ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
8.79K subscribers
9.15K photos
1.01K videos
8 files
4.09K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
✔️ Жерге қамқорлық: ҚазМұнайГаздың экологиялық бастамалары

Сіз биыл наурыз айында ҚазМұнайГаз компаниялар тобы «Жер Сағаты» халықаралық акциясына қосылып, жарық пен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа сөндіргенін білесіз бе?

Бұл энергия тұтынуды азайту және ресурстарға саналы түрде қарау жолындағы аз да болса маңызды қадам.

Тұрақты даму стратегиямыздың аясында біз «ыдысыңды ала кел» экологиялық акциясын бастадық. Енді компанияның кеңсесінде орналасқан асханаға ыдысты өзіңізбен бірге алып келсеңіз, жеңілдік ала аласыз. Бұл пластикті пайдалануды азайтуға көмектеседі.

ҚМГ қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұйымдастырған «Jasyl jol» челленджіне де қатысты. Автокөлікті 30 күн бойы пайдаланудан бас тартып, қозғалыстың экологиялық әдістерін таңдау (велосипед немесе жаяу серуендеу) арқылы өз денсаулығымызды да, жер шарын да сақтап қаламыз.

Жерімізді қорғау үшін шағын қадамдарды бірге жасай берейік!

***

✔️ Забота о Земле: экологические инициативы КазМунайГаза

Знаете ли Вы, что в марте текущего года Группа компаний КазМунайГаз присоединилась к международной акции «Час Земли», отключив свет и бытовые электроприборы на один час. Это маленький, но важный шаг в направлении сокращения энергопотребления и осознанного отношения к ресурсам.

В рамках нашей стратегии по устойчивости мы также запустили экологическую акцию «Принеси свою посуду». Теперь в столовой офиса компании вы можете получить скидку, если принесете с собой свою посуду. Это помогает минимизировать использование пластика.

Наши сотрудники также приняли участие в челлендже «Jasyl Jol», организованном Министерством охраны окружающей среды. Отказ от использования автомобиля на 30 дней и выбор экологичных способов передвижения (велосипеды или пешеходные прогулки) — это не только забота о себе, но и о нашей планете.

Давайте продолжать вместе делать маленькие шаги в поддержку нашей Земли!

🖥 #ТазаҚазақстан

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍81
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
▶️ Биыл қазақ мұнайының 125 жылдығымен бірге Қаражанбас кен орнында алғашқы мұнай бұрқағы атқылағанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» АҚ мәдени, спорттық, қайырымдылық іс-шаралар өткізіп жатыр. Мұнай компаниясы мерейтойы аясында Маңғыстау облысындағы балалар ауылының тәрбиеленушілеріне елу велосипед сыйға тартты.

Толығырақ видеосюжетте.

🖥 #БАҚҚМГжайлы
🖥 #ҚазақстанМұнайына125жыл

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍61🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Майкөмген ауылының тұрғындары таза ауыз суды үздіксіз тұтынып отыр

Бүгін сіздерге ҚазМұнайГаз іске асырған кезекті әлеуметтік жобаның нәтижелерін таныстырамыз. «Астрахань — Маңғышлақ» су құбырын жаңарту және жаңғырту жұмыстары ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл жоба Атырау және Маңғыстау облыстарының экономикасының дамуына үлес қосып, аталмыш өңірлерде тұрып жатқан адамдардың өмір сүру сапасын едәуір арттырды.

«Астрахань — Маңғышлақ» су құбырының жаңғырту жұмыстарын «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) жүргізуде. Бұл құбыр — екі облыстың орталықтандырылған жалғыз су көзі.

«Астрахань — Маңғышлақ» магистралды су құбырын реконструкциялау және кеңейту» жобасының 1-кезегін іске асыру аясында жаңа құбырлар салу су айдау режимін жаңартуға, технологиялық жабдықтар жұмысының сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Атырау облысы Жылыой ауданының шалғайдағы Майкөмген ауылында су құбырының бірінші кезегі жаңғыртылып, суды техникалық тазарту станциясы іске қосылғаннан кейін күн сайын шамамен 300 текше метр су тазартылады. Нәтижесінде ауылдың мыңнан астам тұрғыны таза суды тәулік бойы тұтынады.

***

Чистая питьевая вода стала доступна жителям села Майкомген

Сегодня мы знакомим вас с результатами очередного социального проекта, реализованного КазМунайГазом. Реконструкция и модернизация водовода «Астрахань — Мангышлак» ведется в соответствии с поручением Президента РК. Этот важный вклад в экономику Атырауской и Мангистауской областей значительно повысил уровень комфорта жителей данных регионов.

Трубопровод «Астрахань — Мангышлак» модернизируется компанией АО «Казтрансойл» (дочерним предприятием КазМунайГаза) и является единственным централизованным источником подачи воды для этих областей.

Строительство новых трубопроводов в рамках реализации 1-ой очереди проекта «Реконструкции и расширения магистрального водовода «Астрахань — Мангышлак» позволило обновить режимы перекачки воды, увеличить надёжность работы технологического оборудования.

Так, в отдаленном селе Майкомген Жылыойского района Атырауской области после реконструкции первой очереди водовода и запуска станции технической очистки воды, ежедневно очищается примерно 300 кубометров воды, что позволяет более чем тысяче жителям села пить чистую воду в любое время суток.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍133
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔊 Қазақстан мұнайына 125 жыл: тарих беттерінен

Қазақстан мұнай-газ саласының қалыптасуы мен даму тарихынан сыр шертетін мұрағаттан алынған бейнероликтер сериясын жалғастырамыз.

***

🔊 125 лет казахстанской нефти: кадры нашей истории

Мы продолжаем публикацию серии архивных видео, посвященных зарождению и становлению нефтегазовой отрасли Казахстана.

🖥 #ҚазақстанМұнайына125жыл
🖥 #ҚазақМұнайыныңТарихы
🖥 #ИсторияКазахскойНефти

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
🌐 Қазақстан мен Конго мұнай-газ саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2 тамызда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және Конго ұлттық мұнай компаниясы (SNPC) Астанада мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен SNPC бас директоры Майксент Оминга қол қойды. Бұл қадам қос тарап үшін мұнай-газ секторын дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Келісім мұнай және газ кен орындарын игеру, мұнай саласын техникалық қолдау, сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді өңдеу объектілерін салу, шикі мұнайды жеткізу және мамандарды оқыту саласында ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.

Тараптар жер қойнауын пайдалану, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясында жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, сондай-ақ геология және геофизика, бұрғылау технологиялары, оның ішінде көлденең ұңғымаларды бұрғылау саласында тәжірибе және білім алмасу мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар.

***

🌐 Казахстан и Конго подписали соглашение о сотрудничестве в нефтегазовой сфере

Национальная компания «КазМунайГаз» и Национальная нефтяная компания Конго (SNPC) подписали 2 августа в Астане соглашение о сотрудничестве в нефтегазовой сфере.

Документ подписали председатель Правления КМГ Асхат Хасенов и генеральный директор SNPC Майксент Оминга. Это событие открывает новые возможности для обеих сторон в развитии нефтегазового сектора.

Соглашение направлено на изучение возможностей сотрудничества в области разработки месторождений нефти и газа, технического содействия в нефтяной отрасли, строительства объектов по переработке жидких и газообразных углеводородов, поставки сырой нефти и обучения персонала.

Обе стороны заинтересованы в поиске новых проектов недропользования, нефтепереработки и нефтегазохимии для совместной реализации, обмене опытом и знаниями в области геологии и геофизики, а также технологий бурения, включая горизонтальные скважины.

Подробнее на нашем сайте.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍112
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) полипропилен өндіру зауытында болды. Интеграцияланған газ химиясы кешені – Теңіз кен орнынан шикізатты қайта өңдеу бойынша қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайтын еліміздегі алғашқы жоба. Зауыт іске қосылған сәттен бастап 341,4 мың тонна түйіршікті полипропилен өндірілді.

🔺 Үкімет басшысына кәсіпорын 2022 жылы іске қосылған сәттен бастап Қазақстанда полипропилен құны тұрақты түрде – зауыт жұмысының бастапқы кезеңіндегі тоннасына 650 мың теңгеден қазіргі 450 мың теңгеге дейін төмендегені баяндалды. Бүгінгі таңда, Маркет Репорт мәліметіне сәйкес, бұл Ресеймен салыстырғанда ең төменгі сома, онда баға тоннасына $1 280 жетеді, Беларусьте – $1 295, Өзбекстанда – $1 090. Зауыттың негізгі міндеті – ішкі қажеттілікті қамту. Мәселен, 2022 жылы Қазақстанның полипропилен нарығының құрылымындағы KPI кәсіпорнының үлесі 2%-ды құрады, бұл ретте импорт 63%-ға жетті. Биылғы екінші тоқсанға қарай арақатынас өзгерді: зауыт үлесі 25 есеге жуық өсіп, 49%-ды құрады, импорт 22%-ға дейін төмендеді. Өткен 6 айда KPI 133 мың тонна өнім өндірді, 2025 жылға арналған жоспар – 507 мың тонна полипропилен. Қазақстандық кәсіпорын өндіріс қуаты жөнінен Өзбекстан өндірісінен 5 есе (100 мың тонна), Түркиядан – 3,5 есе (144 мың тонна), Түрікменстаннан – 3 есе (171 мың тонна), Әзербайжаннан – 2,7 есе (180 мың тонна) алда.

«Ішкі нарыққа өнімді төменгі бағамен өткізуді қамтамасыз етуге ұмтылуымыз керек. Біздің басты міндетіміз – отандық өндірушілерді қолдау. Сіздердің өнімдеріңіз арқылы шағын және орта кәсіпорындардың одан әрі дамуы маңызды. Сондықтан дайын өнімді бірінші кезекте ішкі нарыққа жөнелту керек, қолда бар артығы экспортқа жіберілуі тиіс. Бұл саясатты қатаң жүргізу қажет, себебі KPI кәсіпорны ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


🔹 Зауытта шикізат терең өңдеуден өтеді. Құрылыс, медицина, автомобиль жасау, азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі салаларында таптырмайтын 10 полипропилен маркасы өндірісі жолға қойылған.

📱 https://t.iss.one/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Forwarded from UKIMET
UKIMET
Олжас Бектенов «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) полипропилен өндіру зауытында болды. Интеграцияланған газ химиясы кешені – Теңіз кен орнынан шикізатты қайта өңдеу бойынша қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайтын еліміздегі алғашқы…
📍 Полипропилен өндіретін кәсіпорынды аралау аясында Үкімет басшысына «Доссор – Атырау» автожолын қайта жаңарту жобасы таныстырылды. Ұзындығы 86 км республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» магистралінің учаскесін 4 жолаққа дейін кеңейту ұсынылып отыр. KPI зауытында шығарылатын полипропилен беріктікті арттыру және жалпы пайдалану сапасын жақсарту үшін жол құрылысында қолданылады. Осылайша, зауыт өнімдерін құрылыс индустриясында да кеңінен қолдану жоспарда бар.

Атырауда Премьер-Министр мұнай өңдеу зауытының қазіргі жағдайымен және дамыту жоспарымен танысты. Жобалық қуаты жылына 5,5 млн тоннаны құрайтын Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) бүгінде мұнай өнімдерінің 35-ке жуық түрін шығарады. Биылғы 7 айда шикізатты қайта өңдеу көлемі 3,4 млн тоннаны құрады.

Үкімет басшысы АМӨЗ-де хош иісті көмірсутектер өндіру мен мұнайды терең өңдеудің технологиялық процесімен танысты. Бұл кешендер 2003-2018 жылдар аралығында үш сатылы жаңғырту барысында салынды, ол бензол мен параксилол өндірісін іске қосуға, отын сапасын К4/К5 экологиялық санатына дейін жеткізуге, қайта өңдеу тереңдігін 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Алдағы күзгі дала жұмыстарын ескере отырып, Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын тұрақты өндіруді және тиеп-жөнелтуді толық көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.

«Жартыжылдық қорытындысы бойынша мұнай өндірудің 1,6%-ға төмендегенін көріп отырмыз. Сонымен қатар бізде экономиканың басқа салаларында өсім бар. Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталуда, 6 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 5,1% деңгейінде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6%-ға, көлік және қоймалау – 7,3%-ға, ақпарат пен байланыс 8,7%-ға артты. Ел экономикасы шикізатқа тәуелділіктен арыла отырып, өңдеу өнеркәсібіне басымдық бере отырып дамуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Өңдеу өнеркәсібі салаларында өндірістің машина жасауда 9,4%-ға, металл бұйымдарын өндіруде – 30,3%-ға, химия өнеркәсібінде – 5,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.


📱 https://t.iss.one/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Forwarded from UKIMET
UKIMET
📍 Полипропилен өндіретін кәсіпорынды аралау аясында Үкімет басшысына «Доссор – Атырау» автожолын қайта жаңарту жобасы таныстырылды. Ұзындығы 86 км республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» магистралінің учаскесін 4 жолаққа дейін кеңейту ұсынылып…
Сондай-ақ Премьер-Министрге мұнай өңдеу зауытын одан әрі жаңғырту жоспары таныстырылды. Экологиялық мәселелерге – ауаға, жер асты суларына, флора мен фаунаға әсерін азайтуға ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Тазалық» жобасы шеңберінде механикалық тазарту құрылыстары мен нормативті түрде тазартылған ағынды суларға арналған арнаны реконструкциялау, сондай-ақ булану алаңдарын рекультивациялау көзделген. Бүгінде жұмыстың бір бөлігі аяқталды. Қайта құру нәтижесінде сарқынды суларды тазарту тиімділігі 96%-ға жетті, мұнай өнімдерінің мөлшері 25 мг/л-ден аспайды. Булану алаңында 431 га жер қалпына келтірілді. Жалпы өңірде мұнай өңдеу жұмыстарын дамытуды ескере отырып, экологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр, деп баяндады Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов. Атап айтқанда, тазарту құрылыстары реконструкцияланды, 2025 жылға қарай қоқыс полигондары толығымен санитарлық талаптарға сәйкес келтірілетін болады.

Үкімет басшысы «Жігермұнайсервис» зауытында болып, өңірдегі машина жасау саласының даму қарқынымен танысты. Бүгінде облыстың өңдеу өнеркәсібінің үлесі шамамен 10%-ды құрайды. Бұл ретте машина жасау саласы жергілікті ерекшелікті ескере отырып, негізінен мұнай-газ қызметіне арналған тауарлар мен қызметтерді ұсынады. «Жігермұнайсервис» – еліміздегі мұнай өндіру мен қайта өңдеуге арналған инновациялық өнім өндіретін негізгі кәсіпорындардың бірі, сондай-ақ бұрғылау қызметі бойынша көшбасшы. Дамудың перспективалы бағыты – тау-кен секторындағы кәсіпорындарға арналған құрал-жабдықтар шығару. Бүгінде зауыт бұрғылау-жару жұмыстарына арналған бұрғылау құралдары өндірісін іске қосты, деп хабарлады «Жігермұнайсервис» директоры Эльдар Байболов.

🔹 Кәсіпорын сервистік, металл кесу, ұсталық, дәнекерлеу жабдықтарын, 10 мың жоғары білікті қызметкерді қоса алғанда, қуатты өндірістік әлеуетке ие. Осыған байланысты Олжас Бектенов нарықтың ішкі қажеттілігін өтеу үшін өндірісті кеңейтіп, қуатын арттыру керегін атап өтті.

📱 https://t.iss.one/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1