KFF Team
7.3K subscribers
5.2K photos
226 videos
823 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Бірінші тайм аяқталды. Біздің жігіттер алда 💪🏻

🇰🇿 2:0 🇨🇼
⚽️ 15’ Самородов [1:]0
⚽️ 36’ Тағыберген [2]:0

#KAZCUW
🔥86🤩5👍4🤮2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Максим Самородовтың есеп ашқан сәті 🇰🇿🇨🇼

#KAZCUW
👍53🔥12
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тағыбергеннің жойқын соққысы ☄️

#KAZCUW 🇰🇿🇨🇼
👍35🔥22🤯61👏1
🔥 Ойын аяқталды. Қазақстан құрамасы Кюрасаоға қарсы жолдастық матчта жеңіске жетті

🇰🇿 Қазақстан 2:0 Кюрасао 🇨🇼
⚽️ 15’ Самородов
⚽️ 36’ Тағыберген


Енді біздің жігіттер Кардиффке атттанады ✈️🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
69👏15👍5🎉5🔥1
🏆 Футболдан Қазақстан чемпионаты 2025 жылғы маусымда жаңа атауға ие болады

🤝 Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен ел чемпионатының бұрынғы титулдық серіктесі Olimpbet ұлттық біріншілік атауын Федерацияның жаңа серіктесіне беру жөнінде келісімге келді. Бұл шешім елдегі футболды дамытуға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

«Чемпионат атауын беру құқығын табыстау – Федерация үшін жаңа серіктес тартуға жол ашатын маңызды қадам болды. Сонымен қатар, Olimpbet демеушілік көлемін сақтап қалып, футболды дамытуға деген адалдығын тағы бір мәрте растады. Бұл ұлттық біріншіліктің қаржылық негізін нығайтып қана қоймай, оның әрі қарай өсуіне қосымша мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті ҚФФ вице-президенті Давид Лория.


Атауды беру құқығын табыстау Федерацияға серіктестер мен қосымша ресурстар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл қаржы футбол инфрақұрылымын жақсартуға, жастар футболын дамытуға және Қазақстан Премьер-лигасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады.

«ҚФФ-ға өршіл мақсаттары бар, тың идеялары мен қазақстандық футболды дамыту жөнінде нақты көзқарасы қалыптасқан команда келді. Жаңа деңгейге шығу үшін қомақты инвестициялар мен жүйелі жұмыс қажет. Біз чемпионат атауын беру құқығын Федерацияға тапсыру туралы шешім қабылдадық, өйткені бұл ұлттық футболды дамыту үшін қосымша қаржы тартуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Olimpbet даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев.


Чемпионат атауындағы өзгерістерге қарамастан, Olimpbet қазақстандық футболдың негізгі серіктесі болып қала береді және оны инвестициялар мен белсенді маркетингтік бастамалар арқылы қолдауды жалғастырады.

Соңғы төрт маусым ішінде ұлттық біріншілік өз позициясын айтарлықтай нығайтты. 2021-2024 жылдар аралығында Қазақстан Премьер-лигасы ойындарына көрермендер саны үш есеге артты, төрешілерге бейне көмек көрсету жүйесі (VAR) енгізілді, сондай-ақ Qazsport телеарнасының арқасында матчтардың көрсетілімі қолжетімді бола түсті.

ҚФФ мен Olimpbet арасындағы атау беру құқығын табыстау қазақстандық футболдың одан әрі дамуына, оның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және салаға жаңа инвесторлар тартуға берік негіз қалайды.
🎉17👍7🤮4👎2🤔21😱1
🔥 Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапында дебют жасап, рекорд жаңартты

🇰🇿 «Қайрат» командасының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кюрасаоға қарсы ойында ұлттық құрама сапында дебюттік матч өткізді.

Сонымен қатар Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының жаңа рекордын орнатып, ұлттық команданың тарихындағы ең жас дебютант атанды.

Дастан алаңға 16 жас 7 ай 8 күнінде шықты, осылайша, Жамбыл Көкеевтің жетістігін жаңартты. Көкеев 2006 жылы 14 ақпанда Иорданияға қарсы ойында 17 жас 4 ай 25 күнінде ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңға шыққан еді.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
🔥55👍74👏2
Forwarded from OSport Kazakhstan
МАКСИМ САМОРОДОВТЫҢ ҚОЛТАҢБАСЫМЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЖЕЙДЕСІН ҰТЫСҚА САЛАМЫЗ 🎁👕

Біз Наурыз және Қазақстан құрамасының алдағы ойындарының құрметіне біздің амбассадорымыздың қолтаңбасы қойылған жейдені ұтысқа саламыз 🤩🇰🇿

Қатысу үшін 😉👇

1️⃣ @olimpbet_kazakhstan арнасына жазыл

2️⃣ «Хочу футболку» батырмасын бас 🫵

🗓️ Ұтыс нәтижесі 22 наурыз күні, Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де жарияланады

———

РОЗЫГРЫШ ФУТБОЛКИ СБОРНОЙ С АВТОГРАФОМ МАКСИМА САМОРОДОВА 🎁👕

В честь Наурыза и ближайших матчей сборной Казахстана мы разыграем футболку с подписью нашего амбассадора 🤩🇰🇿

Для участия нужно сделать совсем немного 😉👇

1️⃣ Подпишись на @olimpbet_kazakhstan

2️⃣ Жми на кнопку под постом «Хочу футболку!» 🫵

🗓 Результаты будут объявлены 22 марта в 17:00 по времени Казахстана
👍11👎4😁2🤮2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Біз кеттік: Анталия – Кардифф ✈️

Алда төрт сағаттық жол 🇹🇷🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿
41👍11🔥5
Helo Cymru! 👋🏻🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿

Анталия – Кардифф бағытымен Уэльс астанасына аман-есен жеттік 🛬

🎙️⚽️ Ертең бізде жоспар бойынша ойын алды баспасөз мәслихаты мен жаттығу өтеді.

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
36👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
41👍11🔥5🎉2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥35👍64