KFF Team
7.68K subscribers
4.98K photos
220 videos
785 links
Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️

🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team
🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal
🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz
🔹 Twitter: @KFF_Team
🔹 TikTok: @kff.team
Download Telegram
Біз 2-себеттеміз 🇰🇿

⚽️ Өзбекстанда өтетін футзалдан Әлем чемпионаты топтық кезеңінің себеттері белгілі болды. Қазақстан құрамасы 2-себетке жайғасты. Себеттер ФИФА рейтингі бойынша жасақталған.

♻️ Демек Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Марокко, Таиланд, Франция, Украина және Парагвай құрамаларымен ОЙНАМАЙДЫ.

🔜 Айта кетейік, жеребе тарту рәсімі 26 мамыр күні Самарқанда өтеді.

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalWC
👍366👏3🤩2🎉1
⚡️ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 8 және 11 маусым күндері Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді

Екі ойын да Ташкентте өтеді деп жоспарланған. Ал оқу-жаттығу жиыны 4 маусым күні басталып, 7 маусымда Өзбекстан астанасына жолға шығады.

📝 Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға жаттықтырушы
Жарқынбек Жоламанов – аға жаттықтырушының көмекшісі
Ербол Мұсабаев – дене даярлығы жаттықтырушысы
Валишер Рашид – қақпашылар жаттықтырушысы
Азамат Серікбаев – видеосарапшы
Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер
Еламан Саурбаев – массажист
Әнуар Жандарбеков – менеджер

📌 Жолдастық матчтардың өтетін уақыты:

📅 08.06.2024
🇺🇿 Өзбекстан U17 – Қазақстан U17 🇰🇿

📅 11.06.2024
🇺🇿 Өзбекстан U17 – Қазақстан U17 🇰🇿

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #U17
20👍3🤮1
🔥 Қазақстан U-19 құрамасы Молдоваға 🇲🇩 жарысқа аттанады

🇰🇿 Александр Кузнецовтың шәкірттері 4-10 маусым күндері Молдовада өтетін жолдастық турнирде 🤝🏽 бақ сынайды.

⚽️ Жолдастық турнирде Молдова 🇲🇩, Әзербайжан 🇦🇿 және Түркия 🇹🇷 құрамаларымен кездеседі.

🏟️ Ойындар Тирасполь қаласындағы «Шериф» футбол клубының базасында өтеді.

▶️ Бапкерлер штабы:
Александр Кузнецов – аға бапкер
Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі
Асқар Келжанов – дене даярлығы жаттықтырушысы
Азат Құрманов – қақпашылар жаттықтырушысы
Владимир Горячий – бейнесарапшы
Арыстанбек Баттақов – дәрігер
Станислав Ведлер – массажист
Рахат Әкімқұл – менеджер

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #U19
👍27🔥4🤮21
🔜 Қазақстан әйелдер құрамасының Еуро-2025 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылар тізімі

🇰🇿 Біздің қыздар алдағы екі ойынын да Арменияға 🇦🇲 қарсы өткізеді. Алғашқы матч 31 мамырда Армавир қаласында, екінші ойын 4 маусымда Алматыда өтеді деп жоспарланған.

▶️ Бапкерлер штабы: 
Мадияр Кембілов – бас бапкер
Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі
Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушы
Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы
Расул Маруа – сарапшы бапкер
Еркебұлан Нұралиев – дәрігер
Максим Дудукин – массажист
Ердос Кәлімов – массажист
Болат Тыныбек – қауіпсіздік офицері
Серік Жугралин – менеджер

📌 Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі:

📅 31.05.2024 | 🕗 18:00
🇦🇲 Армения – Қазақстан 🇰🇿
📍 «Армавир» стадионы, Армения

📅 04.06.2024 | 🕐 19:00
🇰🇿Қазақстан – Армения 🇦🇲
📍Орталық стадион, Алматы

#KFFWomen | #BizdinQyzdar 💛💙
👍183🤮2
🔥 Армения және Әзербайжанға қарсы ойындарға шақыртылған кеңейтілген тізім

Жалпы тізімге 34 ойыншы енді. Команданың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2 маусымда Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.

🔜 Айта кетейік, ұлттық құрама маусымда екі жолдастық матч өткізеді.

🇦🇲 Армения – Қазақстан 🇰🇿
📆 07.06.2024 | 21:00
📍 Ереван, Армения
🏟️ В.Саркисян атындағы Республикалық стадионы

🇦🇿 Әзербайжан – Қазақстан 🇰🇿
📆 11.06.2024 | 19:00
📍 Сомбатхей, Мажарстан
🏟️ «Халадаш» стадионы

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
👍33🔥6🤮64
Жастарымыз Грузиямен ойнайды 🇬🇪🇰🇿

🤝 Қазақстан жастар құрамасы 6 және 9 маусым күндері Грузия жастар құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.

📍Матчтар Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өтеді.

🇬🇪 Грузия U21 🆚 Қазақстан U21 🇰🇿
🤝 Жолдастық матч
📆 6 және 9 маусым
📍Тбилиси, Грузия
🏟️ Михаил Месхи ат. стадион

#KFFTeam #BizdinJigitter💛💙 | #U21
👍221🤮1
🔜 Қазақстан U21 құрамасы Грузиямен екі жолдастық матч өткізеді

📅 Аға бапкер Константин Горовенко бастаған Қазақстан жастар құрамасы 3 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды. 

✈️ Екі күндік ОЖЖ-дан кейін Қазақстан U-21 құрамасы Грузия астанасы Тбилисиге жолға шығады. 

🏟 Матчтар 6 және 9 маусым күндері Михаил Месхи атындағы стадионда өтеді деп жоспарланған.

▶️ Бапкерлер штабы: 
Константин Горовенко – аға бапкер
Елдос Ахметов – аға бапкердің көмекшісі
Денис Мамонов – аға бапкердің көмекшісі
Нұрғазы Хайрулин – қақпашылар бапкері
Дмитрий Карпов – дене даярлығы бапкері
Біржан Хабит – видеосарапшы
Бауыржан Абаев – дәрігер
Алексей Ильяшин – массажист
Акмурат Акчабаев – массажист
Қуаныш Мұханбет – менеджер

📌 Қазақстан жастар құрамасының ойындар кестесі:

🇬🇪 Грузия U21 🆚 Қазақстан U21 🇰🇿
🤝 Жолдастық матч
📆 6 және 9 маусым 
📍Тбилиси, Грузия
🏟 Михаил Месхи ат. стадион

#KFFTeam #BizdinJigitter💛💙 | #U21
👍202👎1🤮1
💛💙 #BizdinQyzdar Алматыда жиналып, Арменияға қарсы ойынға дайындығын бастады 👊🏽

#KFFWomen | #ArmeniaKazakhstan
👍215
Біздің Батёка Түркия кубогын жеңіп алды 🇹🇷🏆😍

«Бешикташ» Түркия кубогының финалында «Трабзонспор» командасын 3:2 есебімен жеңді. Финалда Баха қосалқы құрамда қалды.

Осылайша Бақтиёр Түркиядағы алғашқы трофейіне қол жеткізді. Құттықтаймыз! 😍❤️

#KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙
🔥9910👍9
🎙️ «ДНҚ футбол» подкастының кезекті шығарылымының қонақтары – ҚФФ техникалық инструкторы, УЕФА инспекторы Павел Салий және ҚФФ VAR инструкторы, Премьер-лига инспекторы Александр Горда.

Төрешілердің жұмысы туралы біраз әңгімелестік.

https://youtu.be/ZcsEHxMEUTs?si=XAf_51K60Y01KgRv
👍6
Дүниежүзілік футбол күні құтты болсын! ⚽️

2024 жылдың 7 мамырында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 25 мамыр – Дүниежүзілік футбол күні болып аталады.

Қазақстан футбол федерациясы баршаңызды мерекемен құттықтайды! 🇰🇿❤️

#KFF
🔥39👍74
🔥 БҮГІН ӘЧ-2024 ҚАРСЫЛАСТАРЫМЫЗ АНЫҚТАЛАДЫ

⌛️ Бүгін Самарқанда футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтетін 2024 жылғы Әлем чемпионаты топтық кезеңінің жеребесі тартылады.

Айта кетейік, ұлттық құрама 2-себетте орналасты. Демек Қазақстан құрамасы бір топқа Марокко, Франция, Таиланд, Украина, Парагвай командаларымен бірге түспейді.

📺 Жеребе сағат 21:00-де QAZSPORT телеарнасынан көрсетіледі.

📌 1-себет:
Өзбекстан 🇺🇿 (турнир қожайыны)
Бразилия 🇧🇷
Португалия 🇵🇹
Испания 🇪🇸
Иран 🇮🇷
Аргентина 🇦🇷


📌 2-себет:
Қазақстан 🇰🇿

📌 3-себет:
Хорватия 🇭🇷
Жаңа Зеландия 🇳🇿
Венесуэла 🇻🇪
Ауғанстан 🇦🇫
Коста-Рика 🇨🇷
Тәжікстан 🇹🇯


📌 4-себет:
Нидерланд 🇳🇱
Гватемала 🇬🇹
Панама 🇵🇦
Ангола 🇦🇴
Ливия 🇱🇾
Куба 🇨🇺


⁉️ Топта қандай командаларды күтесіз?

#KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙 | #FutsalWC
👍311