KFF Team
7.7K subscribers
4.98K photos
220 videos
785 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
🇦🇲🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасының Армениядағы жаттығу жұмысынан фоторепортаж 📸

#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙
20
‼️ ҚФФ-ның «Тобыл» - «Атырау» ойынына қатысты ресми мәлімдемесі

2024 жылдың 29 мамырында Қостанайда «Тобыл» және «Атырау» командалары арасында футболдан OLIMPBET-Қазақстан кубогының жартылай финалының алғашқы матчы өтті.

Ойын 1:0 есебімен қостанайлықтардың жеңісімен аяқталды.

Матчтың 85-минутында бас төреші Артем Кучин VAR төрешісі Данияр Сахимен ақылдаса отырып, «Тобыл» командасының ойыншысы Жасұлан Жұмашевтың салған голын ойын ережесінің бұзылуына (допты қолмен ойнау) байланысты санамау туралы шешім қабылдады.

Техникалық ақауға байланысты осы эпизодтағы бас төрешінің шешімі тікелей эфирде көрсетілмеді.
👍19🤮4👏31👎1😁1
🔥 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Армения, Дания және Албания құрамаларымен ойнаймыз

Ньонда (Швейцария) футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

📌 6-топ:
Қазақстан 🇰🇿
Армения 🇦🇲
Дания 🇩🇰
Албания
🇦🇱

🇱🇹🇱🇻 Литва және Латвияда өтетін Еуропа чемпионаты 2026 жылы 18 қаңтар – 8 ақпан аралығында болады. Іріктеу турнир 2024 жылдың 9 желтоқсанында басталады, яғни Өзбекстандағы Әлем чемпионатынан кейін. Іріктеу «үйде/сырт алаңда» жүйесімен өтеді.

📌 Еуро-2026 іріктеу кезеңі:
⚽️ 1-2 тур | 9-18 желтоқсан 2024
⚽️ 3-4 тур | 27 қаңтар - 5 ақпан 2025
⚽️ 5-6 тур | 7-16 сәуір 2025


📌 Еуро-2026:
📅 18 қаңтар - 8 ақпан 2026
📍 Литва, Латвия


🌍 Еске сала кетейік, Әлем чемпионаты 14 қыркүйек - 6 қазан аралығында өтеді.

#KFFTeamFutsal | #FutsalEURO
😁14👍61🔥1
🗣️ Мадияр Кембілов: «Ойынға қойылған жоспарды орындап, стратегиямыздан айнымауымыз қажет»

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы матчқа дайындық жайлы айтып берді.


- Дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. Қыздар ойынға дайын. Өкінішке қарай, қатардан шығып қалған ойыншыларымыз бар. Капитанымыз Юлия Мясникова мен орталық қорғаушы Әйгерім Айтымованың жарақаты бар.

Ал ертеңгі матчта неге дайындалғанымызды көреміз. Әрине, қонақта әркез қиын, бірақ қыздар соңына дейін ойнайды. Бұған күмән жоқ.
Қыздар жарады, бірінші минуттан соңына дейін ойнайды. Қандай есеп тіркелмесе де, жеңсек те, жеңілсек те қыздар барын салады.

Армения құрамасы ойыншыларының басым бөлігі Ресейде доп тебеді. Эстония мен АҚШ-та да бар. Америкалық екі ойыншыға азаматтық берген. Егер салыстыратын болсақ, біздің қыздардың дені Қазақстан чемпионатында ойнайды. Бірақ бұған назар аудармау керек.

#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙
👍131
💭 Светлана Бортникова: «Күш-жігерімізді қайрап отырмыз»

Қазақстан әйелдер құрамасының шабуылшысы Светлана Бортникова ҚФФ баспасөз қызметіне 31 мамыр күні Армавирде өтетін Арменияға қарсы матчқа дайындық жайлы айтып берді.

- Өзімді жақсы сезінемін. Жарақатымнан жазылғаннан кейін чемпионатта екі ресми матч өткізіп үлгердім. Қазір бабыма келдім. Қыздар болса, бәріне дайын. Күш-жігерімізді қайрап отырмыз. Ертең қызыққа толы жақсы ойын болады деп ойлаймын. 

Ертеңгі ойынға капитан ретінде Бибігүл Нұрышева бастап шығады. Үш жыл бұрын жолдастық матч өткізген едік. Одан кейін екі ресми матч өткіздік. Бәрінде жеңіске жеттік. Құдай қаласа, ертең де жеңеміз деп ойлаймын. 

#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙
👍13
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті.

ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды.
🤯67👍10😢43👎3😱2
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚔️

🆚 Қазақстан әйелдер құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында Армениямен ойнайды.

🇦🇲 Армения 🆚 Қазақстан 🇰🇿
📅 31.05.2024 | 🕗 18:00 (KAZ)
📍 Армавир, Армения 🇦🇲
🏟️ «Армавир» стадионы
📺 QazSport телеарнасы

#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙
👍184
Бүгінгі ойынды бастайтын негізгі құрам ✊🏽

Ойыншыларды алаңға Нұрышева бастап шығады 😎 Сондай-ақ Бибосынова ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізеді.

🇦🇲 Армения 🆚 Қазақстан 🇰🇿
📅 31.05.2024 | 🕗 18:00 (KAZ)
📍 Армавир, Армения 🇦🇲
🏟️ «Армавир» стадионы
📺 QazSport телеарнасы

#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙 | #ArmeniaKazakhstan
15🔥1
Өкінішке қарай, сырт алаңда жеңілдік. Алда үйдегі матч бар 👋🏽

#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙 | #ArmeniaKazakhstan
16👍3🤮2👎1
Барлығы үшін рақмет, Магомед Мұсаұлы! Ұлттар лигасын, Еуро-2024 іріктеу кезеңін ешқашан ұмытпаймыз! ❤️

🇰🇿 Магомед Адиев 2022 жылдың сәуірінде ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Содан бері Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп, “В” лигасына жолдама алды.

🔝 Былтыр Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде біздің жігіттер 18 ұпай жинады. Бұл – құрама тарихындағы үздік көрсеткіш. Сондай-ақ, Магомед Адиев – Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы ең үздік бапкері.

🔥 Магомед Адиев – ұлттық құрамада:
⚽️ 21 матч
11 жеңіс
🤝 1 тең ойын
9 жеңіліс

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
81😢10👍4👏1
🗣️ Камила Құлмағамбетова: «Жанкүйерлеріміздің алдында кеткен есемізді қайтарамыз деп ойлаймын»

Қазақстан әйелдер құрамасының жартылай қорғаушысы Камила Құлмағамбетова ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Армениямен өткен матч туралы айтып берді.

– Бірінші таймда барлық мүмкіндігімізді пайдалануымыз керек еді. Гол соғатындай мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ тек екінші таймда ғана қарсылас қақпасын дәл көздедік. Тым болмағанда, тең есепті тіркеуге аз ғана күшіміз жетпеді. Жанкүйерлеріміздің алдында кеткен есемізді қайтарамыз деп ойлаймын.

Үйге оралып, қателіктерімізді түзеп, жеңіске жетуге тырысамыз. Бізді қолдауға келетін жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін.


#KFFTeam | #BizdinQyzdar💛💙 | #ArmeniaKazakhstan
👏192👍1