Түсінікті Код
62 subscribers
3 photos
1 video
1 file
34 links
Download Telegram
Сұрақтарыңыз немесе идеяларыңыз болса чатта бөлісіңіздер:
https://t.iss.one/understandablecoding_chat
Егер де IT саласын оқып жүрген болсаңыз, кейін жұмыста не істеймін, қандай инструменттерді пайдалануды үйренуім керек деген сұрақтар туындайды.

Мұндай жағдайда, https://hh.kz сайтына кіріңіз. Сосын, сол жерде IT саласына қатысты мамандықтар (веб-разработчик, мобильный разработчик, верстальщик секілді) вакансиясын іздеңіздер немесе Python (немесе Java, C#) деп іздеу өрісіне жазыңыздар.

Сол жерде бірнешеуін ашып қарасаңыздар, жұмысқа қажетті требованиялар немесе навык жайлы ақпараттар тұрады. Сонда жазылған әрбір технологияны интернеттен іздеп қарап, үйренуге тырысыңыздар.

Ескертіп қояйын, ол жерде көптеген технологияларды жазып қояды да, өздері ол технологияны өте сирек қолдануы мүмкін.
Біздің Қазақстанда көбіне жұмысқа қабылдау кезінде нақты мынау фреймворкты білетін программист керек деп вакансия шығарады.

Ал егер АҚШ-тың вакансияларына мән беріп қарайтын болсаныздар, олар бізге мына тілдің инженері керек деп жазады.

Себебі, фреймворктар жыл санап ауысып отырады. Мысалы, бұрында JS-те jQuery танымал болса, қазір React, Vue секілді фреймворктар танымал.

Инженер деген осылармен программист секілді тек қана жұмыс істеп қана қоймай, солардың құрылымын, жұмыс істеу принциптерін білу қажет.

Мен бұрында Google-дан кодтарды тауып алып, жұмыс істегеніне мәз болушы едім. Қазір олардың қалай жұмыс істеп жатқанына, қателіктердің ненің кесірінен шығатынына, олардың салдарын жоюға көп уақытымды бөлуге тырысамын. Инженер деген осылай ойлау қажет.

Американың HeadHunter-і:
https://www.glassdoor.com
Қазір интернетте көптеген видеоредакторлар бар. Бірақ ішінде тегін таралатынын табу қиын.

Мен өзім тұрақты түрде DaVinci Resolve деген видеоредакторды пайдаланамын. Бұл программаның басқалардан айырмашылығы тегін, әрі бұны нарықтағы видеомен айналысатын ірі компания Blackmagic Design шығарады.

Аталмыш программамен видеоны редакторлауға, эффектілермен жұмыс, цветокоррекция жасауға, аудио қосуға болады.

Жүктеуге арналған сілтеме:
https://www.blackmagicdesign.com/ru/products/davinciresolve/

Studio версиясын жүктемеңіз, ол ақылы. Ал қарапайым версиясы тегін
Көпшілігіміздің өмірімізде бір рет болсын компьютердің экранын видео ретінде жазу керек болатын сәттер туындайды.

Осындай сәттерде көбісі Bandicam секілді бағдарламаларды пайдаланады. Сөйтіп, видеоның үстіңгі жағында Bandicam-ның сайты жазылып тұрады. Басқа бағдарламаларда Trial версияда түсірілген деген ойға қонымсыз жазулар тұрады.

Жазуларды жою үшін сіз сол бағдарламаны сатып алуыңыз керек немесе подписка бойынша жазылуыңыз қажет.

Осындай жағдайда, тегін бағдарламаларды іздей бастаймыз.

Тегін экранды жазатын бағдарламалар (мен білетіндері):
1) iSpring Free Cam
2) OBS Studio

Мен өзім екінші бағдарламаны пайдаланамын.

Жүктеуге арналған сілтеме:
https://obsproject.com/ru/download
Егер де сіз программист боламын деп шешсеңіз, онда сізге өмір бойы клавиатурамен жұмыс істеуіңіз қажет болады.

Клавиатурамен тез мәтін теру үшін 10 саусақпен бірге жұмыс істеу қажет. Осылай сіз өз уақытыңызды үнемдейсіз.

10 саусақпен теруді мен Ratatype сайтынан үйренген едім. Сіздерге осы сайтты ұсынамын.

https://www.ratatype.com/ru/