Информатика | Python | Олимпиада
575 subscribers
10 photos
9 videos
2 files
23 links
Оқушылар мен ұстаздарға информатика олимпиадасында бағыт-бағдар беретін пайдалы ресурс
Download Telegram
Барлықтарыңызға сәлем 👋🏻

Бүгін республикалық Bebras олимпиадасының нәтижелері шықты 🥳

Алдында жазғандай, бұл сайыс оқушылар мен ұстаздарға портфолио толтыру үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл сияқты басқа да сайыстарды өткізіп алмас үшін каналымды бақылап жүріңіз 😉

P.S. Сонымен қатар, инстаграм парақшаммен де бөлісіп қояйын: instagram.com/nursultan.akhmetov

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥61👍1👏1
300-ден астам олимпиада жүлдегерін дайындаудың құпиясы неде? 🏆

Сәлем, достар! Байланыста — Нұрсұлтан Ахметов 👋🏻

Қысқаша өзім жайлы:
👨🏻‍💻 11 жыл тәжірибе | Педагог-шебер
🏅 Алтынсарин төсбелгісі | Үздік педагог
🏆 300+ олимпиада жүлдегерлерінің тәлімгері
🥇 Халықаралық сайыстардың жеңімпазы
📖 Астана-кітап оқулықтарының авторы

Көбісі “олимпиада — бұл тек дарынды балалар үшін” деп ойлап, бастауға қорқады. Бірақ шындығында, кез келген жеңіс дұрыс таңдалған алғашқы қадамнан басталады 🚀

11 жылдық тәжірибеме негізделген жеңіске жетелейтін әдістемемді 5-6 қаңтар күндері шеберлік сыныбында бөлісетін боламын.

Мастер-класста меңгеретін платформалар:
🔹 stepik.org
🔹 codehs.com
🔹 acmp.ru
🔹 informatics.mccme.ru
🔹 codeforces.com
🔹 matol.kz

Негізгі ақпарат:
🗓 Күні: 5-6 қаңтар
🕑 Уақыты: 14:00 - 15:30

👇 Мастер-классқа байланысты сұрақтарыңыз болса, Telegram арнамызда пікірге жазыңыз!

Telegram: t.iss.one/python4olymp
🔥85👍3
Барлықтарыңызды шеберлік сыныбында күтемін! Егер бұл бастаманы пайдалы деп тапсаңыз, достарыңызбен немесе чаттармен бөлісіп, қолдап жіберіңіздер🙌🏻 Ізгі ниеттеріңізге рақмет!
👍13
Баршаңызға сәлем! 👋🏻

Бүгін сіздердің күткен «Информатика олимпиадасына өзіміз қалай дайындаламыз?» атты мастер-классымыз басталады.
Мастер-класс осы Telegram-арнасында өтеді.

Ешқандай техникалық кедергілер болмауы үшін мына жайттарды ескеруіңізді сұраймын:
📱 Смартфонмен қатыссаңыз: Telegram қосымшасын ең соңғы нұсқасына дейін жаңартып алыңыз.
💻 Компьютермен қатыссаңыз: Telegram-ның компьютерге арналған нұсқасын жүктеп алуды ұсынамын.

🔗 Telegram Desktop жүктеу сілтемесі: desktop.telegram.org

Дайын болсаңыз, реакция қалдырыңыз! 🔥

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥8
Live stream scheduled for
Трансляция басталды. Кірейік😄

14:10-да бастап кетеміз
2🔥1
Информатика олимпиадасына қалай өзіміз дайындаламыз? | 1-күн

Сәлем, достар! Мастер-класстың алғашқы күні аяқталды. Қатысқан жандардың белсенділігіне ризамын 🙌🏻

Бүгін біз:
Олимпиаданың мұғалім мен оқушы үшін нақты мүмкіндіктерін талқыладық;
C++ немесе Python? Қайсысынан бастаған дұрыс екенін анықтадық;
11 жылдық тәжірибемдегі жеңістің негізгі қағидаларымен бөлістім.

Егер тікелей эфирге қатыса алмай қалсаңыз немесе ақпаратты қайта бекіткіңіз келсе — жазба дайын! 👇

🎥 Бірінші күннің жазбасын көру: https://www.youtube.com/watch?v=smvjxVbdiyQ

📅 Ертең — 2-КҮН. Практика! Біз теориядан нақты іске көшеміз. Stepik, Codeforces, ACMP және т.б. платформалармен жұмыс істеп, оларды оқу процесіне қалай енгізу керектігін көрсетемін.

Ертең сағат 14:00-де кездесеміз. Дайын болыңыздар! 🚀

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
👍6🔥6
Баршаларыңызға сәлем 👋🏻

14:00-де басталатын мастер-класста, сіздерді күтемін🙌🏻
🔥4👏32
Баршаңызға қайырлы кеш!

Бүгінгі мастер-классымыз өз мәресіне жетті. Туындаған техникалық ақаулар үшін кешірім сұраймын. Осы уақытқа дейін Telegram платформасында мұндай кедергілер болмаған еді, бұл бірінші рет орын алып отырған жағдай.

Мастер-кластың бейнежазбасын жақын арада осы арнада бөлісемін. Алдағы уақытта жүйелі түрде тәжірибеммен бөлісіп, пайдалы материалдар жариялап тұруды жоспарлап отырмын.

Сондықтан арнадан алыстамаңыздар және пайдалы ақпаратты әріптестеріңізбен, шәкірттеріңізбен бөлісе жүріңіздер. Қолдауларыңызға рақмет! 🙌🏻
👍177
Информатика олимпиадасына қалай өзіміз дайындаламыз? | 2-күн

Сәлем, достар! Кеше біз информатика олимпиадасының іргетасы мен стратегиясы туралы сөйлестік. Бүгін теориядан нақты практикаға көштік.

📅 Бүгінгі эфирде: Біз Stepik, CodeHS, ACMP, Codeforces платформаларымен жұмыс істеп, оларды оқу процесіне қалай тиімді енгізуге болатынын қарастырдық. Оқушыларды жүйелі жаттықтырудың нақты жолдарымен бөлістім.

Егер тікелей эфирге қатыса алмай қалсаңыз немесе ақпаратты қайта бекіткіңіз келсе — жазба дайын! 👇

🎥 Екінші күннің жазбасын көру: https://youtu.be/qFsWvteY9y0

📌 Маңызды ескерту: Мастер-класста айтылған барлық пайдалы ресурстар (тегін курстар, есептер архиві, практикалық сайттар) YouTube-тегі видеоның сипаттамасында (описание) жинақталған. Сондықтан видео астындағы сілтемелерді тексеруді ұмытпаңыздар!

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥7👏4👍31
Жалпы_рейтинг_Облыс_2026_Алдын_ала.pdf
103.7 KB
Реакция қоюдан олимпиада болса, алтын алатын сияқтысыздар ғой! 🥇😂
🖕13👍9😁1
Облыс_&_сынып_Облыс_2026_Алдын_ала.pdf
101.8 KB
Саусақтарыңыз талмады ма? 😂
👍12🖕6😁2
📈 Облыстық олимпиада нәтижелері 2026 (Алдын ала)

Қайырлы күн, құрметті әріптестер мен оқушылар!

Білім додасының ең толқынысты сәті келді. Олимпиада — бұл тек қана рейтинг емес, бұл сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Мен сіздердің әрқайсысыңыздың талпыныстарыңызды мақтан тұтамын! ✊🏻

Төменде алдын ала нәтижелерді екі түрлі форматта бөлісіп отырмын:

📂 1. Өңірлік және сыныптық талдау:
Мұнда облыстар мен сыныптар арасындағы бәсеке қалай өрбігенін көре аласыздар.
Сілтеме: https://t.iss.one/python4olymp/50

📂 2. Жалпы рейтинг:
Аймаққа қарамастан, барлық қатысушылар арасындағы нақты көрсеткіштер.
Сілтеме: https://t.iss.one/python4olymp/49

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! 🏆 Ал жоғары ұпай жинай алмаған оқушыларға айтарым: бұл тек бастамасы. Әрбір қате — жаңа білімге бастар жол.

🚀 Алда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Тоқтамаңыздар!
🔥6👍31
📌 PYTHON 1-ДЕҢГЕЙ КУРСЫ

Сәлем, достар! Байланыста — Нұрсұлтан Ахметов 👋🏻 Менімен танысқысы келетіндерді taplink.cc/nursultan.akhmetov сілтемесі арқылы күтемін 😉

Соңғы айларда маған келетін сұрақтардың басым бөлігі — ҰБТ/ПББ тестіне қатысты болсын, олимпиадаға қатысты болсын — “Python бойынша курсыңыз бар ма?”

Шыны керек, 2022 жылы жарық көрген 30 сағатқа жуық авторлық курсым әлі күнге дейін көптеген оқушылар мен әріптестерімнің жоғары бағасына ие болып келеді. Алайда, уақыт бір орнында тұрмайды, ал сұраныс күн сайын артып жатыр.

Сондықтан мен бұл бағдарламаны заман талабына сай жаңартып, кез келген мақсатқа (Олимпиада | ҰБТ | ПББ) сәйкес келетін бірегей шешім жасауды жөн көрдім. Осылайша, алдарыңызға жаңа авторлық жобамның алғашқы бөлімі — “Python 1-деңгей” курсын ұсынамын!

🚀 КУРС КІМДЕРГЕ АРНАЛАДЫ?
• 7-11 сынып оқушыларына
• Информатика мұғалімдеріне
• Бағдарламалауды үйренгісі келетіндерге

🎯 КУРС МАҚСАТТАРЫ:
• Python негіздерін 0-ден бастап функцияларға дейін толықтай меңгеру
• ҰБТ және ПББ тесттерінде Python сұрақтарынан максималды балл жинау
• ACMP және Codeforces платформаларында 100+ олимпиадалық есеп шығару
• IT мен Информатика саласына қажетті ең басты дағды — алгоритмдік ойлауды дамыту

🎯 КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ:
1. Енгізу мен шығару операторлары: input, print
2. Айнымалылар және деректер түрлері: int, float, str, bool
3. Арифметикалық және жолдық операторлар: +, -, *, /, //, **, %
4. Математикалық функциялар: min, max, round, abs, pow, sqrt, isqrt, ceil, floor, gcd, lcm
5. Шартты және ерекшелік операторлар: if, elif, else; try, except
6. Салыстыру және логикалық операторлар: ==, !=, >, >=, <, <=; and, or, not
7. Циклді басқару операторлары: for; while, else; break, continue
8. Күрделі басқару құрылымдары (шарттың ішінде шарт, цикл ішінде цикл)
9. Жолдар: индекстер, срездер, циклдермен байланыс, “in” операторы
10. Жолдық әдістер: isnumber, isalpha, isupper, islower, upper, lower
11. Бір өлшемді тізімдер мен кортеждер: индекстер, циклдармен байланыс
12. Тізім әдістері: append, extend, insert, pop, remove, clear, index, count, sort, reverse, copy
13. Тізімдермен қолданылатын функциялар: len, enumerate, sorted, reversed, sum, min, max, all, any
14. Функциялар: def; parameters, arguments; return, exit

🎯 ОҚУ ФОРМАТЫ (100+ практикалық есеп):
acmp.ru және codeforces.com платформаларында күнделікті жұмыс
• Дүйсенбі, Сәрсенбі, Жұма: Жаңа тақырып + үй тапсырмасы
• Сейсенбі, Бейсенбі, Сенбі: Үй жұмыстарын видео-талдау
• Жексенбі: Codeforces контесті және тікелей эфирдегі онлайн талдау🏁
• Қорытынды: Курс соңында барлық тақырыптарды қамтитын үлкен контест

🤝 КУРС БАРЫСЫНДА ҚОЛДАУ:
• Тікелей эфирлер: Әр жексенбі LIVE-кездесуде апталық қорытынды жасап, қиын есептерді бірге талдаймыз және барлық сұрақтарыңызға жеке жауап беремін.
• Арнайы жабық Telegram чаты: курс авторымен үнемі байланыста болып, кез келген уақытта кәсіби көмек ала аласыз.
• Ұзақ мерзімділік: Барлық сабақ жазбалары мен материалдарға 12 ай бойы қолжетімділік.

📌 НЕГІЗГІ АҚПАРАТ:
🗓 Курс мерзімі: 19.01.26 - 17.02.26
Ұзақтығы: 30 күн қарқынды дайындық
💳 Курс құны: 30 000 ₸ - 40 000 ₸ (тіркелу уақытына байланысты)

🔗 КУРСҚА ТІРКЕЛУ СІЛТЕМЕСІ:
👉 tiny.cc/python-level1
3🎉2😁1