KazTech
140 subscribers
899 photos
32 videos
14 files
222 links
KazTech - IT және технологиялар туралы қазақша арна.

Барлық сұрақтар бойынша - @fafnirdragon
Download Telegram
2022-2023 аралығында менде бірнеше смартфон болды. Солар бойынша жалпы шолу жасадым

Негізі Редмилер туралы бір қызық жайыт, прошивка жасау қиын. Сайттары арқылы өзінше болып кодын бермей қояды, бутлоадердің, тіпті егер құрылғының өзіңіздікі екенін дәлелдеп берсеңіз.

#android / #шолу
———
@kz_tech
@kztech_chat
🔥2👍1
WiFі геолокациясын BSSID және SSID арқылы ашық деректер базаларынан іздеуге мүмкіндік беретін құрал - GeoWiFi

» https://github.com/GONZOsint/geowifi

#құрал / #osint
———
@kz_tech
@kztech_chat
🥰1
Ноутбугімде Acunetix-тің 2022 жылдың қарашасының версиясын тауып алдым.

Активацияланған, Linux және Microsoft Windows платформаларына версиялары тұр. Негізі қашан қойғанымды ұмытыппын ноутбукке бұл программаларды.

Арнаға екеуін де салайын ба?

#acunetix
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍3
🇰🇿Uzdik BILIM каналы тек жай ғана бағдарламауды үйрететін арна ғана болмай, енді ресми түрде OpenEDG Academy бағдарламасына кірді🔥

Иә
жаңалық кішкене кешірек келіп тұрса да, құттықтап қою кеш емес деп ойлаймын)

Бұл не деген сөзді білдіреді?
OpenEDG бағдарламасына түскені - енді әлем бойынша расталған сертификаттар мен дипломдарды бере алу деген сөз. Яғни Uzdik BILIM курстарын өту арқылы оқушылар тек жай ғана білім жинамай, жұмысқа орналаса алатындай (әлем бойынша!) сертификат / дипломдар ала алатын болды!

Жалпы айтқанда, ең мықты жаңалықтардың бірі осы! Қазақ елінің IT саласы осылай дами берсін 🔥🇰🇿

https://openedg.org
@Uzdik_BILIM

#жаңалықтар / #сертификация
———
@kz_tech
@kztech_chat
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4😍1
2022 жыл Python тілі үшін қандай болды?
Осы посттан біліңіз.

- Python 3.11: https://youtu.be/PGZPSWZSkJI
- JetBrains Python Developer Survey: https://lp.jetbrains.com/python-developers-survey-2021/#PythonPackaging

#python
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍3👎1🤔1
SmartTV проектор. Бір ай қолданыстан кейінгі шолу.

Осыдан бір ай бұрын өзіме XGIMI HALO+ проекторын алып едім. Енді кәдімгідей бір шолу жасайтындай мәлімет жиналып қалды.

Жалпы параметрлері:
— 2GB RAM / 16GB ROM
— 8 core CPU w/ Powerful GPU
— Android 10.0-11.0
— FullHD + HDR
— 900 ANSI Lumen
— Harman-Kardann Audio
— 470.000KZT құны
— Кішкентай
— Батареясы мықты (маған 3 сессияға жетеді, ~6сағ)

Жалпы айтқанда, ең бірінші көзге түскен заты - аудиожүйесі. Өте күшті, құлаққап кимей-ақ бастары, эффектілері сезіледі. Аудиожүйенің мықты екені бірден байқалады. Дауысы тап-таза.

Auto Keystone Correction функциясы проекцияланған экранды дұрыстап береді, объектілерді табу арқылы, және гироскоп арқылы.

Ойын режимі қатты ұнады, HDMI арқылы PS5-ті жалғап GTA V спокойно ойнай беруге болады.

Ал HDR болса тіпті, барлық көріністі әдемі қылып береді.

Арнайы кіріктірілген AI 720p көріп отырған видеоны 1080p секілді қылады (аниме/фильм/видео). Ал Motion Compensation технологиясы барлық қозғалысты плавный қылады. Әсіресе ескі нокиа телефондарына түсірілген 15-30FPS видеоларда қатты байқалады.

Бір ұнамаған жері, бұл өз-өзін SmartTV ретінде идентификациялайтындықтан, YouTube-де жарнама өте көп. Бірақ SmartTubeNext бұл мәселені шешеді.

Жарықтығы мықты, тіпті жақсы жарықтанған бөлмеде жақсы көрінеді, экран.

Енді бұл проекторды қолданғаннан кейін кинотеатрға баруға желания вообще жоғалып кетті шыны керек) Достарым анда-санда шақырады бармадық па деп киноға, бірақ үйде бұндай проектор боғасын, барғың келмей кетеді.

PS. Ешқандай проекциялық экран қолданбаймын, әктелген қабырғаға проекциялаймын.

#проектор / #smarttv / #шолу
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍4
Cumputer Science

#әзіл
———
@kz_tech
@kztech_chat
😁1
https://youtu.be/m0j5pZrsJaA

4 күн бұрын Atlus және де Sega Entertainment Persona 3 Portable Remastered пен Persona 4 Remaster-ді PC, XBOX, Playstation 4/5, Nintendo Switch платформаларына шығарды.

Бағасы - $20 (9000 теңге). Сатып алмағаныма қуанышты болып отырмын. Жалпы не бұл тағы? Персона сериясы JRPG жанрының мықты ойындары ғой, бірақ мына ремастерлері құрысын. Фанаттар жасаған Persona 3 portable TrueHD (up to 4k!) жобасы мың есе мықты көрінеді.

Мен тек "жақсарған" заттардан байқағаным:
— Көлеңкелердің анықтау болуы;
— UI-дің кішкене өзгеруі;
— Көбірек баптаулар;
— AI-Upscaled спрайттар (бірақ фан-жобада бұлар мықтырақ жасалған).

Ал дауыстар, BGM, барлығының сапасы қатты төмендеді. Жалпы P3P-нің музыкасы мықты, бірақ сапасын түсіргені болмады.

Жалпы айтқанда, Atlus бытшытын шығарды, ремастерлердің, лол.

#Atlus / #P3P
———
@kz_tech
@kztech_chat
😁2🥰1