам құқықтары жөніндегі әлеуетін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Конституциялық Соттың судьясы Айгүл Қыдырбаева конституциялық бақылау органдарының маңыздылығына тоқталып, азаматтардың конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі маңыздылығына атап көрсетті.

Кездесуге қатысушылар құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, оларды шешудің ықтимал жолдарын белгіледі.

Қорытындылай келе, ұйымдастырушылар іс-шараның барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны және конструктивкті диалогы үшін алғыстарын білдірді.

Көшпелі кездесулерді өткізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен заңсыз берілген жер учаскесі қайтарылды

Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізеді.
 
Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұза отырып, 461 га жайылымдық жерді жеке меншікке бергені анықталды.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтық құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
 
Осы басым бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 
#Заң_және_Тәртіп
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында алимент бойынша борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
 
Қосшы қаласының прокуратурасын үйлестіру кезінде кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден қасақана жалтару бойынша  қылмыстық іс тіркелді.
 
Атап айтқанда, борышкер 3 жылдан астам алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұра, өз міндеттерін орындау үшін шаралар қабылдамай, әрекетсіз болған.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде борышкер жартылай алимент бойынша 1 172 249 теңге сомасында төлем жүргізіп, өндіріп алушы мен борышкер арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.
 
Алимент жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз.
 
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/980151?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шықты
 
Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына байланысты дауға нүкте қойылды.
 
Атап айтқанда, 2024 жылдың 14-16 сәуір аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларындағы медициналық мекемелерге әртүрлі тамақ улану белгілерімен 56 азамат жүгінді, оларалдын ала Екібастұз қаласындағы мейрамханада өткен салтанатты шараға қатысқан.
 
Зардап шеккен адамдардың санына байланысты, тергеу басталған сәттен бастап, қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болды, процессуалдық прокурорлар тағайындалды, сараптамалар ұйымдастырылды, тергеу тобының шығуы ұйымдастырылды.
 
Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасына кесілді.
 
Зардап шеккендер сот шешімімен қанағаттанды, тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданды.
 
#Заң_және_Тәртіп

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/980849?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Набережная» ақшасын ұрлаған қарақшылар қамауға алынды
 
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен 170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау – «М-Строй Проект» ЖШС-і және мердігер компания «ПавлодарЭнергоМонтаж» ЖШС-нің басшылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған қаражаттар 2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейін «Набережная» жағажайын салуға бөлінген.

Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Барлық күдіктілер сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік –Астана қаласында 95 млн теңгеге бағаланған коммерциялық жылжымайтын мүлік табылды.

Прокурорлар «Набережная» жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласындағы басқа объектісінен жымқырылған ақшаға жасалғаны анықталды.

Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта, қылмыстық іс аяқталу үстінде, соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.
 
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/982681?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғады
 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.
 
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.

33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.
 
Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған.

Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылдануда.

Жұмыс жалғасуда.
 
#Заң_және_Тәртіп
                             
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/983389?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«СҚО прокуратурасы отбасылық құпияны таратқаны үшін үкімге қол жеткізді»
 
2025 жылғы 23 қаңтарда Айыртау аудандық соты аз. «Л»-ны адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмысы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырды.
 
Сот оның бұған дейін танысы «К»-ның ұялы телефонын ұрлап әкеткенін және мессенджер арқылы ортақ таныстары арасында оның жеке өмірі туралы жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді әдейі таратқанын анықтады.
 
Үкім заңды күшіне енді.
 
Адамның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз таратқаны не өзге де дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 147-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтың көзделгені түсіндіріледі.
 
Осы баптың санкциясы алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазаны көздейді.
 
Бұл ретте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда көпшілік алдында сөйлеген сөзінде осындай мәліметтерді таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабына сәйкес әрбір азаматқа жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылық құқығы кепілдендірілгенін еске саламыз.
 
Прокуратура органдары бұл құқықты іске асыруды ерекше бақылауда ұстайды.
 
#Заң_және_тәртіп 
#Заңүстемдігі
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/984388

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлытау облысының табиғат қорғау прокуратурасы ағаштарды заңсыз кесуді тоқтатты
 
Ұлытау облысының табиғат қорғау прокуратурасы өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдаумен жергілікті атқарушы органдардың Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы ағаштарды кесу жұмыстары «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заңның талаптарына қайшы жасыл екпелерді түгендеусіз, фитопатологиялық зерттеп-қараусыз, олардың жай-күйінің мониторингін цифрландырусыз, сондай-ақ көгалдандыру жөніндегі жұмыс және дендрологиялық жоспарларсыз жүргізілген.

Бұл тұрғындардың өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін олардың мүдделерінің бұзылуы туралы негізді наразылығын тудырды.

Табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актілері бойынша ағаштарды заңсыз кесу тоқтатылды, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімдіктері анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауда.

Одан бөлек, табиғат қорғау прокуратурасы Жезқазған қаласының Сейфуллин көшесінде төрт ағаштың заңсыз кесілгенін анықтады.

Аталған факті бойынша Жезқазған қаласының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз.

Сонымен қатар, егер қазақтың мақалында: «Бір талкессең, он тал ек» делінсе, ал «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заңның талаптарына сәйкес жасыл екпелерді заңсыз кесу жүз еселенген мөлшерге дейін өтемдік отырғызулар жүзеге асырылады.

Мысалы, егер бір ағаш заңсыз кесілсе, кінәлі адам елу жаңа ағаш отырғызуға міндетті, ал Қызыл кітапқа енген өсімдіктер өлген жағдайда, онда – жүз есе мөлшерде.

Осыған байланысты азаматтарды жасыл желектерді жоюға немесе зақымдауға әкелетін әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.

#Заң_және_Тәртіп

Ұлытау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
 
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/984429?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өскемен қаласының прокуратурасы қылмыстың алдын алу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Бүгінде ерекше назар аударылып отырған мәселе – алаяқтық әрекеттер. Алаяқтық фактілерінің саны алаңдаушылық тудырады.

Азаматтарды алдау тәсілдерінің кең таралған түрлері туралы хабардар ету мақсатында түрлі коммуникациялық арналар, соның ішінде бұқаралық іс-шаралар қолданылуда.

Мысалы, қаламыздың бас мұз аренасында өткен ProHokei Ligasy чемпионатының плей-офф кезеңінің финалдық матчтары барысында, «Торпедо» командасының қатысуымен, көрермендерге алаяқтардың кең таралған схемалары мен амалдарын түсіндіретін бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, диктор сақтық пен қырағылықты сақтауға шақырған ескерту мәтінін дауыстап оқыды.

Әр матчқа 4 000-нан астам көрермен жиналды — бұл маңызды ақпаратты кең аудиторияға жеткізуге мүмкіндік беретін ауқымды алаң. Алаяқтарға қарсы күресте халықтың хабардар болуы — басты құрал. Халық неғұрлым көп білсе — алаяқтардың әрекет ету мүмкіндігі соғұрлым азаяды.

Қалалық прокуратура ескертеді:
– SMS-хабарламалардағы кодтарды және банк карталарының деректерін ешкімге бермеңіз;
– белгісіз сілтемелерге өтпеңіз;
– әсіресе ақшаға қатысты ақпаратты міндетті түрде қайта тексеріңіз.

Күмән туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
 
26.04.2025 жылы Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті.

Іс-шараға облыс әкімі және прокуроры, Бас прокуратура өкілі, ауылдың ақсақалдары мен құрметті тұрғындары қатысты.

Аталған мектептің құрылысы - Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшінтиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі.

Салтанатты рәсім барысында қатысушылар жергілікті тұрғындарды құрылыс жұмыстарының басталуымен құттықтап, бұл мектептің іске қосылуы елде жүргізіліп жатқан активтерді қайтару жұмыстарының нақты нәтижесін халық өз көзімен көруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Жергілікті ақсақалдың батасынан кейін қатысушылар болашақ ұрпаққа арналған уақыт капсуласын салды.

Айта кетейік, бұған дейін ауылда 1974 жылы салынған, қазіргі таңда апатты жағдайда тұрған музыкалық мектеп жұмыс істеп келген болатын.

Құны 890 млн теңге тұратын 300 оқушыға арналған жаңа мектеп көршілес ауылдардың оқушыларын да қабылдай алатын болады.

Бүгінге мемлекет пайдасына жалпы сомасы шамамен 610 млрд теңге көлемінде активтер қайтарылды, оның ішінде 506 млрд теңге – ақшалай қаражат, 103 млрд теңге – мүлік.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет арнайы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларында 280 әлеуметтік нысанның құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді.

Аталған жобалар елді мекендерді дамытуға бағытталған кешенді тәсілдің бір бөлігі болып табылады және өмір сүру үшін қолайлы жағдайларға тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылымды ілгерілетуге серпін беруге арналған.

«Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру «Заң мен Тәртіп» қағидатын тиімді қамтамасыз етумен өзара үйлесетінін атап өту қажет.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Экологиялық заңнаманы бұзу: «СИНЬСИН» компаниясы 1 млрд теңге айыппұлға тартылды
 
ШҚО Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Экология департаменті «СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы» ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді.
 
Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды — ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану фактілері тіркелді.
 
2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 
Аталған қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды.
 
Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.
 
Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірді, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
 
#Заң_және_Тәртіп
#Заңүстемдігі
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/984614

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атырау қаласының прокуроры Руслан Айтимов колледж студенттері және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді

Атырау қаласының прокуроры Руслан Айтимов «Заң және Тәртіп» қағидасы аясында мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп колледж студенттері мен олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында прокурор Руслан Айтимов жастарды заңға бағынуға, тәртіпті болуға және қоғамның белсенді әрі жауапкершілікті азаматы ретінде қалыптасуға шақырды.

Сонымен қатар, психолог мамандар ата-аналарға баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге дер кезінде назар аудару қажеттігін түсіндіріп, жасөспірімдердің бойындағы теріс әрекеттерге бейімділік белгілерін ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығына тоқталды.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер жастардың құқықтық тәрбиесін нығайтуға және ата-аналар мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған тиімді алаң болып табылады.

#Заң_және_Тәртіп

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен балаларға арналған спорт секцияларына кезек ашылды
 
Көкшетау қ. прокуратурасы «Damu bala» электрондық платформасында спорт секцияларындағы кезекті негізсіз тоқтату фактісі бойынша талдау жүргізді.
 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ағымдағы жылы балаларға арналған Көкшетау қ. аумағында орналасқан спорт секцияларына кезек 5 қаңтарда (жылдың бірінші жұмыс күні) ашылуы тиіс болатын.
 
Алайда, уәкілетті орган осы уақытқа дейін кезекті ашпаған, бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзды.
 
Қала прокуратурасы қабылдаған шаралармен спорт секцияларына қабылдау кезегі ашылды және 3,8 мың баланың құқығы қорғалды.
 
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/985064?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы прокуратурасымен кезекті инвесторға көмек көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларға тұрақты қолдау көрсетуде.

Зеренді аудан прокуратурасымен құс фабрикасының құрылысын кеңейту жобасы бойынша 200 –ден астам жұмыс орынын құрумен, инвестицияның жалпы көлемі 6 млрд теңгені құрайтын «BlicTerminal» ЖШС –ң құқықтары қорғалды.

Зеренді ауданы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері, прокурормен міндетті келісімсіз ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша инвесторға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

Сонымен қатар, материалдарды зерделеу барысында кәсіпкердің әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағаны анықталды.

Осыған байланысты қадағалау актісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура органдарында инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі CALL-орталық жұмыс істейтінін қосымша хабарлаймыз (байланыстар ресми сайттарда көрсетілген).

#Заң_және_Тәртіп

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/987795?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Инвесторлардың құқықтарын қорғау – прокуратураның қадағалау қызметіндегі басым бағыттардың бірі
 
Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жалғастыруда.
 
Осы жұмыс аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы марал, ірі және ұсақ қара мал өсіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «ALMAS UK» ЖШС-нің проблемалық мәселесін шешті.
 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті компанияға жер учаскелерін беруге келісуден негізсіз бас тартқан.
 
Мәселенің туындау себебі – өтінім мен жер заңнамасының нормаларын дұрыс түсіндірмеу.
 
Инвестор жерді жалға алуға өтінім берген, алайда Комитет оны қате түрде жеке меншікке беру туралы өтінім ретінде қарап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беруге тыйым салынғанын алға тартып, бас тартқан.
 
Қадағалау актісі негізінде кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оған жалға 3,2 мың гектар жер учаскелері берілді.
 
Бұл инвесторға 500 миллион теңгеден астам қаржы құюға және 30 астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
 
Естеріңізге саламыз, егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаңызды іске асыруда қандай да бір қиындықтарға тап болсаңыз, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының Call-орталығына келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (7232) 24-55-03, 8 (707) 144-00-16.
 
#Заң_және_Тәртіп
#Заңүстемдігі
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/987668?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік нысандар елорда прокуратурасының арқасында пайдалануға берілді
 
Прокуратура органдарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

Осы жұмыс аясында елордалық прокурорлар сауда орталығы мен медициналық мекеменің пайдалануға берілуіне жәрдем көрсетті.

Атап айтқанда, Түркиядан келген инвестор «TUKA» ЖШС «NCity» сауда орталығын салған.

Шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 15 млрд теңгені құрады.

Алайда, жер учаскесінің нысаналы мақсаты тек құрылыс жұмыстарын жүргізуді көздеген, пайдалануға беруді қарастырмаған.

Бұл жағдай салынған нысанды тіркеуге кедергі келтірді.

Прокуратура қабылдаған шаралардың аясында инвесторға нысаналы мақсатын өзгертудің қажеті болмай, нысанды пайдалануға беру уақытын 6 айға дейін үнемдеуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде шетелдік инвестор шамамен 200 жаңа жұмыс орнын ашты.

Ұқсас қолдау «B&A contractors SA» ЖШС салған Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың пайдалануға берілуі кезінде де көрсетілді (жобаның құны 146 млрд теңге, 235 жұмыс орны құрылды).

«Инвесторлардың өтініштеріне жедел жауап беру және қарау мақсатында елорда прокуратурасының Фронт-офисі жұмыс істейді. Байланыс нөмірі: 8-7172-71-24-67».

#Заң_және_Тәртіп

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/988282

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекет пайдасына
52 млн тенге төленді
 
Жақсы ауданының прокуратурасының салық заңнамасының саласындағы жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік кәсіпорнымен 2024 жылдың 2 және 3 тоқсандары үшін салық органына жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияларды негізсіз нөлдік мәндері тапсырғаны анықталды.

Соның салдарынан бюджетке 52 млн теңгеден астам салық түспеген.

Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша көрсетілген сома төленді, кінәлі тұлғалар жауапқатартылды.
 
#Заң_және_Тәртіп

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/989433?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мұғалімдерге жалпы 80 млн теген сомманы құрайтын жалақы мөлшері төленді
 
Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты негізде талдау жүргізеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

Осы жұмыс аясында Ерейментау ауданының прокуратурасымен 9 мектепте 298 мұғалімге 80 млн теңге сомасында жалақы бойынша берешек белгіленді.

Қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтелді, осылайша 298 мұғалімнің конституциялық құқықтары қорғалды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

#ЗАҢ_және_ТӘРТІП

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:


https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/992969?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен зейнеткерлерге заңды өтемақы төленді
 
Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша 20-дан астам азаматтың конституциялық құқықтарының бұзылуын анықтады.
 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек шарттары қызметкер зейнеткерлік жасқа толған кезде оған кемінде бір ай бұрын хабарлау және бір лауазымдық жалақы (тарифтік мөлшерлеме) мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы бұзылады.
 
Қалалық білім беру ұйымдары зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге аталған өтемақыны төлемейтіні анықталды.
 
Мәселен, қаладағы балабақшалардың бірінде 3 қызметкерге жалпы сомасы 800 мың теңгеден асатын бір лауазымдық жалақы көлемінде өтемақы төленбеген.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 20-дан астам қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 2,2 млн теңгеден астам өтемақы төленді.
 
Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
#Заң_және_Тәртіп
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/997898?lang=kk

🌐 https://t.iss.one/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM