Информатика | Python | Олимпиада
575 subscribers
10 photos
9 videos
2 files
23 links
Оқушылар мен ұстаздарға информатика олимпиадасында бағыт-бағдар беретін пайдалы ресурс
Download Telegram
Жалғасы жазылмай қалыпты

Менің оқушым, студент бола тұра, биыл жазда Лондондағы Bloomberg компаниясына Software Engineer позициясына стажировкаға шақырту алды. Оның 3 айлық табысы — 15 000 фунт стерлинг (шамамен 10 млн теңге). Бұған қоса, компания оның визасы мен ұшу билеттерін толық өз мойнына алды.

🚀 Неге бүгін бағдарламалауды үйрену керек? Сіз мектеп оқушысы, студент, ұстаз немесе IT-ге қызығып жүрген жан болсаңыз да — бағдарламалау бүгінгі күннің басты құралы. Stack Overflow Survey 2025 мәліметінше, Python — әлемдегі ең жылдам дамып жатқан және ең танымал тіл. Бұл жай ғана код емес, бұл — жаңаша ойлау жүйесі. Менің курсым — “тез баю” туралы емес, Bloomberg сияқты алпауыттарға жол ашатын сапалы білім туралы.

Құрметті әріптестер, ұстаздар! Шәкіртіміздің Bloomberg немесе Google деңгейіне жетуі — біздің берген бағытымыз бен білімімізге тікелей байланысты. Біз тек бағдарламалау тілін емес, баланың тағдырын қалаймыз. Оқушыны биікке жетелеу үшін, ұстаздың өзі сол деңгейден көрінуі тиіс. Сіздерді де осы даму жолына қосылуға шақырамын.

🚀 Болашаққа алғашқы қадам — бүгіннен басталады. Мен “Python 1-деңгей 2.0” курсын бастаймын. Бұл жай ғана оқу емес, бұл — нағыз маман болуға бағытталған алғашқы сапалы іргетас.

👇 Курс туралы мәлімет алғыңыз келсе: Комментарийге “Python” деп жазыңыз. Мен сізге бағдарлама мен тіркелу жолын жіберемін.

Құндылық — білімде, нәтиже — еңбекте. Бірге бастайық!

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
👍6
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бір хабарлама жоспарды өзгертеді 📣

Біз Uzdik IT Ustaz информатика пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданың жаңа маусымын бастаймыз!

🗓 30 қаңтар
16:00
Ұзақтығы: 2 сағат
🌐 Форматы: онлайн

📌 Іріктеу кезеңіне барлық аймақтың мұғалімдері қатыса алады.
Облыстық және қорытынды кезеңге қатысатын аймақтар тізімін жақында жаңалықтарда күтіңіздер!

🔗 Сілтеме арқылы олимпиада ережесімен танысып, тіркелулеріңізді сұраймыз.



Одно уведомление, которое меняет планы 📣

Мы запускаем новый сезон олимпиады для учителей информатики Uzdik IT Ustaz!

🗓 30 января
16:00
Продолжительность: 2 часа
🌐 Формат: онлайн

📌 В отборочном этапе могут участвовать учителя из всех регионов.
Список регионов, участвующих в областном и финальном этапах, скоро будет опубликован в новостях!

🔗 Ознакомиться с правилами олимпиады и зарегистрироваться можно по ссылке.
2
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZHO) — ҚОЛА! 🥉

Оқушым Даниялдың халықаралық деңгейдегі нәтижесі — 4 жылғы жүйелі дайындығының жемісі. Күміске небәрі 1 балл жетпей қалса да, бұл — әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің белгісі және жеңістердің бастамасы ғана😉

Егер сіз де осындай халықаралық додаларда топ жаруды армандасаңыз, алғашқы қадамды осы жексенбіде бірге жасайық. Жаңа курсымыздың басталуы олимпиада әлеміне ашылған үлкен есік болмақ. Дайындыққа қосылуға асығыңыздар!🔥

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥7👍61
4 жыл информатикадан олимпиадчигім болған шәкіртім - Дарханмен кездесу!

Бүгін Қарағандыға менімен арнайы кездесу үшін келіп қалыпты 🫂

Дарханның хикаясын жоғарыдағы карусельде қалдырдым😉

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
7
print() функциясын білемін деп ойлайсыз ба? 🤔

Көпшілік үшін бұл — экранға мәтін шығарудың қарапайым жолы ғана. Бірақ ҰБТ мен олимпиада тапсырмаларында бұл функцияның нағыз "сиқыры" басталады.

Мен бұл 30 минуттық сабаққа 10 сағаттан астам уақытымды және 11 жылдық ұстаздық тәжірибемді салдым. Бұл — жай ғана видео емес, бұл — кәсіби деңгейге өту.

🔗 Видеоны көру:
https://www.youtube.com/watch?v=f-D3tMJaY40

😎 Challenge:
Python-ды жаңа бастаған немесе «бәрін білемін» деп жүрген досыңызға жіберіңіз. Көрейік, ол мына 30 минут ішінен өзіне неше жаңа инсайт табады екен? 😉

👇 Ал Python-ды 0-ден бастап ең жеңіл түрде үйренем десеңіз:
Комментарийге “Python” деп жазыңыз.

Python әлемін бағындыруды бірге бастайық! 🚀

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
👍5🔥5
370 000 000$ тұратын бір ғана қателік 🚀🔥

1996 жыл, 4 маусым. Ariane 5 зымыраны аспанға көтерілгеннен кейін небәрі 40 секундтан соң жарылып кетті. Себебі не деп ойлайсыз? Қозғалтқыш па? Жанармай ма?

Жоқ. Себебі — бір ғана айнымалының дерек типі.

Бағдарламашылар 64-биттік бөлшек санды (float) 16-биттік бүтін санға (int) сыйдырмақшы болды. Нәтижесінде — «сан сыймай қалды» (overflow), жүйе істен шықты және 370 миллион доллар ауаға ұшты.

Көпшілік үшін «айнымалы» немесе «дерек типі» — информатиканың жалықтыратын тақырыбы. Бірақ кәсіби девелопер үшін бұл — бағдарламаның іргетасы.

Жаңа видеода біз дәл осы «іргетасты» қалай дұрыс қалауды үйренеміз:
айнымалылар мен олардың қасиеттері;
деректер типтері мен type() функциясы;
неге Python-да типтер автоматты түрде анықталады?
f-string және мәндерді алмастырудың кәсіби әдістері.

Бұл видеодан кейін сіздің кодыңыз Ariane 5 сияқты жарылмайды, керісінше, жаңа биіктерге көтеріледі! 😉

🔗 Видеоны көру:
https://www.youtube.com/watch?v=mx1eH7zqnZE

🚀 Challenge: Бұл тарихты бағдарламалауды оңай деп жүрген досыңа жібер. Дерек типтерін білмеу — «миллиондарды» жоғалтумен тең!

👇 Пікірге жаза кетіңіз: Сіздің кодыңызда осындай «кішкентай» қатеден үлкен мәселе туындаған кез болды ма?

#Python4Olymp #НұрсұлтанАхметов

Дереккөз: t.iss.one/python4olymp
🔥7👍2
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Uzdik IT Ustaz: часто задаваемые вопросы

Отвечаем на самые важные вопросы:
этапы олимпиады, как пройти в финал и как зарегистрироваться ⚡️

📅 Первый отборочный этап:
30 января, 16:00

📌 Регистрация - по ссылке
👍1