IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Forwarded from IT bilim
Біз тиктоктамыз 🥳

Алғашқы видео👇
https://vm.tiktok.com/ZMFpMJjnu/
3👍1
Forwarded from KazTech
OSINT / Хакинг тақырыбын ары қарай жалғастырайық! Бос уақытымды пайдаланып, мен Black Hat Hacker-лерге арналған миндмап құрастырдым (тізім ғой негізі). Бірақ блэк хат қолданатын заттарды уайт хаттарда қолдана бере алады 😄

Жалпы осы тізімдерде ешқандай өте бір ерекше дейтін сервис немесе программалар жоқ, барлығы да ашық қолжетімді және жай.

Киберқауіпсіздік тақырыбы ұнап жатыр ма? Олай болса осы посттар астына көбірек реакциялар жинайық, ал келесі ретте Acunetix, Burp Suite, NMAP сияқты бағдарламаларды талқылайтын боламыз 😉

#киберқауіпсіздік / #OSINT / #mindmap / #cybersecurity / #blackhat
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍7
Forwarded from Nurzhol Tabigat
Адамдар шын мәнінде не үшін сатып алады?

Әдетте клиентке көп нәрсе ұсынсаңыз болады. Тіпті, біз өз жұмысымызды қатты жақсы көретініміз соншалықты, клиентке басты приоритетте не керегін ұмытып, өз қалауымызша өте көп жұмыс істеп кетеміз.

Біздің істеп жатқан жұмыстарымыздың бәрі клиентке керек болғанымен, маңыздылықтары әр түрлі. Егер клиентке керек, бірақ маңызы төмен қызмет/фича клиентке ұсынсаңыз, маркетингке өте көп шығындаласыз және алдап сатуға тура келеді.

Осындай бизнес үшін қауіпті рискке бармас үшін, алдымен адамға не маңызды, ол қандай нәтижеге қалай жеткісі келеді, соны анықтап алыңыз, содан кейін барып жұмысқа кірісіңіз.

Сол кезде сізге деген клиент ризашылығы да артады, маркетингке де шығын азаяды, бизнесіңіз де тұрақты дамиды.
👍7👏1
Forwarded from TECHOZIMIZ
Сәлем, комьюнити 🫶

Естеріңізде болса, өткенде өзіңізге берген сертке берік болуға көмектесетін кеңестер жариялаған едік. Осы тақырыптың дәл қазір қызып тұрғаны белгілі. Сондықтан ізін суытпай, жалғасын жариялағанды жөн көріп отырмыз 💡

Әдетте біз мақсатты қалай қоямыз? Өзіңіз ойланып көріңізші. «Машина алу керек еді» немесе «ағылшын тілін меңгеру керек еді» деген сыңайда болады. Солай ма? Неліктен осылай қойылған мақсат көбіне соңына жетпейді? Өйткені жүйесі дұрыс құрылмаған. Бүгінгі постта осыған тоқталамыз 📝

Жұртқа ермеңіз. Жүрек қалауыңызға қарай алға жылжыған дұрыс

Бәрі IT-ге кетіп жатыр. Соған қарағанда ақша көп шығар. Мен де айтишник болайын.
Маған уеб-дизайн ұнайды. Биыл мен UI, UIX курстарына қатысам.

Нақтылық, нақтылық, нақтылық

Жақсы жұмыс істеймін.
Айлығымды екі есе көбейтетіндей жұмыс істеймін.

Қиындатпаңыз

Джуниордан үлкен басшыға дейін өсемін.
Келесі деңгейге өтіп, мидл боламын.

Бір үлкен мақсатты бірнеше ұсақ бөлікке бөліңіз

Meta-ға жұмысқа тұрамын
CV дайындаймын
Портфолиомды жаңа жобалармен толықтырамын
Жаңа машық үйреніп, курстар оқимын.

Б жоспары міндетті түрде болуы керек

Өз компанияңыздың ішінде ғана өсуді ойламаңыз
Одан бөлек, 2-3 альтернатив жоспар болсын

Демалыс пен үзіліс жайлы ұмытып кетпеңіз

24/7 жұмыс істеймін
Уақытылы еңбек демалысына шығамын

Мықты қабілетіңізді жасырып қоймай, жарыққа шығарыңыз

Қолымнан түк келмейді
Мына машықты тағы қай жерде қолдансам болады?

Нәтижені ойлай бермей, процеске де көңіл бөліп қойыңыз

Бағдарламалаушы болу үшін тиісті саланы үйрену
Өзіңізге ұнайтындықтан, дамығыңыз келгендіктен бағдарламалауды үйрену

#tech_career
#saveit
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥2
🔥6👍1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Сіздермен мына тамаша жаңалықпен бөліскім келуде!

Мен үшін осы жылдың - ең ТОП жаңалық!

Енді Үздік Білім жай ғана ютуб/телеграм арна ғана болмай, ресми халықаралық деңгейдегі IT курстарды өткізе алатын, және халықаралық сертификаттарды ұсына алатын білім орталығына айналуда. ☺️

Мәселен сондай халықаралық ұйымдардың бірі - Python Institute мен Cisco Academy курстары мен сертификаттары)))

Бір сөзбен айтқанда енді мен әлем таныған курстарды өткізіп, кейін сертификат алу үшін ресми емтихандарды да жүргізе аламын.

https://openedg.org
🔥9👍1
🗿6👍1🤩1
Forwarded from Beksultan
👍61❤‍🔥1🔥1🌭1🍌1🆒1
Forwarded from IT bilim
Машинаны үйрету

Кітап жайлы: Бұл кiтаптың басты мақсаты — машинаны үйрету саласын оқырмандарға таныстыра келіп нөлдiк деңгейден халықаралық дәрежедегi Junior Machine Learning Engineer деңгейiне дейiнгі бiлiм беруді іске асыру. Өз тарапымыздан Junior Machine Learning Engineer деңгейін көздейтін тақырыптарды қарастырып, оларға толықтай түсінік беруге тырыстық.

Авторы: Мағжан ҚАЙРАНБАЙ

Кітаптың қысқа нұсқасы: https://www.itboo.kz/short_version.pdf

Толығырақ: https://www.itboo.kz/
👍6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дизайнер әріптесіңе жіберіңіз, жақсы жаңалыққа қуанып қалсын.

Жай мәтін жазу арқылы дизайн жасап, тіпті соны артынан фигмада өзгерте берсе болады. Әзірге жабық бетада, кезекке тұру үшін мына жерге тіркелу керек
👍7
Forwarded from Erkin Adamdar
AI құралдар: (05.03.2023 Данияр Муханов)

Кейбірі тегін, кейбірі ақылы, кейбірі жабық бетада

Youtube Whisperer - OpenAI Whisperer көмегімен кез келген YouTube бейнелерінен мәтінге айналдыру
Vidyo AI - AI көмегімен ұзақ бейнелерден әлеуметтік қолдануға дайын қысқа клиптер жасаңыз
Кітаптармен сөйлесіңіз - 100 000 кітапқа сұрақтарыңызды қойып, бірнеше секунд ішінде шығармашылық жауаптар алыңыз
Scribble Diffusion - AI (Сілтеме) көмегімен эскизіңізді таза кескінге айналдырыңыз
Playground - суреттерді мәтінмен өңдеңіз
FontParing - бұл AI құралы сізге ешқандай күш жұмсамай-ақ ең жақсы қаріптер комбинациясын береді
Browse AI - кез келген веб-сайтты кодсыз 2 минут ішінде сыпырып алыңыз(scrape) немесе бақылаңыз
Imagic - бұл керемет мәтінге негізделген нақты кескінді өңдеу құралы
Detangle AI - заңды құжатты адамша (заңгерше емес) қорытындылаңыз
Blockadelabs - 360 градустық бейнелерге мәтін жіберу
Brancher AI - кодтаусыз жаңа AI құралдарын жасаңыз
Altered AI - Даусыңызды түрлендіріңіз
upscale.media - AI көмегімен кескінді тегін кеңейту
Papercup - Бұл AI кез келген бейнені кез келген тілде көруге мүмкіндік береді

ChatGPT: 2021 және одан бұрынғы мәтіндердің үлкен жинағында оқытылды. Тегін, бірақ жауаптарды жылдамдату және сұраныстың ең жоғары кезінде пайдалану үшін айына $20 тұрады.
The new Bing: ChatGPT негізіндегі сөйлесулер және Bing ішіндегі іздеу нәтижелері. Шектеулі бета нұсқасы күту тізіміне қосылуды қажет етеді.
Perplexity.ai: Сұрақтар қойыңыз және қадағалаңыз, дәйексөздер арқылы тікелей жауаптар алыңыз. Ешқандай шектеусіз пайдалануға тегін.
YouChat: Сұрақтар мен бақылауларды қойыңыз және ChatGPT стиліндегі әңгімелерге қатысыңыз. Тегін; кіру қажет.
NeevaAI: Дәйексөздермен, содан кейін стандартты іздеу нәтижелерімен тікелей, AI арқылы жасалған жауаптарды алыңыз. Тегін; кіру қажет.

Vowel - Видеоколл транскрипциясы (Link)
Excel Formula Bot - Excel формулалары генераторы (Link)
BlueWillow - Midjourney тегін нұсқасы (Link)
Namelix - бұл жасанды интеллект сіз үшін қысқа бренд атауын жасайды. (Link)
ChatGPT Prompt Genius - Сұрауларды(Prompt) сақтауға, табуға және бөлісуге мүмкіндік беретін хром кеңейтімі. (Link)
Runaway - Өте керемет AI бейне редакторы (Link)
Ghostwrite - Gmail қызметінде жұмыс істейтін электрондық пошта көмекшісі (Link)
👍8
a["13"] = 42; a.length = ?
Anonymous Quiz
48%
1
30%
42
22%
14
console.log(0.1 + 0.2 === 0.3); // ?
Anonymous Quiz
51%
false
29%
true
19%
undefined
Былай дейді:)
🕊6
Forwarded from Aigerim
Бәріне сәлем, IT саласындағы қазақ тілді ортаға қызық болады деп ойлаймын, линк сториста болады, қатысамын десеңіздер уэлкам https://www.instagram.com/p/CraKLVMNc47/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
👍21
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Барлықтарыңызға сәлем!

Көбіне мектепішілік, аудандық, кейде облыстық олимпиада кезеңдерін дұрыс ұйымдастыра алмағаннан, қатысушылар зардап шегіп жатады. Сол үшін де сіздерге мына толық курсты ұсынбақпын.

Бұл курс мақсаттары:
1) Codeforces бар мүмкіндіктерін көрсету;
2) Полигонда есептер құруды үйрету;
3) Үлкен жарыстардың жүргізілуін көрсету (группаны ұйымдастыру);
4) Домен қолданушыларын құру, оларға логин-парольдерін жеткізуін көрсету;
5) Соңында өз құрған контесттерімен алмасу.

Жалпы 5-сабақ, әр сабақ ұзақтығы 1-1.5 сағат (2-зум сабақ).
Әр жексенбі сағат 19:00-де (Алматы) болады.

1-ші сабақ ТЕГІН!

Үздік Білім YouTube арнасында LIVE арқылы болады.
(Келесі сабақтар жабық, тек төлем жасағандар үшін ғана болады.)

Курс бағасы - 15’000 теңге.
(Үздіктер үшін - 10'000 теңге)

Тіркелу үшін:
https://forms.gle/yB6rPKKMmKQFEu1m8