KFF Team
7.69K subscribers
4.98K photos
220 videos
785 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
KFF Academy by Almaty International Airport жобасының рендерін ұсынамыз

Осылайша болашақ академияның келбеті көрінеді:

⚽️ жабық футбол алаңы
🏋️‍♂️ заманауи жаттығу залдары
🏊‍♂️ жартылай олимпиадалық бассейн
🏥 медициналық және оңалту орталықтары
🛏️ жайлы 4 қабатты жатақхана
🍽️ кең асхана мен демалыс аймақтары


Болашақ чемпиондар үшін барлық жағдай жасалады! 🇰🇿❤️

#KFF
44👍4
⌛️ 10 минуттан кейін плей-оффтың жеребесі тартылады

2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеудің өтпелі матчтарына негізгі кезеңде екінші орын алған 8 команда қатысады.

Плей-офф екі матчтан (үйде/сырт алаңда) тұрады. Ойындар 15-24 қыркүйек арадығында өтеді.

🎥 Жеребе бүгін, Қазақстан уақытымен сағат 15:00-де тартылады. Тікелей эфир УЕФА ресми сайтында жоспарланған.

Қай команда түскенін қалайсыз? 🤔

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEURO
👍163
Қарсыласымыз – Италия 🇮🇹

Футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі қарсыласымыз анықталды.

Плей-офф матчтары 15-24 қыркүйек аралығында өтеді. Бірінші матчты сырт алаңда ойнаймыз.

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalEURO
30🔥2
🎙️ Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Еуро-2026 іріктеудің плей-офф кезеңінің жеребесі туралы пікірін айтты.

🇰🇿🇮🇹 Жеребе қорытындысы бойынша плей-офф кезеңінде Италиямен кездесеміз.

«Италия – соңғы әлем чемпионатына қатыспаса да, өте мықты құрама екені бәріне белгілі. Құрамында тәжірибелі ойыншылар бар. Италия құрамасы футзалдағы әлемдік көшбасшы ретіндегі орнын қайта иеленгісі келеді. Сондықтан алда бізді өте тартысты кездесу күтіп тұр.

Сегіз команданың ішінен Қазақстан мен Италияның бір жұпқа түскені көпшілікті таңғалдырды. Бұл кездесуге өте мұқият дайындаламыз. Өйткені бұл жұптың жеңімпазы Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Кез келген команданың немесе бапкерлік штабтың пікірін сұрасаңыз – бәрі қарымта ойынын өз алаңында өткізген дұрыс дейді. Бұл тұрғыдан алғанда, қарымта кездесудің өз жерімізде өтетіні – психологиялық және менталдық тұрғыдан үлкен артықшылық. Бірақ бұл бізді алғашқы матчта жеңіске жету міндетінен босатпайды», – деді Кака.
👍204
🔜 Уэльспен өтетін күзгі ойынға 2 ай қалды

4 қыркүйек күні «Астана Аренада» Уэльспен кездесеміз. Басталуы 19:00-де.

🎟️ Билеттер жайлы ақпарат тамызда белгілі болады.

🇰🇿 Қазақстан – Уэльс 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
🏆 ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі
📆 04.09.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена»

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #WCQ
32🔥6👍2👎1😢1
Қазақстан футбол федерациясы барша жанкүйерлерді, елорда тұрғындары мен қала қонақтарын, сонымен қатар, әр қазақстандықты астанамыздың туған күнімен құттықтайды! 🇰🇿

2006 жылдан бастап жыл сайын 6 шілде күні еліміздің бас қаласының туған күні тойланып келеді.

Елорда күні – елдігімізді ұлықтайтын ерекше мерекеге айналды. Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – елордамыздың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала.

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, мол бақыт және береке-бірлік тілейміз! Елорда күні құтты болсын!

#KFF
30👍1👏1
⚡️ Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 15-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 15-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялайды.

Жеңіс – Ұлытау
45-минут – Бүйір сызыққа жақын жерде алаң иелері №2 және қонақтар №19 ойыншылары допқа таласуда. Алаң иесінің ойыншысы жерге құлаған кезде, қарсылас ойыншының аяғын жерге қоюға жеткілікті орны болды, бірақ ол шиптарымен қарсыласын шап аймағына өте жақын жерден басып кетті, бұл қарсыласының денсаулығына айқын қауіп төндірді. Ол бұл жанасуды сезінгеннен кейін де оны болдырмауға тырыспады.

Бас төреші де, бірінші көмекші төреші де бұл сәтке жақын болмады және эпизодты жіберіп алды.

VAR әділ түрде араласып, бейнеқайта қарауды (OFR) ұсынды. Төрешінің №19 қонақтар ойыншысына қызыл карточка көрсету туралы соңғы шешімі дұрыс болды.


Қызылжар – Ордабасы
19-минут – Алаң иелері шабуыл ұйымдастырып жатқанда, қонақтар қорғаушысы №14 және шабуылшы №84 қонақтар қақпасына қарай жүгіріп, допқа таласып жатыр, ал олардың алдында тек қақпашы қалған. Олар айып алаңына жетуге таяғанда, бірақ әлі кірмей жатып, қорғаушы аяғын созып допты тебуге тырысады, бірақ допқа тимей, қарсыласын шалып жығады. Бұл анық гол соғу мүмкіндігін жою (DOGSO) болып табылады.

Төреші эпизодқа жақын болды және дұрыс шешім қабылдап, қорғаушыға тікелей айып соққысын және қызыл карточка көрсетті.

VAR араласқан жоқ, бұл дұрыс шешім болды.


Елімай – Тобыл
12-минут – Алаң иелері шабуыл жасап жатқанда, №77 шабуылшы мен қонақтар қорғаушысы №5 допқа таласуда. Олар айып алаңына өте жақын болған кезде, екеуі де допқа аяқ созады. Шабуылшы допты алысқа теуіп жібереді. Видеоға сәйкес, қорғаушы шабуылшының ешбір жеріне тиіспеген.

Төреші фол болмағандықтан ойынды жалғастыру туралы дұрыс шешім қабылдады. Егер фол болған күннің өзінде, бұл гол соғуға анық мүмкіндік (DOGSO) болмас еді, себебі шабуылшы допты бақылауда ұстаған жоқ, ал қақпашының оны иеленуге нақты мүмкіндігі бар еді.

VAR араласқан жоқ, себебі бұзушылықтың айқын дәлелі болған жоқ – бұл дұрыс шешім.

45-минут – Қонақтар қақпасына қарай допқа ие болуға ұмтылып бара жатқанда, қонақтар ойыншысы №55 пен алаң иесі №7 допқа таласады. №7 шабуылшы допқа аяғын созып, оған басып кетеді, тепе-теңдігін жоғалтып, құлайды.

Төреші №55 қорғаушы тарапынан фол болмағандықтан, ойынды жалғастыру туралы дұрыс шешім қабылдады.

VAR араласқан жоқ, себебі қонақтар ойыншысы №55 тарапынан шабуылдаушы фазада (APP) бұзушылық болған жоқ.


Ақтөбе – Атырау
87-минут – Орталық сызыққа жақын жерде алаң иесі №20 ойыншысы сол аяғын өте жоғары көтеріп, сәл секіріп, дәл алдында тұрған қарсылас №33-ке шиптарымен кеуде тұсына соққы жасайды. Бұл қарсыластың денсаулығына айқын қауіп төндірген ауыр фол болды.

Төреші бұл жағдайға қате баға беріп, №20 ойыншыға тек сары карточка көрсетті.

VAR әділ түрде араласып, бейнеқайта қарауды (OFR) ұсынып, төрешіге қызыл карточка көрсетуді ұсынды.

Алайда төреші өз бастапқы шешімін өзгертпей, дұрыс емес шешім қабылдады.


https://kff.kz/ru/news/26870
3🔥2
🏆 Бүгін Қазақстан чемпионы «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды

Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
45👍4
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында тең ойнады

Словенияның Любляна қаласында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңінің «Олимпия» – «Қайрат» ойыны 1:1 есебімен аяқталды. Дастан Сәтпаевтың 59-шы минутта соққан голы ел чемпиондарына сырт алаңдағы маңызды тең нәтиже сыйлады.

Қарымта кездесу Алматы қаласында 1 аптадан кейін, 15 шілде күні «Орталық» стадионда өтеді

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
🔥4615
🏖 Жағажай футболынан Қазақстан чемпионаты басталады

📍 Қонаев қаласы, Жамбыл көшесіндегі жағалау стадионы
📅 9-12 шілде
⚽️ 1-тур – 9 шілде, сәрсенбі


🕙 10:00 – Малайсары 🆚 J-liga
🕚 11:00 – Омега 🆚 Барқы
🕔 17:00 – Барыс 🆚 Малайсары
🕕 18:00 – Арман 🆚 Омега
🕖 19:00 – TK B&A 🆚 J-liga


🎥 Барлық матчтар KFF YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

#KFF
18🔥1
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻

Бүгін «Ақтөбе» мен «Ордабасы» еурокубоктың іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды.

Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
47🔥8
⚡️ Барлығы қарымта матчта шешіледі

«Ордабасы» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді.

Кутаиси қаласында өткен матчта шымкенттіктер соңғы минутта гол жіберіп, есе жіберді.

Бұл ойында ұлттық құраманың жігіттері Бекхан Шайзада, Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов және Муроджон Халматов алаңға шықты.

Қарымта матч 17 шілде күні Шымкентте өтеді. Сенеміз, жігіттер! 💪🏻

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
😢2413🤮5🔥4👎1
🔥 Келесі кезеңге жолдама иегері Ақтөбеде белгілі болады

«Ақтөбе» УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді.

Польшаның Варшава қаласында өткен матчтың тағдырын бірінші таймда соғылған жалғыз гол шешті.

Қарымта матч 17 шілде күні Ақтөбеде өтеді. Сенеміз, жігіттер! 💪🏻

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
34👎3👍2🔥2
⚡️ Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футзал қауымдастығының президенті

Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды.

2023-2024 жылдары Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығы президентінің орынбасары қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол медиа стратегия мен коммуникация бағыттарына жетекшілік етті. 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болды. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енді.

Нұрсұлтан Құрман спорт саласында көпжылдық тәжірибеге ие. Ол Қазақстанның футбол және футзал чемпионаттарын ақпараттық жағынан тұрақты түрде қамтып, бірқатар арнайы медиа-жобаларды әзірлеу мен дамытуға қатысқан. Сондай-ақ ұлттық деңгейдегі турнирлерді ұйымдастыруға және бұқаралық футболды дамыту бастамаларын жүзеге асыруға белсене атсалысқан.

Нұрсұлтан Құрман жетекшілік ететін кезеңде Қауымдастық футзалдың институционалдық дамуын күшейтуді, турнирлердің географиясын кеңейтуді, өңірлік деңгейдегі қатысушылардың белсенділігін арттыруды және жарыстарды сапалы медиа сүйемелдеумен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Талғат Қосмұхамбетов Қазақстан футзал қауымдастығы вице-президенті қызметіне ауысады.
👎31🔥15🤮83👍3🤔1
🔥 Қазақстанда әуесқойлар арасында футболдан жаңа чемпионат басталды

Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол саласындағы ең ірі ұлттық жобаны таныстырды. Бүгіннен бастап еліміздің барлық аймағын қамтитын 11х11 форматында «Қазақстан әуесқой лигасы» басталды.

Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылған басым бағыттармен үндеседі. Жолдауда бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызы ерекше атап өтілген.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған лига енді жыл сайын өткізіледі. Осы маусымға еліміздің 20 өңірінен 268-ден астам команда, 5000-нан астам ойыншы қатысады деп күтіліп отыр. Оған қоса 34 локацияда 1500-ден астам ойын өткізу жоспарланды. 

«Қазақстан әуесқой лигасын» құру – федерациясының стратегиялық мақсатына сай келеді. Бұл бастама елдегі футболдың дамуын бірізді жүйеге түсіруге бағытталған: әуесқой деңгейден бастап кәсіпқой футболға дейінгі толық құрылым қалыптастыру көзделіп отыр. Лиганың тағы бір маңызды міндеті – аймақтардағы футбол инфрақұрылымын нығайтып, оның қоғамдағы беделін арттыру.

«Біз бұрын-соңды болмаған осындай ауқымды жобаны тек сайыс ретінде емес, отандық футболдың жаңа даму сатысы деп қарастырамыз. Себебі бұл додаға футболды сүйген әр адамның қатыса алады. Осы бәсекенің нәтижесінде  өңірлік командалардың саны артып, жастарға жаңа мүмкіндіктер беріледі. Біздің мақсат  футболдың әлеуетін дамытып, өңірлердегі спорттық өмірді жандандырып, жанкүйер мен ойыншылардың арманына жол ашу. Осылайша аталған жобаның жыл сайын жоғары деңгейде өтуіне қажетті қолдауды көрсетеміз», – деп атап өтті ҚФФ Бас хатшысы Давид Лория.


Жарыс екі кезеңнен тұрады. Аймақтық кезең мамыр мен қыркүйек аралығында еліміздің 20 өңірінде өтеді. Ал үздік командалар қазан айында Қазақстан Республикасы чемпионы атағын сарапқа салады.

Турнир жеңімпазы 2026 жылғы маусымда Екінші лигада ойнауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, келесі жылғы Қазақстан кубогына қатысып, еліміздің атынан УЕФА Аймақтар кубогында өнер көрсетеді.

Турнир жыл сайын тұрақты түрде өтеді. Алдағы уақытта оның форматы кеңейіп, қамту аясы артады. Бұл қадам футбол экожүйесінің барлық деңгейде дамуына серпін береді.
23😱2🤮2