KFF Team
7.63K subscribers
4.99K photos
220 videos
785 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Барлығы үшін рақмет, капитан! ❤️

Бүгін капитанымыз Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапында соңғы ойынын өткізді.

🇰🇿 2014 жылдан бастап ел намысын қорғап, әрбір ойында барын салған Асхат – тек мықты футболшы ғана емес, ұрпаққа үлгі болар нағыз патриот. Оның жанкештілігі, сабырлылығы мен еңбекқорлығы жас ойыншыларға жол көрсетіп кетті.

Ұлттық құрамадағы жолы аяқталса да, оның есімі жанкүйерлер жүрегінде мәңгі сақталады.

Сенің есімің қазақ футболының тарихында алтын әріптермен жазылады 💛💙

#KFFTeam
104😢29🔥5🎉3
3️⃣ ойын – 2️⃣ жеңіс пен 1️⃣ тең ойын

Қазақстан U19 құрамасы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынын жеңіспен аяқтады 👊🏾

Кирилл Кекер баптайтын Қазақстан U19 құрамасы ОЖЖ аясындағы үшінші бақылау матчында «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді.

Біздің құрама сапынан Абылай Төлеухан екі гол соқты.

Бақылау ойындарының нәтижесі:

Қазақстан U19 – «Ордабасы» 2:1
⚽️ Гол соққан: Абылай Төлеухан (дубль)

Қазақстан U19 – «Тұран» 1:1
⚽️ Гол соққан: Мансұр Бірқұрманов

Қазақстан U19 – «Оңтүстік Академиясы» 2:1
⚽️ Гол соққан: Абылай Төлеухан, Алдияр Нұрғали

#KFFTeam | #U19 | #BizdinJigitter💛💙
25
⚡️ Қазақстандық төреші жастар арасындағы Еуропа чемпионатында қызмет атқарады

Қазақстандық төреші Болат Сариев 2025 жылғы 12-29 маусым аралығында Словакияда өтетін 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатының (UEFA U21) финалдық кезеңінде жұмыс істейді.

Бұл – отандық футбол үшін маңызды оқиға. Көп жылдық үзілістен кейін қазақстандық төреші алғаш рет УЕФА аясындағы ірі халықаралық турнирдің шешуші кезеңіне шақырту алды. Болат Сариев төртінші төреші қызметін атқарады, бұл оған халықаралық деңгейде мол тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

Оның алғашқы матчы 12 маусымда Финляндия мен Нидерланд құрамалары арасында өтеді. Басталуы – Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де.

Сонымен қатар, УЕФА атынан турнирге төрелік және инспекция департаментінің жетекшісі Нуну Алешандре Каштру жіберілді. Ол жарыс барысында төрешілердің жұмысына талдау жасап, ресми бақылаушы әрі нұсқаушы ретінде қызмет етеді.

Болат Сариев пен Нуну Каштрудың аталмыш турнирге қатысуы – УЕФА тарапынан қазақстандық төрешілік корпусына білдірілген сенімнің және еліміздегі төрешілер дайындығының сапалы деңгейге көтерілгенінің дәлелі.



⚡️ Казахстанский арбитр будет работать на чемпионате Европы U-21

Казахстанский судья Булат Сариев назначен на финальный турнир чемпионата Европы среди молодежных сборных (U-21), который пройдет в Словакии с 12 по 29 июня 2025 года.

Это важное событие для отечественного футбола – впервые за долгие годы представитель казахстанского судейского корпуса получил назначение на финальную стадию одного из крупнейших турниров под эгидой УЕФА. Булат Сариев будет исполнять обязанности четвертого арбитра, что позволит ему получить ценный опыт на международном уровне.

Первый матч с участием казахстанского арбитра состоится уже в ночь с 12 на 13 июня: встреча сборных Финляндии и Нидерландов начнется в 00:00 по казахстанскому времени.

Кроме того, от имени УЕФА на турнир командирован руководитель департамента судейства КФФ Нуну Алешандре Каштру, который выступит в роли инструктора и официального наблюдателя, оценивая работу судейских бригад на матчах.

Назначения Булата Сариева и Нуну Каштру свидетельствуют о высоком уровне доверия со стороны УЕФА и подтверждают поступательное развитие казахстанского судейства на международной арене.
👍367
Көңіл айту

Еліміздің футболы үшін еңбегі сіңген маман, Қазақстан жастар құрамасы бапкерлік штабының нұсқаушысы Талғат Маруаұлы Байсуфиновтің анасы – Қадиша апаның өмірден озғаны жөніндегі суыт хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадық.

ҚФФ ұжымы Талғат Маруаұлына, оның отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Алла Тағала рақымына алып, жаны жәннатта болсын 🤲

#KFF
😢879😱3
⚡️ Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен «Қазақтелеком» АҚ «Ертіс» футбол клубына инвестиция салды

🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін отандық футболды қолдауға шақырды.

Осы тапсырманың аясында Қазақстан футбол федерациясы кәсіби клубтарға жеке инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмысты бастады. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың бастамасымен бұл бағыттағы алғашқы қадам жасалды. Павлодарлық «Ертіс» клубы мен «Қазақтелеком» АҚ, «Kcell» АҚ және activ бренді арасында әріптестік байланыс орнатылды.

Аталған әріптестік кәсіби футболға жеке инвестициялар тартуды, өңірде балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуды, сондай-ақ жас спортшыларды дайындауда тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.

«Біз дәстүрлі жарнамадан гөрі шынайы серіктестікке басымдық бердік. Тарихы терең, рухы мықты «Ертіс» талай буынды шабыттандырып, аты аңызға айналған клуб. Бес дүркін ел чемпионы, Кубок иегері, чемпионаттарда медаль саны бойынша рекорд жасаған. Азия мен Еуропа ареналарында 2000-нан астам ойын өткізген. Қазір команда даму жолындағы маңызды кезеңнен өтіп жатыр, біз оның алдыңғы қатарға қайта оралатынына сенеміз», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.


ҚФФ басқарушы директоры Бекжан Сафинов Федерация президентінің бизнес өкілдерін футболға тартудағы белсенді жұмысын атап өтті:

«ҚФФ президенті Марат Омаров футболды дамытуға инвестиция тартудың маңыздылығын күн тәртібінен түсірмей келеді. Біз дәл осы бағытқа басымдық беріп отырмыз. Бүгінгі әріптестік – футбол клубтарын трансформациялаудағы үлкен жұмыстардың бастауы».


Өз кезегінде Kcell компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жамбакин спортты дамытуға қатысу – жас ұрпақтың кемел келешегіне жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша, activ брендінің де философиясы дәл осындай бастамаға бағытталған:

«Ертіс» футбол клубы – тұтас өңірдің тарихы, мектебі мен қуаты. Біз жай ғана секцияларға емес, жас ойыншылар үшін нақты мүмкіндіктерге инвестиция салып отырмыз. Ертеңгі күн дәл осы сәттен қалыптасады, сол үшін біз де біргеміз».


ℹ️ Анықтама үшін:

«Қазақтелеком» АҚ – Қазақстандағы телекоммуникация саласындағы ұлттық көшбасшы, елдің цифрлық инфрақұрылымының тұрақты дамуына жауап береді. Компания еліміздегі барлық қала мен өңірді біріктіретін ең ірі талшықты-оптикалық желінің иесі. «Қазақтелеком» миллиондаған азаматтарға, бизнес пен мемлекеттік органдарға байланыс, интернет және цифрлық қызметтер ұсынады.

«Kcell» АҚ – цифрлық телекоммуникация қызметтерінің жетекші операторы. Мобильді және тұрақты байланыс, интернет, қаржылық және IT шешімдерін халық пен бизнеске ұсынады. Kcell-дің 5G желісі ел халқының 45%-дан астамын қамтиды. Kcell және activ брендтері корпоративті және бұқаралық сегментте сәтті жұмыс істеп, ыңғайлы цифрлық өнімдер мен жоғары клиенттік сервисті қамтамасыз етеді.
👍145👎1🔥1
KFF Team
⚡️ Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен «Қазақтелеком» АҚ «Ертіс» футбол клубына инвестиция салды 🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлер мен бизнес өкілдерін отандық футболды қолдауға шақырды. Осы тапсырманың…
⚡️ При поддержке Казахстанской федерации футбола АО «Казахтелеком» направил инвестиции в ФК «Ertis»

🇰🇿 Глава государства Касым-Жомарт Токаев на Национальном курултае призвал предпринимателей и представителей бизнеса обратить внимание на отечественный футбол.

В рамках данного поручения КФФ начала системную работу по привлечению частных инвестиций в профессиональные клубы. По инициативе президента КФФ Марата Омарова первым шагом в этом направлении стало партнерство между павлодарским клубом «Ertis» и компаниями АО «Казахтелеком», АО «Kcell» и брендом activ.

Партнерство подразумевает привлечение частных инвестиций в профессиональный футбол, развитие детско-юношеского и массового футбола в регионе, а также формирование устойчивой инфраструктуры для подготовки молодых спортсменов.
«Вместо традиционной рекламы мы выбрали живое партнерство. С клубом, чья история и энергия говорят сами за себя. «Ertis» вдохновлял целые поколения: пятикратный чемпион страны, обладатель Кубка, рекордсмен по количеству медалей в чемпионатах. Более 2000 матчей в активе, в том числе на аренах Азии и Европы. Сегодня команда проходит важный этап своего пути, и мы верим в ее возвращение на ведущие позиции», – подчеркнул председатель правления АО «Казахтелеком» Багдат Мусин.


Управляющий директор КФФ Бекжан Сафинов подметил, что президент федерации ведет активную работу по привлечению бизнеса в футбол:
«Президент КФФ Марат Омаров отмечает важность привлечения частных средств в развитие футбола. Мы фокусируемся в этом направлении. Сегодняшнее партнерство – это начало большой работы по трансформации футбольных клубов».


Компания Kcell, в свою очередь, подчеркнула, что участие в развитии спорта – это вклад в формирование сильного поколения и в устойчивое будущее. По словам председателя правления АО «Кселл» Аскара Жамбакина, философия бренда activ напрямую связана с такими инициативами:
«Футбольный клуб «Ertis» – это история, школа и энергия всего региона. Мы инвестируем не просто в секции, а в реальные возможности для юных игроков. Нам важно быть рядом там, где рождается завтрашний день».
👍163👎3🔥1
🔜 Ұлттық құраманың ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы келесі матчтары қыркүйекте өтеді

🇰🇿 Қазақстан – Уэльс 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
📆 04.09.2025 | 19:00
🏟️ «Астана Арена», Астана

🇧🇪 Бельгия – Қазақстан 🇰🇿
📆 07.09.2025 | 23:45
🏟️ «Лотто Парк», Брюссель

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
62🔥11😱1
🔥 «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасының» еурокубоктағы қарсыластары анықталды

Шілде айында біздің командалар УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасындағы жорығын бастайды.

«Астана» еуромаусымды екінші кезеңнен бастайды. Оның жеребесі ертең тартылады.

Командаларымызға сәттілік тілейміз! Ел намысын абыроймен қорғайтынына сенеміз! Алға, Қазақстан! 🇰🇿❤️

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
🔥523👍1
«Астана» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде молодовалық «Зимбру» командасымен ойнайды

Сондай-ақ, «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасының» бірінші іріктеу кезеңін сәтті өткен жағдайдағы келесі кезеңдегі қарсыластары белгілі болды

Шілде айында біздің командалар УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасындағы жорығын бастайды.

Командаларымызға сәттілік тілейміз! Ел намысын абыроймен қорғайтынына сенеміз! Алға, Қазақстан! 🇰🇿❤️

#BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam
👍3712
Жағажай футболынан Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы үшінші ойында анықталады 🏆

Алғашқы матчта «Ярышъ» 7:1 есебімен жеңсе, екінші кездесуде «Малайсары» 6:4 есебімен басым түсті.

Жеңімпаз ертең 09:00-де өтетін үшінші ойында белгілі болады.

🎥 Тікелей эфир ҚФФ YouTube арнасында көрсетіледі.

#KFFBeachSoccer #SuperCup #KFFJagajai
21🔥2
KFF Team pinned a photo
𝓜𝓐𝓣𝓒𝓗 𝓓𝓐𝓨 🔥

Бүгін жағажай футболынан Суперкубок жеңімпазын анықтап, Кубок жолындағы жарысты бастаймыз 🏆

Барлық ойын Павлодар қаласындағы орталық жағажайдың стадионында өтеді.

Матчтар KFF YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

#KFFBeachSoccer #KFFSuperCup #KFFCup #KFFJagajai
13
🤝 Alatau City Bank – Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас демеушісі

Қазақстан футбол федерациясы мен Alatau City Bank стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Биылдан бастап банк ҚФФ-ның бас демеушісі, Қазақстан Премьер-лигасының титулдық серіктесі, сондай-ақ футболдан ұлттық құраманың және футзал құрамаларының ресми демеушісі атанды.

Бұл серіктестік – отандық футболды дамытудағы маңызды кезеңнің басталуы. ҚФФ мен Alatau City Bank арасындағы ынтымақтастық ортақ құндылықтарға, спорт мәдениетін нығайтуға және жастарды салауатты өмір салтына баулуға негізделген.

Alatau City Bank директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов:
«Футбол – тек ойын емес, ол – миллиондаған қазақстандықтарды біріктіретін энергия көзі. Біз қазақстандық футболдың халықаралық аренадағы орнын нығайтуды ғана емес, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосуды көздейміз. Бұл әріптестік балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға тың серпін бермек. Себебі ұлттық футболдың болашағы дәл осы жас таланттарды қолдаудан басталады. Біз футбол саласындағы осындай ауқымды істің басынан табылғанымызға қуаныштымыз. Ел игілігі үшін ауқымды жобаларды ҚФФ-мен бірге жүзеге асыратынымызға сеніміміз мол».


Ірі қаржы институтымен жасалған бұл келісім ҚФФ басшылығының футболға жеке инвестиция тартудағы стратегиялық бағытын айқындайды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров:

«Alatau City Bank сынды қуатты серіктестің қолдауы – қазақстандық футбол үшін елеулі қадам. Бұл ынтымақтастық бізге батыл шешім қабылдауға, жобалар аясын кеңейтуге, құрамалар жүйесін нығайтып, лигаларды дамытуға мүмкіндік береді. Банк басшылығының ҚФФ-ға сенімі үшін алғыс білдіреміз. Бұл спорт пен бизнестің табысты  ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналады деп сенеміз».


Аталған серіктестік кәсіби турнирлерді қаржыландыру, ұлттық құрамаларды қолдау, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру жобаларына қатысу сынды негізгі бағыттарды қамтиды.

Бұл келісім ҚФФ-ның қаржылық тұрақтылығын күшейтіп қана қоймай, футболды ел өміріндегі маңызды бағыт ретінде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Alatau City Bank – Қазақстандағы ірі әмбебап банк, активтер көлемі бойынша елдегі банктер арасында алтыншы, ал меншікті капиталы бойынша үшінші орында. Бұрын бұл банк «Jusan Bank» брендімен жұмыс істеген.
17👍3
KFF Team
🤝 Alatau City Bank – Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас демеушісі Қазақстан футбол федерациясы мен Alatau City Bank стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Биылдан бастап банк ҚФФ-ның бас демеушісі, Қазақстан Премьер-лигасының титулдық…
🤝 Alatau City Bank – новый генеральный спонсор Казахстанской федерации футбола

Казахстанская федерация футбола заключила стратегическое соглашение с Alatau City Bank, который с 2025 года становится генеральным спонсором КФФ, титульным партнером Казахстанской Премьер-лиги, а также официальным спонсором национальных сборных по футболу и футзалу.

Партнерство между КФФ и Alatau City Bank знаменует собой важный этап в развитии отечественного футбола. Это сотрудничество основано на общих ценностях – стремлении к развитию, укреплению спортивной культуры и вовлечению молодежи в здоровый и активный образ жизни.

Куат Кожахметов, Председатель Совета директоров Alatau City Bank:
«Футбол – это не просто игра, это энергия, которая объединяет миллионы казахстанцев. Мы стремимся не только способствовать укреплению позиций казахстанского футбола на международной арене, но и внести свой вклад в популяризацию физкультуры, спорта и здорового образа жизни. Для нас особенно важно, что это партнерство будет способствовать развитию детского и юношеского спорта – ведь именно с поддержки юных талантов начинается будущее национального футбола. Мы рады стать частью большого футбольного движения и уверены, что вместе с КФФ сможем реализовать масштабные инициативы на благо всего Казахстана».


Соглашение с крупным финансовым институтом отражает стратегический курс руководства КФФ на привлечение частных инвестиций в казахстанский футбол.

Марат Омаров, президент Казахстанской федерации футбола:
«Появление такого сильного партнера, как Alatau City Bank, – это знаковый шаг для всего казахстанского футбола. Это поддержка, которая позволит двигаться вперед смелее, расширять проекты, укреплять систему сборных и развивать лиги. Мы благодарны банку за доверие и уверены, что наше сотрудничество станет примером эффективного союза спорта и бизнеса».


Партнерство охватывает такие ключевые направления, как финансирование профессиональных соревнований, поддержку сборных команд, развитие детско-юношеского футбола, а также участие в социальных и образовательных инициативах.

Заключенное соглашение не только укрепляет экономическую устойчивость КФФ, но и открывает новые горизонты для продвижения футбола как важной части общественной жизни страны.

Alatau City Bank – крупный казахстанский универсальный банк, занимающий шестое место среди БВУ страны по размеру активов и третье место по размеру собственного капитала. Ранее работал под брендом Jusan Bank.
15👍1
ҚФФ президенті Марат Омаров Франциядағы әйгілі Clairefontaine футбол орталығында болды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров жұмыс сапары аясында Франциядағы әлемге әйгілі футбол академияларының бірі – Клерфонтен ұлттық футбол орталығында болды.

Сапар барысында Федерация басшысы Клерфонтеннің оқу-жаттығу әдістемесімен, оқу процесінің ұйымдастырылуымен және инфрақұрылымымен танысты. Ерекше назар футбол экожүйесін қалыптастыруға, жас футболшыларды іріктеу мен даярлау жүйелеріне аударылды.

💭 «Жасөспірімдер мен балалар футболы – ұлттық құраманың болашағы. Осы ретте балаларға арналған футбол академияларын салу маңызды. Қазір бұл бағытта ауқымды жұмыстарды бастап кеттік. Жақын күндері біз инвестормен бірге Алматы облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа KFF Academy ғимаратының іргетасын қалаймыз. Біздің мақсатымыз – әлемдік үлгілерге сүйене отырып, отандық жүйеге бейімделген бірегей модель қалыптастыру. Клерфонтеннің оқу-жаттығу жүйесі, инфрақұрылымы және іріктеу тәжірибесі осы жобаны жүзеге асыруда маңызды бағдар болады», – деп атап өтті ҚФФ президенті.

Сапар аясында ҚФФ басшысы футбол орталығының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу және тиімді әдістемелерді енгізу мүмкіндіктері талқыланды.

1988 жылы Франция футбол федерациясының бастамасымен құрылған Клерфонтен бүгінгі таңда әлемдегі жетекші футбол академияларының бірі саналады. Академиядан Тьерри Анри, Килиан Мбаппе, Николя Анелька, Блез Матюиди, Хатем Бен Арфа және басқа да әлемдік деңгейдегі көптеген футболшылар түлеп шықты. Оқу жүйесі, инфрақұрылымы мен жұмыс философиясы жас таланттарды тәрбиелеу ісінде эталон ретінде мойындалған.

#KFF
26👍1