«ҚазТрансОйл» АҚ құқық қорғау органдарымен тығыз қатынас орнатып, компанияның құбырларына заңсыз қосылу жағдайын өзгертті. Соңғы төрт жылда магистралды құбырларға заңсыз қосылу фактілері нөлдік көрсеткішке дейін азайтылды (2019 жылы 2 заңсыз қосылу анықталды, залал 6,4 млн теңгені құрады; 2020 және 2021, 2022, 2023 жылдары заңсыз қосылу фактілері тіркелген жоқ).
Осы көрсеткіштерге мынадай іс-шараларды орындау арқасында қол жеткізілді:
Толығырақ бұдан бұрын жарияланған Орнықты даму туралы есептен оқи аласыз.
***
При тесном взаимодействии с правоохранительными органами АО «КазТрансОйл» переломило ситуацию с незаконными врезками в трубопроводы Компании. За последние четыре года сведены к нулевому показателю факты незаконных врезок в магистральные трубопроводы (в 2019 году выявлены две врезки, ущерб составил 6,4 млн тенге; в 2020, 2021, 2022, 2023 годах фактов врезок не зафиксировано).
Данные показатели достигнуты во многом благодаря выполнению следующих мероприятий:
Подробно в ранее опубликованном Отчёте об устойчивом развитии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤3
Первая добыча казахстанской нефти началась на месторождении Карашунгул осенью 1899 года. С тех пор прошло 125 лет. О значении чёрного золота для нашей страны, и институтах, которые продолжают развивать нефтедобывающую и нефтеперерабатывающую сферу, рассказал известный политолог и историк Данияр Ашимбаев.
Подробнее в материале «Казинформ».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤3
Бұрғылау қашауы — мұнай ұңғымаларын бұрғылауға арналған арнайы құрал. Бұл сайман арқылы жер қыртысы ұсақталып, қашалады.
Қашаудың шаржылы, қалақшалы, фрезерлік, алмазды түрлері бар.
Әлемде де, Қазақстанда да бұрғылау жұмыстарының 90 пайызға жуығы шаржылы қашау арқылы жасалады. Мұндай қашау мойынтірек-шаржының бір-біріне қарсы айналуы арқылы ұсақтау-қашау арқылы топырақты үңгиді. Шаржыларға түрлі мақсаттағы болат тістер орнатылады. Ең көп таралған түрі — үш шаржылы қашау.
Фрезерлік қашауды қатты жер жынысын бұрғылауда пайдаланады.
Алмазды қашаулар қажетті қысымды беру мүмкін болмайтындай өте тереңдегі қатты жыныстарды бұрғылауға қолданылады. Оның беріктігі шаржылыға қарағанда бірнеше есе жоғары. Өйткені қозғалмалы бөлшектері жоқ және сайманның бір бөлігін жоғалту қаупі туындамайды.
Толық ақпаратты сайттағы мақаламыздан оқи аласыздар.
***
Нефтяную скважину бурят буровым долотом — это специальный инструмент для бурения нефтяных скважин. Оборудование создает дробящий или режущий эффект.
Буровые долота бывают шарошечные, лопастные, фрезерные и алмазные.
До 90% всех буровых работ как в Казахстане, так и за рубежом выполняется с помощью шарошечных долот. Такое долото разрушает породы дробяще-скалывающим методом при вращении друг относительно друга подшипников-шарошек. Шарошки оснащены стальными зубьями различной конфигурации. Наиболее распространены трехшарошечные долота.
Фрезерные долота используют при бурении твёрдых пластов.
Алмазные долота применяют при вращательном бурении твёрдых пород на больших глубинах, когда нет возможности обеспечить нужное давление для долота. Стойкость их в разы превышает стойкость шарошечного, поскольку нет подвижных частей и отсутствует риск потери части инструмента.
Подробнее можете узнать из статьи на сайте.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤2🔥1
Атырау мұнай өңдеу зауытында 2020 жылдан бері технологиялық процесті басқарудың жетілдірілген жүйесі енгізіле бастады, халықаралық терминологияда бұл жүйе Advanced Process Control (АРС) атымен белгілі.
Технологиялық процесті басқарудың жетілдірілген жүйесі «автопилот» сияқты жұмыс істейді, қондырғының технологиялық режимін берілген шектерде тұрақты ұстап тұрады. Автоматты режимде қондырғыны жүктеудің, бағандар мен пештердегі температураның тұрақты өлшемшарттары, қондырғыдан шығатын ағымдардың сапа өлшемшарттары бақыланып тұрады. Осылайша, мұнай өнімдерінің өндірісі ұлғаяды, энергия ресурстарын тұтыну азаяды, технологиялық процесті басқаруда кезінде адами фактордың әсері азаяды және өнім сапасы жақсарады.
Технологиялық процесті басқарудың жетілдірілген жүйесі АТ-2 және АВТ-3 мұнай өңдеу қондырғыларында енгізіліп, барынша қолданылып келеді. Нәтижесінде тікелей айдалған бензин және керосин газойлды фракциялардың өндірісі тиісінше 0,3% және 0,43%-ға ұлғайды. Жыл сайынғы экономикалық тиімділік 1,2 млрд теңге көлемінде бағаланды.
2024 жылы технологиялық процесті басқарудың жетілдірілген жүйесін Атырау мұнай өңдеу зауытының бензинді гидротазарту және каталитикалық риформинг қондырғысында, ал ПҚОП-тың мұнай өңдеу қондырғысында енгізу жұмыстарын аяқтау жоспарда бар.
Толығырақ бұдан бұрын жарияланған Жылдық есептен оқи аласыз.
***
C 2020 года начато внедрение Системы усовершенствованного управления технологическим процессом (СУУТП) на АНПЗ, в международной терминологии известно под названием Advanced Process Control (АРС).
СУУТП работает как автопилот, стабильно поддерживает технологический режим установки в заданных пределах. В автоматическом режиме контролируются постоянные параметры по загрузке установки, температуре в колоннах и печах, параметры качества потоков, выходящих с установки. Таким образом, происходит увеличение выходов нефтепродуктов, снижение потребления энергоресурсов, снижение влияния человеческого фактора при управлении технологическим процессом и повышение качества продуктов.
СУУТП уже внедрены и активно используются на установках переработки нефти АТ-2 и АВТ-3. Результатом стало увеличение выхода прямогонных бензиновых и керосингазойлевых фракций на 0,3 и 0,43 % соответственно. Ежегодный экономический эффект оценивается в 1,2 млрд тенге.
В 2024 году планируется завершить внедрение СУУТП на установке гидроочистки бензина и каталитического риформинга АНПЗ, установке переработки нефти ПКОП.
Подробно в ранее опубликованном Годовом отчете.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В честь 125-летия казахстанской нефти мы поговорили с человеком, который сыграл ключевую роль в реализации двух крупнейших международных проектов — Каспийского трубопроводного консорциума и нефтепровода «Казахстан — Китай». Эти проекты обеспечивают доставку казахстанской нефти на мировые рынки. Кайргельды Кабылдин активно участвовал в подготовке и подписании важных для страны договоров с иностранными партнерами, представляя казахстанскую сторону в долгих и сложных переговорах и отстаивая интересы нашей страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23❤5🎉3
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мақұлдауымен ҚБМ басшылығы аталмыш орталықтағы қызмет алушылардың денсаулығына, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін нығайтуға арналған жабдықтар табыс етті. Орталық басшылығы мен қамкөңіл қариялар емдік дене шынықтыру кабинетіне арналған тренажерлар мен спорт құралдарын, еңбек терапиясы үшін тігін машинасы мен түрлі саймандарды, тұрмыстық техникалар мен жиһаздарды қуанышпен қабыл алды.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 100-ге тарта қызмет алушы бар. Мұнда ең алдымен олардың денсаулығын жақсарту үшін медициналық көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек, түрлі терапия жүргізетін арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Ескірген жабдықтардың жаңарып, жоғының түгенделгеніне орталық әкімшілігі де дән риза.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤2
Атырауский нефтеперерабатывающий завод реализует проекты по сокращению выбросов загрязняющих веществ в атмосферу.
Один из таких проектов – Tazalyq, запущенный с 2019 года для повышения эффективности очистки и улучшения экологической обстановки в западном регионе. Финансируется проект Европейским банком реконструкции и развития (ЕБРР).
Подробнее в материале Informburo.kz.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤2
«Құрмет» орденінің иегері, 45 жыл Қазақстан мұнай құбырын дамытуға үлес қосқан Зинон Бахтиярұлы Абдрахманов — мұнайшылар династиясының өкілі, әкесі Бахтияр Абдрахманов 50 жыл «Ембімұнай» бірлестігінде лауазымды қызмет атқарды.
1966 жылы Зинон Абдрахманов Мәскеудегі Губкин атындағы мұнай институтын бітіріп, өндірістік процестерді автоматтандыру жөніндегі инженер-электромеханик мамандығын алып шығады. Жас маман алдымен «Маңғышылақмұнай» бірлестігінде өндірістік базаларды автоматтандыру цехында тәжірибе жинады. Кейін Балықшы (қазіргі Атырау) мұнай құбыры басқармасы құрылғанда Орталықтандырылған бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика қызметінің бастығы қызметіне шақырылады. Зинон Абдрахмановтың жетекшілігімен 1976 жылы магистралды құбыр бойындағы мұнай айдау станцияларына американдық «Honeywell» автоматтандыру жүйесі енгізілді. Бұл КСРО-да алғашқылардың бірі болып енгізілген шетелдік автоматты басқару жүйесі еді. Енгізілген автоматтандырылған жүйенің өміршеңдігі сол, мұнай айдау станцияларының үздіксіз жұмысы мен қауіпсіздігін 20 жыл бойы қамтамасыз етті. 1979 жылы Зинон Абдрахманов «Южнефтепровод» бірлестігінің бас инженері қызметіне тағайындалады. Білікті маман, шебер ұйымдастырушылығымен көзге түскен майталман 1984 жылы Шығыс-Қазақстан магистральды мұнай құбыры басқармасына басшылықта отырып, 3 жыл ішінде жедел түрде «Экібастұз», «Степная», «Қарақойын», «Атасу» және «Борсеңгір» мұнай айдау станциялары іске қосты. Шымкент мұнай өңдеу зауытына мұнай тоқтаусыз тасымалданатын болды.
Тәуелсіздік алған жылдары Зинон Абдрахманов жаңа құрылған «Қазақойл» ұлттық компаниясында жауапты маман ретінде елдегі мұнай тасымалы саласын үйлестіруге еңбектенді. 1998 жылы Каспий Құбыр Консорциумының Қазақстандағы өңірлік менеджері болды.
Қазақстан мұнай тасымалы саласының Құрметті қызметкері атағымен, елге сіңірген еңбегі ескеріліп «Құрмет» орденімен марапатталған.
Сан қырлы өндіріс сынына төтеп беріп, мұнай-газ саласын өркендетуге ерекше үлес қосқан ардагерлер еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤3
Сіз биыл наурыз айында ҚазМұнайГаз компаниялар тобы «Жер Сағаты» халықаралық акциясына қосылып, жарық пен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа сөндіргенін білесіз бе?
Бұл энергия тұтынуды азайту және ресурстарға саналы түрде қарау жолындағы аз да болса маңызды қадам.
Тұрақты даму стратегиямыздың аясында біз «ыдысыңды ала кел» экологиялық акциясын бастадық. Енді компанияның кеңсесінде орналасқан асханаға ыдысты өзіңізбен бірге алып келсеңіз, жеңілдік ала аласыз. Бұл пластикті пайдалануды азайтуға көмектеседі.
ҚМГ қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұйымдастырған «Jasyl jol» челленджіне де қатысты. Автокөлікті 30 күн бойы пайдаланудан бас тартып, қозғалыстың экологиялық әдістерін таңдау (велосипед немесе жаяу серуендеу) арқылы өз денсаулығымызды да, жер шарын да сақтап қаламыз.
Жерімізді қорғау үшін шағын қадамдарды бірге жасай берейік!
***
Знаете ли Вы, что в марте текущего года Группа компаний КазМунайГаз присоединилась к международной акции «Час Земли», отключив свет и бытовые электроприборы на один час. Это маленький, но важный шаг в направлении сокращения энергопотребления и осознанного отношения к ресурсам.
В рамках нашей стратегии по устойчивости мы также запустили экологическую акцию «Принеси свою посуду». Теперь в столовой офиса компании вы можете получить скидку, если принесете с собой свою посуду. Это помогает минимизировать использование пластика.
Наши сотрудники также приняли участие в челлендже «Jasyl Jol», организованном Министерством охраны окружающей среды. Отказ от использования автомобиля на 30 дней и выбор экологичных способов передвижения (велосипеды или пешеходные прогулки) — это не только забота о себе, но и о нашей планете.
Давайте продолжать вместе делать маленькие шаги в поддержку нашей Земли!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Толығырақ видеосюжетте.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін сіздерге ҚазМұнайГаз іске асырған кезекті әлеуметтік жобаның нәтижелерін таныстырамыз. «Астрахань — Маңғышлақ» су құбырын жаңарту және жаңғырту жұмыстары ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл жоба Атырау және Маңғыстау облыстарының экономикасының дамуына үлес қосып, аталмыш өңірлерде тұрып жатқан адамдардың өмір сүру сапасын едәуір арттырды.
«Астрахань — Маңғышлақ» су құбырының жаңғырту жұмыстарын «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) жүргізуде. Бұл құбыр — екі облыстың орталықтандырылған жалғыз су көзі.
«Астрахань — Маңғышлақ» магистралды су құбырын реконструкциялау және кеңейту» жобасының 1-кезегін іске асыру аясында жаңа құбырлар салу су айдау режимін жаңартуға, технологиялық жабдықтар жұмысының сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Атырау облысы Жылыой ауданының шалғайдағы Майкөмген ауылында су құбырының бірінші кезегі жаңғыртылып, суды техникалық тазарту станциясы іске қосылғаннан кейін күн сайын шамамен 300 текше метр су тазартылады. Нәтижесінде ауылдың мыңнан астам тұрғыны таза суды тәулік бойы тұтынады.
***
Сегодня мы знакомим вас с результатами очередного социального проекта, реализованного КазМунайГазом. Реконструкция и модернизация водовода «Астрахань — Мангышлак» ведется в соответствии с поручением Президента РК. Этот важный вклад в экономику Атырауской и Мангистауской областей значительно повысил уровень комфорта жителей данных регионов.
Трубопровод «Астрахань — Мангышлак» модернизируется компанией АО «Казтрансойл» (дочерним предприятием КазМунайГаза) и является единственным централизованным источником подачи воды для этих областей.
Строительство новых трубопроводов в рамках реализации 1-ой очереди проекта «Реконструкции и расширения магистрального водовода «Астрахань — Мангышлак» позволило обновить режимы перекачки воды, увеличить надёжность работы технологического оборудования.
Так, в отдаленном селе Майкомген Жылыойского района Атырауской области после реконструкции первой очереди водовода и запуска станции технической очистки воды, ежедневно очищается примерно 300 кубометров воды, что позволяет более чем тысяче жителям села пить чистую воду в любое время суток.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мұнай-газ саласының қалыптасуы мен даму тарихынан сыр шертетін мұрағаттан алынған бейнероликтер сериясын жалғастырамыз.
***
Мы продолжаем публикацию серии архивных видео, посвященных зарождению и становлению нефтегазовой отрасли Казахстана.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
2 тамызда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және Конго ұлттық мұнай компаниясы (SNPC) Астанада мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен SNPC бас директоры Майксент Оминга қол қойды. Бұл қадам қос тарап үшін мұнай-газ секторын дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Келісім мұнай және газ кен орындарын игеру, мұнай саласын техникалық қолдау, сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді өңдеу объектілерін салу, шикі мұнайды жеткізу және мамандарды оқыту саласында ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған.
Тараптар жер қойнауын пайдалану, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясында жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, сондай-ақ геология және геофизика, бұрғылау технологиялары, оның ішінде көлденең ұңғымаларды бұрғылау саласында тәжірибе және білім алмасу мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.
Толығырақ сайтымыздан оқи аласыздар.
***
Национальная компания «КазМунайГаз» и Национальная нефтяная компания Конго (SNPC) подписали 2 августа в Астане соглашение о сотрудничестве в нефтегазовой сфере.
Документ подписали председатель Правления КМГ Асхат Хасенов и генеральный директор SNPC Майксент Оминга. Это событие открывает новые возможности для обеих сторон в развитии нефтегазового сектора.
Соглашение направлено на изучение возможностей сотрудничества в области разработки месторождений нефти и газа, технического содействия в нефтяной отрасли, строительства объектов по переработке жидких и газообразных углеводородов, поставки сырой нефти и обучения персонала.
Обе стороны заинтересованы в поиске новых проектов недропользования, нефтепереработки и нефтегазохимии для совместной реализации, обмене опытом и знаниями в области геологии и геофизики, а также технологий бурения, включая горизонтальные скважины.
Подробнее на нашем сайте.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤2
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) полипропилен өндіру зауытында болды. Интеграцияланған газ химиясы кешені – Теңіз кен орнынан шикізатты қайта өңдеу бойынша қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайтын еліміздегі алғашқы жоба. Зауыт іске қосылған сәттен бастап 341,4 мың тонна түйіршікті полипропилен өндірілді.
🔺 Үкімет басшысына кәсіпорын 2022 жылы іске қосылған сәттен бастап Қазақстанда полипропилен құны тұрақты түрде – зауыт жұмысының бастапқы кезеңіндегі тоннасына 650 мың теңгеден қазіргі 450 мың теңгеге дейін төмендегені баяндалды. Бүгінгі таңда, Маркет Репорт мәліметіне сәйкес, бұл Ресеймен салыстырғанда ең төменгі сома, онда баға тоннасына $1 280 жетеді, Беларусьте – $1 295, Өзбекстанда – $1 090. Зауыттың негізгі міндеті – ішкі қажеттілікті қамту. Мәселен, 2022 жылы Қазақстанның полипропилен нарығының құрылымындағы KPI кәсіпорнының үлесі 2%-ды құрады, бұл ретте импорт 63%-ға жетті. Биылғы екінші тоқсанға қарай арақатынас өзгерді: зауыт үлесі 25 есеге жуық өсіп, 49%-ды құрады, импорт 22%-ға дейін төмендеді. Өткен 6 айда KPI 133 мың тонна өнім өндірді, 2025 жылға арналған жоспар – 507 мың тонна полипропилен. Қазақстандық кәсіпорын өндіріс қуаты жөнінен Өзбекстан өндірісінен 5 есе (100 мың тонна), Түркиядан – 3,5 есе (144 мың тонна), Түрікменстаннан – 3 есе (171 мың тонна), Әзербайжаннан – 2,7 есе (180 мың тонна) алда.
🔹 Зауытта шикізат терең өңдеуден өтеді. Құрылыс, медицина, автомобиль жасау, азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі салаларында таптырмайтын 10 полипропилен маркасы өндірісі жолға қойылған.
📱 https://t.iss.one/KZgovernment
🔺 Үкімет басшысына кәсіпорын 2022 жылы іске қосылған сәттен бастап Қазақстанда полипропилен құны тұрақты түрде – зауыт жұмысының бастапқы кезеңіндегі тоннасына 650 мың теңгеден қазіргі 450 мың теңгеге дейін төмендегені баяндалды. Бүгінгі таңда, Маркет Репорт мәліметіне сәйкес, бұл Ресеймен салыстырғанда ең төменгі сома, онда баға тоннасына $1 280 жетеді, Беларусьте – $1 295, Өзбекстанда – $1 090. Зауыттың негізгі міндеті – ішкі қажеттілікті қамту. Мәселен, 2022 жылы Қазақстанның полипропилен нарығының құрылымындағы KPI кәсіпорнының үлесі 2%-ды құрады, бұл ретте импорт 63%-ға жетті. Биылғы екінші тоқсанға қарай арақатынас өзгерді: зауыт үлесі 25 есеге жуық өсіп, 49%-ды құрады, импорт 22%-ға дейін төмендеді. Өткен 6 айда KPI 133 мың тонна өнім өндірді, 2025 жылға арналған жоспар – 507 мың тонна полипропилен. Қазақстандық кәсіпорын өндіріс қуаты жөнінен Өзбекстан өндірісінен 5 есе (100 мың тонна), Түркиядан – 3,5 есе (144 мың тонна), Түрікменстаннан – 3 есе (171 мың тонна), Әзербайжаннан – 2,7 есе (180 мың тонна) алда.
«Ішкі нарыққа өнімді төменгі бағамен өткізуді қамтамасыз етуге ұмтылуымыз керек. Біздің басты міндетіміз – отандық өндірушілерді қолдау. Сіздердің өнімдеріңіз арқылы шағын және орта кәсіпорындардың одан әрі дамуы маңызды. Сондықтан дайын өнімді бірінші кезекте ішкі нарыққа жөнелту керек, қолда бар артығы экспортқа жіберілуі тиіс. Бұл саясатты қатаң жүргізу қажет, себебі KPI кәсіпорны ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
🔹 Зауытта шикізат терең өңдеуден өтеді. Құрылыс, медицина, автомобиль жасау, азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі салаларында таптырмайтын 10 полипропилен маркасы өндірісі жолға қойылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Forwarded from UKIMET
UKIMET
Олжас Бектенов «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) полипропилен өндіру зауытында болды. Интеграцияланған газ химиясы кешені – Теңіз кен орнынан шикізатты қайта өңдеу бойынша қуаты жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайтын еліміздегі алғашқы…
📍 Полипропилен өндіретін кәсіпорынды аралау аясында Үкімет басшысына «Доссор – Атырау» автожолын қайта жаңарту жобасы таныстырылды. Ұзындығы 86 км республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» магистралінің учаскесін 4 жолаққа дейін кеңейту ұсынылып отыр. KPI зауытында шығарылатын полипропилен беріктікті арттыру және жалпы пайдалану сапасын жақсарту үшін жол құрылысында қолданылады. Осылайша, зауыт өнімдерін құрылыс индустриясында да кеңінен қолдану жоспарда бар.
✔ Атырауда Премьер-Министр мұнай өңдеу зауытының қазіргі жағдайымен және дамыту жоспарымен танысты. Жобалық қуаты жылына 5,5 млн тоннаны құрайтын Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) бүгінде мұнай өнімдерінің 35-ке жуық түрін шығарады. Биылғы 7 айда шикізатты қайта өңдеу көлемі 3,4 млн тоннаны құрады.
Үкімет басшысы АМӨЗ-де хош иісті көмірсутектер өндіру мен мұнайды терең өңдеудің технологиялық процесімен танысты. Бұл кешендер 2003-2018 жылдар аралығында үш сатылы жаңғырту барысында салынды, ол бензол мен параксилол өндірісін іске қосуға, отын сапасын К4/К5 экологиялық санатына дейін жеткізуге, қайта өңдеу тереңдігін 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Алдағы күзгі дала жұмыстарын ескере отырып, Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын тұрақты өндіруді және тиеп-жөнелтуді толық көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.
📱 https://t.iss.one/KZgovernment
✔ Атырауда Премьер-Министр мұнай өңдеу зауытының қазіргі жағдайымен және дамыту жоспарымен танысты. Жобалық қуаты жылына 5,5 млн тоннаны құрайтын Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) бүгінде мұнай өнімдерінің 35-ке жуық түрін шығарады. Биылғы 7 айда шикізатты қайта өңдеу көлемі 3,4 млн тоннаны құрады.
Үкімет басшысы АМӨЗ-де хош иісті көмірсутектер өндіру мен мұнайды терең өңдеудің технологиялық процесімен танысты. Бұл кешендер 2003-2018 жылдар аралығында үш сатылы жаңғырту барысында салынды, ол бензол мен параксилол өндірісін іске қосуға, отын сапасын К4/К5 экологиялық санатына дейін жеткізуге, қайта өңдеу тереңдігін 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Алдағы күзгі дала жұмыстарын ескере отырып, Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын тұрақты өндіруді және тиеп-жөнелтуді толық көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.
«Жартыжылдық қорытындысы бойынша мұнай өндірудің 1,6%-ға төмендегенін көріп отырмыз. Сонымен қатар бізде экономиканың басқа салаларында өсім бар. Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталуда, 6 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 5,1% деңгейінде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6%-ға, көлік және қоймалау – 7,3%-ға, ақпарат пен байланыс 8,7%-ға артты. Ел экономикасы шикізатқа тәуелділіктен арыла отырып, өңдеу өнеркәсібіне басымдық бере отырып дамуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Өңдеу өнеркәсібі салаларында өндірістің машина жасауда 9,4%-ға, металл бұйымдарын өндіруде – 30,3%-ға, химия өнеркәсібінде – 5,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5