⚡️ Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футзал қауымдастығының президенті
Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды.
2023-2024 жылдары Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығы президентінің орынбасары қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол медиа стратегия мен коммуникация бағыттарына жетекшілік етті. 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болды. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енді.
Нұрсұлтан Құрман спорт саласында көпжылдық тәжірибеге ие. Ол Қазақстанның футбол және футзал чемпионаттарын ақпараттық жағынан тұрақты түрде қамтып, бірқатар арнайы медиа-жобаларды әзірлеу мен дамытуға қатысқан. Сондай-ақ ұлттық деңгейдегі турнирлерді ұйымдастыруға және бұқаралық футболды дамыту бастамаларын жүзеге асыруға белсене атсалысқан.
Нұрсұлтан Құрман жетекшілік ететін кезеңде Қауымдастық футзалдың институционалдық дамуын күшейтуді, турнирлердің географиясын кеңейтуді, өңірлік деңгейдегі қатысушылардың белсенділігін арттыруды және жарыстарды сапалы медиа сүйемелдеумен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Талғат Қосмұхамбетов Қазақстан футзал қауымдастығы вице-президенті қызметіне ауысады.

👎31🔥15🤮8❤3👍3🤔1
🔥 Қазақстанда әуесқойлар арасында футболдан жаңа чемпионат басталды
Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол саласындағы ең ірі ұлттық жобаны таныстырды. Бүгіннен бастап еліміздің барлық аймағын қамтитын 11х11 форматында «Қазақстан әуесқой лигасы» басталды.
Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылған басым бағыттармен үндеседі. Жолдауда бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызы ерекше атап өтілген.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған лига енді жыл сайын өткізіледі. Осы маусымға еліміздің 20 өңірінен 268-ден астам команда, 5000-нан астам ойыншы қатысады деп күтіліп отыр. Оған қоса 34 локацияда 1500-ден астам ойын өткізу жоспарланды.
«Қазақстан әуесқой лигасын» құру – федерациясының стратегиялық мақсатына сай келеді. Бұл бастама елдегі футболдың дамуын бірізді жүйеге түсіруге бағытталған: әуесқой деңгейден бастап кәсіпқой футболға дейінгі толық құрылым қалыптастыру көзделіп отыр. Лиганың тағы бір маңызды міндеті – аймақтардағы футбол инфрақұрылымын нығайтып, оның қоғамдағы беделін арттыру.
Жарыс екі кезеңнен тұрады. Аймақтық кезең мамыр мен қыркүйек аралығында еліміздің 20 өңірінде өтеді. Ал үздік командалар қазан айында Қазақстан Республикасы чемпионы атағын сарапқа салады.
Турнир жеңімпазы 2026 жылғы маусымда Екінші лигада ойнауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, келесі жылғы Қазақстан кубогына қатысып, еліміздің атынан УЕФА Аймақтар кубогында өнер көрсетеді.
Турнир жыл сайын тұрақты түрде өтеді. Алдағы уақытта оның форматы кеңейіп, қамту аясы артады. Бұл қадам футбол экожүйесінің барлық деңгейде дамуына серпін береді.

«Біз бұрын-соңды болмаған осындай ауқымды жобаны тек сайыс ретінде емес, отандық футболдың жаңа даму сатысы деп қарастырамыз. Себебі бұл додаға футболды сүйген әр адамның қатыса алады. Осы бәсекенің нәтижесінде өңірлік командалардың саны артып, жастарға жаңа мүмкіндіктер беріледі. Біздің мақсат футболдың әлеуетін дамытып, өңірлердегі спорттық өмірді жандандырып, жанкүйер мен ойыншылардың арманына жол ашу. Осылайша аталған жобаның жыл сайын жоғары деңгейде өтуіне қажетті қолдауды көрсетеміз», – деп атап өтті ҚФФ Бас хатшысы Давид Лория.
Жарыс екі кезеңнен тұрады. Аймақтық кезең мамыр мен қыркүйек аралығында еліміздің 20 өңірінде өтеді. Ал үздік командалар қазан айында Қазақстан Республикасы чемпионы атағын сарапқа салады.
Турнир жеңімпазы 2026 жылғы маусымда Екінші лигада ойнауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, келесі жылғы Қазақстан кубогына қатысып, еліміздің атынан УЕФА Аймақтар кубогында өнер көрсетеді.
Турнир жыл сайын тұрақты түрде өтеді. Алдағы уақытта оның форматы кеңейіп, қамту аясы артады. Бұл қадам футбол экожүйесінің барлық деңгейде дамуына серпін береді.
❤23😱2🤮2
Тимур Кумашев пен Георгий Чеховский маусымның соңына дейін жұмысынан шеттетілді
ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» - «Қызылжар» матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме берді.
Төрелік және инспекция департаменті қоғамда үлкен резонанс тудырған эпизодты қарап, бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховскийдің келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген ҚФФ Интегрити офицерінің мәліметін зерттеді.
12 шілдеде өткен матчтың 84-минутындағы эпизод жан-жақты талданып, бейнематериалдар қаралды. Төрешілердің түсініктемелері мен сарапшылар пікірі тыңдалды.
Нәтижесінде «Тұран» қорғаушысы шабуылшыны екі қолымен ұстағаны анықталды. Алайда шабуылшының кейінгі әрекеті: әдейі құлау және шынайы жанасуға сай келмейтін симуляция ретінде бағаланды. 11 метрлік айып добын белгілеуге себеп болғанымен, бұл жағдайда ең дұрыс шешім – пенальти белгілемеу еді.
Бас төреші мен VAR тарапы эпизодты жеткілікті кәсіби деңгейде бағаламады. Сондай-ақ төрешілер бригадасының өзара үйлесімді әрекет етпеуі салдарынан негізсіз шешім қабылданғаны тіркелді.
Бұған қоса, Тимур Кумашев бұған дейін ҚФФ Интегрити офицерінің ұсынысымен бір айға төрешіліктен уақытша шеттетілген болатын. Ал Георгий Чеховскийге қатысты тергеу жүргізілгенге дейін оны да қызметінен шеттету ұсынылған.
Аталған екі тұлға да келісілген ойындарға қатысы бар деген күдікпен жүргізіліп жатқан тергеуге іліккен.
ҚФФ төрешілік жүйесіне деген сенімді сақтау және оның беделін қорғау мақсатында, сондай-ақ Интегрити офицерінің ұсынымына сәйкес:
– Тимур Кумашев 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы матчтардан шеттетілді.
– Георгий Чеховский 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы матчтардан шеттетілді.
https://kff.kz/kk/news/26889

kff.kz
Тимур Кумашев пен Георгий Чеховский маусымның соңына дейін жұмысынан шеттетілді
ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» - «Қызылжар» матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме берді.
👍23🎉3❤1
Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 16-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 16-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялайды.
Тұран – Қызылжар
Тобыл – Оқжетпес
Ордабасы – Астана
Жеңіс – Жетісу
https://kff.kz/ru/news/26892

85-минут – Қонақ команда шабуыл жасап жатқанда, оң жақ флангтан айып алаңына доп асырылды. Қонақ команданың қорғаушысы №15 доп келмей жатып шабуылдаушы №6 ойыншының қолынан ұстай бастайды. Доп келген сәтте ұстау тоқтайды, ал шабуылдаушы ойыншы допқа қарай секіріп, құлап түседі және сол қолымен допты ойнайды. Төреші жақын орналасып, пенальти белгіледі.
Бұл жеңіл ұстау болды және пенальти белгілеуге кейбір критерийлер орындалғанымен, жанасудың қарқыны жеткіліксіз. Нұсқаулық бойынша күшті әсер етпейтін жеңіл жанасулар үшін пенальти белгіленбеуі тиіс.
Дұрыс шешім – ойынды жалғастыру. VAR жоғарыдағы критерийлерге қарамастан қате түрде араласпады.
Тобыл – Оқжетпес
38-минут – Қонақ команданың №27 ойыншысы өте жылдам шабуыл кезінде қарсылас айып алаңына қарай допты алып келе жатады. Айып алаңының шетіне жақындаған кезде, шабуылшы допты қақпаға емес, басқа бағытқа бағыттайды, ал алаң иелерінің қорғаушысы №15 допқа сырғанай кіріп, қарсыласқа тимейді.
Төреші жақын тұрып, жағдайды бақылап, ойынды жалғастыруға дұрыс шешім қабылдайды.
VAR-дың араласпауы орынды, өйткені ереже бұзу болмады және гол соғуға нақты мүмкіндік жойылған жоқ.
40-минут – Қонақ команданың шабуылшысы №10 айып алаңында болған кезде, алаң иесінің қорғаушысы №5 артынан денесімен және қолымен итеріп, шабуылдаушыны құлатады.
Төреші жақсы позицияда болды және бірден пенальти белгіледі.
VAR-дың араласпауы – дұрыс шешім.
Ордабасы – Астана
67-минут – Доп үшін күрес кезінде қонақ команда ойыншысы №17 қарсыласы №45-ке қолымен желке/мойын тұсынан қарқынды түрде соққы жасап, допты ойнамай, тек арқасымен жанасады.
Төреші өте жақын жерде болып, жағдайды анық көріп, бірден сары қағаз көрсетеді, бұл ойыншының екінші ескертуі болғандықтан, қызыл қағазбен ойыннан шығарады.
VAR араласпағаны – дұрыс шешім.
Жеңіс – Жетісу
53-минут – Доп екі ойыншы арасында болғанда, алаң иесінің ойыншысы №87 аздап секіріп, аяғын жоғары көтеріп, қарсыласы №4-тің басына түзу аяқпен және шиптармен соғады. Бұл кезде қарсылас допқа таласу үшін алдында тұрған.
Төреші өте жақын тұрып, дұрыс позицияда болып, ойыншыға қарсылас денсаулығына қауіп төндіргені үшін бірден қызыл қағаз көрсетеді.
VAR араласпауы – дұрыс шешім.
https://kff.kz/ru/news/26892
❤16
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
‼️ ҚФФ Жарыстар қауіпсіздігі және интегрити қызметінің жетекшісі Асхат Мэлс «Тұран» – «Қызылжар» матчына қатысты ішкі қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
#KFF
#KFF
👍15❤6
🔥 Бүгін «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жауапты матчын өткізеді
Кешкі 20:00-де Алматының орталық стадионында «Қайрат» – «Олимпия» кездесуі өтеді. УЕФА Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту үшін ел чемпиондарына тек қана жеңіс қажет.
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

❤38👍3🔥1😱1
📢 Құрметті футболсүйер қауым!
😍 Қазақстан футбол федерациясы Астана қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылы 5А мекенжайында орналасқан спорт кешендерін жалға ұсынады:
🏟️ Жабық, толық өлшемдегі футбол манежі (105×68 м)
🕕 Жұмыс уақыты: күн сайын 08:00-02:00 аралығы.
🏟️ Жасанды жабындысы бар, жарықтандырылған ашық футбол алаңдары (40×20 м)
🕕 Жұмыс уақыты: күн сайын 08:00–22:00 аралығы.
💰 Жалға алу бағасы:
▶️ Жабық манеж: сағатына 44 990 теңгеден басталады;
▶️ Ашық алаңдар: сағатына 14 990 теңгеден басталады;
‼️ Балалар футбол мектептеріне арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
📌 Қосымша ақпарат пен жалға алу мәселелері бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз:
📞 Жабық манеж – Әуесхан Айыпов: +7 701 194 22 94
📞 Ашық алаңдар – Нұрбол Нұртаев: +7 747 016 72 61

❤18👎10👍6😁1
🤝 ҚФФ мен Freedom QJ League басшылығының жұмыс кездесуі өтті
Астанадағы «Футбол үйінде» Қазақстан футбол федерациясы мен Freedom QJ League лигасының басшылығы арасында жұмыс кездесуі өтті.
ҚФФ тарапынан кездесуге Федерация президенті Марат Омаров, бас хатшы Давид Лория, Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев және техникалық директор Геннадий Скуртул, ал Freedom QJ League тарапынан президент Рохус Шох, атқарушы директор Александр Орлов, спорттық-талдамалық бөлімнің жетекшісі Арсен Іңкәрбеков және travel-менеджер Әмір Есеркепов қатысты.
Тараптар кездесуде Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболының қазіргі жағдайы мен болашағын, соңғы үш жылда бірлескен жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ ынтымақтастық нәтижелері қорытындыланып, жаңа бастамаларды іске асыру барысы да қаралды.
Қос тарап жасөспірімдер футболын дамытуға және жас ойыншыларды дайындау жүйесін нығайтуға бағытталған жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін растады.
#KFF | #QJLeague

👍11❤5👏1
«Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды! 😍🔥
Алматының орталық стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңінің қарымта «Қайрат» – «Олимпия» ойыны 2:0 есебімен аяқталды.
Жеңіс құтты болсын, қазақ елі! 🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
Алматының орталық стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңінің қарымта «Қайрат» – «Олимпия» ойыны 2:0 есебімен аяқталды.
Жеңіс құтты болсын, қазақ елі! 🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
❤94👍10🔥5👏3😱3
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻
Бүгін «Ақтөбе» мен «Ордабасы» өз алаңдарында еурокубоктың іріктеу кезеңіндегі жауапты матчтарын өткізеді. Қос кездесу де 21:00-де басталады. Екі командамызға да тек жеңіс керек.
Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

🔥42❤5👍1
Ойындар аяқталды ✅
Өкінішке қарай «Ордабасы» өз алаңында «Торпедомен» тең түсіп, еурокубоктағы жорығын аяқтады
Ал Қобланды батыр стадионында өткен кездесуде «Ақтөбе» польшалық «Легиядан» жеңіліп, әрі қарай УЕФА Конференция лигасында өнер көрсетеді.

🤮49❤12👎7👍3🤩2😁1
🏆 Бүгін Қазақстан чемпионы «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
❤38🔥10
«Қайрат» Финляндияда жеңіліс тапты…
Алматылықтар УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында есе жіберді.
Барлығы қарымта ойында шешіледі. Алға, @f.c.kairat!🔥
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
Алматылықтар УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында есе жіберді.
Барлығы қарымта ойында шешіледі. Алға, @f.c.kairat!🔥
#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
😢47🤮6🔥5😁5❤2
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻
Бүгін «Ақтөбе» мен «Астана» өз алаңдарында УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесулерін өткізеді.
⏰ Елордалықтар 19:00-де «Астана Арена» стадионында молдовалық «Зимбру» ұжымын қабылдаса, 21:00-де Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда ақ-қызылдар чехиялық «Спартаға» қарсы ойнайды.

🔥34❤6