KazTech
140 subscribers
899 photos
32 videos
14 files
222 links
KazTech - IT және технологиялар туралы қазақша арна.

Барлық сұрақтар бойынша - @fafnirdragon
Download Telegram
Әлемдегі ең мықты код редакторы - Visual Studio Code енді өзінің толық функционалды веб-версиясын иеленді!

Visual Studio Code - кіші көлемді, бірақ функционалы өте үлкен мықты код редакторы өзінің веб-версиясын иеленді. Бұл версияда тіпті ПК-де сақталған папка/кодтарды ашуға (тек репозиторийлер ғана емес) және, тіпті Extensions (плагиндер) қоюға болады екен. Well done, Microsoft!

vscode.dev

#vscode / #microsoft / #codeeditor / #web / #vscodeweb
———
@django_resources
@django_kz
Kotlin for Android App Development деген Google-дің официалды курсына толықтай тегін доступ ашылды.

Курстың бірінші бақылау нүктесінен 100 000 оқушы өтіпті. Сіз де өтіп ала аласыз). Курс 100% тегін.

Курсқа жазылу »

#course / #kotlin / #android / #mobiledevelopment
———
@django_resources
@django_kz
Windows 11 Операциялық жүйесі енді Android приложениелерін қолдай бастады.

Барлығын емес, бір 50 шақтысын. Бірақ, қазір Windows 11-ге AOSP (Android Subsystem for Windows) деген технологияны құрастырып жатыр екен (WSL-ге ұқсас). Ол технология ешқандай техникалық рекомпиляциясыз-ақ (JIT recompilation) Android программаларын Windows-та максималды нативті түрде қосуға мүмкіндік береді.
Прогресс деп осыны айтыңыз!

https://blogs.windows.com/windows-insider/2021/10/20/introducing-android-apps-on-windows-11-to-windows-insiders/

#windows / #offtop / #article / #aosp / #supportingandroidapps
———
@django_resources
@django_kz
Python тілінің әзірлеу тобын Python-ның глобалды интерпретаторының блокировкасын тастап, әлдеқайда жылдам бола алады деген ой қызықтырды.

Жаңашылдық Python -дың бірнеше ағыннан объектілерге қатынауды сериялау тәсілін өзгертеді және көп ағынды өнімділікті едәуір жақсартады.

Бұл өзгерістер тым маңызды, сондықтан Python ішкі жүйелерімен тікелей жұмыс істейтін Python библиотекаларының көбісін қайта жазу қажет болады (мысалы, Cython сияқты). Ал бұл мұндай маңызды өзгерістерді кішігірім емес, негізгі жаңартуда енгізу қажет болады дегенді білдіреді.

#python / #unlockedinterpreter / #pythondev
———
@django_resources
@django_kz
Шпаргалка NumPy.pdf
59.7 KB
NumPy библиотекасы бойынша Cheat Sheet / шпаргалка.

NumPy библиотекасын сандар массивтерімен, және үлкен көлемдегі ақпаратты анализде қолданады. Кейбір кезде, тіпті NumPy проекттерді Django-мен бірге қолданады екен. Осы шпаргалкада NumPy-дің барлық негізгі методтары / класстары / операциялары қолданысы туралы үйрене аласыз.

#numpy / #шпаргалка
———
@django_resources
@django_kz
https://digital.ai/periodic-table-of-devops-tools - DevOps құралдардың (элементтерінің) периодикалық кестесі.

Интерактивті DevOps құралдар бойынша жадынама. Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодикалық жүйесінің кестесі негізінде құралған.

#devops / #table / #interactive
———
@django_resources
@django_kz
freeCodeCamp компаниясынан Python-ға арналған OpenCV библиотекасы бойынша толық 4 сағаттық тегін видеокурсы.

OpenCV - компьютерлік көру қабілетін имплементациялайтын библиотека. Ол арқылы суреттерден / видеолардан әртүрлі денелерді автоматты түрде тауып отыруға болады.

Видеокурс соңында сіз кәдімгідей практикалық жоба құрасыз - әйгілі сериалдың кейіпкерлерін суреттерден / видеолардан тауып автоматты түрде белгілеп отыру.

#course / #youtube / #opencv / #python / #freecodecamp
———
@django_resources
@django_kz
Forwarded from Қазақша webdev.
Библиотека мен фреймворктің айырмашылықтарын зерттеу 🔥

Көптеген программисттер библиотека мен фреймворк сөздерін синоним ретінде қолдана береді.

Осы постта біз библиотека мен фреймворктің айырмашылықтары туралы оңай тілмен түсіндіруге тырыстық.

Өз ойларыңызды пікір ретінде қалдыра аласы пост астына, оқып көруге қуанышты боламыз)

#framework / #library / #differences
———
@frontend_with_backend
@frontender_kz
Энтузиаст Windows 11-ге Google Play Store-ні орнатып, Android программаларын жүктеп, іске қоса алды.

Энтузиаст жаңа шыққан Windows 11 InsiderPreview Build-ке (Android программаларын қолдай алатын билд) Google Play сервистерін орната алып, толық қанды Android программаларын іске қоса алды. Прогресс деп осыны айтыңыз! x86 процессорларда эмуляторсыз Android программаларының жұмыс істеуі өте күшті!

Толығырақ оқу - https://habr.com/ru/news/t/585292/

#технологиялар / #прогресс / #windows11 / #google
———
@django_resources
@django_kz
Forwarded from IT bilim
13 қарашада Kolesa Conf 2021 тегін IT-конференциясы онлайн режимінде өтеді

Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 5 бағыт: Data Science, Management, Web, Mobile және Administration & Infrastructure. Әрбір бағытта Kolesa Group, Tinkoff Business, Avito, Циан, Yandex Cloud, Kcell, Beeline, Tele2, Kaspi, Halyk, Top Secret Inc, ЦАРКА, Sergek Development және т.б. компаниялардың сарапшылары 8-13 қызықты және пайдалы баяндама жасайды.

Әрбір бағыттың жеке онлайн бөлмесі болады, сол бөлмелерді еркін ауыстырып қарауға болады. Кез келген қызықтырған бағытты, спикерді, баяндаманы емін-еркін тыңдауға болады. Және де әрбір баяндаманың соңында спикерге сұрақтар қоюға болады.

Былтырғы Kolesa Conf-ті Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь және басқа да ТМД елдерінен 5 911 қатысушы тамашалады.

Онлайн-конференцияға қатысу үшін тіркеліп, ұнаған бағытты таңдаңыз.

Маңызды: конференция толығымен орыс тілінде өтеді.
Dmitriy Tyan
Video
@pydjango чатында аустаффинг бойынша үлкен митап өтті. Митапта аутстафф компанияның өкілі - Ира Пахомова атты кісі қатысып отырды. Барлық актуалды сұрақтарға - релокейшн, код сапасы, программисттің жұмысының сапасы және т.б. қызық сұрақтарға жауап беріп отырды.

Тағы айта кетсек, митапқа Django сеньорлар да қатысып отырды. Өзім де тыңдап отырдым. Бір сөзбен айтқанда - өте қызық және пайдалы митап болды.

P.S Митап толықтай орыс тілінде өтті. Чатқа сілтеме - @pydjango.

#meetup / #django / #outstaffing / #relocation / #questions
———
@django_resources
@django_kz
Фриланстың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы.

Фриланс - өзі аты айтып тұрғандай бос жүріп жұмыс табу. Фриланстың IT әлемінде өзінің бірнеше күшті плюстері мен минустары болады. Соларға тоқталып өтейік!

#freelance / #новичектарға / #commercial / #тәжірибежинау / #post
———
@django_resources
@django_kz