Forwarded from UKIMET
UKIMET
Олжас Бектенов «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) полипропилен өндіру зауытында болды. Интеграцияланған газ химиясы кешені – Теңіз кен орнынан шикізатты қайта өңдеу бойынша қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайтын еліміздегі алғашқы…
📍 Полипропилен өндіретін кәсіпорынды аралау аясында Үкімет басшысына «Доссор – Атырау» автожолын қайта жаңарту жобасы таныстырылды. Ұзындығы 86 км республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» магистралінің учаскесін 4 жолаққа дейін кеңейту ұсынылып отыр. KPI зауытында шығарылатын полипропилен беріктікті арттыру және жалпы пайдалану сапасын жақсарту үшін жол құрылысында қолданылады. Осылайша, зауыт өнімдерін құрылыс индустриясында да кеңінен қолдану жоспарда бар.
✔ Атырауда Премьер-Министр мұнай өңдеу зауытының қазіргі жағдайымен және дамыту жоспарымен танысты. Жобалық қуаты жылына 5,5 млн тоннаны құрайтын Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) бүгінде мұнай өнімдерінің 35-ке жуық түрін шығарады. Биылғы 7 айда шикізатты қайта өңдеу көлемі 3,4 млн тоннаны құрады.
Үкімет басшысы АМӨЗ-де хош иісті көмірсутектер өндіру мен мұнайды терең өңдеудің технологиялық процесімен танысты. Бұл кешендер 2003-2018 жылдар аралығында үш сатылы жаңғырту барысында салынды, ол бензол мен параксилол өндірісін іске қосуға, отын сапасын К4/К5 экологиялық санатына дейін жеткізуге, қайта өңдеу тереңдігін 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Алдағы күзгі дала жұмыстарын ескере отырып, Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын тұрақты өндіруді және тиеп-жөнелтуді толық көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.
📱 https://t.iss.one/KZgovernment

«Жартыжылдық қорытындысы бойынша мұнай өндірудің 1,6%-ға төмендегенін көріп отырмыз. Сонымен қатар бізде экономиканың басқа салаларында өсім бар. Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталуда, 6 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 5,1% деңгейінде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6%-ға, көлік және қоймалау – 7,3%-ға, ақпарат пен байланыс 8,7%-ға артты. Ел экономикасы шикізатқа тәуелділіктен арыла отырып, өңдеу өнеркәсібіне басымдық бере отырып дамуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Өңдеу өнеркәсібі салаларында өндірістің машина жасауда 9,4%-ға, металл бұйымдарын өндіруде – 30,3%-ға, химия өнеркәсібінде – 5,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Forwarded from UKIMET
UKIMET
📍 Полипропилен өндіретін кәсіпорынды аралау аясында Үкімет басшысына «Доссор – Атырау» автожолын қайта жаңарту жобасы таныстырылды. Ұзындығы 86 км республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» магистралінің учаскесін 4 жолаққа дейін кеңейту ұсынылып…
Сондай-ақ Премьер-Министрге мұнай өңдеу зауытын одан әрі жаңғырту жоспары таныстырылды. Экологиялық мәселелерге – ауаға, жер асты суларына, флора мен фаунаға әсерін азайтуға ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Тазалық» жобасы шеңберінде механикалық тазарту құрылыстары мен нормативті түрде тазартылған ағынды суларға арналған арнаны реконструкциялау, сондай-ақ булану алаңдарын рекультивациялау көзделген. Бүгінде жұмыстың бір бөлігі аяқталды. Қайта құру нәтижесінде сарқынды суларды тазарту тиімділігі 96%-ға жетті, мұнай өнімдерінің мөлшері 25 мг/л-ден аспайды. Булану алаңында 431 га жер қалпына келтірілді. Жалпы өңірде мұнай өңдеу жұмыстарын дамытуды ескере отырып, экологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр, деп баяндады Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов. Атап айтқанда, тазарту құрылыстары реконструкцияланды, 2025 жылға қарай қоқыс полигондары толығымен санитарлық талаптарға сәйкес келтірілетін болады.
✔ Үкімет басшысы «Жігермұнайсервис» зауытында болып, өңірдегі машина жасау саласының даму қарқынымен танысты. Бүгінде облыстың өңдеу өнеркәсібінің үлесі шамамен 10%-ды құрайды. Бұл ретте машина жасау саласы жергілікті ерекшелікті ескере отырып, негізінен мұнай-газ қызметіне арналған тауарлар мен қызметтерді ұсынады. «Жігермұнайсервис» – еліміздегі мұнай өндіру мен қайта өңдеуге арналған инновациялық өнім өндіретін негізгі кәсіпорындардың бірі, сондай-ақ бұрғылау қызметі бойынша көшбасшы. Дамудың перспективалы бағыты – тау-кен секторындағы кәсіпорындарға арналған құрал-жабдықтар шығару. Бүгінде зауыт бұрғылау-жару жұмыстарына арналған бұрғылау құралдары өндірісін іске қосты, деп хабарлады «Жігермұнайсервис» директоры Эльдар Байболов.
🔹 Кәсіпорын сервистік, металл кесу, ұсталық, дәнекерлеу жабдықтарын, 10 мың жоғары білікті қызметкерді қоса алғанда, қуатты өндірістік әлеуетке ие. Осыған байланысты Олжас Бектенов нарықтың ішкі қажеттілігін өтеу үшін өндірісті кеңейтіп, қуатын арттыру керегін атап өтті.

👍3🔥1