KazTech
140 subscribers
899 photos
32 videos
14 files
222 links
KazTech - IT және технологиялар туралы қазақша арна.

Барлық сұрақтар бойынша - @fafnirdragon
Download Telegram
Блокчейнді Python программалау тілімен жасау

Блокчейн, биткойн деген заттар қазір өте әйгілі болғандықтан, неліктен осылар туралы практика жүзінде үйренбеске?) Мақалада блокчейнді қалай Python арқылы құру туралы жазылған және осы технология жұмысы туралы жақсы түсіндірілген.

https://habr.com/ru/company/ruvds/blog/589371/

#blockchain / #python
———
@kz_tech
@kztech_chat
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
JetBrains Fleet программасын жасап шығарды - оңайлатылған код редакторы, синтаксис жарықтауышымен (подсветка синтаксиса) және негізгі автотолықтаумен (базовое автодополнение)

Бір қызығы, Fleet жобалармен бірлесіп жұмыс істеуді қолдайды, ал архитектура оны таратылған режимде іске қосуға және қашықтағы машинада кодты дебагтауға мүмкіндік береді. Шешімнің "қарапайымдылығына" қарамастан, оны проблемасыз толыққанды IDE-ге айналдыруға болады (ол қораптан өте жақсы болса да). Плагиндерді кейінірек жасауға уәде береді.

Редактор әлі де дамуда. Бірақ қазір Java, Котлин, Python, Go, JavaScript, Rust, TypeScript және JSON тілдерін қолдауы жарияланды. Жақында PHP, C/C++, C# және HTML тілдері пайда болады. Fleet-ті сынап көру үшін өнімнің бетінде Fleet Explorer командасының мүшелеріне қосылу жеткілікті.

Видеода Сіз Fleet-тің қалай көрінетінін, сондай-ақ кодпен бірлесіп жұмыс жасаудың мысалын көре аласыз.

Fleet-ті байқап көру »

#jetbrains / #fleet
———
@kz_tech
@kztech_chat
Property of the People организациясы ФБР-дің 2020-жылғы документтеріне қол жеткізді. Документтерден қай мессенджердің қандай ақпараттармен ФБР-мен заңды түрде (ордермен) бөлісе алады екені туралы жазылған.

Сіздің жеке ақпараттарыңызды вацап ағызып жіберетінене тағы да бір дәлел.

#fbi / #messengers
———
@kz_tech
@kztech_chat
KazTech
Fleet продуктісін байқауға заявка тастап қойдым. Шешімдерін 🐦 Twitter аккаунтыма және осы арнаға салатын боламын :) ——— #байқапкөрейік
JetBrains-тен осындай бір хат келді, электронды поштама. Тексеріс өткен соң, шешімін жібереміз деп жауап беріпті.

———
#байқапкөрейік
Яндекс өзінің жаздағы "Школа мобильной разработки" мектебіндегі iOS Development бойынша курстар мен дәрістерді YouTube арнасына тегін жүктеп қойыпты.

Курс барысында сіз iOS программалар жасауды комплексті түрде жақсылап тұрып үйреніп аласыз.

Курсқа тегін өту »

#ios / #курс
———
@kz_tech
@kztech_chat
Беларусь Республикасында автоматтармен қаруланған СОБР қызметкерлері қалдырылған пікірлер үшін ұстап алды

Қайтадан ба?
EPAM менеджері Андрей Швыдрикті үйінде СОБР қызметкерлері ұстап алды.
Себебі - РФ мен Беларусь республикасының әскери дайындықтары туралы қалдырылған пікірлер.

#жаңалықтар
———
@kz_tech
@kztech_chat
Grand Theft Auto V Online PlayStation 3 және XBOX 360 платформаларында жұмысын 15 күннен кейін тоқтататын болады

Қызық еді жалпы осы ойын. Алғаш рет онлайн версиясын PlayStation 3-те ойнап көріп едім. Мүмкін Rockstar Games-те бір үлкен проект дайындалып жатқан шығар, егер серверлерін өшірейін деп жатса осы платформаларға?

#жаңалықтар / #gtav / #ps3 / #xbox360
———
@kz_tech
@kztech_chat
Microsoft Жаңа Жыл мерекесіне орай өзінің фирмалық свитерлерін шығара бастады. Свитерлер Windows 95 / Windows XP және "сапер" стильдерінде жасалған

Қазір свитерлер Gearbox-та $75 бағасымен сатылуда: https://gear.xbox.com/products/microsoft-windows-minesweeper-sweater

Ал егер ностальгия алғыңыз келсе, Microsoft "Сапердің" веб-версиясы мен оның кодын GitHub'қа жүктеп қойған: https://inexorabletash.github.io/minesweeper/

#microsoft / #windows / #тарих / #мерч
———
@kz_tech
@kztech_chat
SIM-картаны шұқылаймыз: Процессор, жады, файлдық жүйе және Input/Output.

Мақалада жалпы SIM картарлар қалай жұмыс істейді екені жайлы және қандай компоненттерден тұрады екені оңай түрде түсіндіріліп, жазылған:
https://habr.com/ru/company/beeline/blog/133388/

#мақала / #beeline / #habr
———
@kz_tech
@kztech_chat
PlayStation 1 ойын консоліне 27 жыл толды.

PlayStation 1 - Sony коропрациясының техникалық маржаны, және де С тілінде ойын жасауға болатын алғашқы консоль болатын. Қандай мықты-мықты ойындар ойнап көрдіңіз осы PlayStation 1-де немесе білесіз? Пікір қалдырыңыз.

#sony / #playstation / #тарих
———
@kz_tech
@kztech_chat
Қай код редакторын сіз әрдайым қолданып жүресіз? Пікір қалдырып кетіңіз!

#опрос
———
@kz_tech
@kztech_chat
KazTech
"Django Developer" және "Сергеймен бірге фронтенд!" арналарын Марк Цукерберг аттарын өзгертіп ребрендингтен өткіздік. Енді Django Developer арнасы KazTech деп аталады, және бұл арнада IT әлемінен әртүрлі жаңалықтар, жаңа технологиялар, түрлі гайдтар және…
>>>Мүмкін сайт ашар деген идеямыз бар

Қазір тағы бір пет-проект бастап қойдық. KazTech каналына байланысты бір сайт ашармыз деп. Скриншотта көріп тұрған сайт кәдімгідей бэкендімен жұмыс істеп тұр.

Негізі егер де сайт ашсақ, оны .kz емес, басқа бір домендік зонаға қоятын сияқтымыз. Осы ой дұрыс па? Қалай ойлайсыз? Пікір қалдырып кетіңіз!

#infopost / #kaztech
———
@kz_tech
@kztech_chat
Forwarded from Двач
Tor заблокирован в России, теперь официально.

Вчера Роскомпозор отправил письмо администраторам torproject.org с требованием «удалить запрещённый контент» с сайта, без указания конкретных «нарушений», а сегодня домен начали блокировать по решению суда от 2017 года.

В ответ на акт цензуры разработчики выпустили обращение с призывом поднимать у себя выходные узлы тора:
blog.torproject.org/tor-censorship-in-russia/

С начала декабря промежуточные узлы тора начали блокировать «в крысу» — без объявления причин, да ещё и с помощью оборудования, созданного для изоляции рунета.