KazTech
140 subscribers
899 photos
32 videos
14 files
222 links
KazTech - IT және технологиялар туралы қазақша арна.

Барлық сұрақтар бойынша - @fafnirdragon
Download Telegram
2022 жыл Python тілі үшін қандай болды?
Осы посттан біліңіз.

- Python 3.11: https://youtu.be/PGZPSWZSkJI
- JetBrains Python Developer Survey: https://lp.jetbrains.com/python-developers-survey-2021/#PythonPackaging

#python
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍3👎1🤔1
SmartTV проектор. Бір ай қолданыстан кейінгі шолу.

Осыдан бір ай бұрын өзіме XGIMI HALO+ проекторын алып едім. Енді кәдімгідей бір шолу жасайтындай мәлімет жиналып қалды.

Жалпы параметрлері:
— 2GB RAM / 16GB ROM
— 8 core CPU w/ Powerful GPU
— Android 10.0-11.0
— FullHD + HDR
— 900 ANSI Lumen
— Harman-Kardann Audio
— 470.000KZT құны
— Кішкентай
— Батареясы мықты (маған 3 сессияға жетеді, ~6сағ)

Жалпы айтқанда, ең бірінші көзге түскен заты - аудиожүйесі. Өте күшті, құлаққап кимей-ақ бастары, эффектілері сезіледі. Аудиожүйенің мықты екені бірден байқалады. Дауысы тап-таза.

Auto Keystone Correction функциясы проекцияланған экранды дұрыстап береді, объектілерді табу арқылы, және гироскоп арқылы.

Ойын режимі қатты ұнады, HDMI арқылы PS5-ті жалғап GTA V спокойно ойнай беруге болады.

Ал HDR болса тіпті, барлық көріністі әдемі қылып береді.

Арнайы кіріктірілген AI 720p көріп отырған видеоны 1080p секілді қылады (аниме/фильм/видео). Ал Motion Compensation технологиясы барлық қозғалысты плавный қылады. Әсіресе ескі нокиа телефондарына түсірілген 15-30FPS видеоларда қатты байқалады.

Бір ұнамаған жері, бұл өз-өзін SmartTV ретінде идентификациялайтындықтан, YouTube-де жарнама өте көп. Бірақ SmartTubeNext бұл мәселені шешеді.

Жарықтығы мықты, тіпті жақсы жарықтанған бөлмеде жақсы көрінеді, экран.

Енді бұл проекторды қолданғаннан кейін кинотеатрға баруға желания вообще жоғалып кетті шыны керек) Достарым анда-санда шақырады бармадық па деп киноға, бірақ үйде бұндай проектор боғасын, барғың келмей кетеді.

PS. Ешқандай проекциялық экран қолданбаймын, әктелген қабырғаға проекциялаймын.

#проектор / #smarttv / #шолу
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍4
Cumputer Science

#әзіл
———
@kz_tech
@kztech_chat
😁1
https://youtu.be/m0j5pZrsJaA

4 күн бұрын Atlus және де Sega Entertainment Persona 3 Portable Remastered пен Persona 4 Remaster-ді PC, XBOX, Playstation 4/5, Nintendo Switch платформаларына шығарды.

Бағасы - $20 (9000 теңге). Сатып алмағаныма қуанышты болып отырмын. Жалпы не бұл тағы? Персона сериясы JRPG жанрының мықты ойындары ғой, бірақ мына ремастерлері құрысын. Фанаттар жасаған Persona 3 portable TrueHD (up to 4k!) жобасы мың есе мықты көрінеді.

Мен тек "жақсарған" заттардан байқағаным:
— Көлеңкелердің анықтау болуы;
— UI-дің кішкене өзгеруі;
— Көбірек баптаулар;
— AI-Upscaled спрайттар (бірақ фан-жобада бұлар мықтырақ жасалған).

Ал дауыстар, BGM, барлығының сапасы қатты төмендеді. Жалпы P3P-нің музыкасы мықты, бірақ сапасын түсіргені болмады.

Жалпы айтқанда, Atlus бытшытын шығарды, ремастерлердің, лол.

#Atlus / #P3P
———
@kz_tech
@kztech_chat
😁2🥰1
Saikou - Crunchyroll-дың мықты әрі тегін және коды ашық альтернативасы.

Crunchyroll - ақылы сервис. Аниме көру үшін кем дегенде айына 2500 теңге төлеу қажет. Бірақ оның бір плюсі - Жапониядағы релизден кейін 1 сағаттан кейін көре беруге болады.

Ал Saikou - толықтай тегін, және де дәл солай, эпизодтар тез шығады. Бұған қоса MyAnimeList және Anilist API-лерімен жалғана алады, және де сіздің көрген немесе пландаған анимелеріңізді динамикалық түрде сақтап және мәліметті жаңартып тұрады.

Тағы да Saikou арқылы манга оқуға болады (бұл енді чисто на любителя).

Saikou тек #Android құрылғыларында ғана бар, ал SmartTV үшін оған жеке версиясы бар.

Saikou Google Play Store-де жоқ, өйткені бұл қолданба Google Content Authority ережелерін бұзғандықтан, оны ол жақтан жойып жіберген.

Saikou Gogoanime, Allanime, және көптеген басқа аниме-стриминг сервистердің API-лерімен жұмыс істей алады.

👧 Мына посттағы мәселенің шешуі

🔗 saikou.me
🔗 Saikou ANDROID
🔗 Saikou SMART TV

#android / #anime / #streaming
———
@kz_tech
@kztech_chat
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥2
Boost Your Performance - күнтізбелер мен Todo-List-терді пайдалану арқылы өзіңіздің өнімділігіңізді арттырыңыз

Шынымен де, Істер тізімі мен күнтізбе бойынша жұмыс істеп көріңіз - өнімділігіңіз мың есе артады.

Күнтізбе+TODO қолданудың плюстері:
– Күн графигі дұрыстанады;
– Қай істердің істелмегені/істемегені туралы ақпарат;
– Өзіңізге әр істе заметкалар жазып кете аласыз.

Қазіргі кезде өзім келесі қолданбаларды қолданамын:
– Microsoft To-Do;
– Google Calendar;
– Samsung Notes;
– Obsidian;

Obsidian - Microsoft Windows, Android платформасында жұмыс істейтін мықты Markdown editor. GitHub-қа README файлдар жасауда және посттар жазудағы ең керек зат.

#пландау
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ChatGPT нейрожелісін React Framework-ке жалғады. Енді ChatGPT-ге қандай қолданба не зат құрастыру керек екенін жазса - дайын код пен қолданбаны шығарып береді.

Программисттер өзін-өзі құртуда 😁

#ЖИ / #ChatGPT
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍4