KFF Team
7.71K subscribers
4.98K photos
220 videos
784 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
📢 Құрметті футболсүйер қауым!

😍 Қазақстан футбол федерациясы Астана қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылы 5А мекенжайында орналасқан спорт кешендерін жалға ұсынады:

🏟️ Жабық, толық өлшемдегі футбол манежі (105×68 м)
🕕 Жұмыс уақыты: күн сайын 08:00-02:00 аралығы.

🏟️ Жасанды жабындысы бар, жарықтандырылған ашық футбол алаңдары (40×20 м)
🕕 Жұмыс уақыты: күн сайын 08:00–22:00 аралығы.

💰 Жалға алу бағасы: 
▶️ Жабық манеж: сағатына 44 990 теңгеден басталады;
▶️ Ашық алаңдар: сағатына 14 990 теңгеден басталады;


‼️ Балалар футбол мектептеріне арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

📌 Қосымша ақпарат пен жалға алу мәселелері бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз:
📞 Жабық манеж – Әуесхан Айыпов: +7 701 194 22 94
📞 Ашық алаңдар – Нұрбол Нұртаев: +7 747 016 72 61


#KFF
18👎10👍6😁1
🤝 ҚФФ мен Freedom QJ League басшылығының жұмыс кездесуі өтті

Астанадағы «Футбол үйінде» Қазақстан футбол федерациясы мен Freedom QJ League лигасының басшылығы арасында жұмыс кездесуі өтті.

ҚФФ тарапынан кездесуге Федерация президенті Марат Омаров, бас хатшы Давид Лория, Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев және техникалық директор Геннадий Скуртул, ал Freedom QJ League тарапынан президент Рохус Шох, атқарушы директор Александр Орлов, спорттық-талдамалық бөлімнің жетекшісі Арсен Іңкәрбеков және travel-менеджер Әмір Есеркепов қатысты.

Тараптар кездесуде Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболының қазіргі жағдайы мен болашағын, соңғы үш жылда бірлескен жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ ынтымақтастық нәтижелері қорытындыланып, жаңа бастамаларды іске асыру барысы да қаралды.

Қос тарап жасөспірімдер футболын дамытуға және жас ойыншыларды дайындау жүйесін нығайтуға бағытталған жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін растады.

#KFF | #QJLeague
👍115👏1
«Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды! 😍🔥

Алматының орталық стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңінің қарымта «Қайрат» – «Олимпия» ойыны 2:0 есебімен аяқталды.

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі! 🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
94👍10🔥5👏3😱3
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻

Бүгін «Ақтөбе» мен «Ордабасы» өз алаңдарында еурокубоктың іріктеу кезеңіндегі жауапты матчтарын өткізеді. Қос кездесу де 21:00-де басталады. Екі командамызға да тек жеңіс керек.

Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
🔥425👍1
Ойындар аяқталды

Өкінішке қарай «Ордабасы» өз алаңында «Торпедомен» тең түсіп, еурокубоктағы жорығын аяқтады

Ал Қобланды батыр стадионында өткен кездесуде «Ақтөбе» польшалық «Легиядан» жеңіліп, әрі қарай УЕФА Конференция лигасында өнер көрсетеді.

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
🤮4912👎7👍3🤩2😁1
🏆 Бүгін Қазақстан чемпионы «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
38🔥10
«Қайрат» Финляндияда жеңіліс тапты…

Алматылықтар УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында есе жіберді.

Барлығы қарымта ойында шешіледі. Алға, @f.c.kairat!🔥

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
😢47🤮6🔥5😁52
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻

Бүгін «Ақтөбе» мен «Астана» өз алаңдарында УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесулерін өткізеді.

Елордалықтар 19:00-де «Астана Арена» стадионында молдовалық «Зимбру» ұжымын қабылдаса, 21:00-де Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда ақ-қызылдар чехиялық «Спартаға» қарсы ойнайды.

Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
🔥346
⚡️ Барлығы қарымта матчта шешіледі

Елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Молдовалық «Зимбру» ұжымына қарсы «Астана Аренада» өткен матч тең есеппен аяқталды.

Қарымта матч 31 шілде күні Молдова астанасы Кишинёв қаласында өтеді. Сенеміз, жігіттер! 💪🏻

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
👎26👍165🔥2
🔥 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Спартаны» жеңді.

Қобыланды батыр стадионында «ақ-қызылдар» 2:1 есебімен басым түсті. Жеңіс голын ұлттық құраманың шабуылшысы Оралхан Өміртаев соқты.

🇰🇿 Сондай-ақ осы ойында Георгий Жуков, Бағдат Қайыров, Артур Шушеначев, Данияр Үсенов, Еркебұлан Сейдахмет және Лев Скворцов өнер көрсетті.

Қарымта матч 31 шілде күні Чехияда өтеді. Сәттілік, «Ақтөбе»! Алға, Қазақстан!

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
63👏12🔥7
🎙️ Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Tengrinews сайтына сұхбат берді.

Бұл сұхбатта стратегиялық басымдықтар, клубтарды жекешелендіру, бизнес әріптестік, ұлттық құрамалар және адал ойын принциптері туралы айтты.

🔗 Толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады.

#KFF
18👍5🔥1🤔1