🇷🇺🇰🇿 22 қазанда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 32 жыл толады.
📄 Олардың негізі мықты іргетасқа құрылған – әр түрлі салаларда 400-ге жуық келісімдерден тұратын келісімшарттық-құқықтық база.
⚡️ Біздің ынтымақтастығымыздың мызғымас қағидаттары – егемендікке, тәуелсіздікке және аумақтық тұтастыққа құрмет көрсету, мемлекеттеріміздің ішкі істеріне араласпау, сенімге негізделген одақтастық және интеграциялық байланыстар, сондай-ақ ғасырлар бойғы тату көршілік, бауырластық, мәдени дәстүрлер, ортақ іргелі құндылықтармен байланысқан халықтардың тарихи және рухани жақындығы.
🤝 Мәскеу мен Астана екіжақты форматта да, соңғы онжылдықтарда Еуразия кеңістігінде қалыптасқан халықаралық ұйымдар мен интеграциялық құрылымдар – #ЕАЭО, #ҰҚШҰ, #ТМД, #ШЫҰ, #АӨСШК, ОА+Ресей форматында да тығыз саяси байланыстарды қолдайды. Біздің елдер Орталық Азия мен Каспий аймағындағы қауіпсіздікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосуда.
📈 Сауда-инвестициялық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да алмасулар қарқынды өсіп келеді, өңіраралық байланыстар белсенді түрде жүзеге асырылуда.
🎉 Қазақстандық достарымызды дипломатиялық қатынастардың орнауының кезекті мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Ресей-Қазақстан одақтастық және интеграциялық байланыстарын жан-жақты тереңдетуді және кеңейтуді қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз.
#РесейҚазақстан
#РесейҚазақстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇷🇺🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ - СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ
МҰРАТ НҰРТІЛЕУГЕ
✍️Құрметті Мұрат Әбуғалиұлы,
Сізді Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделі артып және нығайып келеді. Еліңіз өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге маңызды үлес қосуда.
Достық, тату көршілік және одақтастық қағидаттарына негізделген Ресей-Қазақстан қатынастары барлық салада қарқынды дамып келеді.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының екіжақты деңгейде де, халықаралық аренада да, оның ішінде #ЕАЭО, #ҰҚШҰ, #ТМД және #ШЫҰ аясындағы ынтымақтастығының ең жарқын перспективаларына сенемін.
Сізге шын жүректен зор денсаулық және мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер, ал Қазақстан Республикасының достас халқына бейбітшілік пен амандық тілеймін.
Құрметпен,
С.ЛАВРОВ

🇷🇺🇰🇿 Құрметті қазақстандықтар,
Республика күніне орай шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыз!
⚡️ Ресей үшін Қазақстан тек жақын көрші ғана емес, сонымен қатар сенімді одақтас және интеграциялық серіктес. Біздің елдеріміздің халықтарымызды тарихи тамыры тереңде жатқан берік достық байланыстары біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар өзара егемендікті, аумақтық тұтастықты құрметтеу және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау берік негізінде құрылады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әртүрлі салаларда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұдан біз қазақстандықтардың өз Отанының мүддесіне деген бірлігі мен адалдығының, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі жігерлі және еңбекті жұмыстың нәтижесін көреміз.
Елдің халықаралық аренадағы рөлінің маңызы да одан әрі арта түсуде. Халықаралық істердегі елеулі беделі мен құнды тәжірибесінің арқасында, Қазақстан жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуге маңызды үлес қосуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – саяси, әлеуметтік және экономикалық өрлеу жолымен сенімді жүріп келе жатқан қазіргі заманғы тиімді құқықтық мемлекет.
Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтастық қатынастар мен интеграциялық байланыстарды бағалаймыз. Екіжақты негізде, сондай-ақ #ЕАЭО, #ҰҚШҰ, #ТМД, #ШЫҰ, #АӨСШК және басқа да көпжақты құрылымдар аясында тең құқылы, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту біздің мемлекеттеріміздің ортақ мүдделеріне жауап беретініне және жаңа еуразиялық қауіпсіздік пен серіктестіктің архитектурасын қалыптастыру жөніндегі күш-жігермен үйлестіре сәйкес келетініне сенімдіміз.
💐 Бауырлас қазақ халқына шын жүректен амандық пен өркендеу, сондай-ақ Әділетті Қазақстанды құру жолында одан әрі табыстар тілейміз!