Forwarded from IT bilim
Барлықтарыңызға сәлем!
Қазақша контентті көбейтін каналдар ашалып жатса, оған қатты қуанып жатамыз.
Сондай каналдардың бірі https://t.iss.one/+vAm7D1vaingxNzA6 енді ғана ашылып, онда Джава тілін 0-ден бастап үйретуді қолға алған Данияр Мырзаканов деген жігітті қолдап, сабақтарды қарауына кеңес береміз.
Мен (Ерғали ағай) оны сонау Алматы ҚазҰТУдан танимын (яғни группаласым), ол өзі бірнеше үлкен компаниялар мен менмін деген банктердің көпшілігінде істеп опыт жинаған жігіт.
@dmyrzakanov Дәке, сәттіліктер! Давай баса бер, артыңа қарама!!

Telegram
Java үйренеміз (Java junior болайык)
Бұл канал тек қана қазақ тілінде Java-ны үйренеміз.
🔥9
Forwarded from ZeinLabs | Exploring the Tech World (Alikhan Oitan)
TypeScript-тың жаңа 4.9 нұсқасы шықты. Өте қызықты update болған екен. Осы видеода тамашалаңыз.
Білмейтіндерге: TypeScript дегеніміз JavaScript-тың “типизированный” түрі. Яғни ол жерде айнымалылардың түрін айқындауға болады, және сол түрге істеп жатқан операция сай келмесе, онда TS (TypeScript-тың қысқаша атауы) бізге ұрысады.
Бұйырса ts туралы да видео жазғым келеді. Қол тигенде салып жіберермін 😌
https://www.youtube.com/watch?v=Danki1DyiuI&ab_channel=MattPocock

YouTube
TypeScript 4.9 deep dive
Become a TypeScript Wizard with Matt's upcoming TypeScript Course:
https://www.totaltypescript.com/
Follow Matt on Twitter
https://twitter.com/mattpocockuk
00:00 Intro
00:11 Headlines
00:50 Perf Improvements
01:55 'in' operator
03:45 Auto-accessors in…
https://www.totaltypescript.com/
Follow Matt on Twitter
https://twitter.com/mattpocockuk
00:00 Intro
00:11 Headlines
00:50 Perf Improvements
01:55 'in' operator
03:45 Auto-accessors in…
👍6
Forwarded from Astana Hub ️
⚡️3 желтоқсанда Астанада STARTAPHANA Digital Fest-і өтеді
Мақсаты – қазақ тіліндегі стартап-мәдениетті дамытып жатқан IT-кәсіпкерлердің қауымдастығы мен ІТ-контентті қолдау. Форумға қатысуға 3 мыңнан астам адам тіркелді.
"Жыл сайын STARTUPHANA тәжірибе алмасу аясын кеңейтіп, IT-бизнесті құру және дамыту туралы білімді барынша қолжетімді етуге үлес қосуда", - дейді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Толығырақ платформамызда
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️
⚡️3 декабря в Астане пройдет Digital Fest STARTAPHANA
Цель - поддержать сообщество IT-предпринимателей, развивающих казахоязычную стартап-культуру и IT-контент. Для участия в форуме уже зарегистрировались более 3 тыс человек.
"STARTUPHANA расширяет рамки для обмена опытом и делает знания о создании и развитии IT-бизнеса еще более доступными для казахстанцев", – отметил Магжан Мадиев, генеральный директор Astana Hub.
Подробности на платформе

👍3
Forwarded from Kazakh in Cardiff (I was)
Advent Of Code деген желтоқсан бойы күніге бір есеп шығарып отыратын челлендж. Кәдімгі алгоритмдік тапсырмадан айырмашылығы - код тапсырудың қажеті жоқ. Бірден жауабын жазуың керек. Сәйкесінше, қай тіл, қай IDE, қай алгоритм мүлде маңызды емес. Қағазда шығарам десең де өзің біл. Метафорамен айтар болсақ, клиентке дайын тамақ керек, қазан мен плита емес.
Екіншіден, бұл жердегі тапсырмалар шынайы өмірдегідей. Абстрактный қиын бір концепттер жоқ. Есеп екі бөліктен тұрады, алғашында тек бірінші бөлігін ғана көресің. Оның жауабын жіберген кезде ғана, екінші бөлігі ашылады. Өзіңше болып, екінші бөлігі осылай болады-ау деп болжап оптимал код жазбақ боласың. Хардкодтамай айнымалылар ашып, динамикалық есептеуге дайындап, кодыңды масштабтауға дайындап қойғандай боласың. Сосын екінші бөліктің сұрағын көргенде, айдалаға лағып кеткеніңді түсінесің. Қосымша жасаған оптимизацияң түкке керек емес болғанын, бизнес тапсырма кілт өзгеріп кеткенін байқайсың. Айтып отырм ғой, тура өмірдегідей. Сонысымен де қызық
Сосын мұнда уақыт маңызды, тапсырманы ерте орындағанның ұпайы да көбірек
Қатысам десеңіз, ертең басталады adventofcode.com

🔥3👍2
Forwarded from Akzholtay
Бәріне қайырлы кеш.
Каналымды жанрамалауға болатын шығар?
Қазақ тілінде сайт жасау курстарын жасап жүрмін. Әзірге html/css бойынша сабақ дайындадым. Сайт жасап үйренгісі келетіндерге көмек болады деп ойлаймын.
Каналға сілтеме:
https://www.youtube.com/@akzholtay_myrza
Бірінші сабақ:
https://youtu.be/RkDZYvGg3PI

1-сабақ: HTMLге шолу | ҚАЗАҚША САЙТ ЖАСАУ
ТАЙМКОДТАР:
00:00 - Кіріспе
00:40 - Фронтенд деген не?
02:51 - Сайттың кодын көру үшін не істеу керек?
06:07 - Сайттың сөздерін өзгерту әдісі
07:02 - HTML анықтамасы
07:59 - Sublime text арқылы проект жасап бастау
10:57 - Сайттың атауы - title
12:36 - Тақырыптар…

👍9❤1🔥1
Егер сіз студент болсаңыз, осында студент ретінде тіркеліп көп заттарға тегін немесе жеңілдік алсаңыз болады,
Мысалы: educative,twilio,heroku, DigitialOcean т.б

GitHub Education
GitHub Student Developer Pack
The best developer tools, free for students. Get your GitHub Student Developer Pack now.
👍4🔥2
Мынандай сұмдық зат бар екен, Жасанды интелекті пайдаланып жасалған, көптеген заттар мен ақпараттар алу ға болады
https://chat.openai.com/chat
https://chat.openai.com/chat
👍4🤯2
Forwarded from IT bilim
❤3👍1
Forwarded from KazTech
OSINT / Хакинг тақырыбын ары қарай жалғастырайық! Бос уақытымды пайдаланып, мен Black Hat Hacker-лерге арналған миндмап құрастырдым (тізім ғой негізі). Бірақ блэк хат қолданатын заттарды уайт хаттарда қолдана бере алады 😄
Жалпы осы тізімдерде ешқандай өте бір ерекше дейтін сервис немесе программалар жоқ, барлығы да ашық қолжетімді және жай.
Киберқауіпсіздік тақырыбы ұнап жатыр ма? Олай болса осы посттар астына көбірек реакциялар жинайық, ал келесі ретте Acunetix, Burp Suite, NMAP сияқты бағдарламаларды талқылайтын боламыз 😉
#киберқауіпсіздік / #OSINT / #mindmap / #cybersecurity / #blackhat
———
@kz_tech
@kztech_chat

👍7
Forwarded from Nurzhol Tabigat
Адамдар шын мәнінде не үшін сатып алады?
Әдетте клиентке көп нәрсе ұсынсаңыз болады. Тіпті, біз өз жұмысымызды қатты жақсы көретініміз соншалықты, клиентке басты приоритетте не керегін ұмытып, өз қалауымызша өте көп жұмыс істеп кетеміз.
Біздің істеп жатқан жұмыстарымыздың бәрі клиентке керек болғанымен, маңыздылықтары әр түрлі. Егер клиентке керек, бірақ маңызы төмен қызмет/фича клиентке ұсынсаңыз, маркетингке өте көп шығындаласыз және алдап сатуға тура келеді.
Осындай бизнес үшін қауіпті рискке бармас үшін, алдымен адамға не маңызды, ол қандай нәтижеге қалай жеткісі келеді, соны анықтап алыңыз, содан кейін барып жұмысқа кірісіңіз.
Сол кезде сізге деген клиент ризашылығы да артады, маркетингке де шығын азаяды, бизнесіңіз де тұрақты дамиды.

👍7👏1
https://www.youtube.com/watch?v=f5rPfH3XWeM&t=1097s&ab_channel=ITMAMAN
Шығарылымда ЕРКЕ БОП КЕТКЕН АЙТИШНИКТЕР, АЛЫП АЙТИ КОМПАНИЯЛАР, ШЕТЕЛГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ, АЙТИШНИКТЕРДІҢ АЙЛЫҚТАРЫ, РЕКРУТЕР МЕН HRДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ жайлы бізге Айгүл Үрпекова айтатын болады.

Рекрутермен АЙТИГЕ ШОЛУ | Қазақша IT Подкаст #1
Шығарылымда ЕРКЕ БОП КЕТКЕН АЙТИШНИКТЕР, АЛЫП АЙТИ КОМПАНИЯЛАР, ШЕТЕЛГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ, АЙТИШНИКТЕРДІҢ АЙЛЫҚТАРЫ, РЕКРУТЕР МЕН HRДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ жайлы бізге Айгүл Үрпекова айтатын болады.
Жалықпай ТАЙМКОД жазып шықтым, қолданыңыздар:
00:00:00 - Таныстыру:…

🔥4👍1
Forwarded from TECHOZIMIZ
Сәлем, комьюнити 🫶
Естеріңізде болса, өткенде өзіңізге берген сертке берік болуға көмектесетін кеңестер жариялаған едік. Осы тақырыптың дәл қазір қызып тұрғаны белгілі. Сондықтан ізін суытпай, жалғасын жариялағанды жөн көріп отырмыз💡
Әдетте біз мақсатты қалай қоямыз? Өзіңіз ойланып көріңізші. «Машина алу керек еді» немесе «ағылшын тілін меңгеру керек еді» деген сыңайда болады. Солай ма? Неліктен осылай қойылған мақсат көбіне соңына жетпейді? Өйткені жүйесі дұрыс құрылмаған. Бүгінгі постта осыған тоқталамыз📝
⏺ Жұртқа ермеңіз. Жүрек қалауыңызға қарай алға жылжыған дұрыс
❌ Бәрі IT-ге кетіп жатыр. Соған қарағанда ақша көп шығар. Мен де айтишник болайын.
✅ Маған уеб-дизайн ұнайды. Биыл мен UI, UIX курстарына қатысам.
⏺ Нақтылық, нақтылық, нақтылық
❌ Жақсы жұмыс істеймін.
✅ Айлығымды екі есе көбейтетіндей жұмыс істеймін.
⏺ Қиындатпаңыз
❌ Джуниордан үлкен басшыға дейін өсемін.
✅ Келесі деңгейге өтіп, мидл боламын.
⏺ Бір үлкен мақсатты бірнеше ұсақ бөлікке бөліңіз
❌ Meta-ға жұмысқа тұрамын
✅ CV дайындаймын
✅ Портфолиомды жаңа жобалармен толықтырамын
✅ Жаңа машық үйреніп, курстар оқимын.
⏺ Б жоспары міндетті түрде болуы керек
❌ Өз компанияңыздың ішінде ғана өсуді ойламаңыз
✅ Одан бөлек, 2-3 альтернатив жоспар болсын
⏺ Демалыс пен үзіліс жайлы ұмытып кетпеңіз
❌ 24/7 жұмыс істеймін
✅ Уақытылы еңбек демалысына шығамын
⏺ Мықты қабілетіңізді жасырып қоймай, жарыққа шығарыңыз
❌ Қолымнан түк келмейді
✅ Мына машықты тағы қай жерде қолдансам болады?
⏺ Нәтижені ойлай бермей, процеске де көңіл бөліп қойыңыз
✅ Бағдарламалаушы болу үшін тиісті саланы үйрену
✅ Өзіңізге ұнайтындықтан, дамығыңыз келгендіктен бағдарламалауды үйрену
#tech_career
#saveit
Естеріңізде болса, өткенде өзіңізге берген сертке берік болуға көмектесетін кеңестер жариялаған едік. Осы тақырыптың дәл қазір қызып тұрғаны белгілі. Сондықтан ізін суытпай, жалғасын жариялағанды жөн көріп отырмыз
Әдетте біз мақсатты қалай қоямыз? Өзіңіз ойланып көріңізші. «Машина алу керек еді» немесе «ағылшын тілін меңгеру керек еді» деген сыңайда болады. Солай ма? Неліктен осылай қойылған мақсат көбіне соңына жетпейді? Өйткені жүйесі дұрыс құрылмаған. Бүгінгі постта осыған тоқталамыз
#tech_career
#saveit
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥2
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Сіздермен мына тамаша жаңалықпен бөліскім келуде!
Мен үшін осы жылдың - ең ТОП жаңалық!
Енді Үздік Білім жай ғана ютуб/телеграм арна ғана болмай, ресми халықаралық деңгейдегі IT курстарды өткізе алатын, және халықаралық сертификаттарды ұсына алатын білім орталығына айналуда. ☺️
Мәселен сондай халықаралық ұйымдардың бірі - Python Institute мен Cisco Academy курстары мен сертификаттары)))
Бір сөзбен айтқанда енді мен әлем таныған курстарды өткізіп, кейін сертификат алу үшін ресми емтихандарды да жүргізе аламын.
https://openedg.org

🔥9👍1
🗿6👍1🤩1
Forwarded from Beksultan
👍6❤1❤🔥1🔥1🌭1🍌1🆒1
Forwarded from IT bilim
Машинаны үйрету
Кітап жайлы: Бұл кiтаптың басты мақсаты — машинаны үйрету саласын оқырмандарға таныстыра келіп нөлдiк деңгейден халықаралық дәрежедегi Junior Machine Learning Engineer деңгейiне дейiнгі бiлiм беруді іске асыру. Өз тарапымыздан Junior Machine Learning Engineer деңгейін көздейтін тақырыптарды қарастырып, оларға толықтай түсінік беруге тырыстық.
Авторы: Мағжан ҚАЙРАНБАЙ
Кітаптың қысқа нұсқасы: https://www.itboo.kz/short_version.pdf
Толығырақ: https://www.itboo.kz/

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дизайнер әріптесіңе жіберіңіз, жақсы жаңалыққа қуанып қалсын.
Жай мәтін жазу арқылы дизайн жасап, тіпті соны артынан фигмада өзгерте берсе болады. Әзірге жабық бетада, кезекке тұру үшін мына жерге тіркелу керек

Forwarded from Erkin Adamdar
AI құралдар: (05.03.2023 Данияр Муханов)
Кейбірі тегін, кейбірі ақылы, кейбірі жабық бетада
Youtube Whisperer - OpenAI Whisperer көмегімен кез келген YouTube бейнелерінен мәтінге айналдыру
Vidyo AI - AI көмегімен ұзақ бейнелерден әлеуметтік қолдануға дайын қысқа клиптер жасаңыз
Кітаптармен сөйлесіңіз - 100 000 кітапқа сұрақтарыңызды қойып, бірнеше секунд ішінде шығармашылық жауаптар алыңыз
Scribble Diffusion - AI (Сілтеме) көмегімен эскизіңізді таза кескінге айналдырыңыз
Playground - суреттерді мәтінмен өңдеңіз
FontParing - бұл AI құралы сізге ешқандай күш жұмсамай-ақ ең жақсы қаріптер комбинациясын береді
Browse AI - кез келген веб-сайтты кодсыз 2 минут ішінде сыпырып алыңыз(scrape) немесе бақылаңыз
Imagic - бұл керемет мәтінге негізделген нақты кескінді өңдеу құралы
Detangle AI - заңды құжатты адамша (заңгерше емес) қорытындылаңыз
Blockadelabs - 360 градустық бейнелерге мәтін жіберу
Brancher AI - кодтаусыз жаңа AI құралдарын жасаңыз
Altered AI - Даусыңызды түрлендіріңіз
upscale.media - AI көмегімен кескінді тегін кеңейту
Papercup - Бұл AI кез келген бейнені кез келген тілде көруге мүмкіндік береді
ChatGPT: 2021 және одан бұрынғы мәтіндердің үлкен жинағында оқытылды. Тегін, бірақ жауаптарды жылдамдату және сұраныстың ең жоғары кезінде пайдалану үшін айына $20 тұрады.
The new Bing: ChatGPT негізіндегі сөйлесулер және Bing ішіндегі іздеу нәтижелері. Шектеулі бета нұсқасы күту тізіміне қосылуды қажет етеді.
Perplexity.ai: Сұрақтар қойыңыз және қадағалаңыз, дәйексөздер арқылы тікелей жауаптар алыңыз. Ешқандай шектеусіз пайдалануға тегін.
YouChat: Сұрақтар мен бақылауларды қойыңыз және ChatGPT стиліндегі әңгімелерге қатысыңыз. Тегін; кіру қажет.
NeevaAI: Дәйексөздермен, содан кейін стандартты іздеу нәтижелерімен тікелей, AI арқылы жасалған жауаптарды алыңыз. Тегін; кіру қажет.
Vowel - Видеоколл транскрипциясы (Link)
Excel Formula Bot - Excel формулалары генераторы (Link)
BlueWillow - Midjourney тегін нұсқасы (Link)
Namelix - бұл жасанды интеллект сіз үшін қысқа бренд атауын жасайды. (Link)
ChatGPT Prompt Genius - Сұрауларды(Prompt) сақтауға, табуға және бөлісуге мүмкіндік беретін хром кеңейтімі. (Link)
Runaway - Өте керемет AI бейне редакторы (Link)
Ghostwrite - Gmail қызметінде жұмыс істейтін электрондық пошта көмекшісі (Link)

👍8