Информатика | Python | Олимпиада
575 subscribers
10 photos
9 videos
2 files
23 links
Оқушылар мен ұстаздарға информатика олимпиадасында бағыт-бағдар беретін пайдалы ресурс
Download Telegram
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZHO) — ҚОЛА! 🥉

Оқушым Даниялдың халықаралық деңгейдегі нәтижесі — 4 жылғы жүйелі дайындығының жемісі. Күміске небәрі 1 балл жетпей қалса да, бұл — әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің белгісі және жеңістердің бастамасы ғана😉

Егер сіз де осындай халықаралық додаларда топ жаруды армандасаңыз, алғашқы қадамды осы жексенбіде бірге жасайық. Жаңа курсымыздың басталуы олимпиада әлеміне ашылған үлкен есік болмақ. Дайындыққа қосылуға асығыңыздар!🔥

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥7👍61
4 жыл информатикадан олимпиадчигім болған шәкіртім - Дарханмен кездесу!

Бүгін Қарағандыға менімен арнайы кездесу үшін келіп қалыпты 🫂

Дарханның хикаясын жоғарыдағы карусельде қалдырдым😉

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
7
print() функциясын білемін деп ойлайсыз ба? 🤔

Көпшілік үшін бұл — экранға мәтін шығарудың қарапайым жолы ғана. Бірақ ҰБТ мен олимпиада тапсырмаларында бұл функцияның нағыз "сиқыры" басталады.

Мен бұл 30 минуттық сабаққа 10 сағаттан астам уақытымды және 11 жылдық ұстаздық тәжірибемді салдым. Бұл — жай ғана видео емес, бұл — кәсіби деңгейге өту.

🔗 Видеоны көру:
https://www.youtube.com/watch?v=f-D3tMJaY40

😎 Challenge:
Python-ды жаңа бастаған немесе «бәрін білемін» деп жүрген досыңызға жіберіңіз. Көрейік, ол мына 30 минут ішінен өзіне неше жаңа инсайт табады екен? 😉

👇 Ал Python-ды 0-ден бастап ең жеңіл түрде үйренем десеңіз:
Комментарийге “Python” деп жазыңыз.

Python әлемін бағындыруды бірге бастайық! 🚀

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
👍5🔥5
370 000 000$ тұратын бір ғана қателік 🚀🔥

1996 жыл, 4 маусым. Ariane 5 зымыраны аспанға көтерілгеннен кейін небәрі 40 секундтан соң жарылып кетті. Себебі не деп ойлайсыз? Қозғалтқыш па? Жанармай ма?

Жоқ. Себебі — бір ғана айнымалының дерек типі.

Бағдарламашылар 64-биттік бөлшек санды (float) 16-биттік бүтін санға (int) сыйдырмақшы болды. Нәтижесінде — «сан сыймай қалды» (overflow), жүйе істен шықты және 370 миллион доллар ауаға ұшты.

Көпшілік үшін «айнымалы» немесе «дерек типі» — информатиканың жалықтыратын тақырыбы. Бірақ кәсіби девелопер үшін бұл — бағдарламаның іргетасы.

Жаңа видеода біз дәл осы «іргетасты» қалай дұрыс қалауды үйренеміз:
айнымалылар мен олардың қасиеттері;
деректер типтері мен type() функциясы;
неге Python-да типтер автоматты түрде анықталады?
f-string және мәндерді алмастырудың кәсіби әдістері.

Бұл видеодан кейін сіздің кодыңыз Ariane 5 сияқты жарылмайды, керісінше, жаңа биіктерге көтеріледі! 😉

🔗 Видеоны көру:
https://www.youtube.com/watch?v=mx1eH7zqnZE

🚀 Challenge: Бұл тарихты бағдарламалауды оңай деп жүрген досыңа жібер. Дерек типтерін білмеу — «миллиондарды» жоғалтумен тең!

👇 Пікірге жаза кетіңіз: Сіздің кодыңызда осындай «кішкентай» қатеден үлкен мәселе туындаған кез болды ма?

#Python4Olymp #НұрсұлтанАхметов

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥7👍2
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Uzdik IT Ustaz: часто задаваемые вопросы

Отвечаем на самые важные вопросы:
этапы олимпиады, как пройти в финал и как зарегистрироваться ⚡️

📅 Первый отборочный этап:
30 января, 16:00

📌 Регистрация - по ссылке
👍1