Информатика | Python | Олимпиада
575 subscribers
10 photos
9 videos
2 files
23 links
Оқушылар мен ұстаздарға информатика олимпиадасында бағыт-бағдар беретін пайдалы ресурс
Download Telegram
Үлкен жетістіктер оңайлықпен келмейді. Олимпиадаға дайындық та осы заңдылыққа бағынады.

Дайындық барысында “выгорание” болмауы үшін сізге жігер беретін айқын себеп керек 😉
🔥15👏3
Жаңаөзен қаласында олимпиада дайындығы өтті

8-15 желтоқсан аралығында 25 мектептен іріктелген 25 оқушыға информатикадан қарқынды дайындық курсын өткіздім.

Сол оқушыларымның алғашқы нәтижелерін сіздермен бөліскім келді😉
🔥16❤‍🔥41
C++ пе, әлде Python ба?

Информатика олимпиадасына енді бет бұрған әр оқушы мен ұстаздың алдында тұратын ең басты сұрақ осы.

🗓️ БӘРІ 1989 ЖЫЛЫ БОЛГАРИЯДА ӨТКЕН АЛҒАШҚЫ IOI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНАН БАСТАЛДЫ. Содан бері IT өзгерсе де, C++ үстемдігі сақталып келеді. 2024 жылдан бастап IOI-да тек C++ қана қалды, себебі ол басқа тілдерге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Сондықтан Қазақстанның ұлттық құрамасының жиындары да әлемдік деңгейде бәсекелесу үшін тек осы тілде өтеді.

📚2017–2018 ЖЫЛДАРЫ “ASTANA KITAP” ОҚУЛЫҒЫН жаңартылған мазмұн бойынша жазып жүрген кездерім еді. Оған дейін бағдарламада нақты шектеу болмай, әріптестерім көбіне Pascal-ды оқытса, мен өзім оқушыларыма C++ пен JavaScript-ті үйрететінмін. Алайда жаңа бағдарлама барлық мектептің Python-ға көшуін талап етті. Бұл қадам білім жүйесін заманауи трендтерге жақындатты, себебі Python үйренуге жеңіл әрі өте өзекті тіл.

💰 МАҒАН ТАБЫС ӘКЕЛГЕН PYTHON ТІЛІ... Олимпиадалық есептердің 90%-ын C++ тілінде шешсем да, соңғы екі жылда Python менің сүйікті құралыма айналды. 2023-2024 жылдары өзімнің алғашқы стартап жобамды дәл осы тілде жасап, мұғалімдіктен бөлек алғашқы қомақты табысымды таптым. Тәжірибемнен түйгенім: бір бағдарламалау тілін жақсы меңгерсеңіз, басқа тілдерді үйрену тек уақыт мәселесі.

🥇 2021 ЖЫЛДАН БЕРІ МЕНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ФОРМУЛАМ: алдымен Python, сосын C++. Бастапқыда негізгі логиканы қалыптастырып, мектеп бағдарламасын Python арқылы толық игереміз. Фундамент қаланған соң, C++ тіліне көшеміз. Нәтижесінде, шәкірттерім екі тілді де жетік меңгеріп, бәсекеге қабілетті болып өседі.

ДЕГЕНМЕН, ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУ ҮШІН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ C++ БІЛУ ШАРТ ЕМЕС. СЕБЕБІ:
1. Пәндік олимпиада: Аудандық, облыстық, тіпті республикалық олимпиадаларда жүлдегер атану үшін тек Python-ды білу толық жеткілікті.
2. Әмбебап құрал: Python тек олимпиадаға ғана емес, ғылыми жоба мен робототехника сайыстарына да қатысуға мүмкіндік береді.
3. Бастысы — бағдарламалау тілі емес, сіздің алгоритмдік ойлау қабілетіңіз бен жүйелі дайындығыңыз.

💎 ТӘЖІРИБЕММЕН БӨЛІСЕТІН КЕЗ КЕЛДІ! Python-ды олимпиада дайындығына алғашқылардың бірі болып енгізген ұстаз ретінде және оны нақты стартаптарда қолдану арқылы жинаған білімімді ортаға салмақшымын.

🗓️ ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ БАСЫНДА ӨТЕТІН МАСТЕР-КЛАССТА олимпиадаға дайындықты нөлден қалай бастау керектігін нақты қадамдармен көрсетемін. Толық ақпаратты келесі апта басы жариялаймын.

🤝 БҰЛ ЖАҢА БАСТАМАМА ҚОЛДАУЛАРЫҢЫЗДЫ АЯМАҢЫЗДАР! Осы арнаға жазылып, бұл постпен әріптестеріңізбен бөлісіп отырыңыздар 🙌🏻

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
👍11🔥6👏21
Audio
🎙️ ЭКСПЕРИМЕНТ: АУДИО ФОРМАТ ПА, ӘЛДЕ МӘТІН БЕ?

Достар, жаңа технологияларды тексеріп көруді жөн көрдім! Google-дың NotebookLM сервисі арқылы алдыңғы жазбамның негізінде жасанды интеллект дайындаған аудио подкаст жасап шығардым.

Бір ескеретін жайт: әзірге бұл құрал қазақ тілін қолдамайды, сондықтан подкаст орыс тілінде сөйлейді. Дегенмен, мазмұны өте қызықты шықты.

Сұрағым: Осындай аудио формат сіздерге қаншалықты ұнайды? Ақпаратты жолда кетіп бара жатып немесе басқа іспен айналысып жүріп тыңдаған ыңғайлы ма? Әлде тек дәстүрлі мәтін түріндегі посттарды қалдырайын ба?

👇 Өз ойыңызды коментарийде бөлісе кетіңіз, бұл арнаның болашақ контенті үшін өте маңызды!

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥9
Барлықтарыңызға сәлем 👋🏻

Бүгін республикалық Bebras олимпиадасының нәтижелері шықты 🥳

Алдында жазғандай, бұл сайыс оқушылар мен ұстаздарға портфолио толтыру үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл сияқты басқа да сайыстарды өткізіп алмас үшін каналымды бақылап жүріңіз 😉

P.S. Сонымен қатар, инстаграм парақшаммен де бөлісіп қояйын: instagram.com/nursultan.akhmetov

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥61👍1👏1
300-ден астам олимпиада жүлдегерін дайындаудың құпиясы неде? 🏆

Сәлем, достар! Байланыста — Нұрсұлтан Ахметов 👋🏻

Қысқаша өзім жайлы:
👨🏻‍💻 11 жыл тәжірибе | Педагог-шебер
🏅 Алтынсарин төсбелгісі | Үздік педагог
🏆 300+ олимпиада жүлдегерлерінің тәлімгері
🥇 Халықаралық сайыстардың жеңімпазы
📖 Астана-кітап оқулықтарының авторы

Көбісі “олимпиада — бұл тек дарынды балалар үшін” деп ойлап, бастауға қорқады. Бірақ шындығында, кез келген жеңіс дұрыс таңдалған алғашқы қадамнан басталады 🚀

11 жылдық тәжірибеме негізделген жеңіске жетелейтін әдістемемді 5-6 қаңтар күндері шеберлік сыныбында бөлісетін боламын.

Мастер-класста меңгеретін платформалар:
🔹 stepik.org
🔹 codehs.com
🔹 acmp.ru
🔹 informatics.mccme.ru
🔹 codeforces.com
🔹 matol.kz

Негізгі ақпарат:
🗓 Күні: 5-6 қаңтар
🕑 Уақыты: 14:00 - 15:30

👇 Мастер-классқа байланысты сұрақтарыңыз болса, Telegram арнамызда пікірге жазыңыз!

Telegram: t.iss.one/python4olymp
🔥85👍3
Барлықтарыңызды шеберлік сыныбында күтемін! Егер бұл бастаманы пайдалы деп тапсаңыз, достарыңызбен немесе чаттармен бөлісіп, қолдап жіберіңіздер🙌🏻 Ізгі ниеттеріңізге рақмет!
👍13
Баршаңызға сәлем! 👋🏻

Бүгін сіздердің күткен «Информатика олимпиадасына өзіміз қалай дайындаламыз?» атты мастер-классымыз басталады.
Мастер-класс осы Telegram-арнасында өтеді.

Ешқандай техникалық кедергілер болмауы үшін мына жайттарды ескеруіңізді сұраймын:
📱 Смартфонмен қатыссаңыз: Telegram қосымшасын ең соңғы нұсқасына дейін жаңартып алыңыз.
💻 Компьютермен қатыссаңыз: Telegram-ның компьютерге арналған нұсқасын жүктеп алуды ұсынамын.

🔗 Telegram Desktop жүктеу сілтемесі: desktop.telegram.org

Дайын болсаңыз, реакция қалдырыңыз! 🔥

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥8
Live stream scheduled for
Трансляция басталды. Кірейік😄

14:10-да бастап кетеміз
2🔥1
Информатика олимпиадасына қалай өзіміз дайындаламыз? | 1-күн

Сәлем, достар! Мастер-класстың алғашқы күні аяқталды. Қатысқан жандардың белсенділігіне ризамын 🙌🏻

Бүгін біз:
Олимпиаданың мұғалім мен оқушы үшін нақты мүмкіндіктерін талқыладық;
C++ немесе Python? Қайсысынан бастаған дұрыс екенін анықтадық;
11 жылдық тәжірибемдегі жеңістің негізгі қағидаларымен бөлістім.

Егер тікелей эфирге қатыса алмай қалсаңыз немесе ақпаратты қайта бекіткіңіз келсе — жазба дайын! 👇

🎥 Бірінші күннің жазбасын көру: https://www.youtube.com/watch?v=smvjxVbdiyQ

📅 Ертең — 2-КҮН. Практика! Біз теориядан нақты іске көшеміз. Stepik, Codeforces, ACMP және т.б. платформалармен жұмыс істеп, оларды оқу процесіне қалай енгізу керектігін көрсетемін.

Ертең сағат 14:00-де кездесеміз. Дайын болыңыздар! 🚀

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
👍6🔥6
Баршаларыңызға сәлем 👋🏻

14:00-де басталатын мастер-класста, сіздерді күтемін🙌🏻
🔥4👏32