IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Кей кезде кенеттен көңілім қатты көтеріліп кетеді. Жұмысым қаптап, уақытым тарылып, қарыздар жағаға, бала-шаға аяққа, жұмыстар қолға оралғанда бұл не қылған күлімсіреу деп қоям іштей, жылау керек едім қайта. Бәлкім, іштей шаршағанның белгісі ме екен. Ай, жоға, шаршау қайда, мен қайда. Тұншығып келіп, жарылып шыққан шабыт шығар.
Бала кезде "мына шаруаны бітір, сосын барып кетесің футболыңа" деп айтатын еді ғой, сол кезде барыңды саласың емес пе. Денеңмен қорада тезек атып жатсаң, ойыңмен алаңда құсша ұшып жүресің ғой, сол сияқты болып отырмын қазір қысқасы)
Forwarded from Ibrahim Tashim
Біз көптеген қосымшалар мен веб-сайттарды өзіміздiң күнделікті мәселелерiмiздi шешу, сұрақтарға жауап іздеу немесе көңіл көтеру үшін қолданамыз. Сіз осындай цифрлық интерфейстердің қалай жасалатындығы туралы өзіңізге сұрақ қойып көрдіңіз бе?

Біз Maker Space Almaty және де Chevron Kazakhstan компаниясымен бірігіп жаңадан бастаушыларға арналған UX / UI дизайн курсын онлайн режимінде бастайтынымыз туралы хабарлауға қуаныштымыз! Бұл курс сізге UI / UX дизайнының әртүрлі аспектілері туралы жалпы білім алуға көмектеседі. Егер сіз басты веб-дизайн негіздерін білуге ынталы болсаңыз, бұл курс сізге арналған.

Осы курс барысында сіз:
- дизайн әдіснамасының негіздерін үйрену;
- UX пен UI арасындағы айырмашылықты түсіну;
- пайдаланушылардың қажеттіліктерін зерттеу және пайдаланушылар ағындарын құру;
- визуалды дизайн негіздерін пайдалану;
- Figma көмегімен интерфейстердің дизайнын құруды үйренесiздер.

Орындардың саны шектеулі: 15
👤 Жас: 14+
🗓Бастау күні: 13-шi Қараша
🕐 Уақыты мен күні: сенбі, 10.00 - 14.00
📌 Тіркеу мерзімі: 10 Қараша, сағат 12.00

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Тiркеу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfeUCHMq-Wktl6RvPRbfN49DlKTVuWC2mOIDAPHTrQZh8fuyg/viewform

#AmSpacesAtHome #MakerSpaceAlmaty #ChevronKazakhstan
Бесіктен белім шықпай қартаяйын дедім бе, ұнамайтын нәрселер пайда болып келеді жайлап.
Бұрынырақта, сонау 2003-терде бір ұялы байланыс операторының тарифы есімде қалыпты. Ішкі қоңырауларға минутына 16тг, сыртқыға 42тг. Бірнеше минуттан кейін, 8тг/36тг болып па, арзандайды. Соны көргенде өзім кәдімгідей қуанып қалғаным бар тұғын. Қасымдағыларға айтып. Міне, мынадай тариф шықты, бірден қосылып алдым деп жарнамасын таратып.
Кейін уақыт өте келе тағы бір оператор кірді нарығымызға. Ол кірген бойда тарифтер бірінен соң бірі арзандай бастады. Сол кезде ғана бұрынғы мәз болып жүрген тарифымыздың удай қымбат болғанын түсіндім. Білімнің жоқтығынан ба әлде жаңа технологияға, бизнеске ұмтылыстың болмағанынан ба, халық деңгейінде таяқ жеп жүрген екенбіз ғой деп қалдым. Сервис үшін бір бақыр, жалқаулық үшін қырық бақыр төлеген екенбіз деген ойдамын. Бұл жай ғана бір мысалы. Тізе берсең көп қой.

Кейбір қу таксисттер сияқты. Керек жеріңе дейін жүрер жолыңды біліп тұрсаң бес жүз, білмесең мың жарым деп сан соқтыратын )

Қорытындыда айтпағым,ел деңгейінде терең білім алып, әр заттың таза құнын біліп жүрсек қой.
#karnurmax #startup #тәжірибемнен

Бір гранттар, байқаулар, хакатондар шығып жатады кейде. Позитивтің адамы болған соң бас сұғып көресің ғой, тыныш отыра алмай )
Бұрын аласұрып қатысқым кеп тұратын. Қазір өлшеп қарасаң тиімсіз екен.

Пәлен күн дайындығың бар, зерттейсің, уақытың кетеді. Cылап-сипаумен-ақ уақыттың сорына айналады. Ішіңнен өзіңнің сағаттық табысыңа көбейтсең біраз шығындалады екенсің. Ал енді ол жерде өтесің бе, өтпейсің бе ол да маңызды сұрақ. Мында өзіңнің тірлігің кідіріп қалады. Командаң бар болса оларды да алаңдатасың не тапсырмасыз қалдырасың. Ал стартап үшін 1 күн де маңызды. Клиенттерің де зардап шегуі мүмкін айналып келгенде.
Қорытындыласақ,
минустары:
* тапсырыстардың орындалуы баяулап не сапасы түсуі мүмкін.
* стратегиялық жоспарың тоқтап қалады. Түсінген адамға өте ауыр нәрсе
* ұтыстың бір бөлігін байқауға дайындыққа жұмсап қойдың. Әу баста айтылған сомамен алданып керек емес
* Әуестеніп, "грантпен ауырып" қаламын ба деп те қорқам. Өзіме қатысты.

плюстары:
* ұтсаң жақсы ғой, әрине ))💰
* өзіңнің салаңа қатысты байқау болса, өз жобаңды жақсылап бір саралап аласың. 💡Осы тұсы 100% жақсы жері. Бәлкім ақшасынан да маңызды шығар.
* жұрт қалай жылжып жатыр, соны байқайсың.
* жаңа таныстықтар боп қалуы мүмкін

Кезінде бизнестен тәжірибесі бар бір ағамыз айтқан еді "қанша ақша ұсынылса да алаңдама, көңілің мен күшіңді тек өз кәсібіңе жұмса. Әйтпесе, босқа әуреленіп, уақытың өтіп, морально шаршап, қолға алған стартап жүрмей қалады" деп.

Сол тегін ақылды тегін ала салудың орнына 2 жылымды төледім ғой мен ақымақ)
#flood_time

...алдыңғы постқа қатысы бар

Ай, қызық-ай, мен бірдеңе деп жағымды ашсам соның сынағы дайын тұрады )

Жаңа ғана тапсырыстарға алданбау керек, қанша ақша ұсынса да өз ісіңмен кете беру керек деп данагөйсіп ем. Енді поштама бір заказ өзі келіп тұр. Пост жазғаннан тура 90 минут өткенде кепті.
Былай-былай "иіскеп" қарасам "артында 6 нөлі" бар сомадан асып қалады екен. Жұмыс көлемі 1 айдың ар жақ, бер жағы.
Істеп жүрген нәрселер екен оның үстіне.
Не істеймін енді ? )
"моя прееелееесть" деп бас тарта алмай отырмын, күйдіргі-ай )

Өзім алайын ба әлде бас тартайын ба ?
Немесе субподрядқа біреуге "под ключ" өткізіп жіберіп екі ортада кішігірім комиссиямды көре салсам ба екен ? Бірдеңе деңіздер тез ))

💰 - Өзің ал, ақша керек жобаңа !
⛔️ - бас тарт
- біреуге субподрядқа өткіз
Қателесуім мүмкін. Дегенмен, мен мынадай теорияға тоқтадым. Адамның миы жаңа бірдеңені ойлап таба алмайды, тек бұрыннан көрген тәжірибесіне сүйене отырып қорытынды жасай алады. Үйретілмесе тіпті бірге бірді қоса алмайды деп ойлаймын, одан арғысын айтпағанда.

Сол себепті, ауыл ішінде кім программист болғысы келеді, мында келіңдер деу асыққан іс, әуелі хабарлау-насихаттау жұмыстарына көңіл бөлген жөн деп қабылдадым.

🔹 Не үшін программист болу керек?
🔹 Болсаң қандай нәтижеге қол жеткізе аласың ?
🔹 Ал жалқауланып жата берсең не ұтыласың ?
🔹 Программист ретінде еліңе қаншалықты пайдалы бола аласың ?
🔹 Мүмкін мына заманда программист болуға міндетті шығарсың да мынадай ми толған басыңмен, а, жігітім ?😎

Осы сынды сұрақтарды ауылдағы азаматтарымызға, жас буынға жеткізу керек.
Иә, алда бас жағында жауапсыз қалатын үндеулері көші қомданайын деп тұр )
Әйтседе, бір күні осы идеяның өз жемісін беретінінен үмітім зор ✊🏼
🧠 ==💣
Соңғы 3-4 күн, мүмкін одан да көп пе, миым жұмыс істеуден бас тартуда.
Мәмілеге келе алмай жатырмыз.
Кішігірім өтініштердің өзін орындағысы келмейді. ⛔️
Алдауға тырысамын.
"Қазір мынаны жасайсың, сосын демаласың" деймін.
Миым болса ренжіп қалған сияқты:
"Ой, қойш, сен ұдайы солай дейсің" ‼️
#qaz #rus

Бұйыртса, 200-ге де толып қалады екенбіз жақын арада.
Қандай пайдалы іс-шара жасасақ болады ?
Кішігірім хакатон ұйымдастырсақ қалай ? : )

Думаю, день когда нас будет 200 подписчиков не за горами. Есть идеи какие мероприятия провести ?
"Хакатончик за батончик" ? : )
IT Path Kz pinned «Интересуют ли вас посты на русском(перевод) на нашем канале?
Если да, то возобновлю :)
»
#qaz #auyl_live #flood_time

"Бүгін жұмысқа кешігіп келдім"

Біздің үйдің оты іштен емес, сырттан жағылады.Отжағар бөлмеміздің есігі бөлек, рақат, үйге түтін кірмейді, әрі бері кілемді бүлдіріп отын тасымайсың. Жақсы, әрі қарай кеттік...

Кеше түнде от жағып жүрсем бір бөтен мысық мияулап қоймайды. Адасып кеткен-ау, шамасы. Кел десем келмейді, кет десем кетпейді. Алдымыз түн, аяз. Далада қалса оңбас деп қоям іштей. Ұстап алып кіргізейін десем қашады. Жарайды, тоңса өзі кірер деп есікті жаппай, әдейі ашық қалдырып кеттім кішкене.

Сөйтсем, таңға таман мені оятып жатыр үйдегілер. Су ақпай қалыпты. Су үйге пеш сарай арқылы кіретін. Барып сол жерден ағызып тексерейін десем краны тіпті ашылмайды да ғо) Түнімен есік ашық қалған соң ішке жел ұрған, аяз соққан. Темір атаулының барлығы мұп-мұздай, сіресіп қатып қапты. Пештегі жалын басылып қалған. Құбырлардың іші мұз қатқан.

Ал енді не істедім дейсіз ғой әрі қарай ? Дірдектеп жүріп от жақтым қайтадан. Мұз сарайдың ашуын бастым ))
Бір сағаттың төңірегінде от жаққан соң іші жылып, құбырлар жіпсіп, су тамшылап қайта аға бастады. Қуанышты сәт, әрине. Тұла бойым тоңып үлгерді бірақ.
Пеш пен судың мәселесін шешем дегенше малдың да мәселесі кеп қалды артынан. Қораның тірлігін де бітіріп, уфф біттім ау деп үйге кіргенде ұйқы қыспасы бар ма.
Жұмысқа шығатын уақыт келген екен.
Ой, қойшы, бүгін бір күн кешіксек не бопты, біз де адамбыз ғой дедім де ұйқыға бастым )

Ал сіздер қалай "жұмысқа кешіктіңіздер"? : )

Чатта жаза отырыңыздар 👇🏽
https://t.iss.one/zhalagash_it_chat
Этот пост будет переведен на русский, бұйыртса🤝 а пока прокачивайте казахский, а потом проверите насколько все верно поняли😉

Күзгі салқын түн...
Кеңседемін. Клиенттің шаруасын бір жылжытып қойып, еркін адам ретінде ойға ерік беріп отырмын жалғыз қалып.
Пештің жалыны басылып, аяқтан жайлап ызғар өтуде. Қос тіземді қалш-қалш, оңға-солға қозғап отырмын бойымды жылытпаққа.
Ал ойым болса сан-саққа ұшып жетіп жатыр. Сол ойларымның бірін сөзге айналдырып көрейін.

🎯Мақсатым - елге пайдалы іс жасау. Бір ауыз сөз ғана. Айналама ұсына алар жалғыз қолда барым осы екен. Кейде мықты деген программисттерге өтініш жасап тұрамын жобаға көмектесуге.
Миллиардер болсам, бәлкім, миллиардтар ұсынар ма ем.
Миллионер болсам, бәлкім, миллиондар ұсынар ма ем.
Мыңтеңгер болсам, бәлкім, мың теңге ұсынар ма ем 🤑)

Ал әзірге тек мақсатымды ұсынып келемін. Кіммен жолықсам да.
Кейде біреулердің ойы менікімен бірдей болып шығады.
Ондай адамға таудай алтын ұсынғандай болады екенсің. Өте қызық сәттер.
Жобамыз үшін қолдан келгенше көмектесетін ниеттерін жайып салады.

Солардың бірі, осы посттың жазылуына түрткі болған, Дархан есімді программист.
Өзімнің қолымнан келмей жүрген үлкен екі істі тындырып берді.
docker,gitlab ci/cd. digital ocean load balancer,nginx деген тақырыптар мен үшін ауырлау, қыр-сырын жетік біле бермеймін мән-жайын түсінгеніммен.
Біршама уақыт пен күш жұмсалды. Арасында кішігірім ауырып та үлгерді.
Уақытынан сығып уақыт бөліп жүргені байқалады.
Арасында үлгермей жатқаны үшін кешірім сұрап қояды)
Тегін жасап жүр бір қызығы. Аздап болса да ақша ұсынып ем бірнеше рет, барлығынан бас тартты. Бұл нені білдіреді ?

Менің түсінігімде бұл - Дархан екеуіміздің бір мақсатта жұмылып жатқанымыздың айқын белгісі.

Кезінде бір ағамыз айтқан еді "егер сенің мақсатың биік болса
және ол мақсатыңа шынайы ұмтылып тұрсаң ең мықты деген мамандарды өз жобаңа тарта аласың" деп.
Мүмкін, дұрыс бағытта жылжып келе жатқан шығармыз :)

Ісіміз берекелі болып, мақсатымызға жете берейік !
Қазақтың ауыл-ауылынан мықты программисттер шығып, елімізге пайдасын тигізсін деп тілеңіз, ағайын !✊🏼
перевод на русский. Надеюсь, хоть кто-то ждал и мои старания не напрасны : )

Нахожусь в той же эйфории, в которой был вчера ночью.
Ночь была холодной, морозной. Кажется проходил циклон, неожиданный сильный мороз прошелся по нашему аулу.
В офисе остался один. Замерзал. Колени дрожали, пытался согреться хоть таким образом. А главное, сделал большой сдвиг по проекту и скинул отчет заказчику. Этого было достаточно чтоб не чувствовать холод : )
Освободившись от сковывающей обязанности, дал волью мыслям. Вот одна из мыслей, которой хочу поделиться.

🎯 У меня есть одна цель - быть полезным стране. Так просто, да. И, как выяснилось, она единственная что я могу предложить окружающим и новым друзьям. Ведь время от времени я обращаюсь с просьбой к более опытным программистам. В это время я всегда стараюсь сначала донести цель своего проекта.
Возможно, будь я богатым, предлагал бы сразу большие деньги. А пока просьбы идут только "за идею". Но в том чтоб предлагать цель и призывать к ней тоже есть огромный плюс, которую не купить за деньги. Иногда оказывается что тот, к кому я обратился тоже "болеет" моей целью и это делает нас моментально одной командой, хотя ни буквы не прозвучит об этом 🙂
Такие ребята просто не могут промолчать, обязательно начнут говорить о возможной всесторонней поддержке. Некоторые предлагают финансовую поддержку, некоторые свои навыки готовы показать в моем проекте.
Именно в такие моменты я становлюсь сильнее. Даже самые простые слова поддержки заряжают на долгое время.

Один из тех кто поддержал меня добрыми словами, яркими пожеланиями и даже делом внес импакт - это Дархан, программист. Он же и стал причиной моего поста.
Он потратил довольно много сил и времени. Он успел и переболеть между делом ) Извинялся за задержки. Для меня было очень удивительно. Ведь он помогал все это время бесплатно. Я после предлагал ему несколько раз, он отказался. Что же означает ?
В моем понимании это и есть объединиться ради одной общей цели.

Когда то мне один человек говорил "если у тебя есть высокая цель и ты искренне стремишься достичь ее, то у тебя получится привлечь к своему проекту самых хороших спецов".
Возможно, проект развивается верным путем :)

Пожелайте нам всего хорошего в нашем деле.
Чтоб из аулских ребят вышли крутые программисты которые будут покорят мир и принесут пользу своей стране✊🏼
Соңғы қойылған дизлайкқа сүйсініп қарай берем🔥. Сүйсінбегенде ше ?
Әр дизлайктың артында бір сыр бар
☝🏼

Сіздер шақырылған жерге тойға келіп, дастархан басына жайғасып, салат-палатты шұқылап, әр тәттіден бір дәм ауыз тиіп, бір-біріңізден қал-жағдай сұрасып болып, енді ет қашан түседі екен деп көзбен сұрақ қойып отқан қонаққа ұқсап отыр екенсіздер. Ал мен болсам қазаны қашан қайнары белгісіз, әңгімемен көңіл аулап әлек боп жүрген үй иесіне сайыппын.
Осындайда шетке шақырып алып "ай, інім, тездет, етіңді түсір. Қонақтар күтіп қалды" деп ақыл айтатын ағаларымыз бар болғаны қандай жақсы.

Ал енше көп созбалық. Сіздерді жобаның жүру барысымен таныстырайын. Бэкграунда болып жатқан нәрселерді жарыққа шығарып отырайын.
Келесі посттан бастап нағыз жұмысқа қатысты посттар мен видеолар басталмақ, бұйыртса.
10 лайк == келесі пост : )
Радолда Едіге(@edigerad) екеуіміз кеше түнде біраз талқылап одақтасқан тұлғалар ретінде проектті бірге жасауға шешім қабылдадық.
Стратегиялық жүргізуші рөлінде әзірге менмін, уақыт өте өзгеруі мүмкін.
Жолай қосылғысы келетіндер болса маған жекеге жазыңыздар.

Жобамыздың міндеті: it-ден хабары аз адамды оқыту, үйрету, жұмысқа тұрғызу, артынша сол жұмысқа әбден сіңіп, алып кеткенше қолдау көрсету.

Жобамыздың аудиториясы: үйренгісі келетін жастар, үйрете алатын мамандар, жұмыс беруші компаниялар

Ал енді осындай жобаға қандай домен таңдар едіңіздер ?
Келесі посттағы сауалнамаға жауап берсеңіздер не чатта талқыласаңыздар👍🏼
Жобамызға қандай домен таңдайық ?
https://t.iss.one/zhalagash/76
Бірнеге нұсқа таңдасаңыз болады. Және өз ойыңызды чатта айта беріңіз
Final Results
11%
itgekel.kz (it-ge кел, қазақ)
31%
it-bilim.kz (it білім)
40%
oqy.kz (оқы)
13%
it.oqy.kz (it-ді оқы)
5%
fztw.kz (from zero to work)
5%
waytoearn.kz (ақша табуға апаратын жол)
4%
bai-orda.kz (әр қазақ байысын)
1-ші кіріспе видеомызды ютубқа салдым.
"Жақсы сөз жарым ырыс", "Сын түзелмей, мін түзелмейді" демекші артық-кем тұстары болса ой қоса отырыңыздар.
тура сол ютубтағы видеоның астына, немесе осында телеграм чатқа жазыңыздар. (осы чаттағы хатқа жауап беру жылдамдығы жоғары болады деп ойлаймын)

https://youtu.be/cl055mTWbTU