KazTech
140 subscribers
899 photos
32 videos
14 files
222 links
KazTech - IT және технологиялар туралы қазақша арна.

Барлық сұрақтар бойынша - @fafnirdragon
Download Telegram
KazTech
>>>Мүмкін сайт ашар деген идеямыз бар Қазір тағы бір пет-проект бастап қойдық. KazTech каналына байланысты бір сайт ашармыз деп. Скриншотта көріп тұрған сайт кәдімгідей бэкендімен жұмыс істеп тұр. Негізі егер де сайт ашсақ, оны .kz емес, басқа бір домендік…
Так осы идея бойынша кішігірім апдейт.

Біз бұл сайт кодын жай қалдырмадық, онымен ары қарай жұмыс істей бердік бос уақытта. Қазір сайттың 50-60% дайын.
Ары қарай пет-проект ретінде жалғастыратын болып шештік қой сол.

Тағы айта кетсек, сайт мүмкін екі тілде болады - қазақша және ағылшынша, бірақ скорее всего ағылшынша болатын болады түгелдей.

Домен туралы айта кетсек - .moe домендік зонасын алдық. Сайт доменін де тіркедік - fafnir.moe.

Әзірше ол доменде түк те жоқ, бірақ көп ұзамай сайтты сонда жүктеп қоятын боламыз.

Сайтымыз жай ғана блог емес, медиаплатформа (технологиялар, аниме, программалау тілдері, тағы басқа темалар) болады (Хабр сияқты ғой)

#kaztech
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍7
Linux операциялық жүйелерінде пакеттерді орнатқанда "install.sh" файлы арқылы орнатқан жөн бе?
(пакет менеджерлері арқылы емес, браузерден жүктелген пакеттерді)
Anonymous Poll
67%
Иә.
33%
Жоқ.
👍1
Microsoft Edge Development тобы Internet Explorer логотипімен торттың суретін жариялады. "Сіз тортқа шие болдыңыз" деген жазу Internet Explorer-дің қысқартылған атауын ұрады. Браузердің "өлімі" құрметіне арналған торт Mozilla компаниясынан жіберілді.

15 Маусымда Microsoft Internet Explorer 11 қосымшасын қолдауды тоқтатты. Пайдаланушыларға Edge браузеріне ауысу және қажет болған жағдайда Microsoft Edge-ді Internet Explorer режимінде пайдалану ұсынылды.

#microsoft / #InternetExplorer
———
@kz_tech
@kztech_chat
2👍1
KazTech
Linux операциялық жүйелерінде пакеттерді орнатқанда "install.sh" файлы арқылы орнатқан жөн бе?
(пакет менеджерлері арқылы емес, браузерден жүктелген пакеттерді)
Көп адам "install.sh" файлын қолдануға болады деп жауап беріпті. Негізі иә, оны қолдануға болады - бірақ әрдайым сақ болу керек.

Linux операциялық жүйелеріне пакеттерді официалды дистрибутивпен бірге келетін пакет менеджері арқылы (apt-get, т.б) қойған артығырақ. Олар жүйемен дұрыс анықталып, өзінің жеріне дұрыс қойылады.

Ал install.sh файлында қандай командалар жазылған, оны білмейсіз. Әсіресе егер линукста новичок болсаңыз. Мүмкін install.sh файлында кейбір қауіпті командалар да жазылып тұрған шығар. Сондықтан да, install.sh файлын қолданбас бұрын, оны қарап шыққан жөн.

Тағы да айта кетсек, install.sh арқылы қойылған программалар мен пакеттер дұрыс қойылмауы мүмкін, жүйеде соның кесірінен түрлі конфликттер шыға бастайды. Және де жүйенің жалпы тұрақтылығы бұзылады.

#linux / #кеңес
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍2
Сіздерге IT-инфраструктураны қалай қорғауға болатыны туралы 12 кеңес ұсынамыз.

Негізгі қорғаныс концепттерінің барлығы қамтылған.

БҚ және ОЖ - Бағдарламалық қамту мен Оперциялық жүйе аббревиатурлары. Орысшасы - программное обеспечение (ПО) и операционная система (ОС).

———
@kz_tech
@kztech_chat
👍2
Осы жапондықтардың бейнеойындарынан (видеоигры) таң қаламын. Бәрін тып-тиянақты және детализациясы мықты қылып жасайды екен.

Қазір түнде "Zettai Zetsumei Toshi 3" (Disaster Report 3: The Lost city and her song / Катастрофа 3: Разрушенный город и ее песня / Апаттық жағдай 3: Қираған қала және оның әні) ойынын PPSSPP арқылы ойнап, соңына дейін бітіргенмін. Тағы бір 5 сағаттай оны тиянақты зерртеу үшін ойнадым.

Бір байқағаным, графикасы онша емес болса да (бірақ аниме-стильге жақындатып жасалған) текстураларының разрешениесі үлкен екен, нақты көрінеді екен барлығы. Сюжет жағын алсақ, көптеген жапон ойындары сияқты "треш" cюжет емес, барлығы бір бірімен логикалық түрде жақсы байланысқан екен. Музыкасы да жақсы екен. Анимелердегідей керек емес жерлерден рок-гитараның дауысы шықпай, кәдімгі виолончель, барабан сияқты аспаптар ойнайды. Яғни музыкасы да жарасымды болып келеді.

Ойын сюжеті бойынша басты кейіпкер (жынысын таңдауға болады) оқудан қалаға қайтып бара жатқан кезде қаланы өте күшті жер сілкіністері қиратып, сындыра бастайды. Ойынның басты мақсаты - осы қаладан аман-есен шығу. Жолда көптеген қауіптерді кездестіріп өтуге болады. Тағы да айта кетсек, басты кейіпкердің басқа кейіпкерлермен байланысына қарай ойында көптеген шешілімдер (концовка) бар.

Минустарын айта кетсек, ойын толықтай жапон тілінде, бірақ түсініп кетуге болады (өзіме онша қиын болған жоқ, жапон тілін үйреніп жүргендіктен).

Диалогтары біртүрлі қиын болуы мүмкін, бірақ олардан да шығып кетуге болады.

Ал басты ұнаған заты, осы детализация туралы айтсақ, ойында көптеген заттарды тауып алуға болады, және олардың бәрін қосып басқа заттарды жасап алуға болады екен. Бұған қоса ойында тағы да карта анау-мынау бар. Және де осы жақсы заттың бәрі - бюджеті аз жапон ойынында. ED/OP темаларын айтсаңыз, мықты және әдемі болып естіледі. Озвучкасы да мықты былай қарағанда.

Бұдан төменгі постта тағы мен сол ойынның скриншоттарын да салатын боламын.

Ойынның жалпы салмағы - 1700МБ, егер ойнағыңыз келсе, келесі постта ойынның жүйелік сұраныстары мен жүктеу сілтемесін қалдырып кететін боламын.

Ал ойынды жасау барысында Жапонияның апатты жағдайлар бойынша бөлімшесімен талқылаулар да жүргізілген болатын.

Бір сөзбен айтқанда - ойын мықты, құдды бір жақсы сюжеті бар аниме көргендей болдым)

#ойындар / #жапония
———
@kz_tech
@kztech_chat
2👍2
KazTech
Осы жапондықтардың бейнеойындарынан (видеоигры) таң қаламын. Бәрін тып-тиянақты және детализациясы мықты қылып жасайды екен. Қазір түнде "Zettai Zetsumei Toshi 3" (Disaster Report 3: The Lost city and her song / Катастрофа 3: Разрушенный город и ее песня…
Скриншоттар

Ойынды тіпті онлайн ойнауға да болады

Жүйелік сұраныстар:
- 4GB RAM (Android)
- 1.8GB Free Space
- Snapdragon 8xx series CPU (845)
- Mali G72 or better GPU
PC:
- 4-16GB RAM
- 1.8GB Free Space
- Intel Celeron CPU
- Intel HD / Radeon Vega Integrated Graphics

Жүктеу [CDRomance]

#ойындар
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍1
Небір тупой заказдар или сұрақтар кемейді десеңізші 😂

Негізі фриланста болсын, кейде осындай адамдар іздеп келеді, небір жоқ нәрсені взломать етіп берші деп. Күлем анау жазу стилінен и түк те білмейтіндігінен. Қатырады ей ))

#әзіл
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍5😁1