KazTech
140 subscribers
899 photos
32 videos
14 files
222 links
KazTech - IT және технологиялар туралы қазақша арна.

Барлық сұрақтар бойынша - @fafnirdragon
Download Telegram
#30daysofpython марафоны басталды! Нөлінші сабақ - таза кіріспе сабақ, біз бұл жерде ешқандай программалар жазбаймыз, тек Python тілін орнатып көретін боламыз.

#lesson0

#30daysofpython
———
@kz_tech
@kztech_chat
#30daysofpython - сабақ 1 - Python программалау тіліндегі алғашқы программа. Кіріктірілген функциялар және арифметикалық операциялар. Айнымалылар.

#lesson1

#30daysofpython
———
@kz_tech
@kztech_chat
Осындай кафеге барып, директорына sudo rm -rf десе қалай болар екен?)
Кеше негізі Python бойынша 2-ші сабақ болуы керек еді, бірақ кейбір жағдаяттардың кесірінен Python бойынша сабақтар 2-ші қаңтарға дейін тоқтай тұратын болады.

Оған бірнеше себеп бар:
1) Кеше прод құлады ды кетті. Әйтеуір дегенде көтеріп алдық
2) Енді неліктен құлағанын біліп, осаулықты жоюға кірісеміз
3) Жаңа жыл аясында болып тұр ғой осының бәрі(

Түсінушілікпен қарарсыз деп сенеміз ☺️
Ал әзірше, барлық арналарда кәдімгі посттар салынып тұратын болады, оларды тоқтатпаймыз)
KazTech арнасы сізді жаңа жыл мерекесімен құттықтайды!

2021 жыл IT технологиялар әлеміне өте күшті жаңалықтар және өзгерістерді әкелді. Ал енді 2022 жылдың IT әлеміне жасырған қандай тосын сыйлықтары бар екенін көрейік!

Ал әзірше, 2021 жылдың ең дүркін IT жаңалықтарымен бөліссек:
- Windows 11 жүйесінің шығуы және Android программаларын x86 машиналарда AOSP арқылы іске қоса алуы;
- Facebook компаниясының Meta-ға атын ауыстыруы;
- Metaverse түсінігі пайда болуы;
- NFT-нің өсуі, BTC курсы 60k доллардан асуы;
- Genshin Impact ойының бір жыл көлеміндегі жинаған ақшасы 6млрд долларадан асуы;
- Көптеген бизнес салалардың онлайнға көшуі;
- log4j осалдығының пайда болуы;
- M1 MAX және M1 Pro процессорлерінің шығуы;
- 512ТБ жадысы бар әйнек дискілерінің пайда болуы;

#жаңажылқұттыболсын!
———
@kz_tech
@kztech_chat
StackOverflow статистикасы бойынша, сайттағы сұраққа кірген әрбір төртінші пайдаланушы парақшаға өткеннен кейін бес минут ішінде бір нәрсені көшіреді (копировать етеді ғой, ctrl+c). Бұл 2021 жылдың 26 наурызынан 9 сәуіріне дейін 7 305 042 хабарлама мен пікірлерден 40 623 987 көшірмені құрайды.

Адамдар жауаптардан сұрақтарға қарағанда он есе және пікірлерге қарағанда 35 есе жиі көшіреді. Адамдар код блоктарынан қоршаған мәтінге қарағанда он есе жиі көшіреді, және таңқаларлық, қабылданған жауаптары жоқ сұрақтар бойынша қабылданған сұрақтарға қарағанда көбірек көшірмелер жасалады.

Толығырақ статистикамен және барлық жиналған деректермен сілтеме бойынша танысуға болады.

#stackoverflow / #statistics
———
@kz_tech
@kztech_chat
Жаңа жылдық демалыстардан кейінгі мемдер жиынтығы)

#мем
KazTech
Жаңа жылдық демалыстардан кейінгі мемдер жиынтығы) #мем
Python екінші рет TIOBE рейтингі бойынша 2021 жылдың eң танымал тіліне айналды.

Өткен айда TIOBE Software компаниясының бас директоры Пол Янсен С# TIOBE индексінің алғашқы 20 тіліндегі ең жоғары рейтинг (+2,21%) желтоқсан айында бекітілгеннен кейін бірінші орынға шығуы мүмкін деп болжады.

Алайда, бұл болжам келген жоқ. Қаңтарда Python өз қалпына келді: TIOBE соңғы индексі c# үшін +1,73% - бен салыстырғанда 1,86% - ға өсті.

Сонымен, Python тілін тағы бір рет құттықтаймыз!

#TIOBE / #python
———
@kz_tech
@kztech_chat
Firefox браузеры әлем бойынша барлық қолданушыларда жұмыс істемей жатыр.

https://bugzilla.mozilla.org/show_bug.cgi?id=1749908