QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
40.9K subscribers
5.91K photos
1.86K videos
18 files
4.38K links
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы

Официальный Telegram-канал Министерства просвещения РК
Download Telegram
​​​​🔻БОЛЕЕ 200 КОЛЛЕДЖЕЙ ВЕРНУЛИ ЛИЦЕНЗИИ
ПО 780 КВАЛИФИКАЦИЯМ 624 СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ


Как сообщили в Комитете по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения РК, в период подготовки и проведения государственной аттестации 219 колледжей вернули лицензии по 780 квалификациям 624 специальностей. Еще один частный колледж в Восточно-Казахстанской области закрылся.

Отметим, с начала года в 519 колледжах страны проведена государственная аттестация. По результатам проведенного анализа хорошие показатели наблюдаются в организациях технического и профессионального образования городов Алматы и Астана, Костанайской, Мангистауской, Атырауской, Восточно-Казахстанской областей и областей Улытау, Абай.

При этом более трехсот колледжей не прошли аттестацию. Основные из них расположены в городе Шымкент, Павлодарской и Кызылординской областях. Также слабые показатели наблюдаются в Западно-Казахстанской, Жамбылской, Туркестанской, Акмолинской и Актюбинской областях.

💬«Перед началом контрольных мероприятий проводится информационно-разъяснительная работа. Государственная аттестация уже выявила ряд системных проблем в сфере технического и профессионального образования. Сейчас идет работа по возвращению действующей лицензии и приложений к лицензии на осуществление образовательной деятельности еще девяти частных колледжей в городе Астана, Алматинской, Жетісу, Жамбылской и Туркестанской областях. Они не ведут образовательную деятельность. Также выявлены 10 колледжей, выполняющие образовательную деятельность без приложения к лицензии», - сообщил председатель комитета Ернур Дауенов.

По итогам анализа основные нарушения выявлены по рабочим учебным планам, рабочим учебным программам по дисциплинам и модулям учебного плана, прохождению производственного обучения и профессиональной практики, обучению базовым, профессиональным модулям, не соответствующим требованиям государственного общеобязательного стандарта.

📩Уполномоченным органам даны рекомендации по оказанию методической помощи организациям ТиПО в разработке, составлении рабочих учебных программ и планов.
​​🟣«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»: КАЗАҚСТАНДА ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС БАСТАУ АЛУДА


🔘«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін басталады.

🔻«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында айтылғандай, педагогтер бейне түріндегі авторлық жұмыстарын 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады:

• мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін ерте сауаттылық;
• оқу сауаттылығы;
• математикалық сауаттылық;
• жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;
• цифрлық сауаттылық;
• медиа-ақпараттық сауаттылық;
• қаржылық сауаттылық;
• экологиялық сауаттылық;
• денсаулық сақтау сауаттылығы;
• әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық;
• мәдениетаралық сауаттылық;
• азаматтық-құқықтық сауаттылық.

Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады - топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс. Мұғалімдердің келесі жұмыстары қабылданады: дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, сандық білім беру ресурсы және бейне подкаст. Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Конкурс қатысушылары ұсынатын бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтінім беріп, бір бейнематериал жібере алады.

Конкурс жұмыстары жеті критерий бойынша бағаланады: өзектілік, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялылық, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлік, аудио/бейнеқатарды беру сапасы.

🏅12 бағыттың әрқайсысында бір І орын, екі ІІ орын және үш ІІІ орын беріледі. Өңірлік және республикалық кезеңдердің барлық қатысушылары қатысу сертификаттары мен жеңімпаздар дипломдарымен марапатталады. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша мадақтау сертификаты қарастырылған.
Конкурстың барлық марапаттау құжаттары біліктілік санатын беру немесе растауда ескерілетіні туралы айта кеткен жөн.

Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысу өтінімдері https://ppi.orleu-edu.kz сайтында қазан айының 10-на дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалдарында алуға болады.
​​🟣«ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ»: КОНКУРС ДЛЯ УЧИТЕЛЕЙ СТАРТУЕТ В КАЗАХСТАНЕ

🔘Республиканский конкурс «Панорама педагогических идей – 2023» стартует для педагогов дошкольного, среднего, технического и профессионального образования.

🔻Как рассказали в Национальном центре повышения квалицификации «Өрлеу», авторские работы в форме видео педагоги смогут представить по одному из 12 направлений:

• ранняя грамотность для педагогов дошкольного обучения и воспитания;
• читательская грамотность;
• математическая грамотность;
• естественнонаучная грамотность;
• цифровая грамотность;
• медийно-информационная грамотность;
• финансовая грамотность;
• экологическая грамотность;
• медицинская грамотность;
• социально-эмоциональная грамотность;
• межкультурная грамотность;
• гражданско-правовая грамотность.

Принять участие можно как индивидуально, так и в авторской группе – количество участников не должно превышать трех человек. Педагогам необходимо предоставить следующие материалы: лекция, урок, практическая или лабораторная работа, семинар, мастер-класс, цифровой образовательный ресурс и видеоподкаст. Работы могут быть представлены на казахском, русском и английском языках. Количество подаваемых видеоматериалов от участников конкурса ограничено. Один педагог или одна авторская группа может подать заявку на участие только в одном направлении и представить один видеоматериал.


Конкурсные работы оцениваются по семи критериям: актуальность, доказательность, межпредметная интеграция, методическая ценность, инновационность, культура речи и ораторское мастерство, качество передачи аудио/видеоряда.

🏅В каждом из 12 направлений будет присуждено одно I место, два II места и три III места. Все участники конкурса регионального и республиканского этапов будут награждены сертификатами и дипломами победителей. За самый просматриваемый видеоматериал на YouTube по каждому из направлений предусмотрен поощрительный сертификат.
Стоит отметить, что все наградные документы конкурса учитываются при аттестации на присвоение или подтверждение квалификационной категории.


Заявки на участие в региональном этапе конкурса принимаются на сайте https://ppi.orleu-edu.kz до 10 октября. Для получения дополнительной информации обращайтесь в филиалы Национального центра повышения квалификации «Өрлеу».
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»: КАЗАҚСТАНДА ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС БАСТАУ АЛУДА
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥«ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ»: КОНКУРС ДЛЯ УЧИТЕЛЕЙ СТАРТУЕТ В КАЗАХСТАНЕ
​​📖«ӘБІШ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА 168 ОҚУШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ

▫️«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, Маңғыстау облысында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсы басталды.

🔖Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен 168 оқушы қатысып жатыр. Олар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, сахналап, өнерлерін көрсетеді. Сондай-ақ ғылыми жоба қорғап, илюстрациялық сурет салудан да сынға түседі.

🙌Олимпиада аясында қатысушылар қарымды қаламгердің жүріп өткен жолы мен шығармашылық мұрасымен танысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталады.

Айта кетейік, «Әбіш оқулары» 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.
​​📖168 ШКОЛЬНИКОВ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ НАУЧНО-ТВОРЧЕСКОМ КОНКУРСЕ «ӘБІШ ОҚУЛАРЫ»

▫️По информации Республиканского научно-практического центра «Дарын» в Мангыстауской области среди учащихся 8-11 классов стартует республиканский научно-творческий конкурс «Әбіш оқулары».

🔖В конкурсе, организованном в целях популяризации наследия народного писателя, государственного и общественного деятеля Казахстана Абиша Кекилбаева, участвуют 168 школьников со всех регионов страны. Участники соревнуются в познании произведении известного писателя: чтение произведений (проза, стихи), сценическое исполнение. Также, защищают исследовательские проекты и рисуют иллюстраций.

🙌В рамках конкурса школьники пройдут по стопам Абиша Кекілбаева, познакомятся с его творческим наследием.

Следует отметить, что научно-творческий конкурс «Әбіш оқулары» с 2018 года проводится на республиканском уровне.
​​🇰🇿ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ МАТЕМАТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 40-ШЫ БАЛҚАН ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУДА

🇹🇷Биыл математикадан халықаралық Балқан олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтуде. 40-шы олимпиадаға Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам қатысушы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан құрама командасы да бар.

💬«Олимпиада - математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және оларды шыңдауды көздейді. Сондай-ақ қатысушы елдердің өз арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасалған. Қазақстан бұл олимпиадаға жыл сайын қонақ ретінде қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр», - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

🧠Қазақстан атынан қатысқан құрама командада 6 оқушы бар. Олар оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған үздіктер.

Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы 13 мамырда белгілі болады.
​​🇰🇿СБОРНАЯ КОМАНДА КАЗАХСТАНА УЧАСТВУЕТ В 40-ОЙ БАЛКАНСКОЙ МАТЕМАТИЧЕСКОЙ ОЛИМПИАДЕ

🇹🇷В этом году Балканская математическая олимпиада проводится в городе Анталия (Турция). В нем принимают участие свыше 130 участников из 22 стран балканского полуострова и стран-гостей. Среди них есть и сборная команда Казахстана.

💬«Олимпиада направлена на поощрение и подготовку талантливых учащихся в области математики, а также дает возможность обмена опытом между странами-участницами. Ежегодно Казахстан участвует в этой олимпиаде и занимает призовые места», — говорит директор РНПЦ «Дарын» Гаждембек Турсынов.

🧠Честь страны представляют шесть школьников. Все они члены олимпийской сборной команды Казахстана, набравшие максимальные баллы по итогам учебно-тренировочных сборов.

Отметим, результаты 40-ой Балканской математической олимпиады будут обьявлены 13 мая.
​​🔴ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІК ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

🔻ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, 12 мамыр еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығу өтеді. Оған мемлекеттік және жекеменшік мектеп оқушылары, педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады.

◾️Оқу-жаттығу барысында «Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» аясында бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталады.

💬«Іс-шара барысында мектеп ұжымына терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритмдер нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланады. Оқушыларға нұсқау беріліп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялау ұйымдастырылады. Техникалық құралдардың яғни, дабыл түймесі, турникет және бейнекамералардың жұмыс істеуі және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексеріледі», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, оқу-жаттығу тек профилактикалық мақсатты көздейді. Білім беру ұйымдарын терроризмнен қорғау, қауіптің алдын алу үшін мұндай жаттығулар тұрақты жүргізіледі.

📣Оқу-жаттығуды жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.

Министрлік балалардың қауіпсіздігін қашанда жіті назарға алып, мектептерде терроризмге қарсы қорғауды кешенді жүргізуге басымдық беріп отыр.
​​🔴АНТИТЕРРОРИСТИЧЕСКАЯ ЗАЩИТА: В КАЗАХСТАНСКИХ ШКОЛАХ ПРОЙДУТ УЧЕНИЯ

🔻12 мая Комитетом по охране прав детей Министерства просвещения РК во всех школах страны будут организованы учения, направленные на антитеррористическую защиту.

◾️В них примут участие учащиеся государственных и частных школ, педагоги и сотрудники организации образования.
В ходе мероприятия алгоритмы, утвержденные в рамках «Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов образования», будут отработаны на практике и при необходимости послужат основой для их совершенствования.

💬 «Министерство уделяет особое внимание безопасности детей, комплексному проведению мероприятий, направленных на антитеррористическую защиту в школах. В ходе мероприятия будет проработан ряд важных вопросов. В частности, инструктаж персонала школы, в том числе охранных организаций, контроль действий и обязанностей каждого из них; Инструктаж учащихся школы и организация эвакуации персонала и обучающихся; Проверка функционирования технических средств (тревожная кнопка, турникеты и видеокамеры), а также оперативность реагирования частных охранных организаций в случае их вызова с помощью тревожных кнопок», – отметила председатель Комитета по охране прав детей Насымжан Оспанова.

Стоит отметить, что учения проводятся только в профилактических целях.

📣Основная цель проведения учений, помимо контроля за стабильным функционированием технических средств, – ориентация на оперативное реагирование учащихся, учителей и сотрудников в случае возникновения опасности, с соблюдением надлежащей безопасности.

Для защиты организаций образования от терроризма, профилактики терроризма такие практические упражнения должны проводиться всесторонне и регулярно.
​​💼«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

🤝ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды. Басқарма төрағасы болып Еламан Айбульдинов сайланды.

🔸Еламан Айбульдинов С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін 2008 жылы «Химия» мамандығын аяқтап, сол мамандық бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.

▫️Еңбек жолын 2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері болып бастады. Әр жылдары «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің сарапшысы, Қазақ технология және бизнес университетінің ғылым, инновациялық технологиялар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаңа химиялық технологиялар ғылыми-зерттеу институтының директоры, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып еңбек етті.

▫️2015 жылдан бері Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. 2021 жылдан бастап Республикалық Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы. ҚР Президентінің жанындағы Ғылым және технология жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі.
​​💼НАЗНАЧЕН ПРЕДСЕДАТЕЛЬ ПРАВЛЕНИЯ НАЦИОНАЛЬНОГО ЦЕНТРА ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ»

🤝Министр просвещения РК Гани Бейсембаев представил коллективу нового председателя правления АО НЦПК «Өрлеу». Им избран Еламан Айбульдинов.

🔸Еламан Айбульдинов окончил Павлодарский государственный университет имени С.Торайгырова в 2008 году по специальности «Химия», по этой же специальности имеет степень доктора (PhD) философии.

▫️Трудовую деятельность начал в 2010 году в качестве старшего научного сотрудника научно-исследовательского института биоорганической химии ЕНУ имени Л.Н. Гумилева. В разные годы работал экспертом Национального научно-технологического холдинга «Парасат», проректором по науке, инновационным технологиям и внешним связям Казахского университета технологии и бизнеса, директором научно-исследовательского института новых химических технологий Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева, проректором по науке и международным связям Атырауского университета им. Х.Досмухамедова.

▫️С 2015 года является членом-корреспондентом Казахстанской национальной академии естественных наук. С 2021 года - председатель Республиканского Совета молодых ученых. Член национального совета по науке и технологии при Президенте Республики Казахстан.
​​🌳ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСАДЫ

13 мамыр күні елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтеді. Экологиялық акцияға ҚР Оқу-ағарту министрі, құрылымдық бөлімше басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар қатысады.

🗣️Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің хабарлауынша, іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.

💬«Біз, ересектер балаларға үлгі болуымыз керек. «Жасыл мекен» республикалық челленджі білім алушылардың еңбекқорлығы мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді. Акция бүкіл ел бойынша бір уақытта өтеді», – дейді департамент директорының міндетін атқарушы Аман Сейітов.

Көшет отырғызу орнын білім беру ұйымындары таңдайды.Челленджге қатысушылар мен отырғызылатын көшеттер саны шектелмейді.

Айта кетейік, экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық жалпы хештегімен өтеді.
​​🌳КАЗАХСТАНСКИЕ ШКОЛЬНИКИ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В РЕСПУБЛИКАНСКОМ ЧЕЛЛЕНДЖЕ «ЖАСЫЛ МЕКЕН»

13 мая в 12:00 часов по столичному времени одновременно во всех организациях образования пройдет республиканский челлендж «Жасыл мекен». В экологической акции примут участие Министр просвещения РК, руководители структурных подразделений, директора, учителя и учащиеся организаций образования.

🗣️Как отметили в Департаменте по воспитательной работе и дополнительного образования, мероприятие направлено на привитие экологической культуры, бережного отношения к природе и окружающей среде, трудолюбия, озеленению окружающей среды.

💬«Мы – взрослые должны подавать положительный пример детям. Республиканский челлендж «Жасыл мекен» демонстрирует труд и заботу к окружающей среде среди обучающихся. Акция пройдет одновременно по всей стране», – сказал и.о. директора департамента Аман Сеитов.

Выбор места высадки саженцев остается за организацией образования. Количество участников челленджа, высаживаемых саженцев не ограничивается и определяется самостоятельно организациями образования.

Отметим, экологическая акция пройдет под общим хэштегом #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық
​​🟠ЖЕТІ МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

🔸ҚР Оқу-ағарту министрі жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына үміткер түлектерімен кездесу өткізді. Ашық диалог алаңында 7000-ға жуық оқушы еліміздің бас педагогіне тікелей сұрақ қойып, жауап алды.

🖌️Ғани Бейсембаев еліміздің білім беру жүйесін дамытуда қабылданып жатқан шараларға тоқталып, «Алтын белгіге» үміткерлер үшін қорытынды емтихандарды өз мектептерінде өткізу туралы бұйрыққа қол қойылғанын хабарлады.

💬«Қазіргі әлемдік білім - бұл экономикалық, мәдени және идеологиялық факторларға негізделген үнемі өзгеріп отыратын жүйе. Мемлекет сапалы білім берудің мықты іргетасын қалау және талантты балаларды қолдау үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Бізге келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды ескере отырып, сарапшылармен кеңесіп, министрлік биылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлері алдағы уақытта өздерінің білім орнында мектеп бітіру емтихандарын тапсырады деген шешім қабылданды. Біздің оқушыларымыздың моральдық қағидаттары жоғары екеніне және емтихан тапсыру кезінде академиялық адалдықты сақтайтынына сенімдімін. Сіздерге өз мақсаттарыңызға жетуде табандылық тілеймін»,–деді министр мектеп түлектеріне.

Бір жарым сағаттық кездесу барысында қатысушылар еліміздің бас педагогіне олимпиадалар өткізу, мектептердің инфрақұрылымын дамыту, білім беру және басқа да бағыттарға қатысты өз сұрақтарын қойып, жауап алды.

Айта кетейік, биыл елімізде 6817 оқушы «Алтын белгі» үміткері.
​​🟠ОКОЛО 7000 ВЫПУСКНИКОВ ВСТРЕТИЛИСЬ С МИНИСТРОМ ПРОСВЕЩЕНИЯ РК

🔸Министр просвещения провел встречу с выпускниками школ – претендентами на аттестат об общем среднем образовании «Алтын белгі». На открытой диалоговой площадке около 7000 участников смогли напрямую задать свои вопросы главному педагогу страны.

🖌️Гани Бейсембаев остановился на предпринимаемых мерах в развитии системы образования страны и объявил о подписании приказа о проведении итоговых экзаменов для претендентов на «Алтын белгі» в своих школах.

💬 «Современное мировое образование – это постоянно трансформирующая система, в основе которой лежат экономические, культурные и идеологические факторы. Государством создаются все необходимые условия для создания сильного фундамента качественного образования и поддержки талантливых детей. Учитывая множество поступивших предложений и посоветовавшись с экспертами, Министерством принято решение, что в этом и последующих годах претенденты на «Алтын белгі» будут сдавать выпускные экзамены в стенах родных школ. Уверен, что наши школьники обладают высокими моральными принципами и будут соблюдать академическую честность при сдаче экзамена. Желаю успехов в вашей будущей деятельности и всегда быть целеустремленными», – обратился министр к выпускникам школ.

В ходе полуторачасового мероприятия участники смогли задать свои вопросы главному педагогу страны. Они касались проведения олимпиад, развития инфраструктуры школ, образования и других направлений.

Отметим, в этом году на аттестат об общем среднем образовании «Алтын белгі» претендуют 6817 учащихся.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🟠 ЖЕТІ МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

🟠 ОКОЛО 7000 ВЫПУСКНИКОВ ВСТРЕТИЛИСЬ С МИНИСТРОМ ПРОСВЕЩЕНИЯ РК
​​📚56 ОҚУШЫ «ӘБІШ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ақтау қаласында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми – шығармашылық конкурсы өз мәресіне жетті.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткерінің мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр облыстан 160-тан астам 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс 4 бағыт бойынша өтті:
• Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу,
• проза, поэзиясынан мәнерлеп оқу,
• шығармашылық зерделеу жоба,
• сахналық қойылым.
Үш бағыт бойынша 21 жеңімпаз анықталып, сахналық қойылымнан құрамында 35 оқушы бар 7 команда үздік атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталды.

Байқау аясында қатысушылар Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейін аралап, жазушының шығармашылығымен танысып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Естеріңізге салсақ, «Әбіш оқулары» 2018 жылдан бері республикалық ғылыми – шығармашылық конкурсы ретінде өткізіліп келеді.
​​📚56 ШКОЛЬНИКОВ СТАЛИ ПОБЕДИТЕЛЯМИ РЕСПУБЛИКАНСКОГО НАУЧНО-ТВОРЧЕСКОГО КОНКУРСА «ӘБІШ ОҚУЛАРЫ»

В городе Актау завершился республиканский научно-творческий конкурс «Әбіш оқулары».

В конкурсе, организованном в целях ознакомления наследия народного писателя, государственного и общественного деятеля Казахстана Абиша Кекилбаева, приняли участие более 160 учащихся 8-11 классов из каждой области страны.

Конкурс проведен по четырем направлениям:
• чтение произведений писателя (проза, стихи);
• рисование иллюстраций;
• конкурс исследовательских проектов;
• сценическое исполнение.

По трем первым направлениям были определены 21 победитель и по сценическому исполнению произведения вышли вперед семь победителей-команд в составе 35 школьников.

Победителям и призерам республиканской олимпиады вручены дипломы и грамоты Министерства просвещения РК.
В рамках конкурса участники посетили Мангистауский областной историко-краеведческий музей имени Абиша Кекилбаева, ознакомились с творчеством писателя, а также возложили цветы к его памятнику.

Напомним, с 2018 года «Әбіш оқулары» проводится масштабно, как республиканский научно-творческий конкурс.
​​🌳«ЖАСЫЛ МЕКЕН» ЧЕЛЛЕНДЖІ АЯСЫНДА 187 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған экологиялық акцияға еліміздің жеті мыңнан астам орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында педагогтер, ата-аналар, оқушылар мен студенттер, сондай-ақ Оқу-ағарту министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл мекен» республикалық челленджі Астана уақытымен сағат 12:00-де басталды. Ақмола облысының №1 Қоянды мектебінің оқушыларымен бірге көшет отырғызуға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты.

ҚР Оқу-ағарту министрі республикалық іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, еңбекқорлыққа шақырды.

«Бұл челлендждің негізгі мақсаты – барлық Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды, ұстаздарды табиғатымызды аялауға, оны қорғауға және ең бастысы еңбекқорлыққа баулу. Көшет, жасыл-желек отырғызып біз еңбектенуді, туған жерге жанашыр болуды үйренеміз. Бұл дәстүрлі шараға ұласып, қоғам үшін үлгі болуы тиіс», - деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, экологиялық мәдениетті дамыту мен туған өлкенің табиғатын аялауға негізделген челлендж аясында ел бойынша 187 мың көшет,150 мың гүл егілді. Іс-шараға 9,10 және 11 сыныптардан 750 мыңға жуық оқушы қатысты. Челленджге атсалысқан 25 мыңға жуық педагог жас ұрпақты еңбекқорлыққа баулып, оларға үлгі көрсетті.

Айта кетейік, экологиялық акция #оқуағарту #заботаоприроде #посадкадерева #жасылмекен #еңбекқорлық жалпы хештегімен өтті.