IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Forwarded from IT bilim
IT Bilim Webinar - Parallel & Distributed computing 🪄

Гуглда аға-инженер бағдарламашы боп қызмет атқаратын Жассан ағамыз Параллель және үлестіріп есептеу тақырыбында вебинар жүргізеді. Үлкен процесстерді қалай бөлшектеп басқару жайында әңгіме болады. Бұл тақырыптың өзектілігі соншалық барлық бағдарламасының тез/баяу жұмыс істеуі осы заттарға тікелей байланысты.

Вебинарда төмендегі тақырыптар талқыланады:
- Параллель есептеу
- Компьютермен параллель есептеу
- Үрдістер және Тредтер (а.к.а Processes and Threads)
- Қосалқы тредтер
- Ядро деген не?
- Жалғыз ядро (жасыл тред) vs Көп ядро (ОС)
- Сервер, Нода, Процесс, Тред
- Шардалар (Shards)

🕰 Уақыты: 19-Қараша 21:00 (Астана уақыты)

🎤 Өтетін орны: t.iss.one/it_bilimkz телеграм арнасы (видео чат)

Вебинар IT Bilim телеграм арнасында (видео чат) болады.

Вебинар жайлы жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ❤️
🔥5👍1
Ертең бізде Францияда тұратын Шыңғыспен Инвестиция жайлы эфир болады.

Тақырыптар:

✏️Инвестиция неден бастау керек?
✏️Қаржы сауаттылықсыз инвестиция бастауға болады ма?
✏️Еуропалықтардың инвестицияға көзғарасы.
✏️Ерте зейнетке шығу.
✏️Франциядағы өмір. Неге мысалы Германия Америка емес, Франция.

Zoom link:
https://us06web.zoom.us/j/81233988655?pwd=NDlWU2pjVlpJU2RvQUE0YjJTdEdpdz09

Post:
https://www.instagram.com/p/Ck3czydKM2U/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

13 минутта бастаймыз деп жатыр :)
👍4
Forwarded from Alina's place
👍3
Forwarded from IT bilim
Барлықтарыңызға сәлем!

Қазақша контентті көбейтін каналдар ашалып жатса, оған қатты қуанып жатамыз.

Сондай каналдардың бірі https://t.iss.one/+vAm7D1vaingxNzA6 енді ғана ашылып, онда Джава тілін 0-ден бастап үйретуді қолға алған Данияр Мырзаканов деген жігітті қолдап, сабақтарды қарауына кеңес береміз.

Мен (Ерғали ағай) оны сонау Алматы ҚазҰТУдан танимын (яғни группаласым), ол өзі бірнеше үлкен компаниялар мен менмін деген банктердің көпшілігінде істеп опыт жинаған жігіт.

@dmyrzakanov Дәке, сәттіліктер! Давай баса бер, артыңа қарама!!
🔥9
Forwarded from ZeinLabs | Exploring the Tech World (Alikhan Oitan)
TypeScript-тың жаңа 4.9 нұсқасы шықты. Өте қызықты update болған екен. Осы видеода тамашалаңыз.

Білмейтіндерге: TypeScript дегеніміз JavaScript-тың “типизированный” түрі. Яғни ол жерде айнымалылардың түрін айқындауға болады, және сол түрге істеп жатқан операция сай келмесе, онда TS (TypeScript-тың қысқаша атауы) бізге ұрысады.

Бұйырса ts туралы да видео жазғым келеді. Қол тигенде салып жіберермін 😌

https://www.youtube.com/watch?v=Danki1DyiuI&ab_channel=MattPocock
👍6
Forwarded from Astana Hub ️
⚡️3 желтоқсанда Астанада STARTAPHANA Digital Fest-і өтеді

Мақсаты – қазақ тіліндегі стартап-мәдениетті дамытып жатқан IT-кәсіпкерлердің қауымдастығы мен ІТ-контентті қолдау. Форумға қатысуға 3 мыңнан астам адам тіркелді.

"Жыл сайын STARTUPHANA тәжірибе алмасу аясын кеңейтіп, IT-бизнесті құру және дамыту туралы білімді барынша қолжетімді етуге үлес қосуда", - дейді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Толығырақ платформамызда
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

⚡️3 декабря в Астане пройдет Digital Fest STARTAPHANA

Цель - поддержать сообщество IT-предпринимателей, развивающих казахоязычную стартап-культуру и IT-контент. Для участия в форуме уже зарегистрировались более 3 тыс человек.

"STARTUPHANA расширяет рамки для обмена опытом и делает знания о создании и развитии IT-бизнеса еще более доступными для казахстанцев", – отметил Магжан Мадиев, генеральный директор Astana Hub.

Подробности на платформе
👍3
Advent Of Code деген желтоқсан бойы күніге бір есеп шығарып отыратын челлендж. Кәдімгі алгоритмдік тапсырмадан айырмашылығы - код тапсырудың қажеті жоқ. Бірден жауабын жазуың керек. Сәйкесінше, қай тіл, қай IDE, қай алгоритм мүлде маңызды емес. Қағазда шығарам десең де өзің біл. Метафорамен айтар болсақ, клиентке дайын тамақ керек, қазан мен плита емес.

Екіншіден, бұл жердегі тапсырмалар шынайы өмірдегідей. Абстрактный қиын бір концепттер жоқ. Есеп екі бөліктен тұрады, алғашында тек бірінші бөлігін ғана көресің. Оның жауабын жіберген кезде ғана, екінші бөлігі ашылады. Өзіңше болып, екінші бөлігі осылай болады-ау деп болжап оптимал код жазбақ боласың. Хардкодтамай айнымалылар ашып, динамикалық есептеуге дайындап, кодыңды масштабтауға дайындап қойғандай боласың. Сосын екінші бөліктің сұрағын көргенде, айдалаға лағып кеткеніңді түсінесің. Қосымша жасаған оптимизацияң түкке керек емес болғанын, бизнес тапсырма кілт өзгеріп кеткенін байқайсың. Айтып отырм ғой, тура өмірдегідей. Сонысымен де қызық

Сосын мұнда уақыт маңызды, тапсырманы ерте орындағанның ұпайы да көбірек

Қатысам десеңіз, ертең басталады adventofcode.com
🔥3👍2
Forwarded from Akzholtay
Бәріне қайырлы кеш.
Каналымды жанрамалауға болатын шығар?
Қазақ тілінде сайт жасау курстарын жасап жүрмін. Әзірге html/css бойынша сабақ дайындадым. Сайт жасап үйренгісі келетіндерге көмек болады деп ойлаймын.

Каналға сілтеме:
https://www.youtube.com/@akzholtay_myrza

Бірінші сабақ:
https://youtu.be/RkDZYvGg3PI
👍91🔥1
Егер сіз студент болсаңыз, осында студент ретінде тіркеліп көп заттарға тегін немесе жеңілдік алсаңыз болады,
Мысалы: educative,twilio,heroku, DigitialOcean т.б
👍4🔥2
Мынандай сұмдық зат бар екен, Жасанды интелекті пайдаланып жасалған, көптеген заттар мен ақпараттар алу ға болады
https://chat.openai.com/chat
👍4🤯2
Forwarded from IT bilim
Біз тиктоктамыз 🥳

Алғашқы видео👇
https://vm.tiktok.com/ZMFpMJjnu/
3👍1
Forwarded from KazTech
OSINT / Хакинг тақырыбын ары қарай жалғастырайық! Бос уақытымды пайдаланып, мен Black Hat Hacker-лерге арналған миндмап құрастырдым (тізім ғой негізі). Бірақ блэк хат қолданатын заттарды уайт хаттарда қолдана бере алады 😄

Жалпы осы тізімдерде ешқандай өте бір ерекше дейтін сервис немесе программалар жоқ, барлығы да ашық қолжетімді және жай.

Киберқауіпсіздік тақырыбы ұнап жатыр ма? Олай болса осы посттар астына көбірек реакциялар жинайық, ал келесі ретте Acunetix, Burp Suite, NMAP сияқты бағдарламаларды талқылайтын боламыз 😉

#киберқауіпсіздік / #OSINT / #mindmap / #cybersecurity / #blackhat
———
@kz_tech
@kztech_chat
👍7
Forwarded from Nurzhol Tabigat
Адамдар шын мәнінде не үшін сатып алады?

Әдетте клиентке көп нәрсе ұсынсаңыз болады. Тіпті, біз өз жұмысымызды қатты жақсы көретініміз соншалықты, клиентке басты приоритетте не керегін ұмытып, өз қалауымызша өте көп жұмыс істеп кетеміз.

Біздің істеп жатқан жұмыстарымыздың бәрі клиентке керек болғанымен, маңыздылықтары әр түрлі. Егер клиентке керек, бірақ маңызы төмен қызмет/фича клиентке ұсынсаңыз, маркетингке өте көп шығындаласыз және алдап сатуға тура келеді.

Осындай бизнес үшін қауіпті рискке бармас үшін, алдымен адамға не маңызды, ол қандай нәтижеге қалай жеткісі келеді, соны анықтап алыңыз, содан кейін барып жұмысқа кірісіңіз.

Сол кезде сізге деген клиент ризашылығы да артады, маркетингке де шығын азаяды, бизнесіңіз де тұрақты дамиды.
👍7👏1
Forwarded from TECHOZIMIZ
Сәлем, комьюнити 🫶

Естеріңізде болса, өткенде өзіңізге берген сертке берік болуға көмектесетін кеңестер жариялаған едік. Осы тақырыптың дәл қазір қызып тұрғаны белгілі. Сондықтан ізін суытпай, жалғасын жариялағанды жөн көріп отырмыз 💡

Әдетте біз мақсатты қалай қоямыз? Өзіңіз ойланып көріңізші. «Машина алу керек еді» немесе «ағылшын тілін меңгеру керек еді» деген сыңайда болады. Солай ма? Неліктен осылай қойылған мақсат көбіне соңына жетпейді? Өйткені жүйесі дұрыс құрылмаған. Бүгінгі постта осыған тоқталамыз 📝

Жұртқа ермеңіз. Жүрек қалауыңызға қарай алға жылжыған дұрыс

Бәрі IT-ге кетіп жатыр. Соған қарағанда ақша көп шығар. Мен де айтишник болайын.
Маған уеб-дизайн ұнайды. Биыл мен UI, UIX курстарына қатысам.

Нақтылық, нақтылық, нақтылық

Жақсы жұмыс істеймін.
Айлығымды екі есе көбейтетіндей жұмыс істеймін.

Қиындатпаңыз

Джуниордан үлкен басшыға дейін өсемін.
Келесі деңгейге өтіп, мидл боламын.

Бір үлкен мақсатты бірнеше ұсақ бөлікке бөліңіз

Meta-ға жұмысқа тұрамын
CV дайындаймын
Портфолиомды жаңа жобалармен толықтырамын
Жаңа машық үйреніп, курстар оқимын.

Б жоспары міндетті түрде болуы керек

Өз компанияңыздың ішінде ғана өсуді ойламаңыз
Одан бөлек, 2-3 альтернатив жоспар болсын

Демалыс пен үзіліс жайлы ұмытып кетпеңіз

24/7 жұмыс істеймін
Уақытылы еңбек демалысына шығамын

Мықты қабілетіңізді жасырып қоймай, жарыққа шығарыңыз

Қолымнан түк келмейді
Мына машықты тағы қай жерде қолдансам болады?

Нәтижені ойлай бермей, процеске де көңіл бөліп қойыңыз

Бағдарламалаушы болу үшін тиісті саланы үйрену
Өзіңізге ұнайтындықтан, дамығыңыз келгендіктен бағдарламалауды үйрену

#tech_career
#saveit
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥2
🔥6👍1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Сіздермен мына тамаша жаңалықпен бөліскім келуде!

Мен үшін осы жылдың - ең ТОП жаңалық!

Енді Үздік Білім жай ғана ютуб/телеграм арна ғана болмай, ресми халықаралық деңгейдегі IT курстарды өткізе алатын, және халықаралық сертификаттарды ұсына алатын білім орталығына айналуда. ☺️

Мәселен сондай халықаралық ұйымдардың бірі - Python Institute мен Cisco Academy курстары мен сертификаттары)))

Бір сөзбен айтқанда енді мен әлем таныған курстарды өткізіп, кейін сертификат алу үшін ресми емтихандарды да жүргізе аламын.

https://openedg.org
🔥9👍1