KazTech
140 subscribers
899 photos
32 videos
14 files
222 links
KazTech - IT және технологиялар туралы қазақша арна.

Барлық сұрақтар бойынша - @fafnirdragon
Download Telegram
KazTech
Илон Маск өзін Твиттерден кетейін бе деген сұрау жүргізіп жатыр. Тағы да, ол осы сұраудың нәтижелеріне бағынатынын жазды. Негізі менің ойымша, твиттер Маскпен болсын, Масксыз болсын - бәрібір де малқора сияқты жер. Ең бір деген сүйкімсіз әлеуметтік желі…
Reddit-ті мақтай бастаппын, онда жалпы мықты сабреддиттердің сілтемелерін тастап кетейін.

Жалпы реддиті чисто қызық үшін де пайдалануға болады, тикток сықылды функциясы мықты жұмыс істейді. Мәселен, ПКлер туралы сабредитте егер видеолар қарай бастап, тиктоктағыдай скролл жасасаңыз, тағы да компьютер туралы видеолар шыға береді.

Бұған қоса реддитте басқа да сабредиттер бар, аниме, әзілдер ойындар, т.б

> r/Kazakhstan
https://reddit.com/r/Kazakhstan
Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша сабреддит. Туризм, қызықты жерлер, болып жатқан оқиғалар, түрлі сұрақтар осы жерде талқыланады.

> r/Programming
https://reddit.com/r/programming
Жалпы бағдарламалау, талқылау, видеолар, т.б

> r/ComputerScience
https://reddit.com/r/computerscience
Computer Science бойынша сабреддит.

> r/ConsoleRepair
https://reddit.com/r/consolerepair
Ойын консольдарін жөндеу бойынша кеңестер, көмек сұрау.

> r/PCMasterRace
https://reddit.com/r/pcmasterrace
ПК құрастыру, ПК құрастыру туралы әзілдер, сұрақтар қою, т.б

> r/Python (немесе басқа бағдарламау тілі)
https://reddit.com/r/python
Сол тіл бойынша сабреддит-комьюнити. Сұрақтар, посттар, т.б.

> r/Windows (MacOS, Linux, etc)
https://reddit.com/r/windows
Windows ОЖ бойынша сұрақтар, кеңестер алмасу, талқылаулар, т.б

Reddit-ті шексіз қолдануға арналған тариф Қазақстанда өкінішке орай жоқ, сондықтан мобилді тариф тез бітіп қалады. WiFi арқылы көрген артық.

P.S. Менің реддит профилім - u/takeshi_ooyama.

#reddit
———
@kz_tech
@kztech_chat
🔥3
OSINT. OSINT деген не?

OSINT - Open-source intelligence дегенді білдіреді, бұл ашық ақпарат көздерінен ақпаратты іздеу, жинау, таңдау және талдау. Деректерді осылайша маркетологтар, криминалисттер, компьютерлік және интернет қауіпсіздігі мамандары іздейді. Қазіргі қолданыстағы OSINT құралдарын зерттеу материалдарымен жұмыс істеу үшін журналисттер де пайдалана алады.

Қазіргі кезде көптеген тегін OSINT-ке арналған құралдар бар, олардың ішіндегі ең танымалдары ‐ GetContact, EyeOfGod, Pipl. Мүмкін, кейбіреулеріменсіз де қолданып көрген шығарсыз.

Алдағы уақытта OSINT және киберқауіпсіздік туралы көбірек посттар жазып кететін боламыз, және көптеген OSINT құралдармен танысамыз.

#OSINT / #киберқауіпсіздік / #текстопост
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍3🔥1
Speech Recognition бойынша өте қызық мақала екен.
👇

Speech Recognition: a review of the different deep learning approaches
https://theaisummer.com/speech-recognition/

#AI / #SR / #SpeechRecognition
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍1
KazTech
OSINT. OSINT деген не? OSINT - Open-source intelligence дегенді білдіреді, бұл ашық ақпарат көздерінен ақпаратты іздеу, жинау, таңдау және талдау. Деректерді осылайша маркетологтар, криминалисттер, компьютерлік және интернет қауіпсіздігі мамандары іздейді.…
OSINT / Хакинг тақырыбын ары қарай жалғастырайық! Бос уақытымды пайдаланып, мен Black Hat Hacker-лерге арналған миндмап құрастырдым (тізім ғой негізі). Бірақ блэк хат қолданатын заттарды уайт хаттарда қолдана бере алады 😄

Жалпы осы тізімдерде ешқандай өте бір ерекше дейтін сервис немесе программалар жоқ, барлығы да ашық қолжетімді және жай.

Киберқауіпсіздік тақырыбы ұнап жатыр ма? Олай болса осы посттар астына көбірек реакциялар жинайық, ал келесі ретте Acunetix, Burp Suite, NMAP сияқты бағдарламаларды талқылайтын боламыз 😉

#киберқауіпсіздік / #OSINT / #mindmap / #cybersecurity / #blackhat
———
@kz_tech
@kztech_chat
🔥71👍1
KazTech
Photo
Acunetix. Жалпы шолу. Acunetix деген не?

Acunetix - веб-қосымшалардың қауіпсіздігін тексеру процесін автоматтандыратын веб-осалдық (Vulnerability Scanner) сканері. Қолданбаны SQL инъекцияларына, XSS, XSS, CSRF және басқа да көптеген веб-осалдықтарға тексереді. Алайда, кез-келген басқа веб-осалдықтар сканері сияқты, пентестерді алмастыра алмайды, өйткені логикадағы күрделі осалдықты немесе осалдықтар тізбегін таба алмайды. Бірақ ол көптеген түрлі осалдықтарды, соның ішінде пентестер ұмытып кетуі мүмкін әртүрлі CVE-лерді қамтиды, сондықтан күнделікті тексерулерге қолдануға өте ыңғайлы.

Мықты жақтары:
Жалған тауып алулардың (ложное срабатывание) төмен деңгейі;
• Нәтижелерді есептер (HTML/PDF) түрінде экспорттауға болады;
• Әртүрлі осалдықтарға көптеген тексерулер жүргізеді;
• Бірнеше хосттарды параллель сканерлеу.

Осал жақтары:
Көшірме алгоритмі жоқ (acunetix функционалдығы бойынша бірдей беттерді әр түрлі деп санайды, өйткені оларда әр түрлі URL мекен-жайлары бар), бірақ әзірлеушілер бұны шешуде;
• Жеке веб-серверге орнатуды қажет етеді, бұл VPN байланысы бар клиенттік жүйелерді тексеруді және сканерді жергілікті клиенттік желінің оқшауланған сегментінде пайдалануды қиындатады;
• Зерттелетін қызметте "шу шығаруы" мүмкін, мысалы, сайттағы байланыс формасына тым көп шабуыл векторларын жіберіп, осылайша бизнес-процестерді қиындатады;
• Бұл меншікті және сәйкесінше тегін шешім емес.

Иә, иә, Acunetix тегін зат емес, бағдарламаның жай версиясы $4500, ал премиумі - $26500-ге дейін тұруы мүмкін.

Сонымен, осы Acunetix туралы жалпы түсінік. Келесі ретте Acunetix-ті тереңірек зерттейтін боламыз.
Киберқауіпсіздік туралы посттар ұнап жатса, репост, және көбірек реакция жинайық 😄. Алдыда әлі тағы посттар шығарамыз.

#acunetix / #киберқауіпсіздік
———
@kz_tech
@kztech_chat
🔥6👍2👏1
Так, оқырмандарға бір сұрағым бар еді. Негізі киберқауіпсіздікке қатысы жоқ, SmartTV темасы ғой.
Киберқауіпсіздік бойынша келесі пост қазір дайындалуда, оны уайымдамаңыз)

Мен өзіме SmartTV проектор алған едім, бір апта бұрын. Барлығы мықты істейді, бірақ тек YouTube көруге ғана қолданамын. Негізі аниме көрейін дегенмін, бірақ Crunchyroll-ға айына 2500₸ немесе жылына 25000₸ төлегім кеп жүрген жоқ.

Анимені чисто жапон тілінде көремін, ағылшын тіліндегі субтитрлерін қосып қойып.

Анимелердің барлығы қазір телефонымда сақталып тұр, VLC арқылы көретінмін (.mkv файлдар, субтитрлері бар). Сол енді экранды трансляциялау арқылы проекторға қоссам, тек видео шығады да, субтитрлер шықпайды екен. Субтитрлерді трансляциялауға болмайды дейді.

Негізі сондай плеерлер бар ма субтитрді трансляциялай алатын? Бар болса сілтеме беріп қойыңыздаршы 😄. Былай негізгі таза жапонша да көре бере аламын, бірақ жартысын түсініп, жартысын түсінбей қаламын сөздерінің.

Немесе қандай SmartTV-ге арналған браузеге кеңес бересіз? Puffin Browser дейтіні GogoAnime-ден тормозить етіп видеоны әрең қосады.

Әлде флешкаға сақтап, проекторге жалғап көре берген артық па?

Сіздің ойларыңыз? Пікірлерге жазып кете беріңіздер.

Қызық болса, дәл қазір DanMachi көріп жатырмын)

#smarttv / #плеерлер / #видео
———
@kz_tech
@kztech_chat
🤔4
KazTech
Acunetix. Жалпы шолу. Acunetix деген не? Acunetix - веб-қосымшалардың қауіпсіздігін тексеру процесін автоматтандыратын веб-осалдық (Vulnerability Scanner) сканері. Қолданбаны SQL инъекцияларына, XSS, XSS, CSRF және басқа да көптеген веб-осалдықтарға тексереді.…
Білмеппін, бірақ менде ноутбугімде Acunetix бар екен (Активацияланған нұсқасы, жұмыс істейді)

Ал енді онымен жұмыс жасап видео да түсіруге болады. Бұған қоса тереңірек зерттеуге де көбірек мүмкіндіктер туындап тұр ғой, ә? 🔥

#acunetix / #киберқауіпсіздік
———
@kz_tech
@kztech_chat
2
#OSINT бойынша шағын туториал анонсы

Түнгі 02.00-лерге қарай арнада Google аккаунтті телефон нөмір арқылы табу және де GAIA арқылы (егер мүмкіндік болса) геолокацияны табу туралы туториал жарияланатын болады.

#OSINT / #туториал
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍4👏2
Қалайша Google аккаунтті телефон нөмірі арқылы тауып алуға болады?

Кішігірім OSINT-туториал. Егер қолданушының активтілігі төмен болса, OSINT-те соғұрлым аз мағлұмат жиналады, өкінішке орай. Осыны есте сақтау керек.

https://epieos.com/

#OSINT / #google / #tutorial
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍2