KFF Team
7.68K subscribers
4.98K photos
220 videos
785 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Қазақстан құрамасы - бірінші себетте 🇰🇿🔥

⚽️ Футболдан Қазақстан құрамасы 2026/27 жылғы Ұлттар лигасында С дивизионының бірінші себетіне енді.

🗓 Жеребе 12 ақпанда Брюссельде өтеді. Басталуы - 22:00-де.

Ұлттар лигасының топтық кезеңі қыркүйекте басталады. Әр команда 6 матч өткізеді. Топ жеңімпаздары жоғары лигаға көтеріледі ⬆️

#KFF | #BizdinJigitter💛💙
44👍12🔥7
Бүгін Брюссельде УЕФА 50-ші Конгресі өтеді 🤝🏽

УЕФА Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Ресми іс-шарада Еуропа футболының даму бағыты талқыланып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі.

Сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысты шешімдер қабылданып, басшылық құрам сайланады.

#KFF
🔥226
📌 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы УЕФА 51-ші Конгресі 2027 жылы 4 наурызда Қазақстан астанасында өтетінін ресми жариялады.

Бұл шешім Брюссельде өткен УЕФА-ның мерейтойлы 50-ші Конгресінде хабарланды. Конгреске Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория қатысты.

УЕФА Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданады, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ УЕФА-ның басшы органдары сайланады.

#KFF | #UEFACongress
🔥3812👍2👎1
Қазақстан құрамасы С лигасының 3️⃣-тобында ойнайды

Брюссельде өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында С лигасының 3-тобында өнер көрсетеді.

Қарсыластарымыз 👇🏼
🇸🇰 Словакия
🇫🇴 Фарер аралдары
🇲🇩 Молдова

🏟 Топтық кезеңде әр команда алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда. Ойындар 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, қыркүйек, қазан және қараша айларындағы халықаралық терезелерде өтеді.

#KFF | #UEFANationsLeague
37🔥14👍7
Ұлттар лигасы С дивизионындағы топтар осындай ☝🏽

Жеребе көңіліңізден шықты ма?

#KFF | #UEFANationsLeague
34👍7
🔥 Мажарстан құрамасымен Түркістанда жолдастық матч ойнаймыз

🤝 ҚФФ ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу жөнінде Мажарстан футбол федерациясымен келісімге қол жеткізді.

📅 2026 жылдың 9 маусымында күні тарихы мен тамыры жақын мажар бауырларымызбен киелі шаһардың «Түркістан Арена» стадионында жүздесеміз.

🇰🇿🇭🇺 Алдағы кездесу Қазақстан мен Мажарстан құрамалары арасындағы үшінші матч болмақ. Бұған дейінгі екі ойында Қазақстан құрамасы бір жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.

#BizdinJigitter💛💙
👍4114👏8🔥4
📌 Ұлттар лигасының ойын күнтізбесі анықталды

⚽️ Турнирді қыркүйек айында сырт алаңда Фарер аралдарымен бастап, қарашада өз алаңымызда Словакиямен аяқтаймыз.

Айта кетейік, ұлттық құрама «С» лигасының 3-тобында өнер көрсетеді.

#BizdinJigitter💛💙 | #UNL
42🔥15👎2
АЛТЫЫЫЫЫЫЫН 🥇🇰🇿

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды

Құтты болсын, қазақ елі👏🏽

#KFF
133👍29👏7
☪️ Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Баршаңызды мейірім мен кешірім айы – Рамазанның басталуымен шын жүректен құттықтаймыз 🌙

Ораза тұтқан әр күніңіз сауапқа толы болып, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын 🤲🏽

Әр шаңыраққа амандық, береке және тыныштық тілейміз.

#KFFTeam | #RamadanKareem
98👍9
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇 𝐃𝐀𝐘🔥

Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогын Минск құрамасына қарсы ойынмен бастайды 👉🏽

🇰🇿 Қазақстан 🆚 Минск құрамасы 🇧🇾
📆 19.02 | 🕧 12:30
🏟️ АБФФ спорт кешені
🎦 АБФФ YouTube-арнасы

#KFF | #U17
33🔥8👎5
Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогын жеңіспен бастады ✊🏾

🇧🇾 Минск құрамасы 🆚 Қазақстан 🇰🇿 1️⃣:3️⃣

Голдар:
⚽️⚽️ Дигдар Омаров
⚽️ Ислам Рақым

#KFF | #U17
61🔥9
𝗠𝗔𝗧𝗖𝗛 𝗗𝗔𝗬 🔥

Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогындағы екінші ойынын жарыс қожайындарына қарсы өткізеді 👉🏽

🇧🇾 Беларусь 🆚 Қазақстан 🇰🇿
📆 20.02 | 🕗 20:00
🏟️ АБФФ спорт кешені
🎦 АБФФ YouTube-арнасы

#KFF | #U17
29👍5🔥2